Similar presentations:
№81_Ауылшаруашылығын_ұжымдастыру
1.
Қазақстан тарихыАуыл шаруашылығын
ұжымдастыру
2.
Сабақтың мазмұны:1
3
Тәркілеу
Ашаршылық
2
4
Күштеп
ұжымдастыру
Шаруалар көтерілісі
3.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі«Ауылда Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет. Байға
қарсы күресте кедейлерге көмек беру керек. Егер
бұл азаматтық соғыс болса, біз оған барамыз.
Ауыл Қазан революциясы лебін әлі сезінген жоқ»
деді.
Ауылдың дәстүрлі әлеуметтік құрылымын
жою негізгі міндет ретінде айқындалды.
Ф.Голощекиннің
«ауылды
кеңестендіру»
идеясына наразылық білдірген ұлт зиялыларына
(С.Сәдуақасов,
С.Сейфуллин,
С.Қожанов,
Ж.Мыңбаев) «ұлтшыл» деген айып тағылды.
1928 жылдың соңында Голощекиннің саяси
қарсыластары
А.Байтұрсынов,
М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар тұтқындалды.
4.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі1930 жылы М.Тынышбаев, Ж.Досмұхамедов,
Х.Досмұхамедов т.б. ұлт зиялылары
тұтқындалды.
Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде
ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» идеясын
өмірге енгізе бастады.
1928-1929 жылдары астық дайындау барысында
31 мыңдай шаруалар жазаланды.
1928 жылы 1 қазан-1929 жылы 1 желтоқсан
аралығында- 277 шаруа атылды.
5.
Тәркілеу жұмыстары• 1927 жылдың 15-23 қараша аралығында өткен VІ
Бүкілқазақтық
партия
конференциясында
қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім
шығарылды. Мәскеудегі БК(б)П ОК мен БОАК-тің
бұл шешімді белгісіз себептермен 9 айға дейін
заңды түрде бекітпеуі жағдайды ушықтырды.
Қорыққан халық малдарын жаппай сатудың немесе
жасырып қалудың жолдарын іздестірді.
1928
жылы
21
маусымда
ҚазақОАК-і
«Қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеу
жариялап,онда «тәркілеу туралы заңның» 1928
жылдың сәуірдің 1-нен Кеңес өкіметіне «анық
жау» ірі байлар қожалықтары дүниелерін тәркілеу
мен оларды жер аудару бағытында жасалып
жатқаны, алғашқы кезекте бұрынғы хан, сұлтан
тұқымдарына қатысты жүргізілетіні атап көрсетілді.
6.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі• 1928 жылы 27 тамыз-Қазақстан ОАК мен ХКК
«Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай
феодалдарды тәркілеу және жер аудару
туралы» декрет қабылдады. БК(б)П Қазақ
Өлкелік Комитеті «Барлық еңбекшілерге» үндеу
қабылдады. Онда тәркілеу 20 қыркүйектен
басталып, 1 қарашада аяқталатыны ескертілді.
Олар «өздерінің мүліктік және қоғамдық
ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі
жасайды» деп саналды.Жартылай феодалдар
байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды.
1928
жылы
жер
аударылған
жартылай
феодалдар мен байлардың саны -657.
Ұжымдастыру жылдары ірі байлардан алынып,
ұжымшарларға берілген ірі қара малдың саны145 000.
7.
Күштеп ұжымдастыруы8.
1927 жылы 2-19 желтоқсан БК(б)П ХV
съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру
бағытын жариялады
1932 жылы көктеміне дейін Орталық
комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды
негізінен аяқтауды белгіледі.
• 1933 жылға дейін Қазақстанда көшпелі
және жартылай көшпелі шаруашылықты
отырықшылыққа көшіруді аяқтау көзделді.
9.
Қазақстанда ұжымдастыру 4кезеңде жүзеге асырылуға тиіс
болды:
1929 жылғы мамыр мен 1930 жылғы наурызжылдамдатылған ұжымдастыру науқаны.
