2.70M
Category: biologybiology

Балалар мен дамудың заңдылықтары

1.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Физиология
кафедрасы
Оқушылардың анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы”
Сарсембаева А.Ш
ж.ғ.м аға оқытушы
Тақырып:Балаларменжасөспірімдердің өісумендамуыныңжалпызаңдылықтары
ҚарУ-дың барлық педагогикалық мамандықтары үшін
Сабақ түрі :дәріс
Қарағанды 2025

2.

Жоспар:
1. Балалар мен дамудың
заңдылықтары.
2. Дамудың түрлері
3. Адам жасының кезеңдері.
4. Өсу мен дамудың
акселерациясы,ретардациясы

3.

Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен
екі кезеңді ажыратады:
Эмбриондық кезең – бұл ағзаның ұрықтанған
жұмыртқа жасушасынан
бастап туғанға дейінгі уақытты қамтиды.Ұрықтық
даму анасының ішінде
яғни жатырда қалыптасады
1.
2. Постэмбриондық кезең-туғаннан бастап,өз тіршілігін
жойғанға дейінгі кезең.
Постэмбрионды даму процесінде біртіндеп жыныстық
жетілі және де даралардың көбеюі сосын қартаю және
тіршіліктің жойылу процестері жүзеге асады

4.

Даму дегеніміз
Даму-сапалық көрсеткіш.Организмнің дамуы деп сандық
көрсеткіштердің ,сапалық көрсеткіштерге айналып,ұлпалардың
жекешеленіп,белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін,организм
мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын,баланың ақылой өрістерінің дамуын айтады.Дамудың өзі 2-ге бөлінеді:
Физикалық даму – көрсеткіштері барлық мүшелерге
бірдей,мүшенің ұзындығы,ені,тереңдігі,көлемі,аумағы,салмағы,алып
жатқан орны т.с.с
1)
Функционалдық даму – көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне
қарай әртүрлі.Мысалы бала алғашқыда рефлекспен қимыл қозғалыс
жасаса,кейін есейіп өзі ойланып шешім қабылдай алады
2)

5.

Өсу дегеніміз
Балалар мен жасөспірімдердің организмдері әрдайым
өсіп дамуда болады.Организмдердегі клеткалардың
орны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене
көрсеткіштерінің артуын“Өсу”деп атайды.Оның 3 негізгі
ерекшелігі бар:
1. Сандық сипатта болады: өсу – бұл ағзадағы өзгерістердің мөлшермен (бой,
салмақ, көлем) өлшенетін түрі.
2. Біркелкі жүрмейді:өсу үнемі бір деңгейде жүрмейді, белгілі бір кезеңдерде
қарқынды, кейде баяу жүреді.Мысалы, нәресте кезінде және жасөспірім шақта өсу
өте белсенді болса, ересек шақта баяулайды немесе тоқтайды.
3. Гормондардың әсерінен реттеледі.Адам ағзасындағы өсу процесін негізінен
гипофиз безінен бөлінетін өсу гормоны реттейді.Сонымен қатар, қалқанша безі,
жыныстық гормондар да өсудің қарқынына әсер етеді.

6.

Өсу мен дамудың 6 заңдылығы:
1.Өсу мен даму гетерохронды болады: Өсу мен даму уақытқа байланысты әртүрлі
қарқынмен жүреді. Мысалы, жазда бала тез өседі, қыста баяу, түнде бойы көбірек өседі.
2. Мүшклер мен мүшелердің жүйесінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі: Өсу әртүрлі
органдар мен жүйелерде әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, мидың өсуі дененің
өсуінен тез болады.
3.Өсу мен даму баланың жынысына байланысты: Өсу мен даму ұлдар мен қыздарда
әртүрлі болады. Қыздар ерте дамиды, ұлдарда бұл процесс кейінірек басталады.
4. Мүшелер жүйелері мен қызметтерінің биологиялық беріктігі: Өсу мен даму
барысында ағза мүшелерінің өзара үйлесімді жұмыс істеуі маңызды.
5. Өсу мен дамудың тұқымқуалаушылығы: Адамның дамуы мен өсуі тұқым
қуалаушылыққа байланысты болады. Генетикалық факторлар өсу мен дамудың
ерекшеліктерін анықтайды.
6. Өсу мен дамудың акселерациясы: Акселерация — дамудың жылдамдауы. Бұл ерте
жыныстық жетілу, дененің ірі болуы, сүйектердің ерте қатая бастауымен сипатталады.

7.

