778.65K
Category: medicinemedicine

Тістердің эндемиялық флюорозы

1.

«Астана медицина университеті» КеАҚ
Терапиялық және хирургиялық стоматология
кафедрасы
Тістердің эндемиялық флюорозы.
Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы,
салыстырмалы диагностикасы, емі.
Проф. Суманова
Айгуль Махсатовна

2.

Эндемиялық флюороз
Флюороз – бұл тағамдардың және судың
құрамында көп мөлшерде фтордың
қосылыстары бар ұзақ уақыт бойы қабылдау
нәтижесінде фтор интоксикациясы себебінен
пайда болатын эндемиялық ауру.
Флюороздың ерте белгілеріне тістердің
зақымдануы жатады.

3.

Флюороз - эндемиялық ауру.
Эндемиялық ауру – шектеулі аумақта көп
уақыт тұратын, сол жердің табиғи және
әлеуметтік жағдайларына байланысты
адамдарда байқалатын ауру түрі.
Қазіргі уақытта Жер шарында
флюороздың шамамен 300 эндемиялық
ошақтары бар.
Қазақстанда флюороз бойынша
эндемиялық региондар – Акмола облысы
(Көкшетау, Бурабай), Жамбыл, Алматы
облысының кейбір аймақтары.

4.

Флюороздың ең ерте дамитын белгілерінің бірі
– тістердің жарақаттануы.
Ең алғаш тістердегі флюорозға тән өзгерістерді
сипаттап жазған және оларды “күйік шалған немесе
қара тістер” (подгорелые зубы) деп атаған итальян
дәрігері Чиия (1900ж).
Кейінірек тістер «ойықты тістер»
(«испещренные зубы»), «шұбар кіреуке» (рябая
эмаль), «дақты кіреуке» (пятнистая эмаль) деп атала
бастады.
Тек 1931 жылы ғана флюороздың ауыз судағы
фтор мөлшерінің жоғары болуы нәтижесінде
дамитыны дәлелденді (химия ғылымының дамуы
нәтижесінде).
Флюороз кезінде тіс тіндері ғана
жарақаттанбайды, фтордың мөлшері жоғарылаған
сайын сүйек қанқасы да өзгеріске ұшырайды.

5.

Фтор – табиғатта кең тараған микроэлемент,
жер қыртысында оның мөлшері – 0,1%.
Фтор организмдегі биологиялық үрдістерге
қатысатын маңызды элемент. Фтор адамның
барлық ағзаларының құрамында бар, ал тістер
мен сүйектерде көбірек қорланған.
Ересек адам күніне ас тағамдарымен және
сумен 3 мг фтор қабылдайды. Фтор барлық
тамақтық заттарда кездеседі, оның ішінде теңіз
балықтарының, еттік тағамдардың құрамында
(қой еті, іріқара мал және шошқа майларында,
сүйек майында), жұмыртқаның сарысында, кейбір
өсімдіктерде (бидай, қара бидай, шай, қызылша,
қырық қабат) мөлшері көбірек болады.

6.

Қазіргі кезде Мемлекеттік стандарты
бойынша ішетін судағы фтордың
шектеулі мөлшері (предельнодопустимая концентрация- ПДК) - 1,5
мг/л.
Ауыз суда фтордың тиімді мөлшері
(оптимальная концентрация) - 1 мг/л.
Суда фтордың тиімді
концентрациясы бар аймақтарында
тұратын және фторқұрамдас пасталарды
пайдаланатын адамдарда флюроз
пайда болуы мүмкін.

7.

В.К.Патрикеев бойынша ауыз суында фтордың
мөлшері 1,5 мг/л болған жағдайда халықтың 30% -да
флюороздың белгілері байқалады – бұл жағдай
организмнің фтордың интоксикациясына жеке
сезімталдығына байлынысты.
Ыстық климатты аймақтарында судың пайдалануы
жоғарлағандықтан флюороздың белгілері фтордың
концентрациясы 1,0-1,2 мг/л болған жағдайда байқала
бастайды.
Флюороз суда фтордың мөлшері 3 мг/л жоғарлаған
кезде эндемиялық аймақтың халықтың 90% дамиды.
Егер тіс кіреукесі қалыптасып жетілген болса, ұзақ
уақыт бойы фторы көп суды пайдалану тіс түсінің
өзгеруіне әсер етпейді. Бірақ егер фтордың мөлшері 6
мг/л жоғары болса, жетілген тіс тіндерінде өзгерістер
пайда болуы мүмкін.

8.

Этиология мен патогенезі.
Тістер флюорозы дамуының дәлелді
механизмі әлі анықталған жоқ.
Көбірек негізделген болжам – фтордың
жоғары мөлешері амелобласттарға тосикалық
әсер етеді да, осы клеткалар
дегенерациясының тудырады және кіреуке
призмалар дамуының тоқтата тұруына әкеледі.
Бұл жағдай қалыпты кіреуке дұрыс
қалыптаспауына әкеп соқтырады.
Фтордың жоғары мөлшері ферменттерге
әсер ететін «уытты зат» болғандықтан,
фосфатазаның белсенділігін төмендетіп,
кіреукенің минералдану үрдісін бұзады.

9.

