24.02M
Category: educationeducation

Геоморфологиялық зерттеу әдістері және карталау

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атынағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану Ғылымдар факультеті
Дәріс №6
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
ЖӘНЕ КАРТАЛАУ

2.

Сабақтың мақсаты:
Геоморфологиялық зерттеу әдістерін түсіндіру және сипаттама беру.
Геоморфологиялық әдістердің жер бетінің теологиялық тарихын зерттеудегі
маңызын анықтау. Карталау мен геоморфологиялық қималарға анықтама беру.
Сабақтың жоспары:
1)Геоморфологиялық зерттеулер құрылымы
2)Геоморфологиялық зерттеу әдістері
3)Геоморфологиялық карта
4)Геоморфологиялық қималар
5)Геоморфологиялық әдістердің жер бетінің геологиялық тарихын зерттеудегі
маңызы

3.

Геоморфология ең алдымен далалық зерттеулердің деректеріне
негізделеді. Жұмыстың мақсатына байланысты жалпы және жеке
геоморфологиялық зерттеулерді ажыратуға болады.
Жалпы зерттеулер барлық геоморфологиялық нысандарды
қамтиды. Олардың зерттеу мүддесі – бедерді кешенді түрде
(морфографиясын, морфометриясын, жаралу тегін, бедердің даму
тарихын және динамикасын) сипаттау. Мұндай зерттеулер жалпы
геоморфологиялық карта жасауымен аяқталады. Негізінен
зерттеулердің бұл түрі жалпы геоморфологиялық түсірім сипатына
жатады.
Жеке геоморфологилық зерттеулер жеке геоморфологиялық
объектілерді (мысалы, карсты және жанартау бедерін) немесе жеке
геоморфологиялық көрсеткіштерді (мысалы, бедердің тілімдену
тереңдігін, тілімдену жиілігін және т.с.с.) білу мақсатымен
жүргізіледі. Жеке зерттеулердің нәтижесі әдетте
жеке геоморфологиялық карталар жасау жұмысымен бітеді.
Қазіргі геоморфологиялық зерттеу жұмыстары дайындық,
далалық және камералдық (ғылыми өңдеу) кезеңдерге бөлінеді.

4.

Дайындық кезеңде белгіленген аймақ жөніндегі бұрын
болып өткен зерттеулердің деректерімен танысып білу,
арнайы
картографиялық
материалдармен
бірге
топографиялық
карталарды
және
ғарышсурет
материалдарын мұқият зерттеу. Дайындық кезеңде алдын
ала жинап алған материалдардың негізінде далалық
зерттеу бағдарламасы құрылады, соның ішінде белгіленген
маршруттардың
нобайы,
қазбалы
орындарының
шурфтары, бұрғылау орындарының орналасу сызба
нұсқасы және т.б. геодезиялық жұмыстар енгізілді.
Осындай жұмыстар төмендегі пункттерден тұрады:
- Аудан бойынша бар материалдарды талдау;
- Қазіргі заманда жаңа әдістерді қарастыру.
- Осыған дейін жүргізілген жұмыстардың фактілік
матриалдар картасын құру.
- Әуе-бейне түсірім материалдарын зерттеп қарастыру.
- Алдын ала болжамды геологиялық, геоморфологиялық
және пайдалы қазба карталарын құру.
- Жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын негіздік
легенда құрып далалық зерттеулерді және олардың
мәліметтерін еңгізуге арналған құжаттарға тапсырыс беру.
Дайындық кезең
а) ғарыш; ə) ұшақ; б) жер беті

5.

