Similar presentations:
Бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі
1.
Alikhan BokeikhanАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
University
ФАКУЛЬТЕТІ ҚОЛДАНБАЛЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр
түрлі типтегі мектептерде дене тәрбиесі
сабағын жүргізу әдістемесі.
Орындаған: Уалибек Р.А.
Ғылыми жетекші: Темиржанов
2.
Диплом жұмысының мақсаты:Бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі
мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының теориялық-әдіснамалық
және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда негіздеп, эксперименттен
өткізу.
3.
Зерттеу объектісі:Жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларды кәсіби даярлау
үдерісі.
Теориялық және әдіснамалық
негізі:
Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық,
ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы
философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық
теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, кәсіби педагогика,
кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы
отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдары құрайды.
4.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу:Бастауыш, орта, жоғары сынып оқушыларының қарым-қабілетін
дамытуда, балалардың денешынықтыруға деген құлшынысын
арттыруда, талантты балалардың талабын жетілдіруде, дарынын
ашуға денешынықтыру пәнінің мүмкіндігі мол екені белгілі.
Сондықтан да педагогикалық үдеріс кезінде мектеп оқушысының
жеке басының ерекшеліктерін, дене қуаты қасиеттерін жан-жақты
дамытуға, тәрбиелеуге көмектесуі тиіс. Баланың рухани өсуіне,
адамгершілік қасиетінің қалыптасуына, балалар ұжымын ортақ
мақсат, өзара қарым-қатынастық бірыңғай принциптері негізінде
біріктіруге ықпал етуі керек.
5.
• Жалпы білім беретін мектептің бастауыш, орта, жоғарғы және шағынжинақты сыныптарында дене тәрбиесі сабағы барысында
оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын оятып,
белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Мектептердегі дене тәрбиесі сабақтары қимылды үйлестіріп,
шапшаңдық, иілгіштік, төзімділік секілді дене қасиеттерін
жетілдіруге бағытталған.
• Дене тәрбиесіндегі шешілуге тиісті барлық міндеттер үш бағытта
жүргізіледі. Сауықтыру міндеті денсаулықты арттыруға, денені
жетілдіруге, адам организімін бір қалыпты дамытуға бағытталған. Бұл
міндеттің негізгі көрсеткіші – баланың денсаулығын жақсартып,
қалыптастыру және денені дамыту.
6.
Ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелікқұндылығы:
Мектептерде денешынықтыру сабақтарының жүргізілуіне осы
саладағы мамандардын кәсіби даярлау жүйесін теориялықәдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда дамыту, әр түрлі
типтегі мектептердегі сабақтың дұрыс жүргізілуі болашақ
маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
7.
Жаңа тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуда мектептің алатын орны –ерекше. Оныңқызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес мектептің дамуы
көптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек.
Заман талабына сай мектептің алдына қойған мақсаттың ең маңыздысы –
қоғамға қажетті білімді оқушыларды тәрбиелеп оқыту.
8.
Қорытынды:Мен осы дипломдық жұмысты аяқтай отырып, мынадай қорытындыға келдім.
Бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене
тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесін, сыныптардағы балалардың дене шынықтыруы
және дене қимылдарының түрлері, оларды үйрету жолдары жайлы сөз етілді. Дене
шынықтыру оқушылардың ағзасының жұмысына жағымды әсер етеді және ақыл-ой
қызметін жақсартады, денсаулықты нығайтуға жәрдемдеседі. Баланы жастайынан
спорт түрлері арқылы шынықтыру бала денсаулығына тиімді әсерін тигізеді.
Баланың организмін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оқушылар денесінің
дұрыс дамуы денсаулығының нығайуы жұмыс қабілетінің артуы дене тәрбиесінің
бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру арқылы пайда болады.
Оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене
тәрбиесін күнделікті ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін яғни еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт
ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Күнделікті өмірге қажетті дағды және
іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады.