1.03M
Category: lawlaw

Еңбек құқығы

1.

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Насиева Н.М.
Тобы:СКС-141

2.

Жоспар
I.
Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Еңбек құқығы
2. Еңбек құқығының әдістері
3. Еңбек құқығының негіздері
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Кіріспе
Тараптардың жеке еңбек және ұжымдык шарттар негізінде белгілі бір еңбек
кызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар еңбек катынастары деп танылады.
Әрбір құқық катынастарында катынастың субъектілері деп аталатын
катысушылары болалы. Еңбек кұкыктык катынастарынын субъектілері болып
мыналар танылады: азаматтар, жүмыс берушілер, кәсіподактар, мемлекеттік
органдар. Еңбек катынастарын өзге құкықтық қатынастардан ажыратудың
мынадай үш ерекше белгілері бар: 1)олар жеке еңбек шарты негізінде нақты
кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болған қызметкердің кіруімен туындайды;
2)еңбек катынастары бойынша қызметкер белгілі бір мамандық (кәсіп),
біліктілік немесе кызмет бойынша жұмыс атқару міндетін өзіне алады, ал ұйым
аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті еңбек жағдайларын жасау міндетін
алады; 3)еңбек катынастарының тараптары — қызметкерде, жұмыс беруші де
ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады.

4.

Еңбек құқығы —кәсіпорын (мекеме,
ұйым) қызметкерлерінің еңбегін
ұйымдастыру саласындағы қарымқатынастарды реттеп, олардың әлеум.
құқыларын қорғайтын нормалар
жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық
еңбек қатынастары болып табылады.
Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары
мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің
негізгі мазмұнына айналады.
Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің
амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық
қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде
қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі
жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін;
еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан
нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарымқатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін қарастырады.

5.

Женевада 1948 жылғы 9 шілдеде
Халықаралық еңбек ұйымы Бас
конференциясының 31-сессиясы
қабылдаған «Жұмыспен қамту
қызметін ұйымдастыру туралы»
Конвенциясына біздің еліміз
2000 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 119-11 Заңымен қосылды.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің
арасында ерекше орын алатын
2007 жылы 15 мамырда
қабылданған № 251-III ҚРЗ
«Қазақстан Республикасының
еңбек кодексі». Кодекс Жалпы
және Ерекше бөлімнен, 6
бөлімнен, 40 тараудан, 341
баптан тұрады.

6.

Еңбек қатынастары тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде
белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен
қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек
туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында
қабылданған "Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңы болып
табылады. Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі)
мемлекеттік еңбек ииспекторлары жүзеге асырады. Оларға әлеуметтік серіктестік,
еңбекті қорғау, заңды тұлғалардан келтірілген шығынның орнын толтыру, еңбек
дауларын қарау, жұмыссыздық және әлеуметтік қамсыздандыруды жатқызуға
болады.

7.

Еңбек шарты – қызметкер мен
жұмыс беруші арасындағы
келісім. Бұл шартқа сәйкес
қызметкерлер еңбек тәртібіне
бағына отырып, белгілі бір
мамандық бойынша жұмыстарды
орындауға, ал кәсіпорын
тараптардың келісімі және еңбек
заңдарында қарастырылған
айлық жалақыны төлеуге және
тиісті еңбек жағдайларымен
қамтамасыз етуге міндетті
болады.

8.

ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қызметкердің:
1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік
құқықтық актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқа нәрсе ескерілмеген болса, кәсіподақтарға немесе
басқа қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;
3) дем алуға;
4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген
кепілдіктер мен өтемақыларды алуға;
5) еңбек дауларын Тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;
6) Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;
7) Республиканың азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заң актілері кепілдік
берген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
8) белгіленген тәртіппен өзінің қызметтік міндетін атқаруға қажетті ақпаратты және материалдарды
алуға;
9) біліктілігі мен қабілетін, еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып,
қызметте жоғарылауға;
10) Қызметкердің пікірі бойынша ешбір негізсіз айып тағылған жағдайда, Жалдаушыдан қызметіне
тергеу жүргізуді талап етуге;
11) еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмысқа қажетті еңбек етерлік жағдай
жасауды талап етуге;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен
қамтамасыз етілуге;
13) мереке күндерін есептемегенде ұзақтығы 30күнтізбелік күндік жыл сайынғы еңбек демалысын
алуға құқылы

9.