1930 жылдың наурызы мен 1932 жылдың тамызыұжымдық шаруашылықтардың әр түрлі типтерін
тәжірибеден өткізу .
1932 жылдың қыркүйегі мен 1934 жылдың
қарашасы -ТОЗ-дарды ұжымдастырудың жаңа
толқыны ретінде пайдалану.
1934 жылдың желтоқсаны мен 1938 жылдың
желтоқсаны - колхоз, совхоздар құру.
10.
1929 ж. ІІ жартысы Республикада
ұжымшар құрылысы жедел дамыды.
«Ауылды кеңестендіру»ұжымдастыру кезінде жүргізілген саясат.
МТС – 1929 жылы құрылған алғашқы
машина-трактор станциялары.
ТОЗ – Қазақстанның мал шаруашылығы
аудандарында колхоз құрылысының
негізгі формасы: Жерді бірлесіп өңдеу
мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.
• Ауыл шаруашылық артелі Қазақстанның
астықты аудандарында колхоз
құрылысының негізгі формасы.
11.
Ұжымдастыру деңгейі«Жиырма бес мыңшылар» деп аталған 25 мың
жұмысшы Мәскеу, Иваново - Вознесенск, Харьков,
Ленинград қалаларынан жіберілді.
Жәнібек ауданында барлық шаруашылықтың 95%
ұжымдастырылды.
Абыралы ауданында – 70%, Жымпиты ауданында –
60%.
1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2%
ұжымдастырылған болса, 1930 жылы 50,5%, 1931
жылы 65%, 1934 жылы-89,9% ұжымдастырылды.
12.
Ұжымдастыру деңгейіШұбартау ауданында 1931-1932 жылдары малдың 80
пайызын етке өткізген.
Торғайлық асыра сілтеушілер «Асыра сілтеу
болмасын,аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастап,
онда млн-ға жуық малдың не бары: 98 мыңы қалды.
1932 ж.ақпанда Шу ауданында
аумағы 150
км жерден көшіріп әкеліп, 400 киіз үйден «қала
үлгісіндегі поселке» жасалған.
Көшпелі жартылай көшпелі шаруашылықтардың
1931 жылы-77508-і, 1932 жылы- 77674-і, 1933
жылы- 242208- і отырықшыландырылды.
13.
Күштеп ұжымдастыру зардаптары• Сайлау құқықтарынан айыру.
• «Тәрбиелеу мақсатымен» басқа аудандарға жер
аудару.
Ұжымшарға кіргісі келмеген кедейлер мен
орташаларды «бай-кулактар» қатарына жатқызу.
Ақмола округі- сотталғандарды үй ішімен 24 сағатқа
жер аудару.
1929 жылы 56498 шаруа жауапқа тартылып, 34
мыңнан астамы сотталды.
1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды.
1929-1933 жылдар аралығында БМСБ(ОГПУ- Біріккен
Мемлекеттік Саяси Басқармасы) үштігі 22933 адамды
тұтқындап, ату жазасына 3386 адам, 13151 адам 3-10
жылға лагерьлерге қамауға алынды.
Үштіктің хаттамаларына қол қоюшылар: Ф.Голощекин,
І.Құрамысов (1930 ж. наурыздан), Г.Рошаль
14.
Ұжымдастыру қателіктерін реттеужолдары:
1932 жылы 17 қыркүйекте Компартия
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы, атап
айтқанда, мал шаруашылығы туралы» қаулы
қабылдады.
Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылды.
Коммуналардың орнына ауыл шаруашылығы
артельдер ұйымдастырылды.
15.
Ұжымдастыру салдарыАуылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір
салтын күйретті.
Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі жойылды.
Ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған
тіректер қиратылды.
Жаппай аштық орын алды.
Шаруалар көтерілістері.
Халықтың жаппай қоныс аударуы.
16.
1933-1938 жылдар аралығында1933 жылы Ф.Голощекин қызметінен босатылып,
орнына Л.И.Мирзоян сайланды.
2-ші бесжылдық жоспардың соңында
отырықшылыққа көшу аяқталды.
