4.14M
Category: historyhistory

Менің Отаным - Қазақстан

1.

Менің Отаным - Қазақстан

2.

Мақсаты: Оқушыларға
қазақ халқының өзіндік
тарихы, мәдениеті,
рәміздері бар тәуелсіз ел
екенін түсіндіріп, ұлттық
патриотизм рухында
тәрбиелеу.

3.

30 тамыз Қазақстан Республикасының
Конституция күні
• Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан
Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы
30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды
және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98
баптан тұрады.
• Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін
қалыптастырушы құжат болып табылады. Бұл тәуелсіз
Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы
конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

4.

5.

Қазақстан Республикасы жайлы
ақпараттар:
• Қазақстан Республикасының астанасы: Астана қаласы
• Президент: Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы
• Өңір: Азия (Орталық Азия)
• Аумағы: 2,724,900 км²
• Халық саны: 20 миллион адам
• Тәуелсіздік алған күні: 1991 жылғы 16 желтоқсан (КСРО-дан)
• Әкімшілік бөлінуі: унитарлық мемлекет, әкімшілік жағынан 20 аумақтық
бірліктен тұрады: 17 облыс және 3 республикалық маңызы бар қала
• Жоғарғы заң шығарушы орган: екі палаталы Парламент (Сенат және
Мәжіліс)
• Жоғары атқарушы орган: Қазақстан Республикасының Үкіметі
• Валюта: қазақстандық теңге (KZT) (1993 жыл 15 қараша)

6.

7.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар .
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

8.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
Авторы: Шәкен Ниязбеков (1992 жыл 4 маусым)

9.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
Авторлары: Жандарбек Мәлiбеков пен Шота
Уәлиханов.

10.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы
• Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына 17 облыс және
республикалық маңызы бар 3 қала кіреді.
• 2 млн 724,9 мың шаршы километр аумақты алып жатыр,
ел әлемдегі көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр.
Солтүстікте және батыста республиканың Ресеймен
ортақ шекарасы бар – 7 591 км (әлемдегі ең ұзын үздіксіз
құрлық шекарасы), шығыста Қытаймен – 1 783 км,
оңтүстікте Қырғызстанмен – 1 242 км, Өзбекстанмен –
2 351 км және Түркіменстан - 426 км. Құрлық
шекараларының жалпы ұзындығы – 13 200 км.

11.

Сұрақ-жауап:
1. Еліміз қашан тәуелсіз мемлекет болып
жарияланды?
2. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан
қабылданды және авторларын ата?
3. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы
теңге қашан айналымға енді?

12.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Rules