Далалық кезең
Далалық зерттеу кезеңі геоморфологиялық экспедиция
зерттеулерінің негізгі құрайтын бөлігі болып табылады. Осы
кезеңде нақтылы деректерге негізделген материалдарды жанжақтан жинау, соның ішінде тау жыныстарының үлгілерін
жинақтау және олармен алдын ала өңдеу шараларын жүргізу,
зерттелініп жатқан аумақтың геоморфологиялық құрылысы
туралы тұжырымдар жасау жұмыстары жүзеге асырылады.
Ақырында сол аймақтың далалық геоморфологиялық картасы
жасалынады.
Далалық геоморфологиялық бақылаулар - көзбен шолу және
аспаптық бақылауларға бөлінеді. Адамның көзбен шолып
бақылау әдісі бедер пішіндерінің құрылысын, генезисін,
динамикасын оларды құрайтын таужыныстарын зерттеуге
негізделген. Көзбен шолып бақылау жұмыстарын әуеде және
жер бетінде жүргізіледі. Көзбен шолып бақылау жұмыстарын
жүргізген кезде әдетте анероид, тау құбылнамасы (горный
компас), геологиялық балға, рулетка сияқты қарапайым дала
аспаптары кеңінен қолданылады.
Көптеген жағдайларда далалық геоморфологиялық
зерттеулер жүргізген кезде гидрометеорологиялық аспаптық
бақылау әдістері де қолданылады. Олар қазіргі геологиялықгеоморфологиялық процестердің сипатын және қарқындылық
жағдайларын зерттеу үшін қажет.

6.

Ғылыми өңдеу кезеңі – далалық кезең аяқталғаннан
соң, сол кездегі анықталған барлық мәліметтер
өңдеуден өтеді. Бұл кезең ғылыми өңдеу немесе
камеральдық деп аталады. Осында барлық фактілік
материалдар (үлгілер, сынамалар) графикалық
материалдар (карталар, абрисстер, қималар,
бағандар), геоморфологиялық құжаттау
қарастырылады. Өңделген материалдар реттеліп
рәсімделіп өткізілген жұмыстар бойынша ғылыми
есеп құрылады. Есепте келесілер болуы тиіс: есептін
мәтіні (кіріспе, геоморфологиялық бөлімі,
қорытынды), графикалық материалдар (ауданның
шолу картасы, геоморфологиялық карта). Есептің
мәтініңде өнделген геоморфологиялық мәліметтер
көрсетілуі тиіс. Толықтай рәсімделген есеп, арнайы
орталықтарда қорғалып міндетті түрде мұраға
тапсырылуы тиіс.
Ғылыми өңдеу
кезеңі

7.

Геоморфологиялық зерттеу әдістері
Геоморфологиялық әдіс
Пайдалануы
Морфологиялық әдіс
Бедер пішіндерінің кейпі мен элементтеріне бақылау жүргізуге,пішіндердің
ерекшеліктері мен өзіндік көріністерін сипаттауға,кеңістіктегі арақатынасын зерттеуге
пайдаланады.
Бедер пішіндерін талдағанда және алынған нәтижелерге тиісті генетикалық сипат
бергенде сандық критерийлерді пайдаланады.
Морфометриялық әдіс
Географиялық әдіс
Қазіргі және өткен замандағы бедер түзілу жағдайларын айқындауға қолданады.
Палеогеоморфологиялық әдіс
Бедер тарихын,даму сатысын және оның заңдылықтарын нақтылайды.
Геофизикалық әдіс
Планетаның жаралуы мен пішінің айқындауға, континенттер мен
мұхиттарды,макропішіндерді, мезопішіндерді зерттейді.
Дистанциялық (қашықтық) әдістер
Жер бетін әуеден,ғарыштан аэрофототүсірілімнің көмегімен зерттейді.
Тарихи-археологиялық әдіс
Көне қолжазбалар мен карталарды ,бедер туралы мәлімет беретін
топонимиканы,географиялық атауларды зерттейді. Неотектоникалық қозғалыстар мен
теңіз деңгейінің тербелістерін,өзгерістерін анықтауға көмектеседі.
Топо-геодезиялық әдіс
Топографиялық карталарды бедер; морфологиясы мен морфометриясын зерттеуге
пайдаланылады.

8.

