Similar presentations:
Жерде тіршіліктің қалыптасуы
1.
Жердетіршіліктің
қалыптасуы
2.
МикроэволюцияЖаңа түрдің және олардың едәуір ұсақ түрішілік санатының
түр тармақтары мен популяцияны түзілу үдерісі
“микроэволюция” д.а.
Эндемиктер - ғаламшарда тек бір жерде тіршілік ететін
ағзалар.
3.
Архей эрасыЕң ежелгісі шамамен 1 млрд жылға созылған архей
эрасы болды.
Оның тірі ағзалары алуан түрлі емес және негізінен
біржасушалы прокариоттардан тұрды.
Бұл эраның басты ерекшелігі тіршіліктің және тірі
ағзаның негізгі қасиеттерінің (өсу, көбею,
тұқымқуалаушылық және
т.б.) пайда болуы. Осы эрада фотосинтез, гликолиз,
ашу, тыныс алу және әртүрлі тірі ағзалар қазір де
қолданатын энергия алудың басқа барлық әдістері
пайда болды. Бірақ тірі ағзалар патшалыққа
бөлінбеді, себебі өсімдіктер де, жануарлар да,
бактериялар да болмады.
01
4.
Протерозой эрасыЕкінші және ең ұзақ эра - протерозой, ол 2 млрд жылдан артық уақытқа созылды.
Тіршіліктің басым формасы алдымен біржасушалылар (бактериялар да, онда пайда
болған эукариоттар да). Сосын әрі қарай
эволюция барысында көпжасушалы эукариоттар - омыртқасыздар мен
балдырлар пайда болды. Өсімдіктерден тек балдырлар (төменгі сатыдағы) болды,
жануарлар патшалығында омыртқасыздардың барлық типтері түзілді.
Фотосинтездеуші өсімдіктер мен цианобактериялар көп мөлшерде оттек бөлгені
соншалықты озон қалқаны қалыптасты және «тіршілік құрлыққа шықты».
5.
ПалеозойПалеозой эрасы тірі ағзалардың құрлыққа шығуымен, топырақтың,
жануарларда сүйек қаңқасының, жоғары сатыдағы жерүстілік
өсімдіктердің таскөмір, мұнай мен табиғи газ қорының қалыптасуымен
белгілі.Климат жалпы жылы әрі ылғал болды.
Ортаның осы жағдайына байланысты өсімдіктердің ішінде жоғары
сатыдағы өсімдіктер: споралылар да (мүктер, қырықбуындар, плаундар,
қырықжапырақтар), сондай-ақ олардың ұрпақтары - тұқымдылар ашықтұқымдылар дамыды.
Алып қырықжапырақтар таскөмір шоғырын, ал жердің терең қабатында
орналасқан көл экожүйесі мұнай шоғырын түзеді.
Жануарлардан өрмекшітәрізділер, бунақденелілер мен омыртқалылар:
балықтар, қосмекенділер мен басым бола бастаған жорғалаушылар
пайда болды.
6.
МезозойМезозой эрасы динозаврлар эрасы деп
аталады. Климат едәуір құрғақ, бірақ негізінен
жылы болды. Омыртқалылар класынын ең
соңғы өкілдері: құстар мен сүтқоректілер, ал
өсімдіктерден - жабықтұқымдылар (гүлді
өсімдіктер) пайда болды.
7.
КайнозойКайнозой эрасында тіршілік заманауи түрге ие болып, мұз басу
жүрді, климат жалпы едәуір суық болды.
Гүлді өсімдіктер мен бунақденелілер; жылықанды омыртқалылар
- құстар мен сүтқоректілер басымдық көрсетеді.
Жалпы кайнозой эрасының соңына дейін солтүстікке мұз басу
тән.
Сол кезеңнен тірі қалған жануарлардан солтүстік бұғысын,
қойөгіз, ақтүлкі, лемминг, аққұрды атауға болады. Ал мамонттар
мен жүнді мүйізтұмсықтар жойылып кетті.
Сонымен қатар ақбөкендер, жабайы жылқылар (тарпандар),
бизондар мен туяқты жануарлардың басқа түрлері мекендеген
климаты жылы аумақ болды. Флора біртіндеп солтүстіктен
оңтүстікке қарай тундра мен тайгадан шөлге және экваторлық
орманға біртіндеп өзгерді де, толықтай дерлік заманауиға сәйкес
келеді.
Сүтқоректілерден бұл эрада пайда болған приматтар тез
эволюцияға ұшырады. Үдеріс адамның пайда болуымен аяқталды.
8.
Тірі организмге тәнқасиеттер:
Тірі организмдерге тән негізгі қасиеттер:
химиялық құрамының біркелкілігі,
зат және энергия алмасуы,құрылымдық
денгейінің ұқсас
болуы,көбею,тұқымқуалаушылық,
өзгергіштік,өсу мен даму, тітіркенгіштік,
дискреттілік (оқшаулану), өзін-өзі
реттеу, ырғақтылық.
9.
Ежелгі грек философы Аристотель(б.з.д. IV ғ.) бит еттен, қандала жануар
шырынынан, шұбалшаң балшықтан
пайда болады деген көзқарасты
ұстанды. Грек философиясының негізін
салушы Фалес органикалық
дүниенің негізін қоршаған
ортадағы әртүрлі заттардан іздеді.
Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді
және судан өздігінен тіршілік пайда
болды деп қорытынды жасады.
10.
Ғалымдар:Тіршіліктің кұпия сырларын білу үшін ағылшын философы
Ф.Бэкон міндетті түрде бақылау, тәжірибе жасап зерттеуді
ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл
түрде қарсы шықты.
Ғалымның
"тәжірибе жасап алынған деректерді талдап салыстыру
керек" деген
көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше
әсер етті.
11.
Ғалымдар:XVII ғасырдың ортасында италиялық
дәрігер Франческо Реди
тәжірибе жасап,"тіршілік өздігінен
пайда болады" деген теорияға қарсы шықты. Ол 1668 жылы
төрт ыдысқа ет салып, оны ашық қойды да, келесі төрт
ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға
шыбын жұмыртқа
салғандықтан,шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен
жабылған ыдыстардан
шыбын шыққан жоқ. Реди осы тажірибесі арқылы
шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын,
яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын делелдеп
берді.
12.
М.М.Тереховский1775 жылы М.М.Тереховский ішінде сорпасы бар
ыдысты қайнатып,оның аузын тығыз етіп жауып
тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы
ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып
кеткендігі байқалды. Ол кезде микроорганизмдер
жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын.
Виталистік
Виталистік (лат. vitalis -тіршілігі бар)
көзқарастағылар аузы жабық ыдысқа
"тіршілік күші" кіре алмағандықтан
тіршілік пайда болмады, сорпаны
қайнатқан кезде "тіршілік күші" өледі
деген қарсы пікірді ұсынды.
13.
ҒалымдарТіршілік ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. ХХ
ғасырдың бас кезінде
швед ғалымы С.Аррениус
“панспермия”тұжырымын қолдады. Ол "тіршілік
ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы
арқылы бір аспан денелерінен
екіншісіне ауысып отырады" деп түсіндірді.
14.
ҒалымдарБұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге
метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде
болды.
"Тіршілік жер бетінде мәңгілік " деген теорияны
1880 жылы
неміс ғалымы В.Прейер ұсынды. Бұл көзқарасты
аса көрнекті орыс ғалымы В.І.Вернадский де
жақтады.
Бұл теория "тірі организмдер мен өлі табиғаттың
арасында ешқандай айырмашылық жоқ" деген
пікірге келіп тіреледі.
15.
Ғалымдар:Э.Пфлюгердің
(1875 ж.) нәруызды заттардың шығу тегін зерттеуінің
маңызы зор.
Ол нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі
екендігіне ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын
материалистік тұрғыдан
түсіндіруге тырысты.
16.
Ғалымдар:Тіршіліктің өз бетінше пайда болмайтынын XIX ғасырдың
ортасында Л.Пастер дәлелдеді. Оны қарапайым тәжірибеде
көрсеткен.
S тәрізді түтікше бекітілген колбаға ет сорпасын құйып
қайнатады. Бірнеше айлар бойы сорпа стерильді
сақталады,себебі ауадағы микроорганизмдер оған түсе
алмайды. Бірақ сорпа бір күні кенеттен тұнық болып кетеді,
себебі түтікшені алып тастағанда ондағы микробтар дереу
ішке кіріп кетеді.
17.
Ғалымдар:Орыс ғалымы А.П.Опарин 1924 жылы және
ағылшын ғалымы
Дж Холдейн 1929 жылы "материя алғашқы
мұхиттың ұзақ уақыт
дамуынан пайда болды" деген гипотеза айтады.
18.
Тіршіліктің қалыптасукезеңдері:
1-кезең: Абиогенді синтез.
С. Милер алғашқы мұхиттың құрамына сәйкес суы бар құты әзірледі. Бұл
құтыдағы суды мезгілімен қыздырып отырды, себебі су буы атмосфераға
барып салқындағанда қайта жаңбыр болып құтыға оралатындай жағдай
жасады. Бір аптадан соң осы жасанды мұхитта ұсақ организмдер пайда
болды. Зерттеп қараса, "алғашқы мұхитта (құтыда)
несепнәр,қышқылдар,ең маңыздысы
аминқышқылдар пайда болғанын байқайды.
19.
Тіршіліктің қалыптасукезеңдері:
2-кезең:
Коацервация процесі - заттардың коацерваттарға жинақталуы.
Ерімейтін майлардың қасиеттеріне
байланысты және молекулалардың әртүрлі заряды есебінен тосқауылдар
қалыптаса түсті. Майлардан тұратын тірі зат мембранасының
қалыптасуы арқасында қоршаған ортадан құрылысы және
энергетикалық
деңгейі бойынша ерекшеленетін болды.
20.
Тіршіліктің қалыптасукезеңдері:
2-кезең:
Коацервация процесі - заттардың коацерваттарға жинақталуы.
Ерімейтін майлардың қасиеттеріне
байланысты және молекулалардың әртүрлі заряды есебінен тосқауылдар
қалыптаса түсті. Майлардан тұратын тірі зат мембранасының
қалыптасуы арқасында қоршаған ортадан құрылысы және
энергетикалық
деңгейі бойынша ерекшеленетін болды.
21.
Тіршіліктің қалыптасукезеңдері:
3-кезең:
Коацерваттар зволюциясы , тіршілік қасиеттерінің көрініс беруікоацерваттар мұхиттағы нәруыз, май, көмірсулармен қоректену
арқылы өседі, белгілі көлемге жеткенде бөлінеді де, тамшыға
айналады.
Оны “хоацерват” тамшылары деп атайды.
22.
Тіршіліктің қалыптасукезеңдері:
4-кезең:
Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы туралы А.Опарин
"табиғатта протобионттардан өте қарапайым бактерияларға дейін
жүріп өткен жолы... амебадан адамға дейін жүріп өткен жолдан тіпті
де кем емес" деген. Бірақ бұл тіршіліктің калыптасуындағы сыры
белгісіз және күрделі кезең. Мұнда жай ғана тіршілік қасиеті емес,
алғашқы нағыз тірі организмдер - прокариотты (ядросыз)
жасушалар пайда болды. Осыдан фотосинтез процесін жүргізуге
бейім цианобактериялар түзіліп, көпжасушалы, гетеротрофты
организмдердің түзілуіне жол ашты.
23.
Тіршіліктің қалыптасукезеңдері:
5-кезең:
Эукариотты көпжасушалылардың пайда болуы. Эндосимбиоз
теориясының нәтижесінде эукариотты (ядролы) жасушалар пайда
болады. Бұдан кейін
пайдаланатын эукариоттардың әртүрлі энергия көзін өсімдіктер мен
жануарларға бөліну процесі басталды.
24.
“ЭВОЛЮЦИЯНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫАНАТОМИЯЛЫҚ,ЭМБРИОЛОГИЯЛЫҚ, ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРІ”
Әйгілі ғалым Э.Жоффруа Сент-Илер қазіргі жануарлармен қазбадан табылған
жануарлардың құрылысындағы айырмашылығын
болуы ішкі және сыртқы табиғи себептерге байланысты организмнің өзгерістерге
ұшырауынан деп түсіндірді. Анатомиялық дәлелдемелер
гомологиялық және аналогиялық
мүшелер болып екіге бөлінеді. Барлық
жабық тұқымды өсімдіктердің
гүлдерінде тостағанша мен күлте
жапырақшаларының және аталығы мен аналығының болуы олардың
генетикалық жақындығын көрсетеді.
01
25.
Гомологиялық,аналогиялық мүшелерҚұрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес
келетін мүшелер “гомологиялық мүшелер” деп
аталады.
Ұқсас қызмет атқаратын бірақ құрылысымен
шығу тегі басқа мүшелер аналогиялық мүшелер
деп аталады
Органикалық дуниенің тарихи дамуының тағы
бір айғағы
- “aтавизм” белгілері , яғни ататегінде бар
белгілердің ұрпағында қайталануы,
мысалы,кейде адамда көп емшектің, құйрықтың
болуы байқалады
26.
Алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э.Геккель және Ф.Мюллержасады,
Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын енгізді.
Онда "Онтогенез дегеніміз-филогенезді қысқаша және толық емес
қайталау" делінген.
Онтогенез - бұл бір дараның туу процесінен тіршілігін жойғанға дейінгі
жеке дамуы. Ал филогенез-бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму
процесі. Тіршілік иелерінің барлығы бір жасушадан бастама алады.
27.
ПалеонтологияЖойылып кеткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін
ғылым саласын “палеонтология” деп атайды.
Қазбадан табылған және эволюциялық жүйелілікте орналасуына
байланысты бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігі болған осы
заманғы жануарлардың ататектері “қанаттылар” деп аталады.
28.
БиогеографияБиогеография-Жер шарындағы тірі организмдердің
және олардың топтарының таралуы мен орналасу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым
саласы,яғни өсімдіктер мен жануарлардың және
олардың бірлестіктерінің Жер шарында таралуы мен
олардың оқшауланып мекендеу
сипатын зерттейтін ғылым.
29.
БиогеографияБиогеографиялық зерттеу
бағыттары бойынша бірнеше салаға ажыратылады:
ареалогиялық биогеография - Жер шарындағы әртүрлі организмдер
түрлерінің таралу аймағын анықтап, олардың сол аймақтардағы
орналасу ерекшеліктерін зерттейді, карталар жасалады;
Аймақтық биогеография организмдердің фауналық және флоралық
аудандастырылуын қарастырады.
30.
Экологиялық биогеографияЭкологиялық биогеография әртүрлі географиялық аймақтағы
организмдер топтарының биоценоздағы рөлін, биологиялық
өнімділігін және биомассаларын анықтайды. Тарихи биогеография
организмдердің
жер бетіндегі таралуын нақты аймақтың геологиялық тарихымен
байланыстырып зерттейді.
31.
Биогеографиялық аймақтар:Ағылшын ғалымы А.Р.Уоллес
6 биогеографиялық аймақты атап көрсетті.
Олар:
1) неоарктикалық; 2) палеоарктикалық;
3) үндімалайзиялық; 4) эфиопиялық; 5) неотропиктік; 6)
аустралиялық
аймақ
Зерттеулерге қарағанда, материктер бір-біріне неғұрлым жақын
орналасса, олардағы өсімдіктер мен жануарларда
туыстық формалардың саны да көп болады.
32.
Сабақ түсінікті болды ма?Сұрақтарыңыз бар ма?