Similar presentations:
Мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша ата- аналар мен оқушылар арасында ақпараттық, түсіндірудің әдістемесі
1.
Мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойыншаата- аналар мен оқушылар арасында ақпараттық, түсіндірудің
әдістемесі
2.
1-тарау. Жалпы ережелерОсы Мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша ата- аналар мен оқушылар арасында
ақпараттық түсіндірудің әдістемесі (бұдан әрі- Әдістеме) жергілікті атқарушы органдармен білім беру
ұйымдарының бірінші басшыларының мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша атааналар мен оқушылар арасында ақпараттық, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кешенді көмек көрсету
бойынша жедел ведомствоаралық ден қоюын және іс- қимылдарының келісуін қамтамасыз ету мақсатында
әзірленді.
Анықтауға және көмек көрсетуге орталық, жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдары, Қазақстан
Республикасы Оқу- ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті және өзге де
мүдделі тұлғалар қатысады.
• Жұмысты үйлестіруге, мониторингті қамтамасыз етуге, анықталған факт бойынша бала құқығының
қорғалуына, педагогтерге көмек көрсетуге және қолдауға облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің
орынбасарлары дербес жауаптылықта болады.
3.
2- тарау. Қазақстан Республикасының заңдары меннормативтік құқықтық актілеріне түсіндірме.
• Қазақстан
Республикасының
Конститутциясына
сәйкес
зайырлы,
құқықты
мемлекет
болып
табылады.
Зайырлылық – мемлекет аумағындағы барлық ұйымдардың адамдардың діни ережелерге емес, Қазақстан Республикасы заңдары мен
құқықтық актілеріне сәйкес қызмет көрсетуі тиіс екендігін бекітеді. Сондықтан зайырлы елде діни институттардың мемлекет ісіне
араласуына, діни көзқарастардың заңмен реттелетін қарым- қатынастарға ықпал етуіне тыйым салынады.
• Қазақстандағы барлық бала-бақшалар, мектептер мен колледждер меншік нысанына қарамастан зайырлы мекеме болып табылады
(медреселерде ғана діни сабақтарға, діни артибутикаға рұқсат етілген). Мектептерде зайырлылық ережелері қатаң сақталуы тиіс.
Демек бұл мекемелер, ондағы қызметкерлер мен білім алушылар, тәрбиеленушілер, олардың ата- аналары білім беру ұйымдарында
Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген нормаларды, шектеулер мен талаптарды қатаң сақтауға міндетті.
4.
• Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47- бабының 15-1 тармағында «Орта білім беруұйымдарында БІЛІМ АЛУШЫЛАР білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар
білім беру ұйымында БЕЛГІЛЕНГЕН КИІМ ФОРМАСЫН САҚТАУҒА МІНДЕТТІ» деп белгіленген. Осы
заңның 49- баб 6 тармағында АТА-АНАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ «Білім беру саласындағы
уәкілетті орган белгілеген, МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУҒА
ТИІС» екені бекітілген.
• Оқушылардың сыртқы түрі жалпы қабылданған әлеуметтік іскерлік стиль нормаларына сәйкес болуы
және зайырлы сипатта болуы керек, оның ішінде бас киім. Осыған байланысты мектеп басшылығы
ДІНИ КИІМДЕРДІ НЕМЕСЕ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН КИІМДЕРДІ КИЮГЕ РҰҚСАТ БЕРЕ
АЛМАЙДЫ
• Мектеп формасының үлгісіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің (2016- жылғы 14- қаңтардағы №26) (7.08.2023ж.№250 б. Сәйкес толықтырулар мен
өзгерістер енгізілген) бұйрығымен бекітілген.
5.
Ұлдардың мектеп формасы:-
Пиджак, желет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар
немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска ( қысқы
мезгілде: трикотаж желет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген
және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
-
Пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе
сыдырмалы тоқылған күрте/ кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы
уақытта: трикотаж желет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін
тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мектеп формасын таңдауда және оны күнделікті киюде Бұйрықтың 13 және 16
тармақтарында келесі жағдайларға тиым салынады:
-
Мектеп формасына түрлі ДІНИ КОНФЕССИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ КИІМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ;
-
Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар
киюге тиым салынады;
6.
3- тарау. Мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша 2024- жылғаарналған іс- қимыл жоспарын іске асыру алгоритмі
1.Әрбір білім беру ұйымдарында діни идеяларға қызығушылық танытатын кәмелетке
толмағандарды анықтап, тізімі жасақталуы тиіс.
2.Оқушыларды күн сайын күтіп алатын және олардың мектеп формасының талаптарға сәйкестігін
тексеретін мектеп директорының жауапты орынбасарын, сондай- ақ мектептің кемінде 3 қызметкері
бекітілуі қажет.
3.Әрбір білім беру ұйымдарында діни идеяларға қызығушылық танытатын кәмелетке толмағандар анықталған және
мектеп формасының талаптарының бұзу фактісі болған кезде білім беру ұйымдары қызметкерлері:
Мектептің бірінші басшысына және аудандық білім бөліміне дереу хабар беруге;
Анықталған фактіні қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеуге
Мектеп формасының талаптарын бұзған оқушымен және ата- анасымен әңгімелесуге, құқықтық
актілер мен заң талаптарын түсіндіруге міндетті. Мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзған
оқушы мен ата-анаға қатысты оқушылардың, мектептің басқа мұғалімдердің, көпшіліктің алдында
шара қолданылмауы шарт.
7.
Мектеп формасына қойылатын талаптары туралы ақпараттық стенд барлықмектептердің кіреберіс алаңдарына (кемінде 10 метр қашықтықтан анық
көрінетіндеи етіп) ілінуі тиіс.
Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпараттық буклеттер, брошюралар
мен танытырылымдар әзірленіп, әрбір ата-анаға, әрбір оқушыға таратылуы тиіс.
pedagogy