76.57K
Category: financefinance

ҚР Салық құқығы. Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және рөлі

1.

ҚР Салық құқығы

2.

Тақырып 1. Қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы
және рөлі
Салықтардың туындауы мен қолданыста болуының қоғамдықэкономикалық және саяси себептері.
Салықтардын мемлекет өміріндегі алғашқы көріністері.Ежелгі мемлекеттердегі
салықтардың мемлекет өміріндегі рөлі. Қазақстан Республикасының
территориясында салық салынудың даму кезеңдері: ежелгі заман кезені, Ш-V
ғасырлардағы салық салыну; V1-Х11 ғасырлардағы салық салыну; Х11-ХV
ғасырлардағы салық салыну; ХV-ХVШ ғаысрлардағы салық салыну;
Қазақстанның салық салынуына Ресей құрамына кірудін әсері; 1822 ден бастап
ХХ ғасырдын басындағы салық салыну. 1917 жылдан бастап 1930 жылға
дейінгі салық салынудың ерекшелігі; 1930 жылдардан бастап 1985 жылдардағы
салық салыну; 1985 тен 1995 жылға дейінгі салық салыну; 1995 жылдан қазіргі
уақытқа дейінгі салық салынудың дамуы.
Салық түсінігі, белгілері және функциялары
Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңыздысы, басты
түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс
деп, мемлекет қарамағына әр түрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның
өзіне тән міндеттерін шешуге, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыруға
пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік
кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.

3.

Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында, мемлекеттін жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік актінің
негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде, уақытта заңды және жеке
тұлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке
алынатын ақшалай төлемдер.
Салықтардың негізгі үш функциясы анықталады. Олар: фискалдык, қайта бөлу
және реттеуші функциялар.
Салық жүйесінің түсінігі және оның қағидалары
Салық жүйесі дегеніміз – мемлекет тарапынан алынатын барлық салықтар мен
басқа да міндетті төлемдердің, олардың құрылымы мен есептеу әдістерінің,
салық салу саласындағы өкілетті органдар жүйесі мен олардың
өкілеттіліктерінің, салық қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін
қағидалар ҚР Салық Кодексінің 4-9 баптарында бекітілген.
Салық қаржылық құқытық категория ретінде өзіндік сипатқа ие. Оларға 1)
заңшығармашылық билікпен бекітіледі; 2) нұсқаманың біржақтылығы; 3)
мемлекеттің қарама-қарсы міндеттемесін тудыртпайтын міндетті түрдегі төлем;
4) белгілі көлемде бекітілуі; 5) қайтарылмайтын негізде жиналады; 6) салықтар
тек бюджетке келіп түседі; 7) төлем тек ақшалай түрде төленеді; 8) мақсаттық
сипатқа ие емес

4.

Қазақстан Республикасындағы салықтардын топтастырылуы.
Салық - мемлекеттің нарықтық экономикаға әсер ете алатын экономикалық
тұтқалардың біреуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында кезкелген мемлекет нарықтың жағымсыз құбылыстарына әсер ететін реттеуші
ретінде салық саясатын кең пайдаланады. Салықтар, салық жүйесі сияқты
нарық жағдайында экономиканы басқарудың мықты құралы болып табылады.
ҚР Салық Кодексіне сай бюджетке төленетін төлемдер келесі түрлерге
бөлінеді:
салықтар;
баж;
алымдар;
төлемдер

5.

Салықтар мен басқада төлемдер мен алымдардын бір-бірінен
ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер Салық құқығы пәні бойынша
оқулықтарда көрсетіледі.
Салықтар өздеріні жиналу тәртібіне байланысты: тікелей және
жанама болып топтастырылады. Бюджет денгейлеріне байланысты
республикалық және жергілікті, бюджеттік реттеуге байланысты
бекітілген және реттеуші, төлеу тәртібіне байланысты ақшалай
және натуралды, субъектілеріне байланысты жеке тұлғалардан
және заңды тұлғалардан алынатын салықтар болып
топтастырылады.
ҚР Салық Кодексінің 189 бабында келесі салықтар бекітілген:
корпоративтік табыс салығы;
жеке табыс салығы;
қосылған құн салығы;
акциздер;
экспортқа рента салығы;
жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен
салықтары;
әлеуметтік салық;
көлік құралы салығы;
жер салығы;
мүлік салығы;
ойын бизнесі салығы;

6.

2) бюджетке төленетін төлемдер:
мемлекеттік баж;
алымдар;
мыналар:
жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған
лицензияларды пайдаланғаны;
жер учаскелерін пайдаланғаны;
жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны;
қоршаған ортаға теріс әсер еткені;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны;
орманды пайдаланғаны;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны;
радиожиілікті спектрді пайдаланғаны;
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон
байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны;
цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.