Жыныстық жетілу
Жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста,ұл балаларда 10-11
жаста басталадыда жынысына сай бойжеткендерде 16-18
жаста ,ер балаларда 18-20 жаста толық жетілу аяқталады.
Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антрополитрлік
көрсеткіштері қыздардан жоғары болса,жыныстық жетілу
басталған кезде керісінше қыздардың салмағы ,бойы ,
кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады.15 жастан әрі
қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де ,олардың
көрсеткіштері қыздардан жоғары болады.

8.

Адам өмірі кезеңдерінің бөлінуі:
Жас кезеңдері-бұл өсу мен дамуы
ұқсас,физиологиялық ерекшеліктері,бірдей уақыт
мөлшерінің шегі.Бәлкім бір жас кезеңінде
организмнің даму дәрежесі бір деңгейге
жетіп,келесі кезеңге дайындалу мерзімі басталады.
1965 ж Москвада болған дүниежүзілік жиналысты
адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлді:

9.

Адам өмірінің кезеңдері:
1. Жаңа туған сәби – 10 күн
7.
Жігіттік, бойжеткендік шақ
Бойжеткендер: 20 жас.Жігіттер: 21 жас
2. Нәрестелік шақ – 10 күннен 1 жасқа дейін
8. Ересектік кезеңнің І-ші жартысы
Әйелдер: 35 жас.Ерлер: 35 жас
3. Сәбилік шақ – 1 жастан 3 жасқа дейін
9.
Ересектің ІІ-ші кезеңі
Әйелдер: 36-55 жас.Ерлер: 36-60 жас
4. І-ші балалық шақ – 4 жастан 7 жасқа дейін
5. ІІ-ші балалық шақ
Ұл балалар: 8-12 жас .Қыз балалар: 8-11 жас
6. Жеткіншектік немесе жасөспірімдік кезең
Ұл балалар: 13-16 жас.Қыз балалар: 12-15 жас
10. Егде жас
Әйелдер: 55-74 жас.Ерлер: 60-74 жас
11.Қарттық немесе қарттық кезеңі
Ерлер мен әйелдер: 75-90 жас
12. Ұзақ өмір сүргендер 90 жастан жоғары

10.

А д а м өмірі ү ш негізгі кезеңге
бөлінеді:
1. Д а м ы п жетілу
кезеңі:
Бұл кезең балалық
шақтан бастап,
жыныстық жетілу м е н
толық жетілуге дейін
созылады. Оған
балалық,
жасөспірімдік ж ә н е
ерте е р е с е к жас
кіреді.
2.Кемелдену кезеңі:
Бұл к е з е ң а д а м н ы ң
толықтай жетілген,
психологиялық ж ә н е
физикалық тұрғыдан
тұрақты болуы
байқалады. Бұл жас
ш а м а м е н 30-50 жас
аралығында өтеді.
3. Қартаю кезеңі:
Бұл кезең адам өмірінің
соңғы
сатысы болып табылады.
Әдетте, ол 60 жастан кейін
басталады, бірақ бұл әр
адамның жеке ағзасының
жағдайына байланысты
өзгеруі мүмкін.

11.

Хронологиялық жасжәне биологиялық жас
Өсу мен даму екі негізгі түрге бөлінеді: хронологиялық жас және биологиялық жас.
Олардың әрқайсысы адамның дамуын әртүрлі аспектілер бойынша сипаттайды.
1. Хронологиялық жас – бұл адамның туған күнінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі
өткен уақыт. Ол календарь бойынша есептеледі және адам өмірінің нақты уақытын
көрсетеді.
2. Биологиялық жас – бұл адамның физикалық және физиологиялық даму деңгейін
көрсетеді. Биологиялық жас адамның денсаулығына, генетикалық ерекшеліктеріне,
өмір салтына және қоршаған ортаға байланысты өзгереді. Мысалы, бір адамның
хронологиялық жасы 30 болса, бірақ оның дене күйі 25 жастағыдай болуы мүмкін.
Бұл екі жас түрі адамның дамуындағы әртүрлі аспектілерді бағалауға көмектеседі.

12.

Баланың өсу қарқыны адам өмірінде үш негізгі
кезеңде күшейеді:
1. Туғаннан 3 жасқа
дейін:
2. 3-7 жас арасында:
3. Жыныстық жетілу
кезеңі:
Бұл кезеңде баланың өсуі
өте қарқынды болады.
Жаңа туған нәрестенің
миының салмағы шамамен
360-390 граммды құрайды.
Алғашқы жылы оның миы
2-2,5 есе өсіп, 7 жасқа
дейін ересек адамның
миының 80-90%
салмағына жетеді.
Бұл кезеңде баланың
физикалық және
психикалық дамуы
жалғасады. Олар
айналасындағы әлемге
қызығушылық танытып,
ойын арқылы жаңа
дағдылар мен білімдер
алады.
12-15жас аралығында
(қыздарда) және 13-16 жас
аралығында (ұлдарда)
жыныстық жетілу
басталады. Бұл кезеңде
дене бітімінде
айтарлықтай өзгерістер
байқалады: қыздарда
етеккір келіп, сүт бездері
дамиды; ұлдарда дауыс
жуандайды, көмейі айқын
байқалады, жыныс
мүшелері өседі, сақалмұрт шыға бастайды.