Флюороз көбінесе тұрақты тістерде, олар
жарып шыққаннан кейін кездеседі.
Егер бала туған кезден бастап эндемиялық
ошақта тұрса немесе осы ошаққа 3-4 жаста
көшіп келсе, оның тістері флюорозбен
зақымдалады.
Уақытша тістердің флюорозы сирек
кездеседі, себебі олардың минерализациясы
құрсақішілік кезеңінде аяқталады. Ана
организміне көп мөлшерде түсетін фторды
плацента (ұрықжолдас) жібермейді, сөйтіп
ұрықты интоксикациядан қорғайды.

10.

Флюороз клиникасы
Түрлері:
• штрихті (жолақтәрізді);
• дақты;
• бортәрізіді ойықшалы;
• эрозиялы;
• деструктивті

11.

Штрихті түрі
Алдыңғы тістердің (көбінесе
жоғарғы жақ күрек тістердің)
кіреуке бетінде аз көрінетің
бортәрізді жолақтардың
болуымен сипатталады. Кейде
жолақтар тісті кептірген соң
жақсы көрнеді. Жолақтар
кіреукенің беткейасты
қабаттарында орналасады.

12.

Дақты түрі
Тіс сауытының әртүрлі аймағында
орналасатын бортәрізді
дақтардың болуымен
сипатталады. Дақтар көп
тістерде кездеседі, тістердің
барлық беткейлерінде байқалуы
мүмкін, дақ орнындағы кіреуке
беті тегіс, жылтыр, кейде дақтар
ақшыл-сарғыш түстес болады.

13.

Бортәрізді-ойықшалы түрі
Тістердің күңгірт түстес бетінде
пигменттелген дақтар
байқалады. Дақтар жылтыр, ақ,
сарғыш, кейде ақшыл- немесе
қара қоңыр түстес. Сонымен
қатар дақтар фонында дөңгелек
пішінді кішкене кіреуке ақаулары
кездеседі – диаметрі 1-1,5 мм,
тереңдігі – 0,5 мм-ге дейін. түбі –
сарғыш, қоңыр немесе қара түсті.

14.

Эрозиялы түрі
Флюороздың ауыр
түрлеріне жатады. Дақтар
фонында кіреуке жоқ
участкілермен, әртүрлі
пішінді ақаулардың
немесе эрозиялардың
пайда болуымен
сипатталады. Кіреуке мен
дентиннің қажалуы
жоғарылайды.

15.

Деструктивті түрі
Тістердің эрозиясы, қатты
тіндерінің қажалуы пайда
болуынан, кейбір
фрагменттердің жоғалуынан,
олар пішіндері бұзылады.
Тістер сыңғыш болады, бірақ
орынбасушы дентиннің
түзулуіне байланысты тіс
қуысы ашылмайды. Аурудың
бұл түрі суда фтордың
мөлшері 10 мг/л көп
аймақтарында түратын
адамдарда кездеседі.

16.

Дифференциалды диагностикасы.
Флюороздың дақты түрін дақ
сатысындағы тісжегіден және дақты
гипоплазиядан ажырата білу керек.
Ұқсастығы – дақтардың болуы,
эстетикалық жағынан шағымы. Зондтау,
термиялық тітіркендіргіштерге реакциясы,
перкуссиясы - ауырсынусыз. Дақ беті тегіс,
қатты.

17.

Тісжегіден айырмашылығы: флюорозды
дақтар тістер жарып шыққаннан кейін бірден
байқалса, тісжегілік дақ - тістер жарып
шыққаннан кейін бірден бола қоймайды. Флюороз
эндемиялық аймақтарда тұратын адамдарда
кездеседі. Тісжегілік дақтың локализациясы –
тісжегіге типті жерлерде (фиссураларда, түйісу,
мойын беткейлерінде), ал флюорозды дақтар
тістердің барлық беткейлерінде орналасуы
мүмкін. Тісжегі бірден көп тісте кездеспейді, ал
флюорозда дақтар көп тісте байқалады.
Тісжегілік дақ 2% метилен көгінің ер-сімен
боялады, беті кейде кедір-бұдырлау мүмкін,
флюорозды дақ – боялмайды, беті - тегіс.

18.

Дақты гипоплазиядан
айырмашылығы: дақты гипоплазия
симметриялы тістерде кездессе,
флюорозды дақтар – көп тістерде және
тістердің барлық беткейлерінде кездесу
мүмкін. Ұқсастығы - дақтар тістер жарып
шыққаннан кейін бірден байқалады.

19.

Флюроздың бортәрізді-ойықшалы
түрін беткей тісжегіден, гипоплазияның
нүктеле түрінен ажырата білу керек,
эрозиялы түрін – орта тісжегіден,
гипоплазияның табақшалы түрінен, эмаль
эрозиясынан, тістер некрозынан, сына
тәрізді ақаудан ажырата білу керек,
деструктивті түрін – терең тісжегіден
және басқа тісжегі емес ақаулардан.

20.

Флюороздің емі патологиялық процесстің
стадиясына байланыстыі. Штрихты, дақты және
бортәрізді-ойықшалы түрлерінде тістер ағарту
мен кейінгі ремтерапия ұсынылады. Ол үшін
арнайы ағартқыш материалдар қолданылады:
Белагель және т.б.
Эрозиялы, деструктивті түрлері тістер түсін
және формасын қалпына келтіруді талап етеді.
Сондақтан бұл үшін тістер реставрациялық
әдістері қолданылады (мыс., композиттер
көмегімен ламинат жасау) немесе винир,
люминир жасау. Тістердің үлкен ақаулары
болған кезде – ортопедиялық ем жүргізілуі мүмкін
(эстетикалық матералдарадан жасанды
сауыттарды жасау).
English     Русский Rules