Қолхат
ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін
Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік  қатынастарда жиі қол
Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: — құжаттың аты; — қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); — қо
Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қолхат – анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз
Іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша алғанын растайтын құжат түрі. Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі қажет жағдайда аты- жөні алған
Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Мәтінде түзетулер, өшірулер болса құжат күшін жояды. Мәтінмен қойыл
Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады. Кейде қолхатта қатысушы куәлар көрсетіледі. Б
Сөздік: қолхат - расписка    азамат - гражданин      мерзім - срок      кепілақы - задаток    қарыз - долг ақша - деньги     уәде - обещание  
Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопе
Қолхат Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-
Қолхат Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алды
2.56M
Category: lawlaw

Қолхат — белгілі бір құндылықтардың

1. Қолхат

Тапаева Алмагуль

2. ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін

ҚОЛХАТ — белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,
ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір
мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық
қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі.

3. Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік  қатынастарда жиі қол

Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша
пайдалану жағдайында рәсімделеді.
Сондықтан қолхат негізінен
мекемеішілік қатынастарда жиі
қолданылады.

4. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: — құжаттың аты; — қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); — қо

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
— құжаттың аты;
— қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі);
— қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі);
— алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен
де, жазбаша да көрсетіледі);
— қайтарылатын нақты уақыты;
— қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
— қолхат жазылған күн;
— тараптардың қолы;
— мекеме мөрі.

5. Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қолхат – анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз

Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс
жүргізу құқығында қолхат –
анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз
тұрақты не уақытша тұратын жерінен кетпеу, сотта істі
тергеуге және қарауға кедергі келтірмеу, белгіленген
мерзімде қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы
бойынша келу жөнінде сезіктінің, айыпталушының немесе
оған кепілдік берген басқа адамдардың
жазбаша міндеттемесі.

6. Іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша алғанын растайтын құжат түрі. Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі қажет жағдайда аты- жөні алған

Іске асқан бір фактіні, мысалы, ақша алғанын растайтын
құжат түрі. Құжат мәтінінде қолхат берушінің қызметі қажет
жағдайда аты- жөні алған ақшаның мөлшері немесе басқа
құнды дүниенің атауы ақшаны не құнды дүниені кімнен
алғаны аты –жөні толық көрсетіледі.

7. Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын сөзбен жазылып көрсетіледі. Мәтінде түзетулер, өшірулер болса құжат күшін жояды. Мәтінмен қойыл

Қолхатта ақша көлемі алдымен санмен сосын
сөзбен жазылып көрсетіледі. Мәтінде түзетулер,
өшірулер болса құжат күшін жояды. Мәтінмен
қойылған қолдың арасындағы бос келістік
сызықпен толтырылады.

8. Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады. Кейде қолхатта қатысушы куәлар көрсетіледі. Б

Қолхат бір дана түрінде толтырылады және ақша
түріндегі құжатпен бірдей дәрежеде сақталады.
Кейде қолхатта қатысушы куәлар көрсетіледі. Бұл
жағдайда куәгер қолхатқа өз қолдарын қойып
растайды. Ақшаны немесе құнды дүниені
қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

9. Сөздік: қолхат - расписка    азамат - гражданин      мерзім - срок      кепілақы - задаток    қарыз - долг ақша - деньги     уәде - обещание  

Сөздік:
қолхат - расписка
азамат - гражданин
мерзім - срок
кепілақы - задаток
қарыз - долг
ақша - деньги
уәде - обещание
қайтарып беру - вернуть,возвращать
алу - брать
кабылдап алу - принять
уақытында - вовремя
кепіл ақы - задаток

10. Қолхат Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопе

Қолхат
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік
Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан
уақытша пайдалану ушін «Қазақстан»
энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты
бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке
куәлік нөмірі ...
15 ақпан ,2003ж. (қолы)

11. Қолхат Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-

Қолхат
Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы
Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке
басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы
қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман
Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі
берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым.
2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа
сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін
алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз
көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы
Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жыл (қолы)

12. Қолхат Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алды

Қолхат
Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан
Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызбагеометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге)
алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып
беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.
24.03.03 колы
Х.Б.Ержанның қолын растаймын.
English     Русский Rules