7.

2 Тақырып. Салықтық заң құрамының элементтері
1. Салық құрылымы.
Салық ── өзіне тән элементтерден тұратын, белгілі бір ішкі құрамы бар күрделі
құралым.
Салық элементтеріне келесі элементтер жатады:
1. Салықтың құқықтық негізі.
2. Салық субьектісі
3. Салық обьектісі
4. салық нормасы
5. Салықты төлеу тәртібі
6. Салық бойынша жеңілдіктер
Әр салықтың өзінің көрсетілген элементтер кешені болады. Егер осы элементтердің
бірі анықталмаған болса, салықты бекітілген деп айтуға болмайды.
2. Салықтың құқықтық негіздері
Жоғарыда айтылғандай салық тек құқықтық нысанда ғана болады. Салықтың
заңдық негізі ретінде осы салық бекітілген құқықтық акт табылады. Өзінің заңдық
қасиеті бойынша бұл құқықтық акт нормативтік актілер қатарына жатады.
Нормативтік актінің шығуы нақты салық төлеушінің мемлекет арасында салықтық
міндет тудырады.
Салықтық міндет ── бұл салықта бекіткен нормативтік актіде көрсетілген
мөлшерде, мерзімде салық төлеушінің мемлекеттен ақша сомасын беру міндеті.
Салықтық міндеттің туындауының негізіне жататын заңдық фактінің бірі ретінде
салық салудың обьектісі де жатады. Салық салу обьектісінің болмауы салықтық
міндеттің тоқтауына әкеледі.
Қазақстандағы салықтардың құқықтық негізі болып Салық кодексі жатады.

8.

3. Салық субьектісі
Салық субьектісі ── белгілі мөлшерде; тәртіпте және мерзімде салық сомасын
төлеуге заңдық міндеті бар тұлға.
Салық субьектілері заңды және жеке тұлға деп бөлінеді. ҚР-ның заңына сәйкес
заңдық тұлға болып өзінің жеке меншік мүлкі бар шаруашылықты жүргізу немесе
жедел басқаратын, осы мүлкімен жауап беретін, өзінің атынан мүлікті және мүлікті
емес құқығын жүзеге асыратын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым
болып табылады.
Салық заңына сәйкес Қазақстанда салық төлейтін жеке тұлғаларға ҚР-ның
азаматтары және шетел азаматтары жатады.
Қазақстанның азаматы өзінің азаматтығына сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие
болады. Яғни заңмен қарастырылған салықтық міндеттемені жүктейді. Шетел
азаматтары да егер Конституцияда немесе халықаралық келісім шарттарда өзгеше
көрсетілмесе осы міндетті орындайды.
Қ.Р салық заңдылығында кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар да салық
төлеушілер қатарына жатады.
Жеке кәсіпкерлік дегеніміз ── азаматтардың заңды тұлға құрмай өз меншігіне
негізделіп, (қызмет пен жұмыс) тауарды өткізу арқылы пайда табуға бағытталған
бастамашылық қызметі. Бұлар өздерінің тапқан пайдасына қарай белгілі бір
мөлшердегі табыс салығын төлейді.
Салықты төлеуші салық субьектісінің өкілі ретінде төлей алады.
Салық өкілі─ бұл субьектінің атынан салық төлейтін тұлға. Бұған белгілі бір жасқа
толмаған балалардың тапқан табысынан салықты ата-анасы өкіл ретінде төлейді.
Салық агенті ── бұл салық заңына сәйкес мемлекет атынан субьектіден салық
алуды жүзеге асыруға құқылы және міндетті тұлға.
Салық агенті табыс салығын кірісті беру көзінен ұстап, бюджетке аударады.

9.

4. Салық обьектісі
Салық әркезде, әр нәрседен алынуы мүмкін. Мысалға:
── базардағы тауардан, өндіріс факторынан;
── сатушыдан немесе алушыдан;
── үй шаруашылығынан немесе компаниядан;
── кіріс көзінен;
Басқаша айтсақ, салық обьектісі әртүрлі болуы мүмкін: кіріс, мүлік, әшекей
заттары, тауарды сатып алу немесе сату, бойдақ жүру, сақал, үй түтінінен,
қарапайым адамның өзі.
Салық обьектісі дегеніміз ол салықтық міндеттемені тудыратын мүлік пен
әрекет. Салық обьектісі ұғымымен салық заты деген ұғым тығыз байланысты.
Демек, егер көлік құралына салық обьектісі ретінде көлік құралын иемдену
фактісі болса, салықтың заты болып осы құрал болады.
Салық түріне байланысты салық обьектілері жіктеледі. Нақта салық обьектісі
болып: мүлік (құрылыс, көлік, жер учаскесі), жеке салық обьектісі болып: кіріс
(салық салынатын кіріс, пайда, жоғары табыс т.б.) болып табылады. Кірістің
түсу көзіне байланысты фундирланған және фундирланбаған кірістерге
бөлінеді.
Фундирланған кіріс ── салық төлеушінің өзінің мүлкінен тапқан кірісі (арендаға
беру).
Фундирланбаған кіріс ── салық төлеушінің өзінің қызметімен тапқан кіріс.

10.

5. Салық нормасы
Салық нормасы ── салық төлемінің мөлшерін анықтайтын, заңмен бекітілген
салық салу көлемі. Салық нормасы салық мөлшерін есептеу тәртібін көрсетеді.
6. Салықты төлеу тәртібі
Салықты төлеу тәртібі ── салық заңдылығы бекіткен
-салық өлемінің
төлеушіден мемлекетке ауысуы жайындағы ереже.
Төлеу тәртібі үш негізгі элементтен тұрады. Салық сомасының субьектіден
мемлекетке ауысуы нысана, тәсілі және мерзімі.
Салықты төлеу тәсілі ── салық заңымен бекітілген салық төлеушінің салық
төлемін мемлекетке беру процедурасы.
Салықты төлеудің екі тәсілі бар:
1) салық төлемін еркін түрде беру
2) салық төлемін мемлекеттің мәжбүрлеп алуы
Қазақстанда еркін түрде салықты төлеудің келесідей тәсілі бар:
1) декларация бойынша салық төлеу;
2) патентті сатып алу арқылы салықты төлеу;
3) салық төлемін енгізу арқылы салықты төлеу.
Салықты мәжбүрлеп төлетудің негізгі тәсілдері:
1) кірісті төлеу көзінен ұстап қалу;
2) салықтық ескерту арқылы төлету;
3) төлеуден қашып жүрген тұлғаларды мәжбүрлеп төлеттіру.

11.

7. Жеңілдіктер:
Салықтық жеңілдіктер ── бұл салық төлеушіні салық міндеттемеден
босату немесе ауырлығын азайту. Бұл жеңілдіктер заңмен бекітіледі
немесе салық төлеуші мен мемлекет органы арасында келісім жасасу
арқылы болады.
Жеңілдіктің үш тобы бар:
1) алып тастау;
2) төмендету;
3) салықтық несиелер.

12.

3 тақырып.Салық салу және мемлекеттің салықтық қызметі
1. Салық қызметінің түсінігі және қағидалары
Салықтардың фискалды қызметіне негізделе мемлекеттің де фискалды қызметі
туындайды, яғни салықтарды бекіту мен оның жиналуын ұйымдастыру,
сондықтан да фискалды қызмет ретінде бюджет кірістерін жинаумен
байланысты туындайтын қызметін айтуға болады. «Салық салу» «салу» сөзін
білдіреді. Өз мәнінде «салық салу», біріншіден, оны бекітуді, екіншіден, оны
төлеуге қол жеткізуді білдіреді. Салықты мемлекет бекітеді, сонымен қатар ол
оны алуды жүргізеді (барлық жағдайда да салықты төлеу мемлекетке
бағытталады). Осылайша, салық салу – салықты бекіту мен алумен
байланысты мемлекеттің қызметі.
Салық салу мемлекеттің салық қызметінің негізін құрайды.
Мемлекеттің салық қызметі оның қаржылық қызметінің бір бағыты болып
табылады және келесі бағыттармен байланысты: өзінің өмір сүруі және жұмыс
істеуін қамтамасыз етуге қажетті мемлекетпен ақша қаражаттарын өндіру.
Әрине, мемлекет өзіне ақша қаражаттарын тек қана салық арқылы ғана
өндірмейді – басқа да көптеген әдістер баршылық. Сонымен де салықтар
негізгі, немесе мемлекетті қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып
табылады.. Салықтық қызмет – бұл салық салуды ұйымдастыру және оның іске
асуын қамтамасыз етумен байланысты мемлекеттің қызметі.

13.

