2.05M
Category: psychologypsychology

26 Сабақ..pdf

1.

ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ
МИНИСТРЛІГІ
ТОО “ApecPetroTechnic Жоғарғы колледжі”
• Қазақстан тарихы
• Сабақ тақырыбы: Ақпан. Қазан төңкерісі және
Қазақстандағы саяси өмір
•Оқытушы: Даулетбаева Гүлбану Сағынбаевна
[email protected]
8701-538-91-91
Атырау 2024

2.

Сабақтың мақсаты:
Ақпан және Қазан төңкерістерінің себептері, барысы, және
Қазақстандағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге әсерін түсіндіру.
Тарихи оқиғаларды талдау, себеп-салдарын анықтау және
салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
Ұлттық сана-сезімді ояту, тарихи оқиғалардан сабақ алып,
олардың қазіргі заманға ықпалын түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
1.Ақпан және Қазан төңкерістерінің жалпы
сипаттамасы.
2.Көтерілістің себептері
3.Көтерілістің барысы
4.Көтерілістің нәтижесі

3.

Ақпан және Қазан төңкерістері бірбірімен тығыз байланысты, себебі екеуі
де Ресей империясындағы әлеуметтіксаяси жағдайдың шиеленісуінен
туындады және Қазақстандағы
өзгерістерге үлкен әсер етті.

4.

Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда
( 12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін
құлатып, елде буржуазиялық - демократиялық
республика орнатқан төңкеріс .
Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы
сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай
туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын
әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі
нәтижесінде ресми билікті қолына алған
Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған
Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі
билеуге құқықты болғандығын мойындады.

5.

6.

Негізгі себептері:
Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдары: Соғыс
халықтың әл-ауқатын нашарлатты, экономикалық
құлдырауға, азық-түлік тапшылығына және тұрмыс
деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Патшалық биліктің беделінің төмендеуі: Патша Николай
II-нің әлсіз басқаруы, соғыстағы сәтсіздіктер, коррупция
және биліктің тарылуы халықтың наразылығын
тудырды.
Әлеуметтік теңсіздік: Қоғамда байлар мен кедейлердің
арасындағы саңылау үлкен болды, жұмысшылардың
жағдайы нашарлады.
Төңкерістің идеялардың таралуы: Революциялық
идеялар қоғамда кең тарады. Марксизм, либерализм
және анархизм революциялық көтерілістің идеялық
негізін қалады.

7.

Барысы:
• 1917 жылы ақпанда
Петроградта
жұмысшылардың ереуілі
мен шерулері басталды.
• Әскерлердің халық
жағына өтуі төңкерістің
сәттілігін қамтамасыз етті.
• 2 наурызда II Николай
тақтан бас тартты.

8.

9.

Оқиғалары:
1917 жылғы 23 ақпан (8 наурыз): Петроградта (қазіргі
Санкт-Петербург) азық-түлік тапшылығына наразылық
ретінде жұмысшылар жаппай саяси әрекетке кірісті.
25 ақпан (10 наурыз): Петроградта көтеріліс басталды,
патша әскерлері қала тұрғындарымен қақтығысты.
27 ақпан (12 наурыз): Патша әскерлері көтерілісті басуға
қабілетсіз болып, Петроградтағы гарнизон көтеріліске
қосылды.
28 ақпан (13 наурыз): Петроградта “Петроград кеңесі”
құрылды, оған жұмысшылар мен әскер өкілдері кірді.
15 наурыз: Николай II тақтан бас тартып, Ресейде
монархия құлады.

10.

Нәтижесі:
Ресейдегі патшалық режимнің құлауына әкелді. Ресей
республика болып жарияланды. “Уақытша үкімет” құрылды,
оның басты міндеті соғысты тоқтату және демократиялық
саяси жүйені орнату болды.
Ресейдегі азамат соғысының басталуына жағдай жасады.
Ресей халықтарының әлеуметтік және саяси жағдайының
өзгеруіне әкелді.
Төңкеріс соғыстан кейінгі қоғамда жаңа саяси және
әлеуметтік қозғалыстардың дамуына ішкі себептер жасады.

11.

Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская
революция) — 1917 жылдың 25 қазан(7
қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі
әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс
Владимир Ленин басқарған большевиктер
партиясының жетекшілігімен Ресей
уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.

12.

13.

Себептері:
1. Әлеуметтік теңсіздік:
• Ресейде жұмысшылар мен шаруалар ауыр жағдайда өмір
сүрді. Байлар мен жер иелерінің билігі күшейіп, қарапайым
халықтың мүддесі ескерілмеді.
2. Уақытша үкіметтің әлсіздігі:
• Ақпан төңкерісінен кейін құрылған Уақытша үкімет
халықтың үмітін ақтамады. Соғыс жалғасып, жер мәселесі
шешілмеді.
3. Соғыстың әсері:
• Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан ел
экономикасы құлдырап, ашаршылық күшейді.
4. Большевиктердің ықпалы:
• Большевиктер халық арасында беделге ие болып,
жұмысшылар мен шаруаларды Кеңес үкіметін орнатуға
шақырды.

14.

Барысы:
• Петроградтағы Қысқы сарайға шабуыл жасалып,
Уақытша үкімет құлатылды.
• Большевиктер билікті қолға алды.
• Кеңестердің II съезінде “Барлық билік –
Кеңестерге!” ұраны жарияланды.
• Бейбітшілік туралы декрет пен Жер туралы
декрет қабылданды.
• Кеңес үкіметі 1917 жылдың соңына қарай
Қазақстанның ірі қалаларында (Орынбор, Ақтөбе,
Әулиеата) орнай бастады.
• Қазақ зиялыларының бір бөлігі бұл төңкеріске
қарсы шығып, Алаш Орда үкіметін құрды.

15.

16.

17.

18.

19.

Нәтижесі:
1. Кеңес үкіметінің орнауы:
• Социалистік билік Ресей мен Қазақстан аумағында
орнады.
• Биліктің барлық тармағы Кеңестердің қолына өтті.
2. Экономикалық өзгерістер:
• Жерді ұлттандыру мен шаруаларға бөліп беру басталды.
• Байлардың мүлкі тәркіленді.
3. Ұлттық қозғалыстардың тежелуі:
• Алаш Орда үкіметі кеңестік билікпен күрес жүргізгенімен,
жеңіліске ұшырады.
4. Ұзақмерзімді салдар:
• Қазақстан Кеңес Одағының құрамына кіріп, социалистік
жүйеге өтті.
• Ұлттық интеллигенция қуғынға ұшырады.

20.

Қорытынды
Ақпан төңкерісі монархияны құлатып, саяси
өзгерістерге жол ашса, Қазан төңкерісі Ресей мен
Қазақстанды түбегейлі социалистік өзгерістерге
ұшыратты. Екі төңкеріс те халықтың мүддесін
көздегенімен, олардың нәтижесінде жаңа
қайшылықтар мен қиындықтар пайда болды.
Ұлттық қозғалыстар мен қазақ зиялыларының
тәуелсіздікке ұмтылысы Кеңес үкіметінің
саясатына қарсы тұруға мәжбүр болды.

21.

Қолданылған ресурстар:
1.Википедия
2.Интернет ресурстары
3. Қазақстан тарихы кітабы
English     Русский Rules