Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Өскемен қаласының білім бөлімі ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»
Жобаның өзектілігі
Зерттеу жұмысының мақсаты
Энергияны үнемдеуден бір айда үнемделген ақша елеулі көп болмаса да, бір жылда үнемделетін ақшаны басқа қажеттілікке жұмсауға
Зерттеудің жаңалығы:
Зерттеудің міндеттері
Электр энергиясын үнемдеудің тиімді жолдары:  
Энергия үнемдеудің ең қарапайым жолы — күнделікті қолданып жүрген қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш түріне ауыстыру.
Зерттеулер нәтижесі:
Энергия үнемдегіш шамдардың кемшілігі
Электр энергиясын үнемдеу тиімділігін есептеу
Энергия үнемдегіш шамдарды өз пәтерімде жаппай қолдану қандай үнем береді?
Энергия үнемдегіш шамдарды өз пәтерімде жаппай қолдану қандай үнем береді?
Зерттеу барысында жасалған іс шаралар:
Есептеулер қорытындысы:
Қорытынды
Назарларыңызға рахмет!
5.09M
Category: economicseconomics

Өз пәтеріңде электр энергиясын үнемдеу жолдары

1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Өскемен қаласының білім бөлімі ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

КММ
Орындаған: Советханова Жансая
7 «а» сынып оқушысы
Жетекшісі: Иляшова Назгуль
Токтарбековна физика пәні мұғалімі

2. Жобаның өзектілігі

Энергия ресурстарының құны күн санап артып келе
жатқан заманда оны үнемді жұмсауға төселу
керектігі айтпаса да түсінікті.
Энергия ресурстарын үнемдеп,табиғатымыздың
сақталуына үлес қосу үшін аса күрделі техника мен
ұзақ уақыттың қажеті жоқ. Тек әркім өзінің әдеттері
мен дағдыларына есеп бере қараса, энергияны
үнемдеудің бірнеше әдіс-тәсілін көруге болады.
Мамандардың айтуынша, энергияны тиімді
пайдалана білсек, тұтынып жүрген энергияның
40 %-ын үнемдеуге болады.

3. Зерттеу жұмысының мақсаты

Энергияны
үнемдеудің
қарапайым
жолдарын
пайдалану арқылы
отбасы бюджетін
көтеру

4. Энергияны үнемдеуден бір айда үнемделген ақша елеулі көп болмаса да, бір жылда үнемделетін ақшаны басқа қажеттілікке жұмсауға

Зерттеудің болжамы:

5. Зерттеудің жаңалығы:

Зерттеу жұмысы соңында «Үйде
электр энергиясын үнемдеудің
қарапайым жолдары» атты
жадынама шығару, насихаттау.

6. Зерттеудің міндеттері

Тақырып бойынша мәлімет жинақтау.
Отбасымызда энергияны үнемдеу жолдарын іске асыру
Энергияүнемдегіш шамдарын қолданыстағы шамдармен
салыстыра зерттеу.
Жарықтандыру жүйесінде қолдану тиімділігі мен
кемшіліктерін анықтау
Электр энергиясын үнемдеу тиімділігін есептеу

7.

Ұялы телефонның, фотоаппараттың, плеердің, ноутбуктың және т.с.с.
арналған зарядтаушы құрылғыны розеткаға қосылған күйінде бос
қалдырмаңыз. Мұнда зарядтаушы құрылғы электр энергиясын тұтынады,
бірақ электр энергиясы зарядтауға емес, аппараттың қызып тұруына
жұмсалады. Шартты түрде ток көзіне сұғулы күйінде қалдырылған сондай 4
құрылғы жылына 300/400 кВт/сағ энергия шығындайды
Қондырғыларды ток көзіне қосулы
қалдырмаңыздар!!!

8.

Өз қаражатыңызды басқарып, үнемі
тексеріп отырамын деп шешсеңіз, сізге
барынша үнемшілдікке үйрену керек
болады. Үнемдеуді ең алдымен, үйіңізден
бастаңыз. Себебі, үйіңізде сіздің отбасылық
бюджетіңізді «жұтатын» құрылғылар өте
көп. Ай сайын электр қуатына кеткен
ақшаны төлеген кезде қымбатқа шығып
кететін болса, біздің қарапайым
кеңестерімізге құлақ түріңіз

9. Электр энергиясын үнемдеудің тиімді жолдары:  

Электр энергиясын үнемдеудің тиімді жолдары:
«А» класындағы
құрылғыларды
көбірек сатып алу
Энергияны үнемдейтін шамдарды
пайдалану
Кез келген тұрмыстық
техниканы дұрыс
қолдануды үйрену
Электр шамдарын,
терезе әйнектерін
сүртіп тұру
Электр құрылғыларын
өшіріп жүру

10. Энергия үнемдеудің ең қарапайым жолы — күнделікті қолданып жүрген қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш түріне ауыстыру.

