16.34M
Category: medicinemedicine

Шошқаның классикалық обасы

1.

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы
Территория мен жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша
сертификациялау пәні
Шошқаның
классикалық обасы

2.

Анықтама
Шошқаның обасы (Pestis suum, чума свиней) – аса
жұғымтал, жіті байқалғанда өлітиіп, геморрагиялық
диатезбен, ал жітілеу және созылмалы түрде өткенде
өкпенің крупозды, ішектің крупозды-дифтериттік
қабынуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

3.

Қоздырушысы – European shwinefever pestivirus, құрамында РНҚ бар
Togoviridae тұқымдастығына Pestivirus туыстастығына жатады.
Зертханалық жануарлар шошқа обасының вирусына төзімді. Бұл
вирусқа тек қана шошқа бейім. Вирустың өсінде бар-жоғын және
індеттік белсенділігін ИФР арқылы анықтайды.

4.

Індеттік ерекшеліктері.
Табиғи жағдайда обамен жасына, тұқымына қарамастан үй және жабайы
шошқалар ауырады. Асыл тұқымды шошқалар ауруға бейімірек келеді.
Жабайы шошқаларда табиғи қалыптасқан төзімділік болады.Ауру
қоздырушысының бастауы – ауру және ауырып айыққан вирус алып
жүруші шошқалар. Ауруды таратуда және індеттік жағдайдың сақталып,
шиеленісуінде анықталмай қалған жасырын вирус алып жүрушілер
ерекше қауіпті болады. Вирус алып жүру 3-10 айға созылады. Ауру
жануарлар вирусты несеп, нәжіс, танау мен көзден аққан сора арқылы
бөліп шығарады.

5.

жем
Ластанған шөптен
Ет комбинаттарынан
Өлекседен
Қора-жайдан
Көңнен

6.

Өтуі және симптомдары
Аурудың жасырын кезеңі 5-8 тәулік. Көбінесе жіті, жітіден
төмен, созылмалы, ал сирегірек оба аса жіті түрде өтеді.
Аса жіті түрінде жануарлардың қызуы көтеріліп (41°С және
одан жоғары), жүрек соғуы және тынысы жиілеп, құсып,
теріде ақ-қызыл дақтар пайда болып, жылдам әлсіреп,
1-2 күнде өледі.

7.

Балау
Обаны індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректерге
сүйеніп анықтайды. Зертханалық зерттеулердің нәтижесінде бактериялық
инфекциялардан ажыратады. Аурудың жылдам таралып, жасына, күйіне, жыл
мезгіліне қарамастан ауыр түрде өтіп, көп шығынға ұшыратуы, өлекседегі
өзіндік өзгерістер обаны анықтауға мүмкіндік береді. Күмәнді болған
жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Зертханаға торайлардың
өлексесін түгелімен немесе қанын, ішкі үлпершек ағзаларын, сөл түйіндерін
жібереді. Зертханада вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі. Серологиялық
реакциялардан ИФР, КБР, БР пайдаланылады. Түпкілікті диагноз қою үшін
шошқаға жұқтыру арқылы биосынама пайдаланылады.

8.

Емі мен иммунитет қалыптастыру
Емі анықталмаған. Ауру шошқаларды дереу сояды.
Иммунитет. Аурудан айыққан шошқалар қайталап
ауырмайды.Қазіргі кезде көптеген елдерде обаға қарсы
белсенді иммунитет қалыптастыру мақсатында оба
вирусының қоян денесінде өсіруге бейімделген немесе торша
өсіндісінде өсіріп әлсіретілген штаммдарынан дайындалған
құрғақ вирусты вакциналар пайдаланылады. Қозылардың ен
ұлпасының диплоидты торшасында өсірілген ВНИИВМи В
вирусвакцинасы. Шошқа эмбрионының бүйрегінің торша
өсіндісінде өсірілген ВГНКИ вирусвакцинасы.

9.

Алдын-алу және күресу шаралары
- аурудан сау емес шаруашылықтан вирус енбеуін және ет комбинаты,
қасапхана, асхана қалдықтарын зарарсыздандырғаннан кейін ғана
шаруашылыққа әкелінуін қатты қадағалау
- Шошқа фермаларында тиісті ветеринариялық-санитариялық
ережелерді қатаң сақтап, дауалау мақсатында уақытылы вакцина
егеді;
- Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп
жарияланып, карантин қойылады
- Шошқа қорасындағы құрал-жабдықтардың залалданбауын
қадағалау
English     Русский Rules