Similar presentations:
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
1.
Мұқағали Мақатаев«Аққулар ұйықтағанда»
поэмасы
2.
Жағымдыпсихологиялық
ахуал
Бар ғажайып менде...
Бәрі менің қолымда...
Барлығы маған байланысты...
3.
Топқа бөлу«Тағдыр жібі» әдісі
4.
- композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарайталдайды;
Сабақ
мақсаты
- шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды
анықтайды;
- -шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи
тұрғыда салыстырады, жаңашылдығына баға береді.
5.
Ойтүрткі сұрақтар1. Поэма қай жерде, қандай табиғат аясында
басталады?
«Шығыршық»
әдісі.
Ойтүрткі
сұрақтар
2. Жетімкөлдің ерекшелігі қандай?
3. Аққулар бұл көлге қай кезде оралатын еді?
4. Басты кейіпкерлер кімдер?
5. Ана неліктен аққуды атуға мәжбүр болды?
6. Анаға тәуіп шал не деді?
7. Аққуды ату қандай салдарға алып келді?
8. Ана үйіне оралғанда қандай жағдай болды?
Дескриптор:
-сұрақтарға жауап береді (1 балл)
ҚБ. «Асықтар»
6.
ТЖ. 1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, шығармадағы материалдықжәне рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға
беріңіз
Поэмадан үзінді
Топтық
жұмыс
Дескриптор: 3 балл
-
Шығармадағы рухани және материалдық
құндылықтарды анықтайды;
Заманауи тұрғыда салыстырады
Жаңашылдығына баға береді;
ҚБ: Өзара бағалау.
«1+1» әдісі
«Ою» әдісі
Tамаша жауап - 3 б.
Қанша шырша өсті екен, құлады екен,
«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?
«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау, байызын бар арман да!
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққуын айдын көлдін, налытпастан
Дәстүрін аттамаған, анық басқан.
Сондай бір дәстүр бар-ды жарық шашқан,
Бір ұрпақ бір ұрпаққа алып қашқан.
Бір өлі, бір тірі аққу айдынында...
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айрылуда
- Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Жақсы жауап - 2 б.
Қанағаттанарлық жауап – 1 б
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Қазір, ботам...
Мінеки, таң атады...
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...
Жазыласың құлыным...балапаным!
Құндылық
Заманауи өмірмен байланысы
Жаңашылдығына баға
7.
2-тапсырма. Комиксты қолдана отырып, шығармағакомпозициялық талдау жасаңыз.
Оқиғаның басталуы
Жұптық
жұмыс
Оқиғаның байланысы
Дескриптор: 3 б
Композициялық талдауды дұрыс
орындайды;
- Комикстарды ретімен
орналастырады;
- Жоғалған сөздерді дұрыс тауып
жазады.
- ҚБ. Өзін-өзі бағалау
«Асықтар»
-
Оқиғаның шиеленісуі
Оөиғаның шарықтау
шегі
Керемет жауап! – 3 б.
Жақсы жауап - 2 б.
Қанағаттанарлық жауап – 1 б.
Оқиғаның шешімі
8.
Дұрысжауабы
Оқиғаның
басталуы
Табиғаттың
тұнықтығы мен
тылсым
тыныштығы
Оқиғаның
байланысы
Ананың жан
қиналысы мен үміті
Оқиғаның
шиеленісуі
Ананың табиғат заңын
бұзуы
Оқиғаның
шарықтау
шегі
Ана трагедиясының
басталуы
Оқиғаның
шешімі
Ана жазасы және
табиғаттың әділдігі
9.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға материалдық және рухани құндылықтарды заманауитұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере отырып жауап беріңіз
Жеке жұмыс
«5 асыл іс» әдісі
Дескрипторлар: 3б
- Сұраққа жауап береді;
- Материалдық және рухани құндылықтардың
жаңашылдығына баға береді;
- Материалдық және рухани құндылықтарды
заманауи тұрғыда салыстырады.
ҚБ. Мұғалім кері байланысы
Тамаша жауап!- 3б
Жақсы жауап!- 2б
Қанағаттанарлық жауап-1б
"ЕҢБЕК" (жеңіл тапсырмалар)
(Адам еңбектенсе ғана жетістікке жетеді. Бұл поэмада ана баласын құтқару үшін әрекет етеді, бірақ оның шешімі дұрыс па?)
