Тырысқақ ауруы, эпидемияға қарсы іс-шаралар. Зерттеуге материал алу тәртібі
ТЫРЫСҚАҚ
Сыртқы ортадағы тұрақтылығы
Тырысқақтың жұғу жолдары
Тырысқақ клиникасы
Аурудың алғашқы белгілері жиі іш өту, құсу, нәжістің сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтуы, аз уақыттың ішінде нәжіс түсін
2024 ж статистика
Тырысқақ зертханасы
Эпидемияға қарсы іс-шаралар
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қантардағы № 4 қаулысына 1-қосымша
Зерттеуге материалды алу және жеткізу тәртібі
Тырысқақ қоздырғышының болуына материалды жолдау және зерттеу нәтижесі
Тырысқақ ауруына күдікті науқастан (мәйіттен) материал алуға арналған жиынтық
Тырысқақ эпидемиясы
Назарларыңызға рахмет!
3.69M
Category: medicinemedicine

Тырысқақ ауруы, эпидемияға қарсы іс - шаралар. Зерттеуге материал алу тәртібі

1. Тырысқақ ауруы, эпидемияға қарсы іс-шаралар. Зерттеуге материал алу тәртібі

ҚР ДСМ СЭБК «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы » РММ
Тырысқақ ауруы, эпидемияға қарсы
іс-шаралар.
Зерттеуге материал алу тәртібі

2.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
БАС МЕМЛЕКЕТТІК
САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ
1. Қазақстан Республикасындағы 2021-2025 жылдарға арналған тырысқақ
бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық
іс-шаралар туралы 2021 жылғы 29 қаңтар №4 қаулысы
2. «Тырысқақтың зертханалық диагностикасы бойынша әдістемелік сілтемелерді
бекіту туралы» ҚР ДСМ МСЭҚК 27.09.2010 ж. № 252 бұйрығы
3. «Тырысқақтың енуі мен таралуының алдын алу және санитариялықэпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жөнінде
кешенді жоспарды құру бойынша әдістемелік сілтемелер» ҚР ДСМ МСЭҚК
27.09.2010 ж. №253 бұйрық
«Инфекциялық аурулардың(обаның,тырысқақтың) алдын алу бойынша
санитариялық-эпидемияға қарсы(профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 17.11.2021 ж. №116 бұйрығы.

3. ТЫРЫСҚАҚ

• Тырысқақ – өте қауіпті жұқпалы ішек
ауруы. Ол адамды асқазан-ішек
инфекциясының
ауыр
түріне
шалдықтырады, өте тез тарайды,
сондықтан бұл ауру карантинді
індеттердің қатарына жатады.

4.

• Тырысқақ
кезең-кезеңімен
әлемнің
көптеген елдеріне және континенттерге
таралған,
миллиондаған
адамдардың
өмірін алып кеткен. Аурудың соңғы,
жетінші,
пандемиясы
1961
жылы
басталды. Әлемде тырысқақ бойынша
эпидемиялық жағдай әлі де тіркеледі, жыл
сайын бірнеше мың адам осы індетпен
ауырады.

5.

• Тырысқақ
вибриондары бір қыл
аяғы бар тура немесе
бүгілген таяқшалар.
Споралар мен
капсулаларды
құрамайды, өте
жылжымалы.

6. Сыртқы ортадағы тұрақтылығы

• Аз тұрақты, алайда жоғары ылғалдылық,
оптималды температура және сілтілі
реакция орталарында өмірлігін сақтайды
және көбейеді. Ашық су қоймаларында 15
күннен 5 айға дейін, ал теңіз суында 3 айға
дейін өмірлілігін сақтайды. Азық түліктерде, көкөністерде, жемістерде - 2
аптаға дейін.

7.

Химиялық және физикалық
факторларға сезімталдылығы:
Қайнату барысында бірден өледі
Хлоры бар дезқұралдарға жоғары
сезімтал - 15 мин. Ішінде өледі
Қышқылдарға ерекше сезімтал,
қышқыл ортада бірнеше секунд ішінде
өледі

8. Тырысқақтың жұғу жолдары

Су эпиде
миялары
Азықтүліктік
Қарым
қатынастық
Індетті жұқтыру
механизмі – ауызнәжістік арқылы.

