Similar presentations:
Өзара бағалауда сұрақ қою техникасын қолданып оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру
1.
2.
Оқушылардың өзара бағалауында сұраққою техникасының маңызын түсіндіру;
тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
дұрыс сұрақ қою арқылы оқушылардың
сыни тұрғыдан ойлауына ықпал жасау.
Сұрақ қою арқылы сыни
тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту
жoлдaры aрқылы тaбыcты
oқытуғa қoл жeткiзу, Өзара
бағалауды өз тәжірибесінде
қолдануға дағдылану.
3.
Ойымызды ашық айтамыз;Бір-бірімізді тыңдаймыз;
Бір-бірлеп сөйлейміз;
Мәселенің мәні бойынша
сөйлейміз;
Бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
Өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
Бір-бірімізге сый көрсетеміз
(сөзбен, шапалақпен) және т.б.
4.
5.
• 1-2 таңдағандарКез келген ортада өзін көрсете алатын, ашық, жарқын,көпшіліктің алдына шыға алатын, істеген істерінен нәтиже
шығара алатындар, бірақ бұл топтағыларды жиі мақтап
қоймаса істері алға баспайды, мақтауды сүйетін жандар
• 3-4-5-6 таңдағандарЖұртқа үйреткенді жақсы көретін, жаңашыл, білмегенін
сұрайтын, ізденіп жүрген мұғалім
• 7-8-9 таңдағандарКерісінше бұл топтағылар ойын сыртқа шығара
алмайтындар, бірақ үнемі ізденісте жүретіндер, білімділер
6.
7.
8.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдерқолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары
дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Оқушылардың жауап беретін
сұрақтары бір немесе екі сөзбен шектелсе, ондай сұрақтар төмен
дәрежелі сұрақтар болып табылады. Төмен дәрежелі сұрақтарды
«жабық», «жай», деп те атайды. Жай сұрақтар нақты ақпараттарды
қажет ететін сұрақтар болып табылады, көбінесе жаттап еске сақтауды
талап етеді. Төмен дәрежелі сұрақтар ешқандай ойды топтастыра
алмайды, толғаныс тудыра алмайды. Ондай сұрақтарға жауап беру үшін
тақырыпты түсіну жеткілікті. Оқушылар жай сұрақтарға жауап
бергенде нақты ақпараттарды қолданады, ал сол ақпараттарға қатысты
негізгі идеяның, сол фактілердің шығу себептерін түсіндірмейді және
түсінбеуі де мүмкін. Себебі берілген фактілерді жаттап алып-ақ, жауап
бере алады. Оқушылардың ойлауын шектеп, жатқа айтуға бағытталған
сұрақтар оқушылардың ойлауын дамытпайды. Сонымен қатар, жай
сұрақтар оқушылардың әңгімелесуіне, яғни диалог құруына мүмкіндік
бермейді, мәнерлі сөйлеуін шектейді, қысқа ғана жауап беруге баулиды,
сол себептен шығармашылығы да дамымайды.
9.
Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілібір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және
талдауға тиіс болады. Мұндай сұрақтар ойлау іс-әрекетінің үйрену
тәжірибесінде әртүрлі деңгейдегі ойлауды көрсететіндіктен олардың
маңызды екендігіне ешқандай күмән жоқ. Оқушыларды ойлауға,
ойларын қайта құруға, толғануға, шығармашылықпен жұмыс жасауға,
пайымдауға, болжауға жетелейтін сұрақтар олардың жан-жақты
ойлануына мүмкіндік береді. Мұғалімнің қойған сұрақтары сыныпты
жұмысқа дайындап, не маңызды, не дұрыс, не дұрыс емес (бұрыс)
екендігін және оны қалай жеткізіп айтуға болатындығын, сонымен
қатар, кімнен және неден келіп жатқан ақпараттар, білім екендігін
айқындап беруге көмектеседі.
Жай сұрақ қою шеңберінен шығып, жоғары дәрежелі сұрақтарды
қойған кезде оқушылардың ойлау қабілеттері дами бастайды.
Оқушылардың ақпараттарды білуі - ол үйренудің бір жолы, ал алған
білімді тиімді пайдалану үшін ол білімді мақсатты түрде талдау,
қорыту, сұрыптау керек.
10.
Біз күнделікті сабақта жоғары деңгейлі сұрақтарды үнеміпайдалануды дәстүрге айналдырсақ, жүйеге енгізсек,
мынадай маңызды тапсырмаларды іске асырамыз:
Оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік
көрсетеді;
Оқушылардың өз ойларын айтуға қолайлы жағдай
туғызады;
Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
Мұғалімдер оқушылардың бір-бірінің пікірлерін
құрметтейтін ортаны қамтамасыз етеді;
Сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;
Сын тұрғысынан ойлаудың алғашқы қадамдарына
қолайлылық тудырады.
11.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін орындалатыншарттар:
• Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт
керек;
• Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық
айтуға рұқсат беру;
• Әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау;
• Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді ісәрекетін қолдану;
• Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз
жағдайларды әжуаға айналдырмау;
• Оқушылардың бір-бірінің жауабынан жасаған
сынның дәлелді, дәйекті болуын талап теу;
12.
Ойлау деңгейіБілу және
түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Сұрақтар үлгілері
Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не
тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады?
…. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен
сипаттай алам ба?
Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? …
қандай жағдайларда?
Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады?
Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай?
…бір-бірімен қалай үйлеседі?
Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады?
Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат
негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен
қалай байланысты?
Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не
себепті?
13.
Сұрақты қояр алдында, мақсатыңызды нақтылап алыңыз.Сұрақ аудиторияға сай келетін түсінікті түрде қойылуы керек.
Сирек қолданылатын терминдер мен түсініксіз (диалект,
сленг) сөздерді пайдаланбаған дұрыс.
Сұрақ абстракты емес нақты болуы керек.
Қойылатын сұрақ шұбырмай, қысқа түрде болғаны дұрыс.
Сұрақ ойға қонымды болу керек.
Қажет болған жағдайда сұраққа түсініктеме беруге болады,
бірақ сұрақтың өзі ықшам болу керек.
Сұрақ бір сарынды, дағдылы жауаптарды болдырмау керек
Мұғалім өз дегеніне келтіретін сұрақ қоймау керек
Сұрақ жауап берушіні қажетті жауапқа мәжбүрлемеу керек
Оқушылардың білімдерін анықтау сұрақтары мен
оқушылардың ойлау қабілеттерін айқындайтын сұрақтар қою
керек
Сұрағыңызды қойған соң, оқушылардың түсінгеніне көз
жеткізіңіз
14.
Сын тұрғысынан ойлауоқушының пәнді терең түсінуқабілетін дамыту, алған
білімдерін сыныптан тыс жерде,
кез-келген жағдай да тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз
етеді
15.
“Біздің бойымыздағы дарын өңделмегеналмазға ұқсайды. “Сібір кенінен” алынған
мөлдір, қатты тас тәріздес (бірақ алмаз
қаншалықты тамаша болса да, маржан тас
екеуінің айырмашылығы жер мен көктің
айырмашылығындай).
Маржан тас деп - ерен еңбекті қажет ететін
тегістелген алмазды айтамыз”.
pedagogy