1. Тапсырма:
Ана баласын құтқару үшін әрекеттенді. Егер сен оның орнында болсаң, қандай басқа жолдармен еңбектеніп, ұлын құтқаруға тырысар едің?
2. Тапсырма:
Поэмада ана аққуды атып алу үшін үлкен күш жұмсайды. Ол шешімді қабылдауға қанша еңбек сіңірді? Егер ол аққуды атпай, баласын құтқару үшін басқа жол
іздегенде, қандай еңбек түрлері қажет болар еді?
3. Тапсырма:
Табиғатты қорғау үшін қандай еңбек керек? Егер сен Жетімкөлдің қорғаушысы болсаң, бұл орынның қасиетін сақтап қалу үшін қандай шаралар жасар едің?
4. Тапсырма:
Абай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді. Ал поэмада ана қаншалықты еңбек етті? Бірақ неге оның еңбегі нәтижесіз болды?
5. Тапсырма: «Егер ана алдымен ойланғанда, аққуды атпайтын еді...» деген ойға келісесің бе? Неліктен? Адам еңбегін ақылмен ұштастырса, қандай нәтижелерге қол
жеткізе алады?
"ТАЛАП" (орташа деңгейдегі тапсырмалар)
(Талап адамды шыңға жетелейді. Бірақ дұрыс мақсат қойылмаса, оның соңы трагедия болуы мүмкін...)
1. Тапсырма:
Ана аққуды атуға шешім қабылдады. Бірақ оның мақсаты қандай болды: бала өмірін құтқару ма, әлде үмітсіздіктен туған әрекет пе? Сен бұл шешімді талаптың дұрыс
бағыты деп ойлайсың ба?
2. Тапсырма:
Ана – табанды, мақсатшыл адам. Бірақ оның таңдаған жолы қате болды. Егер сен оның орнында болсаң, дұрыс талап қояр ма едің? Қалай?
3. Тапсырма:
Аққу – еркіндіктің символы. Егер адам өзінің мақсатын дұрыс қоймаса, еркіндіктен айырылуы мүмкін бе? Ана мен аққудың тағдыры осы тұрғыдан қалай байланысады?
4. Тапсырма:
Абай: «Талап қыл артық білуге» дейді. Ал ана баласын құтқару үшін алдымен аққуды өлтірудің салдары туралы ойлану керек пе еді?
5. Тапсырма:
Өмірде адам дұрыс талап қоймаса, оның қандай салдары болуы мүмкін? Поэмадағы ананың мысалында осыны талдап көр.
"ТЕРЕҢ ОЙ" (жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар)
(Абай «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда» дейді. Олай болса, осы поэманың терең мағынасын ашайық...)
1. Тапсырма:
Поэмадағы ең үлкен трагедия не: аққудың өлімі ме, әлде ананың өз үмітін жоғалтуы ма? Неге?
2. Тапсырма:
Абай: «Ойсыздың белгісі – істі тез бітіру» дейді. Ал ана шешімін тез қабылдады. Ол көп ойланғанда, шешімі өзгеше болар ма еді?
3. Тапсырма:
Жетімкөлдегі тыныштық пен ананың жан күйзелісі – бір-біріне қарама-қайшы екі әлем сияқты. Табиғаттың үнсіздігі ананың трагедиясын қалай күшейтеді?
4. Тапсырма:
Аққу – сұлулық пен тазалықтың символы. Бірақ поэмада ол қайғының бастауы болды. Бұл оқиғаның астарында қандай философиялық ой жатыр?
5. Тапсырма:
Адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда не болады? Егер поэмадағы жағдай бүгінгі заманда қайталанса, оның қандай салдары
болар еді?
10.
БағалауОйтүрткі сұрақтар – 1 балл
1-тапсырма. ТЖ. – 3 балл
2-тапсырма. ЖЖ. – 3 балл
3-тапсырма. ЖЖ. – 3 балл
Барлығы – 10 балл
11.
Кері байланыс«SLC» әдісі
(жетістіктер,
сабақтар, өзгерістер)
Сабақтағы Сабақтан Өзгеріс
маңызды өзіме
енгізу керек
3 нәрсе
алған
1 нәрсе
2 нәрсе
12.
Үй жұмысы«Егер ана аққуды
атпағанда, оқиға қалай
өзгерер еді?» деген сұраққа
өз ойыңды білдіріп әдеби
эссе жаз.
literature