9. Тырысқақ клиникасы

Аурудың бастапқы инкубациялық, яғни
жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бес
күнге дейін созылады. Вибриондар
ауыз арқылы түседі, жартысы асқазанда
өледі, қалғандары тоқ ішекке барып
өсіп-өнеді де өте улы экзотоксин
шығарады бұл у бүкіл ағзаға тарайды,
адамды уландырады.
Тырысқақ барысында инкубациялық
кезең 1 күннен 5 күнге дейін созылады

10. Аурудың алғашқы белгілері жиі іш өту, құсу, нәжістің сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін жоғалтуы, аз уақыттың ішінде нәжіс түсін

Аурудың алғашқы белгілері жиі іш өту, құсу,
нәжістің сұйылып, бірте-бірте табиғи түсін
жоғалтуы, аз уақыттың ішінде нәжіс түсін
жоғалтады, күріш суына ұқсайды. Науқас
бірте-бірте әлсізденіп, басы айналып, аяқ
қолының бұлшық еттері тартылып, денесі
қалшылдайды, дене қызуы көтеріледі.

11.

•1-дәрежедегі
дегидратация —
сұйықтықты дене
салмағынан 3%-ке
дейін жоғалту
•3-ші
дәрежедегі дегидратация
— сұйықтықты дене
салмағынан 7-9%-ке дейін
жоғалту
LOGO
•2-ші дәрежедегі
дегидратация —
сұйықтықты дене
салмағынан 4-6%-ке дейін
жоғалту
•4-ші дәрежедегі
дегидратация —
сұйықтықты дене
салмағынан 9-10%-тен
жоғары.

12.

Дегидратацияның 1-ші дәрежесі 5060% науқастарда болады. Іш өту 3-10
рет. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері
1-3%-тен аспайды. Тері қабаттары
өзгеріссіз. Дене қызуы қалыпты
(әлсіздік, бас айлануы). Сырқаттың
ұзақтығы 3-4 тәуліктен аспайды.

13.

Дегидратацияның
2-ші
дәрежесі
2025%
науқастарда
болады.
Жоғалтқан
сұйықтықтың мөлшері 4-6%-ке жетеді. Іш өту
жиілігі 15-20 рет. Нәжісі сулы, «күріш суы»
тәріздес. Сусыздану белгілері өте жылдам
дамиды: әлсіздік, бас айналу, шөлдеу,
қайталанған құсу, суық тер жабуы, балтыр
бұлшық еттерінің тартылуы. Дене қызуы
қалыпты, тері қатпарлары баяу түрде
жазылады. Тахикардия, гипотония.

14.

3-ші дәрежедегі дегидратация 810% науқастарда кездеседі: Жоғалтқан
сұйықтықтың мөлшері 7-9%-ке дейін
жетеді. Іш өту жиілігі санаусыз. Дене
қызуы төмендей бастайды. Сусыздану
белгілері өте айқын және өте жылдам
дамиды. Ауырған адамның көзі ішіне
кіріп, бет әлпеті өткірленеді. Тері 4-ші дәрежедегі дегидратация
қатпарлары
жазылмайды,
«кір 8-10 % науқастарда кездеседі.
жуғыштың
қолы»
деген
белгі Клиникасында гиповолемиялық
айқындалады,
бұлшық
еттері шок белгілері алға шығады.
тартылады,
дауысы
қарлығады,
Артериалды қысымы төмендейді
олигурия.
немесе
анықталмайды,
жіп
тәрізді пульс, анурия, цианоз,
кома.

15. 2024 ж статистика

• Әлемде 427 425 жағдай тіркеліп, оның 3619 жағдайы өліммен
аяқталды.
Европа
Эстония
Азия / Азия
Ауғанстан / Афганистан
Бангладеш
Үндістан / Индия
Ирак
Йемен
Қазақстан
Китай
Пәкістан / Пакистан
Сирия
Филиппины
Мьянма
Таиланд
Африка / Африка
Бурунди
Гана
Дем. Республика Конго
Замбия
Зимбабве
Мозамбик
Уганда
Нигерия
Нигер
Сомали
Танзания
2
2
259 770
135493
214
8519
556
36404
3
4
65995
10563
773
1141
9
147251
826
11
26067
20219
20033
8132
89
6428
320
19640
4331
Тырысқақ / Холера / Cholera
0
0
266
63
0
43
0
159
0
0
0
0
0
1
0
3060
3
0
370
637
399
18
5
185
10
138
636
2
2
3
0
0
0
0
0
3
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
СолтүстікжәнеОрталық Америка / Северная и Центральная Америка
20402
293
21
АҚШ / США
Бразилия
Гаити
Коморские острова
Майотта (регион Франция)
1
1
9630
10549
221
0
0
142
149
2
0
0
0
0
21

