143.90K
Category: educationeducation

10-_дәріс

1.

10-тақырып. Сақтандыру
қызметін құқықтық реттеу

2.

Жоспар:
• 1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
реттеудiң негiзгi мiндеттерi
• 2. Сақтандыру – қайта сақтандыру

3.

Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк
реттеудiң негiзгi мiндеттерi
• 1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен
қолдау жəне ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын
қалыптастыру;
• сақтандыру рыногын реттеу жəне сақтандыру қызметiн қадағалау;
• сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті
сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан
Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
• сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда
алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып
табылады

4.

Уəкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес сақтандыру
рыногын реттеу жəне сақтандыру қызметiн
қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi
жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Уəкiлеттi
мемлекеттiк органның құқықтық мəртебесi
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен
белгiленедi.

5.

Уəкiлеттi мемлекеттiк орган:
• 1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн
жəне ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын
қалыптастыруды, сақтанушылардың жəне сақтандыру рыногының
өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз
ету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
• 2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен əдiстерiн, сақтандыру
қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тəртiбiн белгiлейдi;
• 3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;
• 4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы
мəртебесін алуға рұқсат беру жəне оны кері қайтарып алу тəртібін
«Сақтандыру қызметі туралы» Заңның талаптарын ескере отырып
айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушысы мəртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын
тікелей жəне (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
• 5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мəміле
жасауға келісім береді;
• 6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта
ұйымдастырылуына жəне таратылуына келісім береді;

6.

• 7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына,
заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына
рұқсат береді;
• 8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тəуекелдерді
басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;
• 9) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң
қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру
құқығына лицензиялар беру тəртібін «Сақтандыру қызметі туралы»
Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды жəне лицензиялар
береді;
• 10) сақтандыру портфелін берудің тəртібін айқындайды;
• 11) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық
нормативтердi жəне өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен
лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем
қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi жəне
олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
• 12) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату
комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
• 13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы
қызметкерлерiн жəне сақтандыру брокерлерiн сайлауға
(тағайындауға) келiсiм бередi;

7.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру
брокерінің жəне олардың оқшауланған бөлімшелерінің
қызметiн тексерудi уəкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзедi.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру
брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері жүргiзiлетiн
тексеру мəселелерi бойынша уəкiлеттi мемлекеттiк
органға жəрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою
мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жəне
шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге
асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен
қаржылық тұрақтылығын қадағалау уəкілетті орган
белгілеген пруденциялық нормативтердің жəне сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын
немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.

8.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын
сатып алудан;
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор
биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы жəне ең жоғарыдан кейінгі санаты бойынша
енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың акцияларын сатып
алудан;
3) сақтандыру қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың,
сақтандырудың міндетті түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды жəне жүргізуді
жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе
акцияларын сатып алудан;
4) сақтандыру агентінің қызметін қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын заңды
тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
5) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кəсіби
қатысушылары мəртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды
тұлғалардың қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың
акцияларын сатып алудан;
7) сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру шарттары бойынша мəжбүрлеп таратылған кезде
сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыруға кепілдік беретін қордың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға
тыйым салынады.

9.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы:
• акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып
табылатын заңды тұлғаның акциялары санының оның
дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік
арақатынасының;
• − заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі қатысу үлесінің он бес,
отыз немесе қырық процент деңгейінен көбею немесе
азаю фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде
уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.

10.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен жасалған мəмiлелер
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес «Сақтандыру қызметі
туралы» Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып тiркеледi. Сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының алтын акция шығаруға құқығы жоқ
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консорциум немесе жай серiктестiк құруға
қатысуға құқылы. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен
бiрлескен қызмет туралы шарт оны жасаған күннен бастап он күн iшiнде уəкiлеттi
мемлекеттiк органда тiркелуге тиiс
Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады,
оның мөлшері мен төлеу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында
айқындалады. Уəкілетті орган лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы өтінішті
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келетін құжаттардың
толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс. Лицензия
беру туралы ақпарат уəкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында
мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жарияланады.

11.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жəне
сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру тəртібі мен шарттары, сондай-ақ
«Сақтандыру қызметі туралы» Заңда көрсетілген
құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру
тарифтерін есептеу тəртібі мен олардың экономикалық
негіздемесіне қойылатын талаптар уəкілетті органның
нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Уəкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының
аумағында сақтандыру рыногындағы актуарий қызметін
жүргізуге лицензия беру жөнiндегi бiрден-бiр лицензиар
болып табылады. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар
мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн
құжаттардың тiзбесi уəкiлеттi мемлекеттiк органның
нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

12.

Уəкілетті орган:
• ірі қатысушы мəртебесін алуға уəкілетті органның келісімін алмаған;
• уəкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамаған;
• салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтірілген əрекеттерді сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы жасаған;
• салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына зиян келтірілген, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
• сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жəне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі
қатысушысының арасында уəкілетті органның «Сақтандыру қызметі туралы» Заңда көзделген
қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған жағдайда
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына мəжбүрлеу шараларын
қолдануға құқылы. «

13.

Уəкілетті орган санкциялар ретінде
мынадай шараларды:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша
жəне тəртіппен əкімшілік айыппұл салуды;
2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;
3) лицензиядан айыруды;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның
акционерлерінен мəжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауды жəне
жаңа инвесторға сатуды;
• 5) басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-əрекеттерін қолданыстағы заңнаманың
талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде бір мезгілде сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерінің лауазымына тағайындауға (сайлауға)
берілген келісімді кері қайтарып ала отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуді
қолдануға құқылы.

14.

Ұсынылатын әдебиеттер:
• Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан
Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы
№ 126-II Заңы (2009.11.07. берілген өзгерістер
мен толықтырулармен)
• Белых В.С., Кривошеев И.В. Страховое право. –
М.: Издательство Норма.
• Худяков А.И. Страховое право РК. Учебник. Алматы, Издательство «Норма-К» - 456
• Обязательное социальное страхование :
сборник норм. – прав. актов. – Алматы :
Юрист, 2004. – 39 с
English     Русский Rules