22.37M
Category: literatureliterature

Қожа Ахмет Иасауи «Даналық кітабы»

1.

ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ
ҚОЖА АХМЕТ
ИАСАУИ
«ДАНАЛЫҚ
КІТАБЫ»

2.

ДӘРІС МАҚСАТЫ
А.ИАСАУИДІҢ ӘДЕБИ
МҰРАСЫМЕН ТАНЫСЫП,
«ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ»
ЕҢБЕГІНІҢ ТАРИХИ
МАҢЫЗЫН ҰҒЫНУ

3.

ДӘРІС ЖОСПАРЫ
• А.Иасауидің әдеби мұрасы
• «Даналық кітабы» туындысының
жазылу тарихы
• Дастанның зерттелуі
• А.Иасауи ілімінің тарихи маңызы

4.

Пайдаланылатын әдебиеттер
•Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі жәдігерліктрі А.,
2014.
•Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. 1- кітап.Оқулық.А.1991.
•Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары А.1998.
•Келімбетов Н. Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі
дәстүр жалғастығы А, 1998.
•Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғасытығы Астана, 2000.
•Иасауи А. Хикмет Хазірет Сұлтан Қ.А.Иасауи Алматы, Жалын,
2002.-270
•Ұлы дала жауһарлары сериясы. Ежелгі дәуір әдебиетінің
антологиясы. 2 Т. 2020.-560

5.

ГЛОССАРИЙ
1. Хикмет
2. Сопылық
3. Рухани тазару
4. Шариғат.
5. Тарихат.
6. Мағрифат.
7. Ақиқат

6.

СОПЫЛЫҚ ПОЭЗИЯ
Ислам дәуіріндегі әдеби ағымдардың бірі – Сопылық
поэзиясы.
Мұсылман
әлемінде
суфизм
алдымен
философиялық ағым ретінде қалыптасты. Ағылшын
ғалымы Джавад Нурбахш «Суфизм – бұл Құдай берген
Этиканы жүзеге асыру мектебі. Ол жарқын жүрекпен
ашылады» деп баға берді. Ислам дінінің негізін қалаушы
Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң, Құранның кейбір
қағидалары
мен
шарттарын
нақтылы
жағдайларға
байланысты тереңірек түсіндіріп отыратын кітап қажет
болды. Оны Хадис деп атады. Бертін келе пайғамбар
туралы түрлі аңыздарды жүйелеп отыратын діни
қызметкерлер - мухаддистер пайда болды.

7.

Мухаддистер
Аллаға жақындай
түсу үшін өмірдің
барлық
ләззатынан бас
тарту қажет
Бар өміріне
қанағат ету –
дәруіш болуға
шақырды

8.

Иассауитану ілімі
Ф.Көпрүлүзаде «Түрік
әдебиетіндегі алғашқы
мутасаууфтар»
Көптеген түрік, содан соң
өзбек, башқұрт
әдебиеттанушылармен
толықты
М.Жармұхамедов,
С.Дәуітұлы, З.Жандарбек,
А.Ахметбекова, Д.Кенжетай,
А.Әбдірасылқызы, Т.Қыдыр

9.

10.

Е.Э.Бертельс сопылық поэзияны 4 түрге
бөлді.
ЗІКІР САЛУ
Таза сопылық
поэзия, «Аллаға
жақындау
жолында» зікір
салу
Құдайға құлшылық
етушілердің
философиялық ойпікірін білдіретін
өлеңдер
Дидактикалық
сарындағы діни
лирика

11.

ЗІКІР- (арабша еске алу, еске түсіру, жадына сақтау) – 1) сопылық
ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір
уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен
айтылады. Жүректің зікірі, яғни “қалби зикр” – көңіл арқылы Алла
тағаланың сипаттарының сәулесін танып білу; Алланы әрдайым еске
ала отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен
келген қалтқысыз сезіммен оны құлай сүю.
ДИДАКТИКАЛЫҚ
ПОЭЗИЯ
(didaktikos-үлгі,өнегелі,тағылымды)
-үгітнасихатгық, өсиет сарын -сипатында түзілген,поэзиялық жанрда жазылған
шығармалар. Атап айтқанда, дидактикалық — филос. толғаулар, мысалдар,
термелер, баталар, қанатгы, нақыл сөздер, ғыл.-танымдық немесе қоғамдықсаяси филос.-әлеум. тақырыпта жазылған поэзиялық трактаттар.
ДІНИ ЛИРИКА - діндегі ғибадат-құлшылықтың мән-маңызын, құндылықтарын
жырларына арқау етіп, халықты исламның тірегі болған намаздың қадірқасиетін
ұғынуға
шақырған.

12.

Аты мұсылман еліне әйгілі,
сопылық әдебиеттің ірі
өкілі, кемеңгер әрі ойшыл
ақын Қожа Ахмет Иасауи
асыл мұра қалдырды.
Түркістан
қаласына
жерленген
Қ.А.Иасауи
әзіреті сұлтан атанып,
басына
ХІҮ
ғасырдың
аяғында
Ақсақ
Темір
күмбез орнатқан.

13.

Ахмет
Иасауи
қазіргі
Шымкент
қаласы
жанындағы
Сайрам елді мекенінде туып,
ауылдық молдадан дәріс алған.
Жастық шағы да сонда өткен.
Әкесі
Ибраһим
өз
кезеңінің
сауатты, білімді, діндар адам
болған. Анасы Қарашаш (кейде
Айша деп беріледі) елге қадірлі,
ақылды адам болған.
Ел-жұрт
бұл кісілер дүниеден өткенде
екеуіне де күмбез тұрғызып,
ескерткіштері әлі күнге дейін
Сайрам елді мекенінде сақтаулы.
Аңыз бойынша жас Ахмет
ұстазы Арыстан Бабпен алғаш
жолығып,
Мұхаммед
пайғамбардың
өзіне арнаған
құрмасын алатын көпір де сол
Сайрам елді мекенінде.

14.

Ахметтің жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың
қасы. Дегенмен
ата-бабалары туралы деректері бар
құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре
басылған
«Шажаран-Саодат» атты кітапшада
Ахмет
Иасауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары
Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті
Әлидің Мұхаммед
Ханафия атты ұлынан тарайтыны
айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде
Сайрам қаласындағы
ескі үйдің қабырғаларынан
табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Сандакбаров
деген кісі. Кейін бұл 6 метрлік Қытай қағазына жазылған
қолжазба жеке кітапша болып басылды.
Шежіреде
Ахметтің әкесі Ибраһим ата 6-7 жасар баласын, Ахметті
Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұламаға әкеліп, деп өзі
тапсырған. «сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда
лайықты мұсылман қалсын ниетіміз»

15.

ХІІ ғасырда көне түркі
тілінде жазылған «Диуани
хикмет» қазақша атауы
«Даналық кітабы» оғызқыпшақ тілінде жазылған.
Еңбектен
қазақ
халқының өткен тарихи
кезеңі,
тарихы,
этнографиясы
туралы
деректер табуға болады.

16.

Сопылық дегеніміз
рухани жетілудің,
жан тазалығының белгісі болса Қожа Ахмет
Иасауи өмір сүрген заманда сопылықты
мүсылман қауымы даналықтың шыңы,
исламның баламасы ретінде қабылдап,
сопылықтағы ең маңызды орынды жүрекке
берген екен. Сопылар түсінігінде жүрек
қүдайдың сәулесі түсетін айна. Ондағы
қүдай бейнесін көру үшін ақиқатты тануға
ұмтылған. Әрбір сопы өзінің күш жігерін
моральдық
жетілуге
ақиқатты
тануға
бағыттаған

17.

А.Иасауи арқылы сопылық
түркі тілдес халықтардың
рухани танымында шешуші
орын
алды.
Сопылық
философиялық жүйе ретінде
адамдардың
дүниетанымының
қалыптасуына
үлкен ықпал жасады.
Оның себебі Иасауиден кейін
қазақ
жыраулары
толғауларында
кеңінен
өрістеді.

18.

А.Иасауи “Кімде-кім
құдайды есіне алса,
ол
онымен
табысқанын
көре
алады”.
Сондықтан
да
Иасауи
үшін
құдайды тану өзі-өзі
танумен
бірдей.
Сопылықтағы басты
мақсат – құдайды
мистикалық
сүю
болып табылады.

19.

Бес жасымда шариғатқа белім будым,
Дін жолында ораза ұстап әдет
қылдым.
Күндіз-түні зікір айтып тәубе қылдым,
Жеті жаста Арыстан Бабам іздеп
тапты.
Әр сырымды көрген сайын бүркеп
жапты.
«Билхамдиллаһи» көрдім деп ізімді
өпті
Сол себептен алпыс үште кірдім жерге,

20.

А.Иасауидің есімімен «Қожа» сөзінің
қосарланып
аталуы
жөнінде
«Шежіреде»
былай
делінеді.
«Ахметтің әкесі
Шайх Ибраһим
болса, арғы
аталары: Махмұд
Шайх, Ифтиһар Шаих, Омар Шайх
және Мұхаммед пайғамбардың інісі
әрі күйеу баласы Хазірет Әлидің
Ханифа есімді әйелінен туылған
Мұхаммед Ханафияның
әулетұрпақтарына барып тіреледі. Сол
үшін Хазірет Әлидің
тұқымдары
Орта Азияда «Қожа» атағына ие
болған» деп келтіріледі.

21.

Талапты жас өз еліндегі оқуын
тауысқан соң, білім ордасы БұқараиШәріпке сапар шегеді, ұстазы шаих
Жүсіп Хамаданидің медресесінде
дәріс тыңдап, тәрбие алады. Ол кісі
қайтыс болған соң, бірер кісіден
кейін ұстазының орнында қызметте
болады. Біраз жыл кезбелік жолға
түсіп, Хорасан, Шам, Ғирақ жаққа
сапар шегіп, түлеп тазарудың қиын,
азапты да ауыр өткелдерінен өтеді.
Ғылым-білімді игеруде Мұхаммед
пайғамбарымыздың
«Қытайға
барсаң да, ілім іздеп тап» деген
ұлағатты сөзін басшылыққа алып,
Алланы тануда да төзімділік пен
ауыр сындарды бастан кешіреді.

22.

Кемеліне келіп, білімі мен тәжірибесі
жетіліп толысқан сопы қалған қалған
өмірін жер астында болса да
мұсылман дінінің ақ жолын көшпелі,
жартылай көшпелі оғыз, қыпшақ
жұртшылығына
олардың жанына
жақын
өлең
тілімен
жырлап
ұғындыруды мақсат етеді. Сөйтіп
бүкіл түркі тұқымдас елдерге ислам
дінінің тұрақтап қалуына зор еңбек
етеді. Ғибрат, кеңес үлгісіндегі ізгі
ойларын
қағаз
бетіне
түсіруге
ыждаһат етеді. Ұстазы берген құрма
болашақ өмірінің мақсат-мұратын
белгілейді. Иасауйдің «мектеп көріп,
қайнап толып тасқан» кезеңі өз
хикмттерінде 17 жас деп жырланады.

23.

Ақынның жасты кезең-кезеңімен бейнелеулері
адам өмірінің ғылым-білімді игеру, оны насихаттау,
адамгершілік, ізгілік пен имандылықты танып білу,
шәкірт тәрбиелеу мәселелеріне арналады.
Қ.А.Иассауидің
ізгі істері мен атақ-даңқының
шарықтап өсуі, кемелденуі жер бетіндегі 63 жылдық
өмірімен тығыз байланысты. Халықтың Түркістанды
«Жарты Мекке» деп атап, Иасауиді «Түркістан пірі»
деп марапаттауында үлкен мән бар. Ол мұсылман
ілімінің асқан білгірі, насихатшысы болумен қатар,
өзінің жеке тұлғасының жұртқа үлгі болар өнегесі аз
емес. Білімді шәкірттер дайындап сол тұстағы
сопылық
мектептің
Иасауилік
жаңа
үлгісін
қалыптастырды.

24.

Исламды қазақ арасына бейімдеп, түсінікті етуге күш
салған ғүлама "Даналық кітабында"суффизмдегі төрт
баспалдақты мадақтайды.
1.ШАРИҒАТ
4.АҚИҚАТ
2.ТАРИХАТ
3.МАҒРИФАТ

25.