16. Тырысқақ зертханасы

• 2024 жылы 4025 науқас (4557 анализ)
тексерілді, оның ішінде бірінші реттік ӨІА
диагнозымен
3999
науқас,
байланыста
болғандар 26. 2024ж. станцияның тырысқақ
зертханасында
адамдардан 2
тырысқақ
вибрионы non O1 серотобы бөлінді. 2024
жылы ашық су қоймаларынан және кәрізден
алынған 1422 су сынамаларынан non 01
серотобының 459 тырысқақ вибрионы бөлінді.
О 1 серотобының 3 тырысқақ вибрионы
бөлінді.

17. Эпидемияға қарсы іс-шаралар

Эпидемиялық тырысқақ
1. Науқастарды тырысқақ госпиталіне жатқызу,
2. Байланыста болғандарды анықтау, оқшаулау және
профилактикалық емдеу
3. Өткір ішек ауруы науқастарын анықтау, оларды
провизорлық госпитальге жатқызу
4. Антибиотиктермен жедел алдын алуды жүргізу
5. Күнделікті және қорытынды дезинфекция
6. Ашық су қоймаларынан суды қолдануды шектейтін
іс-шаралар

18.

Эпидемиялық емес тырысқақ
1.Жұқпалы аурулар стационарында
немесе бөлімшесінде оқшаулау
2.Байланыста болғандарды анықтау
(бір рет тексеріледі)
3.Қоршаған орта нысандарын (ауыз су
көздерін және қалдық суларды)
тырысқаққа бактериологиялық зерттеу.

19.

Тырысқақ науқасымен
және тырысқаққа
күдіктімен 4 типтің
обаға қарсы
костюмінде жұмыс
істейді

20. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қантардағы № 4 қаулысына 1-қосымша


Іс-шаралар тізбесі
1
2
1
2
– тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген
және келген кезінен бастап 5 күн ішінде ауырған
ҚР азаматтары
– ҚР өңірлерінің көші-қон қызметінде тіркелген,
оқуға және уақытша жұмысқа орналасу үшін
тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден келген
босқындар, уақытша мигранттар
3
– ЖІИ ауыр түрлерімен ауыратын науқастар***
Аумақтың типі****
3
1. Тырысқаққа зертханалық тексеру:
1,2,3
1,2,3
1,2
3
4
– жеңіл және орташа ауырлықтағы ЖІИ-мен
ауыратын науқастар
1
2,3
Орындау кезеңдері, жиілігі (орындаушылар)
4
Жыл бойы (үш рет), медициналық ұйымдар, АҚИҰҒО
филиалдары, ҰСО филиалдары*
Жыл бойы (бір рет), медициналық ұйымдар, АҚИҰҒО
филиалдары, ҰСО филиалдары*
Мамыр-қазан (үш рет), жылдың басқа мезгілінде
эпидкөрсетілімдер бойынша** (бір рет) (АҚИҰҒО
филиалдары, ҰСО филиалдары)*
Маусым-қыркүйек (үш рет), жылдың басқа мезгілінде
эпидкөрсетілімдер бойынша** (бір рет) (АҚИҰҒО
филиалдары, ҰСО филиалдары, медициналық ұйымдар)***
Мамыр-қазан (бір рет) жылдың басқа мезгілінде
эпидкөрсетілімдер бойынша** (АҚИҰҒО филиалдары, ҰСО
филиалдары)*
Эпидкөрсетілімдер бойынша** (бір рет) (АҚИҰҒО
филиалдары, медициналық ұйымдар, ҰСО филиалдары)*
5
– этиологиясы белгісіз ЖІИ-дан қайтыс болғандар
1,2,3
Жыл бойы (АҚИҰҒО филиалдары, ҰСО филиалдары)*
6
– арнайы режимдегі, әлеуметтік
оңалту
мекемелеріне,
психологиялық-неврологиялық
диспансерлерге түсетін адамдар
1,2
Бір рет (ҰСО филиалдары)
Эпидкөрсетілімдер бойынша** (бір рет) түскен кезде
(медициналық ұйымдар, ҰСО филиалдары)***
1
2
3
3
2. Жер бетіндегі су қоймаларының суын зерттеу:
– орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен
1,2,3
жабдықтауға арналған су жинау орындарының
санитариялық қорғау аймағындағы жер бетіндегі
су қоймаларының суы; орталықтандырылған ауыз
сумен жабдықтау болмағанда халықтың ішу үшін
пайдаланатын жер бетіндегі су қоймаларының
суы
– жаппай ұйымдастырылған рекреациялық су
пайдалану
орындарындағы
су
(демалыс
аймақтары) аквапарктер;
– бассейндер, субұрқақтар
– сарқынды су
1,2,3
1
2,3
Судың температурасы кемінде 16 оС болғанда 10 күнде 1 рет
(АҚИҰҒО филиалдары, ҰСО филиалдары)*
Судың температурасы кемінде 16 оС болғанда 10 күнде 1 рет
(АҚИҰҒО филиалдары, ҰСО филиалдары)*
Эпидкөрсетілімдер бойынша**
Мамыр - қазан – 10 күнде 1 рет, жылдың басқа мезгілінде
эпидкөрсетілімдер бойынша** (АҚИҰҒО филиалдары, ҰСО
филиалдары)*
Эпидкөрсетілімдер бойынша** (АҚИҰҒО филиалдары,ҰСО
филиалдары)*

