139.41K

2-дәріс

1.

2-тақырып.
Сақтандырудың негізгі
элементтері

2.

Тақырыпты оқып үйрену
нәтижесінде студенттен күтілетін
оқыту нәтижесі:
1. Сақтандырудың құқықтық
қатынастарындағы түсініктер мен
негізгі терминдерді білу;
2. Сақтандырудың құқықтық
қатынастарының түрлерін жіктеу алуы;
3. Сақтандырудың негізгі элементтерін
талдау дағдысын игеру екерек

3.

Дәрістің мақсаты: Сақтандырудың
негізгі элементтерінің мәнін
толық ашу, түсіну
Жоспар:
1. Сақтандырудың субъектілері
2. Сақтандырудың объектілері
3. Сақтандыру құқығының
құқықтық қатынастарының
мазмұны мен түрлері

4.

Сақтандыру қызметін
жүзеге асыру
барысында пайда
болатын қатынастар
сақтандыру құқығының
пәнін құрайды.

5.

Сақтандыру қатынастарының
ерекшеліктері:
• Сақтандыру қоғамның экономикалық инфроқұрылымының
элементі болып табылады және өндірістің үнемі қайталанып
отыруын қамтамасыз етеді, қоғамдық өндіріске байланысты
Экономикалық
туындайтын тәуекелдерден сақтандырылады.
Мүліктік
Қайта бөлу
• Сақтандыру сыйлық ақыларының, сақтандыру төлемдерінің
төленуі ақша сомаларының қозғалысымен сипатталады.
• Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу арқылы сақтанушылардың
сақтандырушыларға қарай ақша қозғалысқа түсіп, сақтандыру
ұйымдарының қорларында жинақталады. Кейін сақтандыру
жағдайы болған кезде сақтандырушыларға қайта қайтарылады.

6.

Сақтандыру құқығының
субъектілері:
дерекқорды
қалыптастыру және
жүргізу жөніндегі ұйым;
сақтандыру агентi;
сақтандыру брокерi;
сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы;
актуарий;
сақтанушы,
сақтандырылушы, пайда
алушы;
сақтандырумен
байланысты кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыратын
өзге де жеке және заңды
тұлғалар болып
табылады.
сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдары
мен сақтандыру
брокерлерінің бірлестігі;
сақтандыру омбудсманы;

7.

Сақтандырушы
Сақтанушы –
Пайда алушы
• Сақтандыруды жүзеге асыратын және яғни сақтандыру
жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе
пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта
айқындалған сомманың шегінде сақтандыру төлемін
төлеуге міндетті тұлға
• сақтандырушы мен сақтандыру шартын жасасқан және осы
шарт бойынша сақтандыру сыйлық ақысын төлейтін тұлға
• Сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы
заң актісіне сәйкес сақтандыру төлемін алушы тұлға

8.

2. Сақтандыру құқығының
объектісі:
Сақтандыру
объектісі
• Сақтандырылушының сақтандырылған
мүддесі
Сақтандыру
жағдайы
• Басталған бойда сақтандыру шарты
сақтандыру төлемінің төленуін
көздейтін оқиға
Сақтандыру
тәуекелділігі
• Сақтандыру жағдайы болуынан
сақтандыру объектісіне зиян келтірудің
ықтималдылығын білдіретін көрсеткіш.

9.

Сақтандырудың сыныптары:
1) өмiрдi сақтандыру;
"Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
6-1) ғарыш объектілерін сақтандыру;
7) жүктердi сақтандыру;
8 мүлiктi залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11-1) ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11-2) кәсіби жауапкершілікті сақтандыру;
12) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
13) заемдарды сақтандыру;
14) ипотеканы сақтандыру;
15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
17) сот шығыстарынан сақтандыру;

10.

Сақтандыру құқығындағы
құқықтық қатынастар:
Материалдық
Ұйымдастырушылық
• Сақтандыру сыйлық ақыларын,
сақтандыру төлемдерін, төлеу
бойынша сақтанушылар мен
сақтандыру ұйымдары
арасындағы қатынастар
• Бұл қатынастар ақша түріндегі
құнның қозғалысымен
сипатталмайды, сақтандыру
жүйесін ұйымдастыру,
сақтандыру ұйымдары үшін
қаржылық талаптарын белгілеу,
сақтандыру ұйымдарының үсінен
қадағалауды жүргізу арқылы
көрінеді

11.

Сақтандыру қатынастарының
элементтер:
1. Сақтандыру құқығының субъектілері
2. Сақтандыру құқығының объектілері
3. Мазмұны –субъективтік құқықтар
мен міндеттерді құрайды

12.

Сақтандырушының мiндеттерi
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актiлерiнде
белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
2)сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен таныстыруға және оның талап етуі
бойынша қағидалардың көшiрмесiн ұсынуға (жіберуге);
3) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде олардың залалдарды
азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;
4) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
5) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi (пайда алушы) не олардың өкілі
сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда,
оларды сақтандыру шартында белгіленген мерзімде жетіспейтін құжаттар туралы
хабардар етуге міндетті.

13.

Сақтанушының мiндеттерi
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және
мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны
хабардар етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы
туралы хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн
шаралар қолдануға 5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн
жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуiн
қамтамасыз етуге мiндеттi).

14.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан
Республикасының 2000 ж. 18
желтоқсандағы № 126-II Заңы (2009.11.07.
берілген өзгерістер мен
толықтырулармен)
Белых В.С., Кривошеев И.В. Страховое
право. – М.: Издательство Норма.
Худяков А.И. Страховое право РК.
Учебник. - Алматы, Издательство
«Норма-К» - 456
English     Русский Rules