2.67M
Category: medicinemedicine

Тері талдағыштары

1.

Тері талдағыштары
Мәліметті кабылдап, орталық жүйке
жүйесіне жіберіп тұрады, көбісі Меркель
табақшалары болып саналады, саусақ
терісінде өте коп.
Пачини денешіктері кысым мен дірілдеу
әсерін қабылдайды. Олар терінің жүйке
талшыктарының жалаңқай ұштарында,
сіңірде, шажырқайда болады.
Мейснер денешіктері алаканда, табанда,
ерінде, емшекте және жыныс мүшелерінің
сыртында көбірек кездеседі.

2.

жанасу қабылдағыштары 500000
жылуды сезу қабылдағыштары 30000
суықты сезу қабылдағыштары 250000
Температура қабылдағыштары
арнамалы және бейарнамалы
болып екі топка бөлінеді.
Біріншісі
температуралық
тітіркендіргіштің әсерін ғана
сезеді. Екіншісі сонымен орай
жанасу әсерін де кабылдайды.
Қатпарлы денешік 40-1000 Гц аралығындағы тербелісті қабылдай алады. Адамнын терісінің
бетіндегі кеңістікті ажырату немесе қатар жатқан екі нүктесіне жанасуды бөлек сезуі әркелкі.
Тілдің шырышты кабығында кеністікті ажырату шегі 0,5 мм-ге тен, ал арқа терісінде 60 мм.

3.

Жылу қабылдағыштары 20-50°С арасындағы, ал
суықты сезу қабылдағыштары -10-41°С арасындағы
әсерді сезеді.
Температуралық
қабылдағыштарды
электрофизиологиялық және қазіргі танда лазер
аспабымен
тәжірибе
жұмысын
жүргізуді
қарастырып жатыр.
П.К. Анохиннің айтуынша ағзаның нактылы және деректік ауыткулар тудыратын әсері
күшті, зиянды тітіркендіргіштерге карсы пайда болатын психофизиологиялык күйі.
Руффини денешіктері жылылықты сезеді және олар терінің 0,63 мм қабатында жатады. Ал
сауытша тәрізді Краузе қабылдағыштары суықты қабылдауға бейімделген және олар терінің 0,1 мм
қабатында орналасқан. Демек, терінің үстіңгі қабаты жылыны, ал астыңғы қабаты суықты сезеді

4.

Аралық
мидың
гипоталамус
бөлімінде
температуралык
кабылдағыштар кандағы температуралық өзгерістерін кабылдап,
мидың торлы құрылымына, одан әрі таламустын, өткізу жолдарымен
үлкен ми сыңарларының қыртысына жеткізеді.
Дене ауырсынуын себептеріне қарай үш топка
жіктейді:
1) сырткы әсерлерден туатын ауырсыну;
2) жүйкеде туатын ауырсыну;
3) ішкі мүшелерде туатын ауырсыну.
Ауырсыну қандай және қай жерде пайда болады?
1) Ауырсыну жалаңкай нерв үштарында пайда болады,
өйткені олардын сезімталдығы өте жогары;
2) Ауырсыну сезімі тітіркендіргіштің әсері мөлшерден
тыс артық және ұзак болса, А және С нерв талшықтары
өте тез қозып, әсерленуді тым жоғары көтеріп жібереді

5.

Орналасуына байланысты, тітіркену және сезу нейрондарының түрлеріне қарай ауырсыну
қабылдағыштары бірнеше түрге бөлінеді: жергілікті, қатты ауыртатын және сыздайтын,
шашыраңқы ауырсыну қабылдағыштарын ажыратуға болады.
Ауырсынудың
арнайы
кағидасы бойынша оның
өзіндік
қабылдағыштары,
өткізгіш\жолдары,
талдау
жасайтын
орталықтары
болатындығы анықталды.
Келесі кағидада әрбір райлы тітіркену калыптан артық болғанда ауырсыну байкалады. Өте күшті
жоғары, қатты дыбыс немесе қысым ауырсыну түйсігін тудырады.
Күшті тітіркендіргіштер
қабылдағыштардың барлык түрін белсендіреді. Сөйтіп жүлын мен ми бағанасында афферентгік тасқын
импульстер жинақталады. Алайда бұл кағида мамаданған қабылдағыштардың болатынын ескермейді.

6.

Қозу толқыны қабылдағыштардан екі сезімтал талшықтар арқылы өрістейді: А-дельта және Сталшыктары. А-дельта талшықтарының жуандығы 1-6 мкм, өткізу жылдамдығы 5-50 м/сек, миелинмен
қапталған. Бұлардың қабылдау аумағы терінің 8 мм2 аумағын алып жататын 3-20 нүктеден тұрады. Бұл
талшықтар біррайлы және көпрайлы
ноциоцепторлармен (ауру сезгіш) байланысты. Механикалык
қабылдағыш 1 мм2 — ге 40 г-нан аса қысым түскенде, температуралық қабылдағыш +45°С-дан жоғары, 15°С—дан төмендеген жағдайда қозады.

7.

Ауырсыну орталық жүйке жүйесінің әр бөлімінде
сезіледі. Жүрек ауырғанда сол қолға, жауырынға беріледі.
Аппендицит (соқыр ішектін қабынуы) кезінде ауырсыну
жұлынның 11-12 кеуде сегменттеріне беріледі. Өкпе
қабынғанда 2-5 кеуде сегменттеріне, асказан ауырғанда 7-9,
бауырда — 8-10 кеуде сегменттерінде ауырсыну сезіледі
Орталық мидың сұр заты мен сопақша мидың тегіс
ядролары
тітіркендіргіш
әсер
еткенде
көруді
женілдетеді
де,
ауырсынуды
басады.
Бұл
құрылымдардың
нейрондарында
ауруды
басатын
эндорфин мен серотонин, норадреналиндер түзіледі.
Ауырсыну сезімінін өткізгіш жолдарына жұлынталамус, жұлынторлы құрылым, жұлын-орталық ми жүйелерінің жолдары жатады
және проприорецепторлық жүйе кіреді. Бұл жолдар аркылы үдемелі
ауырсыну мәліметтері мидың орталық құрылымдары — жұлын,
торлы құрылым, орталык сұр зат, орталык ми, таламус, гипоталамус,
лимбия жүйесі, ми кыртысынын әртүрлі аймактарына барып, сол
құрылымдарда өнделеді.

8.

Адам ауырғанда ішкі мүшелерден берілетін ауырсыну
сезімінін аймактары
Мүшелер
Жұлын сегменттері
Өкпе
1-7, әсіресе кеуде сегменттері
Жүрек
3-5 мойын, көбінесе 1-8 кеуде, сол жагы
Жұтқыншақ
5-8 сегменттері
Сүт безі
4-5 сегменттері
Асқазан
7-9 сегменттері, екі жағы да
Ішек
9-12 сегменттері, екі жағы да не сол жагы
Бауыр
8-10 сегменттері, сол жагы
Өт қабы
Көбіне 8,9, кейде 5-7 сегментгерінің тұсы
Бүйрек
Көбіне 10, кейде 11,12 кеуде, 1 бел сегменті
Несеп жолы
11.12 кеуде, 1 бел омыртка сегментгері
Қуық
11.12 кеуде, 1 бел,3,4 сегізкөз сегменттері
Жыныс мүшелері
10-12 кеуде, 1 бел омыртка, 1-5 сегізкөз
English     Русский Rules