13.

Акселерация
Акселерация дегеніміз – (лат. acceleratio —
жеделдету) — балалар мен
жасөспірімдердің бойының, салмағының,
жыныстық жетілуінің және басқа
морфофункционалдық көрсеткіштерінің
бұрынғы ұрпақтармен салыстырғанда
ертерек дамуы.
Акселерация терминін алғаш қолданған —
1935 жылы неміс антропологы Рудольф
Мартин. Ол бірнеше ұрпақ арасындағы өсу
айырмашылықтарын салыстыра отырып,
балалардың дене дамуының жеделдеуі
туралы жазды.

14.

Акселерация тарихы:
Ежелгі дәуірлерде адамдардың бойы аласа болғаны
археологиялық зерттеулермен дәлелденген. Орта ғасырларда
жұқпалы аурулар мен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан
балалар баяу дамыған. 19 ғасырдың соңында зерттеулер
басталып, алғашқы мәліметтер жиналды.
Ағылшын ғалымдары 1850 жылы Лондондағы балалардың
орташа бойын тіркеген. 14 жастағы ұл балалардың бойы 150 см
шамасында болған.
Сол кезеңде қыз балаларда етеккір орташа 16–17 жаста
басталған.
Ал 2000 жылдан кейінгі Германиядағы зерттеулерге сүйенсек, 14
жастағы ұл балалардың орташа бойы 165–170 см шамасында.
Қыз балаларда алғашқы етеккір орташа 12–13 жаста басталады.
20 ғасырда, әсіресе 1950–1980 жылдары акселерация қарқыны
күшейіп, балалардың бойы, салмағы және жыныстық жетілуі
айтарлықтай ерте байқалды. 21 ғасырда кейбір дамыған
елдерде бұл құбылыс тұрақтала бастады.

15.

Акселерацияның негізгі белгілері:
1.Бойдың ерте және тез өсу:балалардың бойы жасына сай бұрынғы ұрпақтармен салыстырғанда ұзын
болады.
2.Дене салмағының артуы:салмақтың артуы да жедел жүреді, бұлшықет массасы ерте қалыптасады.
3.Жыныстық жетілудің ерте басталуы:қыз балаларда етеккір ерте келеді (қазіргі кезде 12–13 жас
шамасында)Ұл балаларда дауыстың жуандауы, денеде түктердің пайда болуы ерте басталады.
4. Сүйек жүйесінің жылдам дамуы:қаңқа жүйесі ерте жетіліп, сүйектену процесі жеделдейді.
5.Тістердің ерте шығуы және түсуі.сүт тістері ерте түсіп, тұрақты тістер ерте пайда болады.
6.Ақыл-ой және психоәлеуметтік дамудың жеделдеуі:кей балалар ойлау, сөйлеу, қоғамға бейімделу
жағынан ерте дамиды (бірақ бұл әрқашан физикалық даму қарқынына сай келмеуі мүмкін).

16.

Акселерация себептері
1. Халықтың көші-қоны – әртүрлі этникалық топтардың
араласуы генетикалық алмасуға әкеліп, балалардың
дамуына әсер етеді.
2. Аралас неке – генетикалық әртүрлілік ұрпақтың
бойының ұзын, денесінің ірі болуына ықпал етеді.
3. Тамақтану ерекшеліктері – тамақ құрамының
жақсаруы, ақуызға бай тағамдар тұтыну артты. Мысалы,
1812 жылы жан басына 1 кг ет тисе, 1980 жылы – 55 кг.
4. Гипервитаминдер – дәрумендердің артық мөлшерде
қабылдануы ағзаның жылдам дамуын ынталандырады.
5. Үйдегі температураның өзгеруі – қазіргі уақытта
үйлер жылы әрі жайлы, бұл да өсуге қолайлы жағдай
жасайды.
6. Урбанизация және технологиялар – теледидар,
радио, интернет сияқты ақпараттық құралдар
психоәлеуметтік дамуды жеделдетеді.
7. Тұқымқуалаушылық – ата-анадан берілетін
генетикалық факторлар да акселерацияға әсер етеді.

17.