200-ге жуық кеңшар(совхоз) құрылды.
Отырықшы аудандарға 40 млн сом қаржы бөлінді.
1935 жылы ақпанда екпінді ұжымшарлар
мүшелерінің съезінде Ауылшаруашылық артелінің
жаңа үлгі Жарғысы қабылданды.
1938 жылы қазақтардың көшпелі өмір салтынан
отырықшылыққа көшу аяқталды.
17.
1930-1932 жылдардағыашаршылық
18.
Ашаршылық• 1929-1930 жылдары қыста жұт болды
• 1930-1932 жылдары Ұжымдастыру кезіндегі «Ұлы
жұт» жылдары.
1930 жылы 313 мыңнан астам адам қайтыс болды.
1931 жылы 755 мың адам қайтыс болды.
1932 жылы 769 мыңнан астам адам қайтыс
болған және шет елге көшіп кеткен.
19.
Қазақ зиялыларының қарсылығы«Бесеудің хаты» -1932 жылғы шілдеде БК(б)П
өлкелік комитетіне, Ф.Голощекинге жазылған
ашық хат Ашық хат жазғандар: Ғ.Мүсірепов,
М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков,
Қ.Қуанышев.
И.В.Сталинге ашық хат жазғандар:
• Т.Рысқұлов -1933 жылы наурызда ашық
хатты жазған қайраткер.
• О.Исаев- қазақ халқының мүшкіл жағдайы
туралы хат жазған Республика Халық
Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
20.
Аштық зардаптарыБарлық халық саны 6,2 млн -2,1 млн адам
қырылды.
Қазақтан басқа халықтың шығыны - 0,4 млн.
Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс
жерлерге көшіп кеткен халық саны: 1 млн аса.
Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ.
1930-1932ж.ж. аштықтан, түрлі індеттерден
халыктың 40% қырылды.
Қазақтардың осы жылдардағы саны тек 40
жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келген
еді.
21.
Шаруалар көтерілісі22.
Шаруалар көтерілісіГолощекиннің 1931 жылы Сталинге жазған хатында
Қазақстандагы ең ірі 15 көтеріліс туралы айтылды.
Наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылы
жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды.
1929 жылы Сырдария, Қостанай округтерінде
көтеріліс орын алды.
1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адамнан
тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды.
1930–1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға, 1932–
1933 жылдары 3,2 мың адамға жеткен.
Ұжымдастыру жылдары 372 толқулар мен
көтерілістер болып, 80 мың адам катысқан.
23.
Бостандық көтерілісі• 1929 жылы 27қыркүйекте Сырдария округіндегі
Бостандық ауданында Некем ауылының
тұрғындары
Тәліп Мұсабаевтың басшылығымен көтеріліске
шықты.
Қазақтар, өзбектер, қырғыздар мен тәжіктер кірген,
500-ге жуық мүшелері бар көтерілісшілер отряды
құрылды.
Нашар қаруланған көтерілісшілер отряды
талқандалып, 70-тен астам адам өлді.
24.
Тақтакөпір көтерілісі1929 жылы қыркүйекте болған
Қарақалпақстандағы көтеріліс.
Батпаққара көтерілісі
1929 жылы 1 қарашада Қостанай округіндегі
(Торғайда) Батпаққара ауданында басталып,
аудан орталығын басып алды.
Басшылары А.Бекежанов, С.Қадиев,
А.Смағұлов т.б.
«Қазақ өлкелік комитеті бандиттікбасмашы қозғалысының көрінісі», деп
бағалаған көтеріліс.
25.
Созақ көтерілісі• 1930 жыл көктемде Қазақстанның оңтүстігінде
Созақ ауданында болды. Түркістаннан
Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды.
Ораза айында діни әдет-ғұрыптарды
орындағандарға айып салуы сылтау болды.
30-жылдардың басындағы ірі көтерілістердің бірі.
Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты.
Басшыларының бірі Жақыпов болды. Болыс
қызметін атқарушы С.Шолақов хан болып сайланды.