Минералогиялық петрографиялық
əдісті шөгінді матернал құрамын,
оның әкелінген жолдарын және
коректендіретін алабын анықтау
мақсатында қолданады.
Құрылымдық-тектоникалық
талдау əдісінде бедердің тікелей
субстратының қатпарлы және
жарылымды құрылымдарының
морфологиясы, генезисі, жасы
және даму динамикасы зерттеледі.
Литпологиялық-фациялық əдісті
коррелят шөгінділердің құрамы мен
фациялық өзгергіштігін және
олардың генетикалық типтерін
зерттеуге пайдаланады.
Тарихи-геологиялық тəсіл
арқылы аумақтың қазіргі бедер
түзілгендегі және одан бұрынғы
замандардағы геологиялық
тарихы зерттеледі.
Геологиялық әдістер бедер
пішіндерінің геологиялық құрылымын
зерттеуге, геологиялық құрылыммен
және тектоникалық дамумен әртүрлі
байланысын айқындауға бағытталған
көптеген тәсілдерден тұрады.
Стратиграфиялық əдіспен
шөгінділердің және олардан
құралған бедер пішіндерінің
геологиялық жасын анықтайды.
Морфоқұрылымдық
(морфогеологиялық) тəсіл бедер
пішіндерінің геологиялық құрылымын
анықтаудан және олардың геологиямен
ара қатынасын талдайды.
Морфолитологиялық
тəсіл таужыныстар
қасиеттерінің бедер
пішіндері қалыптасуына
тигізетін әсерін зерттейді.
Палеонтологиялық əдіс құрамында
органикалық таснұсқалары бар
шөгінділердің жасы мен өткен
геологиялық шақтың климаттық
жағдайларына байланысты ең басты
көрсеткіштерді анықтауға негіз болады.

9.

Шолу сұрақтары
1. Қазіргі геоморфологиялық зерттеу кезеңдеріне жеке
тоқталыңыздар?
2. Геоморфологиялық зерттеу әдістеріне сипаттама
беріңіздер?

10.

Геоморфологиялық
карталар
Далалық
геоморфологиялық зерттеу материалын
толығымен анық, қорытып, графикалық тәсілмен
көрсететін құрал – геоморфологиялық карта болып
саналады. Ол рельефтің уақыт пен кеңістікте даму
заңдылықтарын және рельеф пен геологиялық
құрылысын, рельеф пен тектоникалық жағдайын,
рельеф пен басқа да географиялық ландшафт
компоненттерінің арасындағы баланысын белгілейді.
Геоморфологиялық
карталардың
басты
ерекшеліктерінің бірі – рельеф элементтерінің
морфологиясын, жасын және қалыптасу тарихын
бейнелеу. Геоморфологиялық карталар өздерінің
масштабына, мазмұнына және қойылған мақсатына
қарай әр түрлі болып келеді.
Масштабтар бойынша геоморфологиялық карта
түрлері:
1) Шолулық (м-бы 1: 10 000 000 – 1: 1500 000-ге
дейін)
2) Ұсақ масштабты (1: 1000 000 – 1: 500 000)
3) Орта масштабты (1: 200 000 – 1: 100 000)
4) Ірі масштабты (1: 50 000 – 1: 25 000 одан да ірі)

11.

Ірі масштабты карта
Ірі масштабты карта (1:50 000)
Аймақтық карта және шаруашылық
мақсатында игерілетін жеке аудандардың
геоморфология
және
геология
жағдайларын көрсететін ірі масштабы
(1:200 000 және одан да ірі)
геоморфологиялық
картаның
негізгі
нысаны – бедердің жеке пішіндері мен
элементтері және олардың генезисі.
Бедер элементтері жер беті бедерінің ең
жай категориясы, бұған жеке беткейлер,
кертпештер, шыңдар, төбелер, төбешік
етектері, өзен жағалары және т.б. жатады.
Бедер пішіндері - көлемді келген табиғат
құрылымының ірі түрлері. Олардың
биіктігі (не болмаса тереңдігі), ұзындығы
және ендігі бар, оң немесе дөңес және
ойыс пішіндер болады.

12.

Жеке
облыстардың
геоморфология
құрылысын көрсететін орта масштабты (1:1
000
000-нан
1:200
000
дейін)
геоморфологиялық
картаның
негізгі
нысаны - бедердің генетикалық типтері.
Бедердің генетикалық типтері белгілі бір
табиғат
әрекетінен
қалыптасқан,
морфологиялық, морфометриялық және
генезис
жағынан
ұқсас
жер
беті
пішіндерінің
табиғат
құрылыстары.
Мысалы, жел әрекетінен пайда болған
бедердің эолды типі, мұздық әрекетінен
қалыптасқан бедердің мұздықты типі, теңіз
әрекетінен түзілген бедердің теңізді типі
және т.б.
Орта масштабты карта

13.