Ретардация
Ретардация — адамның
физикалық, психикалық және
әлеуметтік дамуының қалыпты
қарқынынан кешігуі. Бұл процесс
баланың немесе жасөспірімнің
бойы, салмағы, жыныстық
жетілуі, психоәлеуметтік
дамуының кешігуімен
сипатталады.

18.

Ретардацияның тарихы
Ретардацияның ғылыми зерттелуі 19 ғасырдың ортасында басталып, 20 ғасырдың
басында кеңінен зерттеле бастады. Алғашқы мәліметтер психология мен педиатрия
саласындағы ғалымдардан келіп, олар балалардың дамуының баяулауының түрлі
себептерін түсінуге тырысты.
20 ғасырдың 30-жылдары психикалық дамудың кешеуілдеуі (интеллектуалды
ретардация) кеңінен танылып, медицина мен білім саласындағы мамандар бұл
ұғымды енгізді. Бұған дейін ол көбінесе психикалық аурулармен немесе даму
кемістіктерімен байланысты болған.

19.

Ретардация анықтау әдісі
1. Антропометриялық әдістер: Балалардың бойы мен салмағын өлшеу,
сүйек жасын анықтау арқылы даму деңгейі бағаланды. Әр ұрпақ үшін
орташа көрсеткіштер анықталды, және балалардың осы
көрсеткіштермен сәйкестігі тексерілді.
2. Психологиялық тесттер: Баланың психикалық даму деңгейі арнайы
тесттер арқылы тексерілді. Бұл тесттер баланың интеллектін, сөйлеу
қабілетін және басқа да когнитивтік дағдыларын бағалауға мүмкіндік
берді.
3. Медициналық тексерулер: Туа біткен аурулар, генетикалық
факторлар, тамақтану мәселелері немесе эндокринді бұзылыстар
сияқты физикалық себептер тексерілді.
4. Әлеуметтік және қоршаған орта жағдайларын зерттеу: Баланың
өмір сүру ортасы мен әлеуметтік жағдайлары да ретардацияның
дамуына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, әлеуметтік
зерттеулер жүргізілді.

20.

Ретардация себептері
1. Халықтың көші-қоны – әлеуметтік және экономикалық себептерге байланысты кейбір аймақтарда
халықтың даму деңгейі төмендеген жағдайда ретардация байқалуы мүмкін.
2. Аралас неке – тұқым қуалаушылықтың тұрақсыздығы мен генетикалық әртүрліліктің төмендігі
ретардацияның дамуына себеп болуы мүмкін.
3. Тамақтану ерекшеліктерінің өзгеруі – дұрыс тамақтанбау, қажетті дәрумендер мен минералдардың
жетіспеушілігі балалардың физикалық дамуын тежейді. Мысалы, егер адамның рационында ақуыздар
мен майлар жеткіліксіз болса, өсу процесі баяулайды.
4. Гиповитаминоз – дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі ағзаның дамуын кешеуілдетеді,
бұл ретардацияның көрінісі болып табылады.
5. Тұрғын үйдегі температураның төмендігі – салқын және нашар жылытылған ортада балалардың
физикалық даму қарқыны баяулайды, бұл ретардацияға себеп болуы мүмкін.
6. Урбанизацияның болмауы – технологиялар мен инфрақұрылымның дамымауы балалардың дене
дамуын тежейді, қоршаған ортаның әсері де рөл атқарады.
7. Тұқымқуалаушылық – ата-анасынан немесе ата-бабаларынан берілетін генетикалық факторлар
ретардацияның дамуында маңызды рөл атқарады.

21.

Түйіндеме
Адам өмірі түрлі даму кезеңдерінен тұрады, әр кезеңнің өз
ерекшеліктері бар. Өсу, даму, жетілу, кемелдену және қартаю
кезеңдері арқылы адам өзін-өзі таниды және қоршаған
ортамен қарым-қатынас орнатады. Жетілу кезеңінде
жыныстық жетілу мен ұрпақ жалғастыру қабілеті пайда
болады. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерді атқару,
рухани және мәдени құндылықтарды жасау қабілеттері дамып,
адам қоғамға өз үлесін қосуға дайын болады.

22.

Бақылау сұрақтары
1. Баланың өсу қарқынының
күшею кезеңдері?
2. Акселерация тарихы
3.Ретардация себептері
4.Биологиялық жас деген не?
5.Постэмбриондық кезеңді сипатта?

23.

“Анатомия дененің құрылысын зерттеу ғана
емес, адамның өмір сүруін, оның
функцияларының қалай жұмыс істейтінін
түсінудің кілті болып табылады.” – Гиппократ,
ежелгі грек дәрігері.
English     Русский Rules