Similar presentations:
№24 Ұлы Жібек жолы
1.
Қазақстан тарихыҰлы Жібек жолы
2.
Сабақтың мазмұны:1
3
Қалыптасуы
Жаңғырту
2
4
Деректер
Сілемдері
3.
Жібек саудажолына «Ұлы»
сөзінің қосылу себебі
Шығыс пен Батыс аймақты байланыстырған сауды
жолы.
Қытайдың Хуанхе өзені бойындағы Чаньань
қаласынан басталып, Рим қаласынан аяқталды.
Б.з.б. 3‒2 мыңжылдықтардан, Шығыс
Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға
лазурит пен нефрит тасудан басталды.
Ұзындығы 7 мың км.
Жібек 6000 жыл бұрын өндірілді.
4.
5.
1877 жылы неміс ғалымы,
Азияның физикалық
географиясы туралы
еңбектердің авторы фон
Рихтгофен ұсынды
Қытай жібекті матаны
алғаш өндірген халық
6.
ЖібекАлғашқы кезде сауда жолында елшіліктер
арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар,
ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген.
«Сауда-саттық қазандай қайнап жататын және
тиімді болатын, бірақ шынайы шаруашылықпен
күн көретін халық бұқарасына қызмет етпейтін,
тек сән-салтанат жиһаз-мүліктеріне мұқтаж,
әлеуметтік сатының биігіндегі бай-бағландарға
қызмет ететін».
Мәтінде жібек матаның Византияда атқарған
қызметі үшін әскер жалдаған кезде валюта
есебінде пайдаланылған.
7.
8.
Алғашқы байланыстар• Б.з.б. 138 жылы Қытай
императоры У-Дидің
Батыс елдеріне
аттандырған елшілігі 13
жылдан кейін қайта
оралып, Орталық Азияға
сапарында саудаға
қолайлы Ұлы Жібек
жолының негізін қалады.
• Б.з.б. ІІ ғасырдың
ортасында Халықаралық
байланыстардың дамуына
ықпал етті.
9.
Алғашқы байланыстар• Б.з.б. ІІ‒І ғасырларда Үйсін мен Қытай
арасында сауда байланысын жандана бастады.
• Б.з.б. І ғасырдың ортасында жібек керуені
алғаш рет Батысқа жолға шыққан.
10.
Әлемнің төрт патшалығыОрта ғасырларда әлемнің төрт патшалығы
тұжырымдамасы қалыптасты. Олар:
Солтүстіктегі Түркі қағанаттары- жылқылар
патшалығы
Оңтүстіктегі Үндістан-пілдер патшалығы
империясы
Батыстағы Византия- асыл тастар, кілемдер
патшалығы
Шығыстағы Қытай- адам патшалығы
11.
Орта ғасырлардағы байланыстар568 жылы Түрік қағанаты мен Византия
дипломатикалық байланысын орнатып, Иранға
қарсы одақ құрды.
VI ғасырда Қытай императоры Иран шахына
жібектен жасалған бұйымдардан сыйлық жіберді
VIІ ғасыр Еуразияға жібек әйгілі болды
12.
Орта ғасыравторлары
13.
Сюань Цзян• Қытай монахы
627‒630 жылдары
Батыс Түрік
қағанатына
саяхатынан:
• «Бұл
жатжерліктердің
жылқылары
әдемі.
Қаған
жасыл
жібектен
желбегей
шапан киген, оның
жанында
жүрген
нөкерлері
де
қамқадан
желбегей
шапандар жамылған,
қандай
тамаша
көрініс».
14.
Сюань Цзян• 629 жылы «Мөлдір Көк көлді» (Ыстықкөл)
айналып
өтіп
Суяб
қаласына
келіп,
маңайын былай сыйпаттап жазады: «Бұл
жатжерліктердің жылқылары әдемі. Қаған
жасыл жібектен шапан киген, басы ашық,
жібек амата оранған. Оған сәнді шапан
киген, шаштарын бұрын етіп өрген екі
жүзден астам тархандар ертіп жүрді.
Түйелер
мен
жылқыларға
мінгендердің
санында есеп жоқ, көзбен шолу мүмкін
емес».
• Қағанның құрмет көрсеткен қабылдауын
сипаттай отырып, өзіне сыйлаққа берілген
«Таңқұрай түсті сәтеннен тігілген киім
мен
жібектің
елу
орамы»
туралы
хабарлайды.
15.
Ибн ФадланИбн Фадлан оғыздарға жатжерліктердің келу
тәртібі туралы: «Оның достарының ішінен
белгілі бір адамды сенімді серік етіп
тағайындамайынша, ол елді аралап шыға
алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал
әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ
т.б. азық-түлік әкеліп береді. Сенімді
серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді
және оған қажетінше мал жеткізіп береді»,
– деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен
өтетін Ұлы Жібек жолы тармағының сенімді
де қауіпсіз болғандығын көрсетеді.
16.
Жібек өндіруде Қытайменбәсекеге түскен елдер
Соғдылар жібек өндіруден Қытаймен бәсекеге
түскен
Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың
сауда орталықтары болған
Б.з.-дың басында Византия, Соғды, Жапония,
Кавказ жерінде жібек өндіре бастады.
17.
ЖапонияСоғды тілінде жазылған қол жазба Жібек
жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін
сақтаулы тұрған ел
Жапонияның ертедегі астанасы Нарға
қаласында соғдылардың жібек
сататын орындары болған . Дәлел: ондағы
ғибадатханада соғды тілінде жазылған
қолжазбаның сақталуы.
18.
Шаруашылыққа тигізген әсеріОрта Азиядан асыл тұқымды
жылқылар әкелінді.
Шығыс елдерінде сирек кездесетін жануарлар
сатылды.
Қытай немесе болгар бұрышы сатылды.
Соғдылар түріктерден
ІІІ‒VІ ғасырларда сауда жолы миссионерлік
мақсатта пайдаланылды.
Отырар, Испиджаб, Тараз, Жент, Қойлық
қалаларында мыс пен күміс ақшалар, дирхем,
алтын динар соғылды.
мал өсіруді үйренді
19.
Мәдени байланысМузыкалық мәдениет -Жібек жолы бойындағы
мәдени байланыста ерекше байқалған рухани
мәдени сала
Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша
күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған.
Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің
жауын алатын ыдыстары Талғар, Испиджаб,
Отырар қалаларынан табылған.
20.
ХІІІ-ХІV ғасырлардағы ахуалМоңғол шапқыншылығы кезінде Жібек жолындағы
қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
нашарлады.
Ұлы Жібек жолының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін керуендерге және діни
миссияларға пайзалар берілді.
XIV ғасырдың соңында Ұлы Жібек жолындағы
сауда қатынастары құлдырады.
ХVІІ ғасыр теңіз сауда жолдарының ашылуы Ұлы
Жібек жолын бір жолата тоқтатты.
21.
ҰЖЖ қайта жаңғыртуЖібек жолы суретінің авторы Е.Төлепов
1987 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Ұлы Жібек
жолын қайта жаңғырту жобасы қабылданды.
1996 жылы Ташкентте түркі мемлекеттері
президенттерінің бірлескен декларациясында
Ұлы Жібек жолы басты нысан етіп алынды.
22.
ҰЖЖ қайта жаңғырту1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан
Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм
инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес
мемлекеттер басшыларының Ташкент
декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске
асыру» туралы Жарлыққа қол қойды
1998 жылы «Жібек жолы тарихи орталықтарын
қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің
мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм
инфрақұрылымын жасау» мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді.
ҰЖЖын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар
тізіміне енгізу туралы 2014 жылы Қазақстан,
Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдері ұсыныс
енгізді.Өтінімге ҰЖЖ бойында орналасқан 33
тарихи ескерткіш енген, оның ішінде
Қазақстанда 8, Қырғыстанда 3, Қытайда 22
2014 жылы 22 маусымда ЮНЕСКО тізіміне
енгізілді
23.
Ұлы Жібек жолыныңҚазақстандағы
сілемдері
24.
Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінен бастау алып,
Іле, Ыстықкөлде екіге бөлінеді:
оңтүстік бағыт: Ферғана – Самарқан – Иран –
Ирак –Сирия – Жерорта теңізі
солтүстік бағыт: Испиджаб қаласында (VІІ
ғ.Қытай жол көрсеткішінде «Ақ өзендегі қала)
Жібек жолы 2 (екі) тармаққа бөлінді:
25.
1) Испиджаб: Шаш(Ташкент) – Самарқан – Бұқара –Орта Азия
2) Испиджаб: Шымкент – Отырар – Түркістан –
Сауран – Сығанақ – Сырдарияның төменгі ағысы –
Батыс Қазақстан – Қара теңіздің солтүстік-шығысы
– Еуропа
26.
Жетісу• Орта ғасырдағы Жетісу қалалары мен қыстаулары
орналасты: Жібек жолы бойында.
• Жетісу Қазақстанның ОңтүстікШығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының
негізгі қақпасы:
• Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты
қақпасы Жетісудан, оңтүстік-шығысқа өткен
бағыты: Тараз, Алматы, Жаркент.
• Екінші солтүстік-шығыс бағыты: Алматы,
Қойлық, Жоңғар қақпасы.
• Үшінші бағыт Тараздан шығып, Сарқан
арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға дейін
жетті.
• Солтүстік-шығыс тармағы арқылы Монғолиядағы
Мөңке ханға барған елші В.Рубрук.
Рубруктың Монғолияға барып
қайтқан бағыты: Құлан, Хантау, Балатопар,
Айнабұлақ.
27.
Оңтүстік Қазақстан• Ұлы Жібек
жолы
бойындағы
сауданың
басты
орталықтары: Тараз, Испиджаб.
• Византияда жасалған күміс құмыралар Тараз
қаласынан табылды.
• Діни мешіт-медреселердің орындары табылған ҰЖЖ
бойындағы қалалар: Испиджаб, Тараз, Баласағұн.
• Ұлы Жібек жолының оңтүстік-батыс бағытындағы
қала: Шаш
• Ұлы
Жібек
жолының
торабында
орналасқан
Отырардан шыққан керуеннің Сырдария арқылы
жеткен қаласы: Васидж
• Одан
әрі
шыққан
жол
Сырдың
бойындағы Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен
қарай Жент қаласына жеткен.
• Сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы ҰЖЖ
бір тармағы бағытталды: Орталық Қазақстанға.
• Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстары
табылған ортағасырлық қалалар: Талғар,
Испиджаб, Отырар.
28.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!