21. Зерттеуге материалды алу және жеткізу тәртібі

Науқастан материал барлық медициналық көмек көрсету этаптарында
науқасты анықтаған кезде және антибиотикпен ем қабылдамас бұрын үш
қайтара (нәжістің 3 түрлі үлгісінен)сол медицина мекемесінің медицина
қызметкерімен жедел түрде алынады.Материалды алатын маман алдынала оқытылған болуы керек.Тұрғындарды тырысқаққа жаппай зерттеуге
арнайы материал алатын топ құрылып,олар эпидемиологтың
бақылауымен жұмыс жүргізеді.
Сынаманы жинауға таза залалсызданған ыдыс алынады(онда
залалдандыратын сұйықтықтардың іздері болмау керек) сынама
алынатын ыдыстар автоклав,құрғақ ыстық ауамен немесе 1% сода
ерітіндісінде қайнатылып залалсыздандырылады;
Зерттеуге тікелей алынған материал зертханаға алынғаннан кейін 2
сағаттан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
Жеткізу мерзімі ұзартылса, материал жинақтаушы ортаға 1% пептон
суына егеді(рН 8,4±0,2), бұл қолайлы өсу қоректік ортасы болып
табылады.
Егер материалды зертханаға 12-18 сағат ішінде жеткізу мүмкін болмаса,
калий теллуритін пептонды суға (сәйкес флораның ингибиторы ретінде)
1:100000-1:200000 мөлшерінде қосады.

22.

• Егер науқаста диарея болса, материал 10-20 мл көлемінде ;
• Іш ауруларының жеңіл түрлерімен ауырған науқастан – 1-2 грамм
нәжіс алынады;
• Диареяның ауыр түрімен ауырған науқастан материал тікелей
алынған түрінде зертханаға жеткізіледі: 50 мл 1% пептонды суға 1-2
мл немесе 1-2 г материал қосылады;
• Айқын клиникасы жоқ науқастардан нәжіс темір ілмектер арқылы
жиналады.Темір ілмектер бұдырсыз,біркелкі түзу алюминий
сымынан, диаметрі 2-3 мм, ұзындығы 40-50 см, екіге бүгіліп, ілмектің
жоғарғы бөлігінде ашық тесік қалдырылып дайындалады.
• Пайдаланар алдында стерильді ілмекті 1% пептон суына батырып тік
ішекке 6-8 см енгізеді де, алынған материалды 1% пептонды су
немесе консервант сұйықтығы бар флакондар немесе пробиркаларға
егіледі,
пайдаланғаннан
соң
ілмек
қайнату
арқылы
залалсыздандырылады.

23.

