153.13K
Category: medicinemedicine

Қолданушылық функциялар

1.

Alikhan Bokeikhan University
СӨЖ №6
Қолданушылық функциялар
Орындаған:Ерсайнов Асылбек

2.

Функцияның бірінші түрі- кітапханалық функциялар. Жеке файлда
сақталатын көмекші функциялар кітапханалық функциялар деп аталады.
Стандарт кітапхана C++ бағдарламалау жүйесінің стандарт пакетіне кіреді.
Кітапханалық файлдар қатарына cin, cout, scanf(), pritf(), rand(), getch(),sin(),
cos() т.б. функцияларды жатқызуға болады. Ол функцияларды қолдану үшін
.h типті файлдарды include(тақыптық файл аты) командасы арқылы қосу
қажеттігі белгілі.
Мысалы: #include , #include , #include
#include т.с.с.

3.

Функцияның екінші категориясына тоқталайық.
Паскаль тілінде ішкі бағдарламаның процедура және
функция екі түрі болатын болса, С++ тілінде қолданушы ішкі
бағдарламаның функция түрін ғана анықтай алады. С++
тілінде ішкі бағдарлама термині қолданылмайды, себебі
функция негізгі бағдарламалық бірлік, яғни минимал
орындалатын бағдарламалық модуль болып саналады. Әрбір
бағдарлама main() атты негізгі функциядан тұрады. Егер
бағдарламада басқа да функциялар қолданылса, онда олар
ішкі бағдарламаның рөлін атқарады.

4.

*Функцияны анықтаудың жалпы форматы:
тип функция_ аты (типтері көрсетілген формальды параметрлер тізімі)
{ функция денесі }
мұндағы, тип- функция қайтаратын нәтиженің типі.
Функциядан оны шақырған жерге қайтару үшін return операторы
қолданылады. Бұл оператор функцияда екі формада қолданылуы мүмкін:
*return; бұл жағдайда функция нәтижеге ешнәрсе қайтармайды.
*return өрнек; функция нәтижесі болып берілген өрнектің мәні саналады.
*Мысалы: return х;

5.

Формальды параметрлер деп функция ішінде қолданылатын және оны әр шақырғанда әртүрлі
бастапқы және соңғы мәнге ие болатын айнымалыларды атайды. Нақты параметрлер негізгі
бағдарламада болады.
Фукциядағы негізгі бағдарламаға қатысы жоқ айнымалы жергілікті айнымалы деп аталады.
Негізгі бағдарламаның қажетті жерінде функцияны шақыру командасы орналасады.
Функцияны шақырудың (функцияға қол жеткізу) жалпы форматы:
функция_ аты (нақты параметрлер тізімі);
Функцияны шақыру кезінде формальды және нақты параметрлер арасында тізбек және тип
бойынша сәйкестік ережесі орындалуы тиіс.

6.

Қолданушы функцияларымен жұмыс. Тұрғызылған
функциялардың көптігіне қарамастан, жүйені қолданушы
мүддесін қамтамасыз ететін жаңа функциялармен кеңейтуді қажет
етеді. Қолданушы функциялары келесі өрнекті қолдану арқылы
енгізіледі:

7.

Функция_аты (параметрлер тізімі) :=Өрнек.
Функция аты мұнда кез-келген идентификатор секілді беріледі,
мысалы, айнымалы аты. Жақшада функция параметрлерінің тізімі
көрсетіледі, бұл өрнектегі бір-бірімен үтір арқылы бөлінген
айнымалылар тізімі.
Өрнек – параметрлер тізімінде көрсетілген жүйеге түсінікті
операторлар және операндтар мен аргументтерден тұратын
функциядан тұратын кез-келген өрнек.

8.

Қолданушы функциясының аргументтер тізімінде көрсетілген айнымалылардың ерекше
мәртебесін (статус) айта кеткен жөн. Бұл айнымалылар локальді болып табылады, сондықтан
олар функция берілгенге дейін анықтала алмайды – оларды параметрлер тізімінде көрсету осы
айнымалылардың нақты статусын беру болып есптеледі. Осыдан, локальді айнымалылар тек
функцияны сипаттайтын өрнектерде ғана қолданылады. Олардың аттары ертерек енгізіп
қойылған глобальді айнымалылар аттарымен сәйкес келуі мүмкін. Бірақ тапсырма блогынан
шығу кезінде осы айнымалылар мәнінің функциясы ертерек берілген мәндерді (глобальді
айнымалылар үшін) сақтайды.

9.

Глобальді айнымалыларды қолданушы функциясы өрнегінің денесінде қолдану
кезінде сақ болу керек, әрине бұл мүмкін, бірақ тек глобальді айнымалы алдын-ала
белгіленіп қойса ғана. Мысалы, қолданушының келесі функциясы:
Себебі А айнымалы функция берілмей жатып анықталып қойылған. Дегенмен, егер,
анықтайтын жолды алып тастайтын болсақ, функция есебі мүмкін болмайды, дәлірек
айтсақ, берілген өрнекте А айнымалы жоқ болып есептеледі. Әрине, бұл айнымалыны
глобальді түрде және қолданушы функциясын бергеннен кейін анықтауға болады, ол
үшін глобальді қосу символын қолданады.
:=белгісін қолдана отырып берілген функция локальді берілген болып табылады,
сондықтан оларды қолданбастан бұрын сипаттау керек. ғ белгісінің көмегімен
қолданушы функциясын глобальді қылып беруге де болады. Сол кезде олар құжаттың
кез-келген жерінде беріле алады, соның ішінде соңында да. Егер функция ешқайда
берілмеген болса, онда оны қолдануға болмайды: қате туралы хабарлама келеді.
English     Русский Rules