1) Шариғат - исламның
заңдарын мүлтіксіз
орындау болса, қалған үш
баспалдақ сопылар үшін
бастылары болып
табылады. Оны
бабамыздың "Шариғатдіннің қабығы, нағыз дәні
тарихат " деуі дәлелдей
түседі.
4)Ақиқат - өз танымы
арқылы құдайға
жақындау. Мүнда ұстаз
санамыздан тыс
ғажайып қүбылыстарға
қол жеткізе алады.
2)Тарихат - сопылардың
діни адамгершілік
жағынан өзін дамыту
жолы. Бүл баспалдаққа
көкірек көзі ашық,
болмысы таза адамдар
ғана жете алады.
3)Мағрифат - Қүдайды
ақылмен емес, жүрекпен
тану. Мұнда сопы өзі
қалаған рухтармен
байланыс жасау
арқылы, тылсым күшті
таниды.

26.

Осы айтылған баспалдақтардың шарттарын
орындаған адам ғана Алла дидарын көре алады.
Сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні де - қүдайды тану,
табысу, бейнесін көру. Сопылық ілімін меңгерген
Ахмет Йассауи еңбегінде:
"Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Ақиқатсыз мағрифатқа бат алмадым,
Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар"- дейді.
Иассуи моралі қүдайға жүзін бүрған сопылық
жолының негізгі талаптарына сәйкес.
Ұлы ойшыл адамдардың бойындағы күншілдік,
екіжүзділік, өтірік айту сияқты кемшіліктерді
тәрбиемен, іс-қимылмен емес, сопылық жолына түсу
арқылы ғана түзетуге болады деп есептеген.

27.

«Даналық
кітабы»
дастаны – түркі тілдес
халықтардың ХІІ ғасырдан
сақталған
әдеби
ескерткіштерінің бірі. Орыс
ғалымы А.К.Боровковтың
пікірінше, дастан оғызқыпшақ тілінде жазылған.
Түркі тілдес халықтарға
ортақ
тілде
түсінікті
жазылған.
Кейін
көшірушілер
араб-парсы
сөздерін қосып жіберген.

28.

Дастанның алғашқы
нұсқасы ХҮ
ғасырдың орта
кезінде араб
емлесімен
көшірілген.
1887 және 1901
жылы Қазан
қаласында
басылды
1901 жылы
Ыстамбұлда
басылып
шықты
1911 жылы
Ташкент
қаласында жеке
кітап болып
басылып шықты
Дастанның ең
толық нұсқасы
Қазан басылым
болып табылады

29.

109
149
хикмет Иассауидікі,
берілген Қалғандары
шәкірттерінікі

30.

«Хикмет – Құран мен сүннетті
меңгеру» деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қатар (Пайдалы ілім мен ізгі
істер жасау, Жаратылыстың түпкі
сырлары мен астарлы ақиқатын ұғыну,
Аcтамдыққа я нұқсандыққа бармай,
орта жолды ұстана білу, Аллаһтың
көркем
есімдерінің
мәнін
түсіну,
Ғаламды дұрыс зерделей білу, Ілім мен
амалды қатар алып жүру, Жақсылықты
насихаттау, теріс жолға қадам баспау,
Адам, ғалам және Құран арасындағы
байланысты
түсіне
білу
т.б.)
Мысалы
«Аллаһ кімге қаласа,
хикметті соған береді. Ал кімге
хикмет берілсе, оған көп игіліктің
қоса берілгені» (Бақара сүресі, 269) деп
ескертілген.

31.

Иассауидің екінші мұрасы –
«Миратул-кулуб»
(«Жүректердің
айнасы»).
Иассауи
шәкірті
Мұхаммед
Зарнұқи тарапынан хатқа түскен
еңбекте
Илам
құндылықтары,
шариғат, тариқат және ақиқат
таратылып жазылады.
3 нұсқасы бар: Упсала, Ташкент,
Алматы.
1997
жылы
иасауитанушы
ғалым Неждет Тосун тарапынан
зерттелді.
2000, 2015 жылдары Досай
Кенжетай қазақша зерттеу жазып,
жариялады.

32.

1.Қ.А.Иасауи хикметтері – 1-10
2. Қ.А.Иасауи хикметтері – 1121
3.Қ.А.Иасауи хикметтері – 22-32
4. Қ.А.Иасауи хикметтері – 3343
5. Қ.А.Иасауи хикметтері – 4454
БӨЖ – 54-71 хткметтерінің қысқаша
мазмұнын жазу.
Семинарға дайындалғандар әр 10
хикмет мазмұынын қысқаша жазып
келу керек және топқа таратады
English     Русский Rules