1/20

5 (19)

1.

Сабақтың тақырыбы:
Ең жақсы мамандық
6. 2. 6. 1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті
суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
6. 3. 5. 1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша
жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық
нормаға сай дұрыс жазу

2.

Кластерді толтырыңыз.
Қазіргі таңда
қандай мамандықтар
сұранысқа ие?

3.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
инженер
эектроника
мамандары
ІТ-технолог
Қазіргі таңда
қандай мамандықтар
сұранысқа ие?
бағдарламашылар
веб-дизайнерлер

4.

Жаңа сөздер:
Сөздер
икемділік
күнелту
асырау
шеберлік
машықтану
Мағыналары
ептілік, шеберлік
күн көру, өмір сүру
бағу, күту
іскерлік, білгірлік
дағдылану

5.

Мәтінді оқыңыз.
Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан
өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша жақын
болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда
кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс
көп.
Екінші орында ІТ-технолог, бағдарламашылар,
веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен
кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды
сайт арқылы таныстырады.

6.

Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар
нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның
барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі,
мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б.
Бүгінгі таңда биотехнология, эектроника мамандары,
маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету,
қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие.
Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері тігінші, автомеханик,
құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике
сияқты мамандық, кәсіп иелерінің орны бар.
Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы,
дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.

7.

1-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Зерттеушілердің болжамдары
бойынша жақын болашақта қандай
мамандыққа сұраныс көбейеді?
Екінші орында қандай
мамандықтар тұр?
Болашақта жоғары сұранысқа ие
болатын мамандықтар немен
байланысты болады?
Бүгінгі таңда қандай мамандықтар
үлкен сұранысқа ие?
Дескриптор
•сұрақтарға жауап береді.

8.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
Зерттеушілердің болжамдары
бойынша жақын болашақта
инженерлерге сұраныс көбейеді.
Екінші орында ІТ-технолог,
бағдарламашылар, веб-дизайнерлер
тұр.
Болашақта жоғары сұранысқа ие
болатын мамандықтар
нанотехнологиямен байланысты
болады.
Бүгінгі таңда биотехнология, эектроника
мамандары, маркетинг пен сауда
менеджерлері, халыққа қызмет көрсету,
қаржыгер, заңгер, логист сияқты
мамандықтар үлкен сұранысқа ие.

9.

Мәтінді оқыңыз.
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар.
Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің
жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-і қайтадан өз орнына қайтып
оралады екен.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне
икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана
емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Әрбір адам
өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа
машықтану керек.

10.

1-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді ретімен
қойыңыз.
• Жыл сайын 25
млн. адам өзінің
жұмыс орнын
ауыстырады
екен.
•Әлемдегі
мамандықтар
саны.
• Мамандық – зор
шеберлікті қажет
ететін нәрсе.
1
2
3
• Әрбір адам
өзін-өзі дамыта
алу үшін білім
алады.
• Сол біліміне сай
мамандыққа
машықтанады.
5
6
•Оның 12%-і
қайтадан өз
орнына қайтып
оралады екен.
4
Дескриптор
•сөйлемдерді ретімен қояды.

11.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
• Әлемдегі
мамандықтар
саны
•Жыл сайын 25
млн. адам өзінің
жұмыс орнын
ауыстырады екен.
• Оның 12%-і
қайтадан өз
орнына қайтып
оралады екен.
1
2
3
• Мамандық – зор
шеберлікті
қажет ететін
нәрсе.
• Әрбір адам
өзін-өзі дамыта
алу үшін білім
алады.
• Сол біліміне сай
мамандыққа
машықтанады.
4
5
6

12.

2-тапсырма
Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.
1. Әлемде 40 мыңға жуық
1–ә
а) оның 12%-і қайтадан өз
орнына қайтып оралады екен.
2. Статистердің
зерттеуі бойынша жыл
сайын 25 млн. адам өзінің
жұмыс орнын
ауыстырып,.
ә) әртүрлі мамандықтар бар
3. Мамандықтың жаманы
жоқ, бірақ мұның
б) сол біліміне сай мамандыққа
машықтану керек.
4. Әрбір адам өзін-өзі
дамыта алу үшін білім
алып,
в) кез келгеніне икемділік қажет,
Дескриптор
•сөйлемдерді сәйкестендіреді.

13.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
1. Әлемде 40 мыңға жуық
1–ә
а) оның 12%-і қайтадан өз
орнына қайтып оралады екен.
2. Статистердің
зерттеуі бойынша жыл
сайын 25 млн. адам өзінің
жұмыс орнын
ауыстырып,.
2-а
ә) әртүрлі мамандықтар бар
3. Мамандықтың жаманы
жоқ, бірақ мұның
3–в
б) сол біліміне сай мамандыққа
машықтану керек.
4. Әрбір адам өзін-өзі
дамыта алу үшін білім
алып,
4–б
в) кез келгеніне икемділік қажет,

14.

Есте сақтаңыз!
Жедел өткен шақ -ды, -ді, -ты, -ті
жұрнақтары арқылы жасалып,
іс-әрекеттің жуық арада ғана болып
өткенін, аяқталғанын көрсетеді.
Мысалы: бар- ды- м, бар-ды-ң

15.

3-тапсырма
Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа айналдырып,
олармен сөйлем құраңыз.
Етістік
Таңдау
Ауыстыру
Жетілдіру
Үйрену
Талпыну
Жедел өткен
шақ
Сөйлем

16.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
Етістік
Жедел өткен
шақ
Сөйлем
Таңдау
Таңда+ды
Мен дәрігер мамандығын
таңдадым
Ауыстыру
Ауыстыр+ды
Ағам былтыр мамандығын
ауыстырды
Жетілдіру
Жетілдір+ді
Ол білімін жетілдірді
Үйрену
Үйрен+ді
Інім шахмет үйренді
Талпыну
Талпын+ды
Қарындасып өлең
шығаруға талпынды.

17.

4-тапсырма
Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтаңыз.
Жанама ақпарат
Негізгі ақпарат
Дескриптор
•негізгі және жанама ақпаратты анықтайды.

18.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
Жанама ақпарат
• Әлемде 40 мыңға
жуық әртүрлі
мамандықтар бар.
Негізгі ақпарат
• Мамандықтың
жаманы жоқ, бірақ
мұның кез келгеніне
икемділік қажет.

19.

5-тапсырма
Сұраққа жауап беріп, өз ойыңызды жазыңыз.
Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн.
адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%-і
қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
Мамандық таңдауда әр маман қателесті деуге
бола ма?

20.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.
Менің ойымша, адамның психологиясы,
физиологиясы әртүрлі болады. Кейбір
адам қиындыққа шыдамауы мүмкін, ал
кейбірі керсінше шыдап, ақырында
жеңіске жетеді.
English     Русский Rules