Similar presentations:
Басқарушылық ой эволюциясы
1.
Тақырыбы:Басқарушылық ой эволюциясы
2.
Басқарудың теориясы мен практикасының дамуын қарастыраотырып, бірнеше тарихи кезеңдерді атап өтуге болады
Ерте кезең б.з. д. 9-7 ғ. бастап, бұл ең
ұзақ дамыған кезең.
Индустриялық кезең (1776-1890 ж.)
Жүйелеу кезеңі (1856-1960 ж.)
Ақпараттық кезең (1960ж.-қазіргі кезге
дейін)
3.
Ғылыми менеджмент мектептеріБасқару ғылымы
немесе сандық
ықпал мектебі
Ғылыми басқару
мектебі
Адамгершілік
қарым-қатынас
мектебі
Басқарудың
классикалық
немесе әкімшілік
мектебі
4.
Ғылыми басқару мектебіМектептің көрнекті, негізгі өкілдері – Фредерик Тейлор,
Френк және Лилия Гилберт. Классикалық мектептің негізін
қалаушы болып Фредерик Уинслоу Тейлор (1856 – 1915)
саналады. Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару»,
«Ғылыми менеджмент принциптері». Сонымен қатар оны
«Ғылыми менеджмент атасы» деп те атайды. 1980 жылдары
инженерлік білім алған американдық Ф. Тейлор еңбек
процесін зерттей бастады. Яғни Тейлор еңбек процесін
өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең
мән беріп, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға
да, жұмысшығы да молшылық әкеледі. Ал ол үшін
қожайынның да, жұмысшының да психологиясын түбегейлі
өзгерту қажет. Яғни екі жағы да қосымша өнімді өзара
бөлуге назар аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға
жұмсауы тиіс.
5.
Тейлор өз теориясын тұжырымдайотырып, мынадай тоқтамға келді:
- «дәстүрлі әдістің орнына ғылым»;
- «Қарама-қарсылықтың орнына
ынтымақтастық»;
- «еңбек өнімділігін шектеудің орнына
еңбек өнімділігін барынша арттыру»;
- «әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін
барынша арттыру, оларға барынша жағдай
жасау».
6.
Қазіргі кездегі басқару теориясыныңдамуы ғылыми басқару мектебінің
өкілдері Ф. Тейлор және Х. Гилберт, Г.
Гант, Г. Эмерсон және Г. Фордтың
еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
7.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебіӘкімшілік мектептері пайда болғаннан
кейін мамандар басқаруды ұдайы
жетілдірумен, әкімшілік қызметті
ұйымдастыру принциптерімен айналысты.
Бұл проблемалар француз зерттеушісі
Анри Файольдің (1841-1925) есімімен
тікелей байланысты. Ол Әкімшілік басқару
мектебінің көрнекті европалық ғалымы деп
есептелінеді.
8.
А. Файольдің басты еңбегі – 1916 жылыжазылған «Жалпы және өнеркәсіптік
әкімшілік» атты кітабы. Ол өзінің
еңбегінде әкімшілік қызметін талдаудың
жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды.
Оның пікірі бойынша, әкімшілік
келесідей функцияларды құрамақ:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
несиелік, бухгалтерлік, әкімшілік.
9.
А. Файоль тәжірбиесінде кең қолдану тапқанбасқарудың 14 қағидасын жасап шығарды.
Оларға енетіндер: Жұмысты бөлісу, Билік, Тәртіп,
Жеке дара басшылық, Бағыт билігі, жеке және
жалпы мүдделер үйлесімділігі, Ақы төлеу,
Орталықтандыру, Иерархиялық басқару,
Реттілік, әділеттілік, қызметкерлердің
тұрақтылығы мен лауазымға сәйкестілігі, ынтаықылас, Ерекше рух.
10.
Адамгершілік қарым-қатынасмектебі
Басқару теориясындағы бұл бағыттың негізін қалаған америкалық
ғалым – Элтон Мэйо (1880-1949 жж.)
Элтон Мэйо жүргізген тәжірибесінің нәтижесінде мынадай
қорытынды жасаған: жұмысшылардың еңбек өнімділігі, еңбек
жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты емес, ол
сонымен қатар жұмысшылар ортасының психологиялық және
әлеуметтік климатына да тәуелді болады.
11.
Басқару ғылымы немесе сандық ықпалБасқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі қазіргі сандық әдіс
негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану
арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп “басқару ғылымы
немесе сандық ықпал” мектебі өмірге келді.
«Жаңа» мектептің ең көрнекті өкілдеріне Р. Аккофф, Л.
Берланфи, П. Клейн, Д. Форрестер секілді ғалымдар
жатады. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетиканың пайда
болуы мен операцияларды зерттеумен байланысты.
12.
Басқаруды дамытуға төрт мектептің қосқан үлесіҒылыми басқару мектебі
1. Міндеттерді орындаудың таңдалуы әдістерін анықтау үшін ғылыми
талдауды пайдалану.
2. Міндеттерді орындауға ең қолайлы жұмыскерлерді таңдау, оларды
баулауды қамтамасыз ету.
3. Міндеттерді
ойдағыдай
орындауға
қажетті
ресурстармен
жұмыскерлерді қамтамасыз ету.
4. Еңбек өнімділігін арттыру үшін материалды ынталандыруды ұдайы
және дұрыс пайдалану.
5. Жұмысты дернбес жоспарлау және ойластыру
Басқарудың классикалық мектебі
1. Басқару приціптерін дамыту.
2. Басқару функциясын бейнелеу.
3. Бүкіл ұйымды басқарудың жүйелендірілген ықпалы
13.
Адамгершілік қарым-қатынас мектебі және мінез-құлықғылыми мектебі
1. Қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігін арттыру үшін адамдар
арасындағы қатнасты басқару амалдарын қолдану.
Адамгершілік қарым-қатынас туралы ғылымды басқаруға қолдану
және әрбір жұмыскерлерді қабілетіне қарай толық пайдаланатындай
етіп ұйымды қалыптастыру.
Басқару ғылымының мектебі
Модельдерді ойластыру және қолдану арқылы күрделі басқару
проблемаларын түсіндіруді тереңдету.
Күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде
сандық тәсілдерді дамыту.
14.
Тапсырма 2• 1.Басқарудың классикалық мектебінің
ерекшелігі
• 2. Психология мен адами қатынастар
тұрғысынан басқарудың концепциясы
management