3.89M
Category: lawlaw

Шет елден тас жолмен келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерді тексеру

1.

Шет елден тас жолмен келе жатқан көлік
құралдары мен жаяу жүргіншілерді
тексеру. Халықаралық почтамтардағы
карантинге жатқызылған
материалдарды тексеру.

2.

Сабақтың мақсаты: Шет елден тас жолмен
келе жатқан көлік құралдары мен жаяу
жүргіншілерді тексеруді теориялық білу;
Сабақтың міндеті: Халықаралық
почтамтардағы карантинге жатқызылған
материалдарды тексеруді ұйымдастыру;

3.

Шекаралық бекеттің карантині жөніндегі
нұсқаушысына біздің елімізге келетін туристік
автобустар мен жеңіл автокөліктерді жиі тексеруге
тура келеді. Бұл көліктер елден елге, ауыл
шаруашылығы үшін қауіпті зиянды организмдер
тараған жерлерден өтіп, мыңдаған километр жол
жүреді. Мұндай көліктерді тексеруге де баса назар
аудару керек.

4.

Қарауға, яғни тексеруге
орындықтардың асты,
қол жүгіне арналған
торлар, жүк бөлімі, копот
астындағы қозғалтқыш
бөлігі мен радиатор торы
жатады. Радиатор торына
автокөлік жылдам
жүрген кезде ұшып
жүрген бунақденелілер
жиі түседі.

5.

Балғын жемістер, отырғызу
материалдарын немесе
карантинге жатқызылған
өзге де жүктер таситын
авторефрижераторлар
шекарадан өткен кезде
нұсқаушы машинаны
сыртынан мұқият қарайды
және алып келе жатқан
карантинге жатқызылған
жүкті тексеру үшін барлық
мүмкіндікті пайдаланады.

6.

7.

Халықаралық почтамтармен мекеме мекен-жайына
келетін сәлемдемелер мен бандерольдарда екпе
өсімдіктердің түрлі тұқымдары және отырғызу
материалдары, ал ботаникалық бақтарға келетін
сәлемдемелер мен бандерольдарда тропикалық және
субтропикалық өсімдік әлемінің жабайы және екпе
шөптесін,
сондай-ақ
ағаш
тектес
өсімдіктер
тұқымдарының
көптеген
үлгілері,
гүл-әсемдік
дақылдарының тұқымдары, жуашықтары, қалемшелер
т.б. болады.

8.

9.

Ғылыми мекемелерге жіберілген гербарийлер әдетте почтамтың
карантиндік бекетінде тексеріледі. Нұсқаушы гербарийдің
зақымдалған-зақымдалмағанын (жапырақтарды жеке-жеке) тексеріп
қана қоймайды, сонымен бірге оралған қағазы мен ыдысын,
зиянкестер, соның ішінде карантиндік зиянкестер де тіршілік ететін
қатпарлар мен саңылауларды да тексереді

10.

Жеке кісілерге жіберілген халықаралық пошта
сәлемдемелеріне де карантинге тексерілетін
өнімдер жиі салынады.

11.

Пакет немесе фирмалық
қорап ыждағаттылықпен
ашылады да ішіндегі өнім
эмальды сопақ ыдысқа
төгіледі. Бұдан соң бірден
қораптың, пакеттің
ішінде тірі зиянкестер,
өрмекші, нәжіс қалғанқалмағанын тексере
отырып, олардың ішкі
беттерін қарайды

12.

Тағамдық бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, үрме
бұршақ, нұт, жасымық т.б.) сырттай және егжейтегжейлі тексерілгеннен кейін зақымдалған-ау деп
күдік туғызған дәндер тексеру нәтижелеріне
қарамастан жылумен өңделеді, яғни кептіргіш
шкафта 100°С температурада 1 сағат, ал 60°С
температурада 2 сағат ұсталады. Дәндер кептіргіш
шкафқа эмальды сопақша табақшаға салынып
қойылады.

13.

14.

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. « Өсімдік карантині» А.О.Сағитов, а.ғ.д.,
В.Е.Камбулин., Е.А.Бадаев, А.С.Дінасылов
2. wikipedia
English     Русский Rules