Люминесцентті шамдар әдеттегі жарық көздеріне
қарағанда электр энергиясын 5 есеге дейін аз
тұтынады. Есесіне 8 есе көп жарық береді..
Пайдалану мерзімі де ұзақ, 8000 сағатқа дейін
жетеді
Энергия көзін 80 пайызға дейін үнемдей алады
Экономикалық жағынан тиімді (қарапайым халық
үшін бағасы қолжетімді)

11. Зерттеулер нәтижесі:

Шам түрлері
қуаты
Вт
Қыздыру
шамы
Люминесц
ентті
жарық ағыны
Лм
бағасы
теңге
қызмет ету
уақыты
сағат
100
1100
100
1000
20
1100
600
8000

12. Энергия үнемдегіш шамдардың кемшілігі

Әр шамның құрамында ұнтақ немесе бу түрінде 3-5 мг
аралығында сынап болады яғни, мұндай лампалардың
кез келген түрі сынатын болса адам өміріне қауіп
төндіреді.
Буына уланған жағдайда адамның бауыры, бүйрегі,
жүйке жүйесі сондай-ақ, ас қорыту жүйесі зақымданады
Қаламызда осындай өнімдердің қалдықтарын салатын
арнайы контейнерлердің болмауы

13. Электр энергиясын үнемдеу тиімділігін есептеу

14. Энергия үнемдегіш шамдарды өз пәтерімде жаппай қолдану қандай үнем береді?

W=(N1·P1·t1+N2·P2·t2 )·n
Энергия тұтыну қуаты, Р(Вт)
Қыздыру шамы
Энергияүнемдеуіш
шам
100Вт
60 Вт
20Вт
11 Вт
Шам саны (N)
4
2
4
2
Бір күнде жану уақыты (сағ)
5
10
5
10
Бір айда жану уақыты (сағ)
150
300
150
300
Жұмсалған энергия (W, кВтсағ)
Үнемделген энергия
Тариф, В тг
1кВт·сағ =12 тг
96 кВт·сағ
18,6 кВт·сағ
77,4 кВт·сағ
В(1 ай) = 77,4·12тг =930 тг
В(12 ай)=930тг·12= 11 160 тг
В(5 жыл) = 11 160·5= 55 800 тг
~ В(5 жыл) = 55 800тг-3400тг( шам
шығыны) = 52 400 тг

15. Энергия үнемдегіш шамдарды өз пәтерімде жаппай қолдану қандай үнем береді?

16.

17. Зерттеу барысында жасалған іс шаралар:

Жобамның мақсатына жету үшін зерттеу жұмыстарын 12.01.2017
жылдан бастадым. Себебі осы күні электресептеуіш көрсеткіші
жазылынып алынды.
1.
12.01.2017-10.02.2017ж.- электр энергиясына үнемдеу
жүргізілмеген кезең. Энергия шығынына төленген ақша 4856 тг.
2.
10.02.2017ж. Төрт бөлменің 100 Вт-тық шамдары 20 Вт-тық және
екі бөлмедегі 60 Вт-тық шамдар11 Вт-тық люминесценті
шамдарға алмастырылды.
3.
10.02.2017-13.03.2017ж.- электр энергиясына үнемдеу жүргізген
кезең. Энергия шығынына төленген ақша 3688 тг.
4.
Электр үнемдегіш шамдарға шыққан қаржы шығыны:
4шам(20 Вт)*600тг=2400 тг, 2шам(11 Вт)*500тг=1000 тг
2400тг+1000тг=3400 тг-ні құрады.

18. Есептеулер қорытындысы:

Электр үнемдегіш шамдарға жұмсалған қаржының шығыны (3400 тг)төрт айда өтеледі
(930*4=3720 тг)
Энергияны үнемдеудің қарапайым жолдарын үнемі ұстансақ, бір айдағы үнемделетін ақша
(4856 тг-3688 тг) шамамен 1100 теңге көлемінде болды. Ал бір жылдағы үнемделетін
ақша:12*1100тг= 13 200 тг
Егер электр үнемдегіш шамдар бес жыл жұмыс істеуге шыдас берсе – бес жылда
үнемделетін ақша 60 000 – 65 000 теңгені құрайды
Әрине, бұл бір отбасының бюджетіндегі үнемделген қаражат құны. Сонымен қатар осы
есептеулерді ~ 4,5 млн отбасы бар мемлекетіміз үшін қолдансақ, энергияны үнемдеуге көшу
нәтижесінде бір жылда үнемделген қаржы ~(13200тг*4,5 млн) ~ 59 млрд теңгені құрар еді !!!
Егер мәселеге тереңірек үңілсек, әрине бұл арада, басты мақсат тек қаржы үнемдеуде емес,
көлемді энергия талап етпейтін жаңа техналогияларға және оның негізіндегі жаңа
энергияүнемдегіш құралдарға жаппай көшу болып табылмақ. Ал, босаған миллиардтаған
кВтсағ электр энергиясы жаңа мүмкіншіліктерге арналуы тиіс деп ойлаймын.

19. Қорытынды

Осы жобамен жұмыс жасамас бұрын, мен өз отбасымның бюджетін
көтеруде қандай үлес қоса алатыным туралы білмедім де! Осы жобаның
мақсатына жету үшін жүргізілген іс шаралар, жасалған болжамдардың
орындалғанына дәлел болды.
Энергияны үнемдеудің қарапайым жолдарын пайдаланып ақ өз
отбасымызға, мемлекетімізге сондай ақ жалпы жер шарына кішкентай
болса да үлесімізді қоса алатынымызды түсіндім.
Теңге тиыннан құралады. Бір қарағанда пайдасыз іс көрінгенімен,
үнемдеуді бүгіннен бастасаңыз, қаражатыңыздың берекелі жаратылып
жатқанын көп ұзамай сезінесіз. Қымбаттағанға қамықпай, әр істің
пайдалы жағын іздеуді әдетке айналдырыңыз!
English     Русский Rules