Similar presentations:
5-сабақ Заттардың агрегаттық күйі
1.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияТақырыбы: «Заттардың агрегаттық күйлері”
7 сынып
Химия пәні мұғалімі: Мусина Бакыт Жунусовна
2.
Оқу мақсаты7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және
бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық,
газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру;
Бағалау критерийлері
Заттың агрегаттық күйлерінің түрлерін біледі;
Бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты,
сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсінеді;
2
2
3.
Тірек сөздерагрегаттық күйлер;
балқу, қайнау;
булану, конденсация;
сублимация, десублимация;
3
4.
Заттардың агрегаттық күйлеріБізді түрлі денелер қоршап тұр. Денелер әртүрлі заттардан
тұрады. Заттардың ең ұсақ бөлшегі молекула болып табылады
және заттың химиялық қасиеттері қандай болса, молекуланың
қасиеттері де сондай болады. Кез келген нақты зат тек сол
заттың ғана молекулаларынан тұрады: су – су молекуларынан,
оттек – оттек молекулаларынан құралған және т.с.с. Заттар
кәдімгі жағдайда әртүрлі күйде болады: су – сұйық, оттек – газ,
ас тұзы - қатты зат. Заттардың қатты, сұйық және газ тәрізді
күйлері агрегаттық күй деп аталады.
4
5.
Заттардың агрегаттық күйлеріЗаттардың агрегаттық күйлері:
қатты
сұйық
газ тәрізді
Қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардың құрылысы қандай
болу мүмкін?
Құрылысының ерекшелігіне байланысты заттардың қасиеттері
қандай болады? Бейне ролик “Зат күйінің және оның қасиеттерінің
ауысуы»
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10702/63.mp4
5
6.
Заттардың агрегаттық күйлеріАтомдардан немесе молекулалардан тұратын кез келген зат
ортаның жағдайына қарамастан, белгілі бір агрегаттық күйде
болуы мүмкін: қатты, сұйық және газ тәрізді. Заттардың бір күйден
екінші күйге ауысуы практикада кең қолданады. Бір агрегаттық
күйден басқа күйге ауысқанда заттардың молекулалары өзгеріске
ұшырамайды.
Кез келген агрегаттық күйге ауысқанда су
молекуласы мөлшері жағынан да, құрамы жағынан да өзгермейді,
оттек молекуласы да сол сияқты өзгеріске ұшырамайды. Заттың
құрылысы тек қана атомдардың молекулаларына орналасуына ғана
тәуелді емес, бұл бөлшектердің кеңістікке орналасуына да
байланысты. Бір агрегаттық күйдің екінші агрегаттық күйден
6
айырмашылығы неде?
7.
Заттардың қатты күйіҚатты денелердегі бөлшектер
- бір-біріне өте тығыз орналасқан, сондықтан оларды сығу қиын;
- өте күшті тартылады, сондықтан олар еркін қозғала алмайды;
- қозғалмайтын нүкте маңында дірілдейді, бірақ бір жерден
екінші жерге қозғалмайды.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10702/166.mp4
7
8.
Заттардың сұйық күйіСұйықтықтағы бөлшектер
- қозғалғыш болады;
- пішін сақтай алмайды;
- бір-біріне едәуір күшті тартылады;
- әрдайым бір-бірімен жылжып, ретсіз және еркін қозғалады.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10702/88.mp4
8
9.
Заттардың газ тәрізді күйіГаздардағы бөлшектер
- бір-бірінен алшақ орналасқан, бос кеңістік өте көп;
- бір-біріне тартылады және ретсіз, еркін қозғалады;
- пішіні болмайды, оңай сығылады;
- өте жоғары жылдамдықпен қозғалады;
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_10702/167.mp4
9
10.
Сабақты бекіту№1 тапсырма. Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтыр:
Бөлме температурасындағы тығыздығы 16,7 г/см3 болатын
элемент ____________болуы мүмкін.
Бөлме температурасындағы тығыздығы 6,6 г/л болатын
қосылыс ______________болуы мүмкін.
Сұйықтық қатты денеге қарағанда жоғарырақ тығыздыққа ие
болуы ______________.
Газ сұйықтыққа қарағанда жоғарырақ тығыздыққа ие
_____________болуы.
Дескриптор:
- заттардың агрегаттық күйлерінің түрлерін анықтай алады;
10
11.
Дұрыс жауап№1 тапсырма. Тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтыр:
Бөлме температурасындағы тығыздығы 16,7 г/см3 болатын
элемент қатты зат болуы мүмкін.
Бөлме температурасындағы тығыздығы 6,6 г/л болатын
қосылыс газ болуы мүмкін.
Сұйықтық қатты денеге қарағанда жоғарырақ тығыздыққа ие
болуы мүмкін.
Газ сұйықтыққа қарағанда жоғарырақ тығыздыққа ие мүмкін
емес болуы.
11
12.
Сабақты бекіту№2 тапсырма. Судың үш агрегаттық күйінің дұрыс сипаттамасын көрсет.
Бөлшектер арасындағы
Бөлшектер
арақашықтық
арасындағы тартылыс
Бөлшектердің
еркін қозғалысы
Мұз
Су –
сұйықтық
Су буы
Дескриптор:
- заттардың агрегаттық күйлерін сипаттай алады;
- заттардың бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады:
12
13.
Дұрыс жауап№2 тапсырма. Судың үш агрегаттық күйінің дұрыс сипаттамасын көрсет.
Бөлшектер арасындағы
арақашықтық
Бөлшектер
арасындағы тартылыс
Бөлшектердің еркін
қозғалысы
Мұз
Өте аз
Өте күшті
Өте аз
Су –
сұйықтық
Аз
Күшті
Орташа
Үлкен
Ескермейтіндей аз
Күшті
Су буы
13
14.
ҚорытындыБүгінгі сабақта
Заттың агрегаттық күйлерінің түрлерін білдім;
Әр түрлі агрегаттық күйдегі заттарға сипаттама бере алдым;
Заттың күйлерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре
аламын;
14
15.
Оқу тапсырмасыЕгер ғарышкер ғарыш кемесінен ашық кеңістікке
шыққанда суы бар ыдыстың қақпағын ашса не болады?
15
16.
Қосымша ресурстар- химия оқулығы 7 сынып Оспанова М.Қ., Белоусова Т.Г.
- https://bilimland.kz/kk/ 7-synyp/
- https://smk.edu.kz/
16