Салық қызметі органдарының жүйесі мемлекет атарыпнан бекітіледі. Бұл
органдар негізінен тікелей салық саласында басқаруды жүзеге асыру үшін
қалыптастыратын органдар болса, мемлекет тарапынан сонымен қатар
салықтарға байланысты белгілі бір құзіреттері бар органдар басқаруға
қатысады. Мысалы, ҚР Парламетті Конституцияға сай салықтарды бекітетін заң
актісін қабылдауға, оған өзгерістермен толықтырулар енгізуге құқықтары бар.
Осындай органдардың құқықтық мәртебесі Конституция мен конституциялық
заңдармен және бюджеттік , салықтық заңнамаға сай реттеледі. Ал нақты
салық салыснда қызметті жүзеге асыратын органдардың құқықтық мәртебесі
Үкіметтің қабылдаған Ережелері мен реттеледі.
Салық қызметі әдістерінен, мемлекеттің салық салуды ұйымдастыру мен іске
асыруды жүргізетін нақты тәсілдер мен әдістер түсініледі.

14.

Салық қызметінің негізгі әдістеріне мыналар жатады:
салықты бекіту мен енгізу;
салық төлеушілерді тіркеу;
салықтың окладты түрлері бойынша салу объектілерінің есебін енгізу;
салықтың окладты түрлерін алу;
табыс төлемдері көздерінен салықты ұстауды ұйымдастыру;
белгілі бір салық төлеушілер категорияларына салық есептілігін бекіту;
салық төлеушілердің өздерінің салық міндеттемелерін, ал салық агенттерімен,
салықты жинаушылармен, банктермен және салық салумен байланысты басқа
да тұлғалармен,
- салық заңдылығымен қарастырылған өздерінің
міндеттемелерін орындауды бақылауды жүргізу;
салық төлеушілермен өздерінің салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз
етумен шараларды қабылдау, ал салық салумен байланысты басқа
тұлғалармен, - өздерінің салық міндеттемесін;
мемлекеттің салық қызметін (салық органдары жүйесін) ұйымдастыру;
салық заңдылығын бұзғандығы үшін заңдық жауапкершілікті бекіту (салық
заңбұзушылықтарын жасағаны үшін);
салық заңдылығын бұзғандығына кінәлілерді бекітілген жауапкершілікке тарту.

15.

3. Қазақстан Республикасындағы фискалды қызмет принциптері
Мемлекеттің фискалды қызметінің сипатын анықтау мақсатында
қызығушылықтан салық салу принциптері туралы сұрақ пайда болады.
Салық кодексі салық салудың 5 принципін көрсетеді:
салық төлеудің міндеттілігі;
салық салудың анықтылығы;
салық салудың әділеттілігі;
салық жүйесінің бірлігі;
салық заңының жариялылығы (Салық кодексі, 4 бап).
Мемлекеттің салықтық қызметінің бағыттарына - салықтарды бекіту,
мемлекеттің салықтық құрылымын қалыптастыру және тиімді қызмет етуін
қамтамасыз ету, салықтық міндетемені орындауға байланысты бақылау
жүргізу, салықтардың төленуін қамтамасыз ету, салықтық міндеттемені
орындамаған үшін құқықтық жауапкершілікті бекіту.
Салықтық қызметтің құқықтық негіздері
Салық салынудың негізін ҚР Конституциясы мен Салық Кодексі және де
басқа нормативтік құқытық актілер қалыптастырады. Салық заңнамасының
анықтамасы САлық Кодексінің 2 бабында берілген. Салық заңнамасының
құрамына қосымша халықаралық-құқықтық актілер кіреді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сәйкес,
азаматтардың міндетті төлейтін салықтары, тек заң жүзінде бекітілгендері
болып табылады.

16.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Парламент
палаталардың
бөлек
отырыстарында
сұрақтарды
басында
Мәжілісте, содан кейін Сенатта тізбектеп қарастыруда мемлекеттік
салықтарды бекітеді және күшін жояды.
Конституцияның 54 бабында көрсетілгендей салықты бекіту тек қана
Парламентпен десе, онда Сенат және Мәжіліс қаулылары сияқты
құқықтық формалар салық бекітуге жарамсыз.
Салықты бекіту тәртібі.
Салық заңды бекітілген деп есептелінуі үшін заңның, заңдық
процестер тәртібіне қойылатын талаптардын сақталуы керек.
Мемлекеттін салықтық қызметі ретінде мемлекеттін салықты салу
кезінде қолданатын әдістері мен тәсілдерін атаймыз. Мемлекеттін
салықтық қызметтінін әдістеріне: салықтарды бекіту және жүргізу;
салық төдеушілерді тіркеу; салық салу объектілерін; салықтарды
жинау; кейбір салық төлеушілер үшін салықтық есептілік түрін бекіту;
Мемлекеттін салықтық саясатының түрлері бірнеше топтарға
бөлінеді. Салықтарды максималды түрде алу саясаты; Жоғарғы
деңгейдегі салықтар саясат; ақылға қонымды салықтар саясаты.
Салық салудың келесі негізгі әдістері бекітіледі: пропорционалды,
прогрессивті, регрессивті, тең.
English     Русский Rules