Қызметтердің міндеттері:
Жалдаушының және оның серіктерінің қызметіне байланысты мәліметтерді, сондай-ақ
Жалдаушының қызметкерлері туралы мәліметтерді құпия ұстау және жария етпеу;
8) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерінің талаптарын орындау;
9) жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаға адамдардың өміріне, денсаулығына, сондай-ақ
Жалдаушының мүлкі мен қызметкерлерінің амандығына қауіп төндіретін жағдайдың пайда болғаны
туралы кешіктірмей хабар беру;
10) тығыз және алдын ала болатыны белгісіз жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, өзінің
еңбек ету міндетін демалыс, мереке күндері және түнгі мезгілде де орындау, сондай-ақ еңбек туралы
заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімнен тыс
жұмыс істеу;
11) өндіріске қажет болған және Қызметкер келіскен жағдайда, жыл сайынғы еңбек демалысын үзе
тұру және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауға кірісу;
12) этиканың қолданылып жүрген заңдарда және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленген нормаларын сақтау;
13) Қызметкердің жеке басының мүддесі өзінің өкілеттігімен түйісетін немесе оларға қайшы келетін
жағдайда, Жалдаушының өзін тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғасына кешіктірмей
хабар беру;
14) Қызметкер Жалдаушының қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта
дайындықтан өткен жағдайда, мамандарды оқыту туралы Тараптар арасында жасалған шартта
белгіленген мерзімде жұмыс істеп беру немесе Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне
сәйкес Жалдаушының шығындарын өтеу.

10.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ.
ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ
Қалыпты жұмыс уақыты.
Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 (екі)
демалыс күні бар, аптасына 40 (қырық)
сағаттан астам қара жұмыста және
денсаулыққа зиянды жұмыста жүрген
қызметкерлер үшін аптасына 36 (отыз
алты) сағаттан аспайтын 5 (бес) күнді
құрайды.
Күнделікті жұмыс күндері Қызметкерге
дем алуға және тамақ ішуге кем дегенде 1
(бір) сағат уақыт беріледі, Қызметкер оны
қалай пайдаланам десе де, өз еркінде.
Ұзақтығы 30күнтізбелік күндік жыл
сайынғы еңбек демалысын алуға тиісті

11.

Қысқартылған жұмыс уақыты еңбекті қорғау, оқуды өнімді еңбекпен
ойдағыдай ұштастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, кәмелетке толмағандар
мен еңбек қабілеті төмен адамдарды өндіріске тарту мақсатында
қызметкерлердің жекелеген топтары үшін белгіленеді.
Еңбек туралы заңда 18 жасқа толмаған қызметкерлер үшін қысқартылған
жұмыс уақыты белгіленген. 16—18 жастағы адамдарға аптасына 36 сағаттық
жұмыс уақыты, ал 14—16 жас арасындағы жасөспірімдер үшін аптасына 24
сағаттан аспайтын жұмыс уақыты белгіленген. Арнаулы тізім бойынша
жағдайлары еңбекке зиянды ауыр дене еңбегімен айналысатын
қызметкерлердің аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс
уақытын пайдалануға құқығы бар.

12.

Толық емес жұмыс уақыты
Толық емес жұмыс уақыты қызметкер мен жұмыс беруші арасында
оны жұмысқа қабылдар кезде және одан кейін де келісім арқылы
белгіленеді. Толық емес жұмыс уақытын ұзақтығы заңмен
белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан кем қысқартылған жұмыс
уақытынан ажырата білу керек. Олардың айырмашылығы еңбекке
ақы төлеу тәртібінде. Егер қызметкерлерге қысқартылған жұмыс
уақыты үшін жалақы толықтай төленетін болса, ал толық емес
жұмыс уақыты үшін жұмыс істеген уақытына сәйкес немесе
шығарған өніміне қарай төленеді.

13.

Түнгі уақытта жұмыс істеу
Түнгі уақытта жұмыс істеуге онсыз болмайтын
жағдайда ғана жол беріледі. Атап айтқанда,
технологиялық процестері үздіксіз өндірістерде,
байланыс, медицина мекемелерінде, көлікте
және басқаларда.
Кешкі сағат 10-нан таңғы сағат 6-ға дейінгі
уақыт түнгі уақыт деп есептеледі. Және де
жұмыс уақытының кем дегенде жартысы түнгі
уақытқа келетін болса, ауысым түнгі деп
есептеледі.
18 жастан төмен және түнде жұмыс істеуге
тыйым салатын медициналық анықтамалары бар
өзге де адамдар түнгі жұмысқа жіберілмейді.
Екіқабат әйелдерді түнгі жұмысқа қатыстыруға,
олардың жазбаша келісімі бойынша ғана жол
беріледі. Жекелеген жағдайларда мүгедек
адамдардың түнгі жұмысқа пайдаланылуы
мүмкін, бірақ олардың келісіммен және
ұсынылған жұмысты атқаруға медицина
қызметкерлерінің рұқсаты болған жағдайда ғана.

14.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы,
2004ж.
2. Оспанов Қ. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы,
2007ж.
3. Өміржанов Е. Құқық негіздері. Оқу құралы,
Алматы, 2009ж.
English     Русский Rules