Көтерілісшілер аудан орталығы Созақты басып
алып, қала басшысы Жүнісбековты өлтірді.
«Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық
қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды.
Көтерілісті Орта Азия әскери округі бөлімдерінің
күштері басты. Көтеріліске қатысушыларды қуғындау
1938 жылға дейін жалғасты.
26.
Жетісу көтерілісі1930 жылы 27 наурызда Ақсу ауданында 200
көтерілісші Абакумовканы басып алды.
Келесі күні 40 адамдық Арасан елді мекенінің
тұрғындары қосылды. Көтеріліске 40 адамнан
тұратын орыстар қосылды.
Орталық штаб Ақсуда орналасты.
Алматы округіндегі Сарқантта көтеріліс болды.
25 наурыздан 7 сәуірге дейін ОГПУ органдарының
жазалауымен 161 адам өліп, 509 адам
тұтқындалды.
27.
Созақ көтерілісі• 1930 жыл көктемде Қазақстанның оңтүстігінде
Созақ ауданында болды. Түркістаннан
Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды.
Ораза айында діни әдет-ғұрыптарды
орындағандарға айып салуы сылтау болды.
30-жылдардың басындағы ірі көтерілістердің бірі.
Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты.
Басшыларының бірі Жақыпов болды. Болыс
қызметін атқарушы С.Шолақов хан болып сайланды.
Көтерілісшілер аудан орталығы Созақты басып алып,
қала басшысы Жүнісбековты өлтірді.
«Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық
қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды.
Көтерілісті Орта Азия әскери округі бөлімдерінің
күштері басты. Көтеріліске қатысушыларды қуғындау
1938 жылға дейін жалғасты.
28.
Ырғыз көтерілісі1930 жылы ақпанда Ақтөбе округіндегі Ырғыз
кентінде болды.
Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері өтіп
көтерілісшілер ыдырады.
Қарақұм көтерілісі
1930 жылы көктемдеАқтөбе, Қостанай,
Қызылорда окугтерінің көлемді ауқымын
қамтыған неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған
көтеріліс.
Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстаннан 5000 шаруа
қатысты. Көтерілісшілердің негізгі күштері
Қостанай округінің Жетіқара ауданының
оңтүстігінде орналасты.
Көтерілісті Орынборда орналасқан 8 дивизия
басып тастады. Қарақұм көтерілісіне қатысқаны
үшін 175 адам атылды.
29.
Маңғыстау (Адай) көтерілісі1931 жылы көктем-жазда болды.
Табын мен адай рулары көктемде ұжымдастыру мен
ет дайындаудан қашып, Түріменстанға,
Қарақалпақстанға, тіпті Кавказға жаппай көше
бастады. Қазақтарды тоқтату әрекеттері қарулы
көтеріліске әкеп соқты.
Көтерілісшілер жағына Форт АлександровскҚоңырат темір жолына жақын елді мекендердің
тұрғындары өте бастады.
Адай көтерілісін басу үшін Голощекин Мәскеуден
көмек сұрады. Мәскеуден 8-дивизия бөлімдері,
Әзербайжан ОГПУ-інің күштері жіберілді.
30.
Жазалау шараларының салдарыАбыралы, Шыңғыстау, Шұбартау -1931 жылдың
көктемінде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей
қырылып тасталған аудандар.
Маңғыстау, Ойыл, Табын, Жылқосынұжымдастыру жылдарында халқы Иран мен
Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болған
аудандар.
Қытай жеріне- Алматы округінің Балқаш,
Шоқпар, Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу,
Сарқант, Жаркент, Бөрібаев аудандарының
халқы көшіп кетті.
31.
Жазалау шараларының салдарыОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма)
деректері бойынша:
• 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350
адамнан тұратын 31 көтерілісшілер
отряды болды.
• 1930-1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға
жеткен.
• 1932-1933 жылдары 3,2 мың адамға жеткен.
1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп
ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен
көтерілістер саны 372.
5551 көтерілісшілер Кеңес өкіметіне қарсы
шыққаны үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлеріне
қамалды, олардың 883-і атылды
32.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!