• Тырысқақ ошағында қарым-қатынаста болғандарды тексеруде нәжісті
қатты қағаз беттеріне (20х20 см) жинап,оның 1-3 граммын
тексерілетін бір адамнан алынған материал 50 мл 1% пептон суына
егіледі;
• Қарым-қатынаста болғандарға іш жүргізетін дәрмектерді қолдануға
және топтық әдіспен олардан 1 флаконға материал алуға тиым
салынады;
• Мәйітті тырысқаққа тексеру үшін зерттеуге ащы ішектің
ортаңғы,жоғарғы бөліктерінен 10-см ден кесіп алынады.Кесінділердің
екі жағынан қос лигатура салынып соның ортасынан кесіледі (кесу
барысында ішек ішіндегі сұйықтық сыртқа ағып кетпеуінің алдын алу
мақсатында) өт жолы бүтіндей алынады.Ішектің әр кесіндісі, өт жолы
бөлек банкаға салынады;

24. Тырысқақ қоздырғышының болуына материалды жолдау және зерттеу нәтижесі

Зертханаға жеткізілетін материал жеке жолдамамен бірге жүреді, онда мыналар
көрсетіледі:
Толық аты-жөні ___________________________
Жасы ____________________________________
Мекен-жайы ______________________________
Жұмыс орны _____________________________
Диагнозы ________________________________
Үлгіні алу күні мен уақыты ________________
Негізгі немесе қайталанатын _______________
Антибиотиктерді қолдану __________________
Жіберуші ұйым __________________________
Материалды жіберген адамның қолы ________
Үлкен көлемдегі зерттеулерді жүргізу кезінде (жедел ішек инфекциясы бар науқастар, қауіп
топтары, байланыста болғандар) жоспарлы эпидемиологиялық қадағалау кезінде де, тырысқақ
ошағы кезінде де топтық жолдамаларға жол беріледі. Барлық жолдамалар екі данада толтырылуы
керек.

25. Тырысқақ ауруына күдікті науқастан (мәйіттен) материал алуға арналған жиынтық


Құралдың атауы
Саны
1.
Тығыз жабылатын қақпағы бар кең мойынды стерильді банкалар
4 дана
2.
Шыны түтікшелер, диаметрі - 5 мм, ұзындығы 25 см кем емес, стерильденген, бір жағы
мақтамен тығындалған
4 дана
3.
Шлангісі бар резеңке үрімше
1 дана
4.
Жабысқақ пластырь
1 бума
5.
Қарындаш
1 дана
6.
Полиэтилен пакеттер
8 дана
7.
Дәке сулықтар (40х40 см)
8 дана
8.
Металл бикс
1 дана
9.
Дезинфектант
1 дана
10.
Түтікшелері бар алюминий ілмектер
3 дана
11.
70 %-дық спирт
12.
1 %-дық пептонды су
50 мл
13.
Материал алу жөніндегі нұсқаулық
1 дана
14.
Медициналық клеенка
1 метр
15.
Талдауға жолдама (бланкілер)
4 дана
200 грамм

26.

• Нәжіс және құсық стерильді қасықпен немесе резинке үрмешікті шыны
түтікшелермен,түбіне залалсыздандырылуға ыңғайлы кішілеу ыдыс
қойылған науқастың жеке нәжіс жинау ыдысынан 10-20 мл көлемінде
алынады.
испражнени
я
Рвотные
массы
Рвотные
массы
Испражнения

27.


Материалы бар банкалар мұқият жабылады, ал сырты дезинфекциялық
ерітіндімен суланған дәке шүберекпен сүртіледі. Оны дезинфекциялаушы
ерітіндісі бар басқа дәке шүберекке орап (дезинфекциялық зат үлгіге
түспеуі керек!), оны полиэтилен пакетке салып, содан кейін екінші
пакетке салады. Буып-түйілген материал бикске салынады, оның түбінде
материал ағып кеткен жағдайда дезинфекциялық ерітіндімен суланған
дәке шүберек болады,арнайы қызметкер мекеме автокөлігімен
тасымалдайды.
дәке шүберек
дәке шүберек
дәке шүберек
испражнени
я
Рвотные
массы
бикс

28. Тырысқақ эпидемиясы

Гаитидегі тырысқақ.

29.

Тырысқақ госпиталі

30.

31.

32.

33.

34.

35.

36. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules