Similar presentations:
Әлия Молдағұлова
1. Әлия Молдағұлова
(1924-1944)2.
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы(шын есімі Ілия)
Қаһарман қазақ қызы,
Кеңес Одағының Батыры
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы,
Қобда ауданының Бұлақ ауылында
Сарқұлов Нұрмұхаммед және
Молдағұлова Маржанның отбасында
дүниеге келген.
3.
Бала кезінде анасынан айырылып (1933ж.), кейіннен Алматыда ағасының
қолында тұрған
1938 жылы Академияны Ленинградқа
көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы
осы қалаға көшіп барды.
Отбасындағы материалдық
қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі
бойынша Ленинградтағы №46 мектепинтернатқа орналастырылды. Мектеп
тәрбиеленушілері № 140 мектепте
оқыды.
4.
Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия
Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке
жіберіледі.
Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур
Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия
Молдағұлованың да суреті енгізілген.
Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав
облысының Вятское селосына эвакуацияланған.
Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен
Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп
ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері)
майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
5.
Жаратылысы нәзік гүлдей әйелзаты болса да, кез келген ер
азаматтың қолынан келе бермейтін
ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік
бойынан табылған Әлия апамыздың
есімі қазақ халқы үшін қашанда
мәртебелі.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға
аттанып, мергендер мектебін үздік
бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін
оның алғы шептегі атыс-шабыс
алаңында білім-білігін іс жүзінде
көрсетуіне рұқсат етпеді.
Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды,
жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.
Бір хатында ол өз құрбылары мен
достары үшін фашистерден кек
алуды қалайтынын жазады.
6.
1943 ж. Снайперлер дайындауорталық әйелдер мектебін
аяқтайды.
1943 ж. бастап 54-ші арнайы
атқыштар бригадасы
4-батальонының снайпері
болған (22-ші әскер, 2-ші
Балтық жағалауы фронты).
Жау әскерінің 30-дан аса
сарбаздары мен офицерлерінің
көзін жойған
7.
Халық есінде. Әлияның өміріқысқа да, ерлікке толы. Оның
бейнесі халық есінде мәңгі
сақталады.
o Ақындар жырын арнаса,
сазгерлер әнін жазды, қыл
қалам шеберлері Әлия
бейнесін жасады.
Ақтөбе
Астана
Алматы
Мәскеу
Санкт-Петербор
Новосокольники қалаларында
ескерткіштер орнатылған.
o
8.
Новосокольники қаласында-авторы М.Айнеков
Ақтөбеде Мемориалды кешен
-авторы Б.Әбішев,
Әліпбайсай ауылы–Б.Әбішев,
Мемориалдық кешен
"Әлия-Мәншүк"Алматыда
Мәскеуде ескерткіш
- Б.Әбішев,
Мемориалдық музейдегі бюсті
- О.Шанов.
Ақтөбе – Л.Рапутов,
Е.Штамм
9.
1944 ж. 14 қаңтардаНовосокольники темір жол
стансасы маңында болған
ұрыста Молдағұлова
жауынгерлерді шешуші
шайқасқа бастап, отаны үшін,
елі үшін қаһармандықпен қаза
тапты.
Новосокольники ауданының
Монакова ауылында
жерленген.
Әлия Нұрмұхамбетқызы
Молдағұловаға 1944 ж. 4
маусымда Кеңес Одағы
Батыры атағы берілді
Ленин орденімен
марапатталды