28.46M
Category: historyhistory

№54_Қазақстанда_хандық_биліктің_жойылуы

1.

Қазақстан тарихы
Қазақстанда хандық
биліктің жойылуы
Таунар Ұлан

2.

Сабақтың мазмұны:
1
3
Шаруашылықтың
дамуы
Орынбор
қырғыздар туралы
жарғы
2
4
Сібір қырғыздар
туралы жарғы
Өзгерістері

3.

Шаруашылық дамуы

4.


ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан
экономикасындағы ірі өзгеріс: жергілікті өнеркәсіп
пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты.
Түсті металдар, тас көмір өндірісінің тұңғыш кен
орындары Шығыс және Орталық Қазақстанда
ашылды:
57 су және жел диірмені;
34 ұста дүкені;
11 кен және май, былғары зауыттары салынды;
Жылына 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді.

5.

Шаруашылық дамуы
• Балық аулау – Ертіс, Жайық өзендері, Каспий теңізі,
Зайсан көлі аймақтарында өсті.
• Тұз өндіру – Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс
аудандарында дамыды.
• 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің 4 миллион пұт тұз
өндірілді. 10 мыңнан астам жұмысшы болды.
Өндірілген тұз Батыс және Шығыс Сібірге, Обь өзені
бойындағы балық кәсіпшілеріне жөнелтілді.

6.

Кедейленген жатақтар
Жатақтар( малы жоқ
кедей)- әлеуметтік жіктелу
барысында кедейленіп,
жалдама еңбекпен күн
көрген топтар.
Тау-кен өндірісінде 1820
жылы 6 мың.
1824 жылы 8 мыңнан астам
қазақ жұмысшы.

7.

Сауда-саттық жағдайы:

8.

Сауда-саттық жағдайы:
• 1803 жылы 19 мамырда керуендер
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
Ресей үкіметі көпестерге қарулы топ
ұстауына рұқсат берді.
Ірі сауда орталықтары: Петропавл
(Қызылжар), Ақмола, Орал, Семей, Бұқтырма,
Орынбор, Омбы болды.
Ішкі Орда- Қазақстанның батыс өңіріндегі ірі
сауда орталығы;
1855 жылы Семейде 2 қалалық жәрмеңке
ашылды;
Петропавл қаласы- Орта Азиямен сауда
байланысын дамытуда ерекше болды;
1849 жылы Петропавл қаласына Ташкенттен
5 мыңнан астам түйе, 150-ге жуық ат-арба
тиелген тауар әкелді.

9.

Хандық биліктің жойылуы

10.

1822 жылғы «Сібір қырғыздарының Жарғысы»

11.

Орта жүздің соңғы ханы
1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін
Орта жүздің тағына баласы Уәли хан болды.
1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан
Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң
жағына «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына
ие болды.
1815 жылы Орта жүзге Уәли ханға қосарлап екінші
хан етіп Бөкей ханды тағайындады.
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли
хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан
хан тағайындап жатуды қажет деп таппады.

12.

Авторы
Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский
Көмекшісі, болашақ желтоқсаншы Г.С. Батеньков
Ресей императоры І Александрдің жарлығымен
бекітілді.

13.

Мақсаты
1. Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік,
сот, саяси басқаруды өзгерту;
2. Рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету;
3. Орта жүздегі хандық билікті жою.

14.

Әкімшілік-саяси реформаның салдары
Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық
қырқыстарға соққы берді.
Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай
жасады.
Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты
Хандық билікті жойды.
1822 жылғы «Жарғыға» өзгерістер арқылы ХІХ
ғасырдың 60-жылдарына дейін қолданылды

15.

Батыс Сібір генералгубернаторлығы
1822 жылы Сібір екі бөлімге:Шығыс Сібір
генерал-губернаторлығы орталығы-Иркутск
Батыс Сібір генерал-губернаторлығы орталығы –
Тобыл (1839 ж дейін) , Омбы. Құрамы: Тобыл, Том,
Омбы және Сібір қырғыздарының облыстары
Сібір қырғыздарының облысының аумағы:
батыста-Орынбор, оңтүстікте-Шу өзені

16.

Құрылған округтар
1824 жылы Көкшетау, Қарқаралы
1826 жылы Баянауыл
1831 жылы Аякөз (Сергиополь)
1832 жылы Ақмола
1833 жылы Үшбұлақ
1834 жылы Аманқарай
1844 жылы Көкпекті
1854 жылы Құсмұрын, Семей
1856 жылы Алатау
Округтер Омбы облыстық басқармасына
бағынды

17.

18.

19.

20.

21.

3 сатылы басқару жүйесі
1. ОКРУГ. 15-20 болыс енді.
Аға сұлтан басқарды
2. БОЛЫС. 10-12 ауыл енді.
Болыс сұлтаны басқарды
• 3.АУЫЛ. 50-70 шаңырақ
болды.
• Ауыл старшыны
басқарды

22.

1. ОКРУГ
15-20 болыс енді
Аға сұлтан басқарды
3 жылға сайлады
Майор әскери шені, 10 жылдан кейін дворяндық
атақ берілді.
Әр округте аға сұлтан басқаратын Округтік приказ
құрылды. Құрамына Омбы облыстық басқарма
бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседатель
және сайланып қойылатын екі «құрметті қазақ»
қатысуға тиісті болды.
Ішкі күзет Сібір казактарынан іріктелді.
1854 жылдан бастап аға сұлтандыққа шыққан тегі
Шыңғыс әулеті емес адамдар да сайлана алатын
болды.

23.

2. БОЛЫС
10-12 ауыл енді
Болыс сұлтаны басқарды
Өмірлік мерзімге сайланып,
мұрагерлік жолмен берілді;
Ресейлік 12-кластық
дәрежедегі шенеуікке
теңестірілді
Әкімшілік, шаруашылық және
полицейлік қызметтерді қоса
атқарды

24.

3.АУЫЛ
50-70 шаңырақ болды
Ауыл старшыны
3 жылға сайланды.
Көшпелілердің өздері
сайлайтын және оларды бұл
лауазымды қызметке округтік
мекеме бекітетін.
Ресейдегі селолық
старосталармен теңестірілді.
Әкімшілік, шаруашылық және
полицейлік қызметтерді қоса
атқарды

25.

«Жарғы» бойынша барлық сот
істері үш категорияға бөлінді:
Қылмысты істер қаралатын орган: Округтік
приказ
Талап ету
Болыстық басқармаға шағым айту
Зерттеуші А.Гейнстің айтуынша, «приказдардың
сот жүргізу ісі ұзақ уақытқа созылып, еш
нәтижесіз аяқталды. Ал билер соты даулы
мәселені жылдам және әділдікпен шешіп
отырды.»
Кейін Сібір қазақтарын билеу Шекаралық
басқармаға жүктелді.
Шекаралық басқарма Батыс Сібір генерал
губернаторлығына бағынды.
Шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді.

26.

Алым-салықтар:
1822 жылғы «Жарғыдан» кейін халық 5 жылға
салықтан босатылды.
Жеңілдік мерзімі өткеннен кейін округтердің
халқы мал басына қарай 100 бастан 1 бас
мөлшерінде жасақ төлеуге міндетті болды.
Керуен саудасын дамыту үшін салық түйе басына
салынған жоқ.
Алым-салық үшін мал санағы 3 жылда бір рет
өткізіліп тұрды.
Сыртқы округтерді басып өтетін сауда
керуендерінен ешқандай да баж салығы
алынбады

27.

Денсаулық сақтау
Әр округте 2 емші жұмыс істей бастады.
Тұрақты жұмыс істейтін ауруханалар пайда болды.
Жергілікті әкімшілікке халықты шешек ауруына
қарсы егуден өткізу міндеттелді.

28.

Дін
«Жарғы» бойынша жергілікті билік орындарына христиан дінін
таратумен аты шыққан діни миссионерлердің қазақ
даласындағы қызметін күшейту тапсырылды. Оларға «ешқандай да
ықтиярсыз мәжбүр етпей, кәдімгідей сенімін арттыру және көзін
жеткізу» тәсілі арқылы әрекет ету қажеттігі ескертілді. Патша үкіметі
бұл міндетті жүзеге асыра алған жоқ. Өйткені христиан дінін
таратушы миссионерлерге қазақтар тарапынан қатты қарсылық
көрсетті.

29.

Білім беру:
«Жарғы» бойынша қазақтарға балаларын
Ресейдің ішкі аумағындағы губерниялардың оқу
орындарына жіберуге мүмкіндіктер жасалынды.
Бірақ қазақтар бұл құқықты пайдалана алмады,
себебі балаларының орыстанып кетуі мен
шоқындырылуынан қорықты.
1822 жылғы «Жарғы» аздаған өзгерістер
енгізілген түрінде ХІХғ. 60-жылдардың
ортасына дейін қолданылып келді.

30.

Н.Коншин
« Сібір әкімшілігі орталықтың берген өкімі бойынша
қазақ даласына татарлардан агенттер жіберді.
Олар «жаңа құрылымды қабылдаудың» пайдалы
екеніне қазақтардың көзін жеткізіп, кәміл сенуін
қамтамасыз етуге тиісті еді. Сөйтіп Қазан
татарларының іріктелген молдалармен бірге
казактардың шағын жасақтары да
жіберілді.....Округтерді ашуға Қытай үкіметінің
наразылығы көп кедергі келтірді. Содан көп
ұзамай-ақ қытайлықтар жоңғарларды талқандап,
қазақтар Жоңғария жерінің бір бөлігіне
орналасып алды. Қытай боғдыханы Цзянь Лун
қазақтардың жоңғарлар жеріне орналасуына
рұқсат еткен грамотаға қол қойып, бекітіп берді.
Бірақ ол үшін қазақтардың Қытай үкіметіне жасақ
(салық) төлеп тұруы тиіс екені ескертілді,
қазақтардың Пекинге депутация жіберуіне рұқсат
етілді»

31.

32.

33.

Авторы
Орынбор генерал- губернаторы П.К.
Эсен
1824 жылы көктемде Ресей
императоры І Александрдің
жарлығымен бекітілді.

34.

Кіші жүз хандары
Айшуақ хан- 1797 — 1805жылдары
Жантөре хан Айшуақұлы -1805 — 1809 жылдары
Кіші жүз ханы , мемлекет қайраткері, дипломат.
Арынғазы Абылғазыұлы -1816-1821жж Кіші жүз
ханы, Қайып ханның немересі. Ел ішінде тыныштықты
орнатқаны үшін халық арасында «Тыным хан»
атанған. 1821 жылы ол Петербургке шақырылып,
жолда ұсталып Калугаға айдалды. 1833 жылы қайтыс
болды.

35.

Кіші жүздің соңғы ханы
1824 жыл Шерғазы Орынборға қызметке
шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
1845 жылы Бөкей Ордасында хандық билік
жойылды

36.

Реформаның салдары
Орталық басқару нығайтылды
Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.

37.

Кіші жүздің әкімшілік
құрылымы
1. БӨЛІКТЕР
• 1828 жылы Батыс, Орта, Шығыс
округтері деп аталды
• Басқарушы-сұлтан
2. ДИСТАНЦИЯ (54)
Ру шонжарлары басқарды
3. АУЫЛ
• Ауыл старшыны басқарды

38.

39.

1. БӨЛІКТЕР
1828 жылы Батыс, Орта, Шығыс
округтері деп аталды
100-200 адамы бар казактардың жасақтары
бағындырылды.
Басқарушы-сұлтандар казак станцияларында
және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын
болып белгіленді.
Халықты «тәртіп сақтайтын және патша
үкіметіне әрқашан адал әрі айтқанын екі
етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау.
Барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор
генерал-губернаторының өзі тағайындайтын
болды.
Сайлау жүйесі жойылды.

40.

2. ДИСТАНЦИЯ (54)
Ру шонжарлары басқарды
Дистанция-Кіші жүр жеріндегі шекара шебі
маңында тұратын қазақтарды басқару үшін
құрылған әкімшілік бірлік
Дистанция бастықтары әр үй басынан 1,5 күміс
сом шамасында «түтін салығын» жинады.

41.

3. АУЫЛ
Ауыл старшыны
басқарды
Қарапайым дәстүрлі
жүйеде құрылды

42.

1844 жылы «Орынбор
қырғыздары туралы Ереже»
шықты:
Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтардың
жерлері Ресей империясының бір бөлігі деп
жарияланды.
Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор
шекара комиссиясы жүргізді.
Билер сотына барынша шектеу қойылды.
Қылмыстық істерді әскери сот қарады.
Ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан
жоғары мүліктік талап сияқты істер Ресей
империясы шекара комиссиясының
жанындағы жалпы заңдар негізінде қаралды.
Кіші жүз жеріндегі шекара шебіне жақын тұратын
қазақтар үшін қамқоршы деген қызмет пайда
болды.

43.

1822-1824 жылдардағы Жарғылардың салдары:

44.


Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі
мемлекеттілігінен айрылып қалды
Көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы
мүмкін болмай қалды.
Көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт
құлдырай бастады.
Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген
мөлшерін бекітті.

45.


Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың
даусын, орыс шенеуіктерінің ықыласын сатып алу
пайда болды .
Қазақтар әскери міндеткерліктен заңды тұрғыда
босатылды.
Сауда-саттық, денсаулық, білім беру салаларының
дамуына оң ықпалын тигізді.
Ресей тұрғындарына қазақ даласына өз еркімен
қоныстануға тыйым салынды.

46.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Rules