Similar presentations:
Шығыс мұсылман философиясы
1.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіМектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Шығыс мұсылман философиясы
Орындаған: Нагыматдин Ботагөз
Топ: 111/1
Қабылдаған: Туганбаев К.Т
2.
Классикалық кезеңЖОСПАР:
Кейінгі ортағасырлық кезең
Заманауи кезең
3.
Шығыс мұсылман философиясы б.з. VIII-IX ғасырларда исламтеологиясы ретінде қалыптаса бастады, оны ислам
схоластикасы деп те атайды.
Шығыс мұсылман философиясы (араб-мұсылман) негізгі 3
кезеңнен тұрады:
• Классикалық (ортағасырлық) > VIII–XVғ
• Кейінгі ортағасырлық > XVI–XIXғ
• Заманауи (жаңа ғасырлық) > XIX-XXғ
4.
Классикалық кезеңнің 5 мектебі (бағыт) болды. Оларға мыналар жатты:1. Қалам
2. Фальсафа (шығыстық перипатетизм)
3. Суфизм
4. Ишракизм
5. Исмаилизм
Шығыс мұсылман философиясының дереккөздері, оның пайда болуы
мен дамуы екі түпнегізге келіп тіреледі десек болады олар:
• Ислам және құраннан келген ой
• Антикалық философиядан келген ой
5.
Қалам өз кезегінде Құдайдың мәні, оның атрибуттары, құранның пайда болуы менжалғасуы(мәңгілігі), тағдырдың жазылуы мен адам еркі жайлы мәселелерді қарастырумен
айналысты. Қаламның өкілдері мутакаллимдер деп аталады. Олар бірнеше бағытқа бөлінді:
• мутазалиттер (Аль-Киндидің, кейбір деректе Васила ибн Атудың ізбасарлары)
• ашариттер (Аль-Ашаридің ізбасарлары)
• матуридиттер (Аль-Матуридің ізбасарлары)
Аль-Газали, аш-Шахрастан секілді ірі философ-теологтары басында мутакаллимдер болса, кейін
қалам бағытынан алыстап кетті. Қаламның ірі өкілдеріне:
• Аль-Аллаф, ан-Нззам, Абд аль-Джаббар (мутазалиттер)
• Аль-Бакиллани (ашарит)
• Абу́ -ль-Муи́ н ан-Насафи́ , Умар ан-Насафи (матуридиттер)
IX-Xғасырларда қалам 2 бағытқа бөлініп кетті. Ашариттер догмалар мәселесі бойынша сақ болу
керек деп есептесе, мутазалиттер адамның ойлау шарқына көбірек еркіндік беру керек деп
есептеді. Ашариттер Алланың сөзін естуге болады деп есептесе, матуридиттер Алланың сөзін
естуге болмайды деп санады
6.
Каламның мәні ең алдымен құранды рационалистік тұрғыдатүсіндіру әрекеттерінде жатыр. Мутакаллимдер 5 негізгі
философиялық-теологиялық мәселелерді қарастырады:
1. Құдайдың атрибуттары мәселесі.
2. Құранның мәңгілік немесе жаратылған мәселесі.
3. Әлемнің пайда болу мәселесі.
4. Әлемнің атомдық құрылымы мәселесі.
5. Себеп пен табиғат мәселесі.
6. Ерік-жігер мен тағдыр мәселесі
7.
Фальсафа (араб тілінен - философия) - аты айтып тұрғандай антикалық философияныңәсерінен пайда болып тек осы мектептің ғана емес жалпы философияның мәнмағынасын береді. Оның шығыс перипатетизм деп аталу себебі - антикалық
философтар Аристотель мен Платонның ойын зерттеп, оны жан-жақты қарастыруында.
Яғни, перипатетизм деп Аристотельдің ізбасарларын айтамыз
Шығыс перипатетизмнің негізін қалаушы араб философы - Аль-Кинди болса, оны
дамытушы Әл-Фараби болды. Ортағасырлық мұсылман философиясы үшін Аристотель
"бірінші ұстаз" болып саналды және оның еңбектері фальсафа мектебі үшін аса құнды
болды. Ал Әл-Фараби "екінші ұстаз" атағын алды. Антикалық философияға сүйенгенмен,
фальсафа мұсылмандық догмаларды философияның негізі етті.
Фальсафаның ірі өкілдері:
• Аль Кинди, Аль-Фараби, Ибн Сина, Ибн Баджжа, Ибн, Туфейль, Ибн Рушдд
8.
Аль-Киндиметафизика,
логика,
этика,
математика, астрономия, медицина, метеорология,
оптика, музыка туралы 250-ге жуық трактаттар
қалдырған энциклопедист, философ. Оның
философияға деген қызығушылығы Аристотельдің
"метафизикасын", Птоломейдің "географиясын"
және Евклид шығармаларының араб тіліндегі
аудармаларын редакциялау кезінде пайда болды.
Оның "Аристотельдің кітаптары туралы трактат",
"сана туралы", "алғашқы философия туралы", "жан
туралы пайымдау" трактаттары сақталған. Ол
"алғашқы
философияны"
ғылым
ретінде
қарастырып, онымен Алланың жалғыздығын
түсіндіруге болады деп есептеді.
9.
Әл-Фарабифилософ,
ғалым-энциклопедист,
шығыс
перипатетизмінің ең ірі өкілі. Әл-Фарабидің ең танымал жұмысы
- "қайырымды қала тұрғындары туралы трактат" экзотерикалық
еңбегі. Әл-Фарабиден бастап Шығыс перипатетиктері
философияны тек ақиқатқа (теориялық сана) қызмет ету үшін
ғана емес, сонымен қатар, нағыз ғылым ретінде қарастыра
бастады (практикалық сана). Философия мен діннің негізгі
міндеттерін Әл-Фараби азаматтық ғылымның немесе саясаттың
міндеттеріне бағыну тұрғысынан шешуге тырысты. Оның ғылым
классификациясына сәйкес, қоғамдағы дін тек функционалды
мәнге ие болды. Ол Аристотель мен Платонның еңбектерін араб
тіліне аударды, зерттеді. Әл-Фарабидің негізгі трактаттары
мемлекеттің дұрыс құрылуына арналған. Ол Аристотельдің
"мемлекетті жақсы адам басқарса, мемлекет жақсы жұмыс
істейді" деген идеясын мұра етеді. Сондай-ақ, ол мемлекеттің
әл-ауқаты үшін оның тұрғындарының ізгілікке ие болуын
қамтамасыз ету керек деп санайды
10.
Суфизм (ат-тасаввуф-жүн) - шығыс мұсылман философиясындағы мистикалықбағыт. Оның басты негіздеріне аскетизм мен мистицизмді жатқызуға болады.
Суфистердің мақсаты жанын рухани тәрбиеге ұмтылдыру және рухани зұлымдықтан
құтылу болды. Олар Құдайды интуитивті түрде тануға тырысты, Оған аскетикалық
түрде сыйынды. Дүниенің болмысынан алыс болып, тек рухани өмір сүруге
ұмтылды. Ең алғашқы суфис деп Куфадан шыққан Абу Хашимді танимыз.
Суфизмнің ірі өкілдеріне жатқызамыз:
• Аль-Газали, Аль-Бистами, Аль-Халладж, Ибн-Араби
Суфизм жолы 4 кезеңнен тұрады:
1) Шариат (ислам қағидасын ұстану)
2) Тарикат (тыңдау)
3. Марифат (Құдайды тану)
4. Хахикат (ақиқатты толықтай тану)
11.
Аль-Газали - ол ең ірі мұсылман теологтарының,заңгерлерінің және философтарының бірі
болды. Оның ойынша, дінге деген тек соқыр
сенушілік, оның қағидаларын рационалды
орындау дұрыс емес. Догматикалық біліммен
қоса, сенімде жеке тәжірибеден шыққан рухани
негіз болу қажет. Өзінің тұжырымын Газали
суфизімнен табады.
Бірақ, радикалды
сопыларға қарағанда ол "Құдайда жоғалып
кетуге" (исчезновение в Господе) қарсы болды.
Аллаға ұмтыламын деп жүрген адам өзінің
"менін" ұмытып кетпеу керек деп есептеді. АльГазали өзінің еңбектерімен суфизм ілімін
суннизм мен қаламның шеңберінде бекітті
12.
Ишракизм - мистико-философиялық ілім болып табылады. Оныңнегізін қалаушы Шихаб-ад-Дином ас-Сухраварди. Ишрак араб тілінен
түсіну(озарение) деген мағына береді. Сондықтан, ишракизм - түсінік
философиясы ұғымын алады. Ас-Сухравардидің атақты еңбегіне
"Түсіну даналығы" жатқызуға болады.
Ишракизм өзіне перипатетизм, суфизм, интуитивизм бағыттарын
кіргізеді. Сухравардидің ойынша қараңғылық түсінігі жоқ, тек жарық
түсінігі бар. Ал қараңғылық жарықтың жоғалуының көрінісі ғана.
Солайша жарық, яғни нұр - бұл түсініктің мәні
13.
Исмаилизм - шиизмнің екі негізгі бағытының бірі.Шиизм-мұсылман теологиясының бағыты, ислам әлеміндегі діни- философиялық
және әлеуметтік-саяси қозғалыс, оның атауы "шиат Али" (Али партиясы) ұғымынан
шыққан. VII ғасырдың ортасында құрылған діни-саяси топ. Шиизм жоғарғы билік
туралы және Әли мен Мұхаммед отбасындағы рухани мұрагерлік, имамдардың
"құдайлық субстанцияның" тасымалдаушысы ретіндегі мұрагері туралы мистикалық
идеяларды дамытады.
Исмаилизм деп жетінші имам аталған Исмаил имамнан аталып кеткен. Исмаилизм
иерархиялан тұрды. Әр иерархияның өзіндік құпиялары және оған жету жолдары
болды. Бұл бағытта имамды қоғам емес, Алла таңдайды деп есептеді. Иерархияның
ең жоғарғы сатысында Тазалық ағайындары тұрды. Олар философиялық ілім арқылы
ақиқатты жалғаннан ажыратуды үйретуге көмектесті. Исмаилистердің ең ірі өкілін
Аға-Хан деп атады. Бұл өкілеттілік мұрагерлікпен берілетін болды
14.
Кейінгі ортағасырлық мұсылман философиясында ойшылдардың еңбектерімен пікірлері маңызды рөл атқарады.
Ибн Халдун. Оның "Арабтар, парсылар, берберлер және басқа да заманауи
халықтар тарихынан алынған нұсқаулық мысалдар мен мәліметтер кітабы",
Мукаддима" кіріспелері кең тарады.
Мулла Садра. Оның теология, философия бойынша 50-ден астам
шығармалары бар. Оның "Ақыл ойдың 4 саяхаты" мен Ибн Синаның
щығармаларына жазған пікірлері кең тараған
Бұл ірі ойшылдардың кейінгі ортағасырлық философияға қосқан үлестері
көп болды. Әрқайсысының ерекше пікірлері мен теориялары жарық көрді
15.
Заманауи мұсылмандық философия кезеңі "қайта өрлеу" (нахда) кезеңі деп те аталады.Оның проблемалары мен қайшылықтары әлеуметтік-философиялық, жалпы мәдени және
тарихи-философиялық мәселелермен байланысты.
Империяның ыдырау процестерімен бірге араб әлемінде жаңаруға деген құштарлық пайда
болады. 1805 жылы Мұхаммед Әли Египетте билікке келеді, ол елдің тәуелсіз дамуына ықпал
ететін бірқатар реформалар жүргізді. Мәдени қайта құрудың өзегі ағартушылық болды прогреске кедергі келтіретін институттар мен дәстүрлерді жою қозғалысы,
ғылыми білімді тарату, білім беру реформасы үшін қозғалыс, XIX ғасырдың аяғында исламды
реформалау үшін қозғалыстар жүрді.
Осы кезеңдегі философия өзін әдебиет, мәдениет, ғылыммен тікелей байланыстырды.
Заманауи мұсылман философиясының дамуына Рифа ат-Тахтави, Аль-Бустани, Михаил
Нуайме, Ибрагим аль-Язиджи, аль-Афгани, Мухаммад Абдо үлкен үлес қосты
16.
Оқытушыға кері байланыс:Ақпараттарды Фролова мен Шангараевтың кітаптарынан алдым.
Ақпарат орыс тілінде болғандықтан және переводчик дұрыс
аудармағандықтан, біразын өзім аударуыма тура келді, сондықтан
кейбір сөздер тура мағынада болуы мүмкін. Жалпы, барлығын өз
сөзіммен жазуға тырыстым. Тапқан ақпараттарды негіздеп, ең басты
мәліметтерді кіріктірдім. Сөжді жазу барысында мұсылман
философиясы туралы, әсіресе классикалық кезең туралы біраз
білдім десем болады. Барлығын ескеріп, әділ баға қоюыңызды
сұраймын, рахмет!