Ұсақ масштабты карта
Үлкен аумақтардың (мысалы, бүкіл
Қазақстан аумағын) геоморфология
құрылысын
жалпы
көрсетуге
арналған ұсақ масштабты (1:1 000
000-нан
ұсақ)
геоморфология
карталарының негізгі картографиялау
нысаны - бедердің класы (таулар,
жазықтар, төбелер) және класс
тармақтары, одан кейін,
қажетті
болса, бедердің генетикалық типтері.

14.

15.

Морфогенетикалық
ұстанымына
негізделген
және
геожүйе
ақпараттық тәсілмен жасалынған
Орталық Қазақстан және Балқаш
аумағының
ұсақ
масштабты
геоморфологиялық картасы.

16.

Ipi масштабты геоморфологиялық картаны құрастыру үшін келесі тәртіпті қолдану
керек:
• географиялық негізін дайындау; аумағы топографиялық картаға сәйкес келген калька бетіне барлық
гидрография торын, негізгі елді мекендерді, градус торларын және жолдарды түсіру, осылардың
жиынтығы картаның географиялық негізін құрайды;
• алдын-ала жасалып қойған геоморфология шартты белгілер бойынша даярланған калька бетіне
бедердің негізгі генетикалық түрін (типін), пішіндерін және жеке элементтерін, мысалы, әр еністіктегі
беткейлер мен кертпештер және алаңшалар, жеке төбешіктер мен шоқылар, жыралар-сайлар және
олардың генезисін белгілеу; олар бірімен-бірі геоморфология шекараларымен, қара түсті сызықтармен
бөлінеді; бұдан басқа бедердің жеке пішіндері мен элементтері арнайы белгілермен көрсетіледі.
• шартты белгілермен сәйкес бедердің генетикалық типтерін сапалы (түрлі-түсті) фонмен бояу;
• түрлі-түсті фонмен немесе индекстермен бедер пішіндері мен элементтердің жасын көрсету;
• арнайы шартты белгілермен қазіргі геоморфологиялық үрдістерді (үгілу, жыралық эрозия,
гравитациялық үрдістер, өзеннің эрозия мен аккумуляция үрдістері, эолды және антропогенді үрдістер)
бейнелеу;
• картадағы рамкадан тыс шартты белгілерді безендіру: рамканың жоғарғы жағына картаның атауын жазу,
масштабын көрсету; рамканың төмен немесе оң жағында геоморфологиялы шартты белгілерін жазу; в)
картаның төмен оң жағында карта құрастырушылардың аты-жөнін және картаның, құрастырылған
жылын көрсету.

17.

Мазмұны бойынша геоморфологиялық карталар
жеке және жалпы геоморфологиялық карталарға
бөлінеді.
▪ Жеке геоморфологиялық карталар тек бедердің
морфография, морфометрия, қалыптасу тегі
немесе жасы жайлы және жеке көрсеткіштер
негізінде кұрастырылады. Ондай карталарға
бедердің жазық бағыттағы тілімдену жиілігінің
картасы, бедер тілімденуінің жалпы көрсеткіш
картасы, жер беті еңістігінің картасы және т.б
жатады.
▪ Жалпы геоморфология карталары жеке
көрсеткіштердің жиынтығы ретінде бедердің
жалпы сипаттамасын, морфографиясын,
мофрометриясын, қалыптасу тегін және бедердің
жасын бейнелеп береді. Бұл сипаттамаларды
бейнелеу үшін сапалы немесе түрлі-түсті
фонының әдістері, изосызықтар, штрихтар, түрлі
белгілер, индекстер және картографиялық тәсілі
фонды бояу қолданылуы мүмкін. Жалпы
геоморфологиялық карталар аналитикалық және
синтетикалық түрлерге бөлінеді.

18.

Синтетикалық карталарда морфологиялық
комплекстер (бедер типтері) сыртқы кейпі,
геологиялық құрылысы, жаралуы мен дамуы ортақ
болуымен біріккен пішіндердің табиғи топтамасы
болып бөлінеді. Көбінесе ірі және орта масштабты
карталарда түсті белгілермен жанартау
жаралымдары мен бедер пішіндерінің экзогенезисі,
олардын морфологиялық байланысы, ал түс реңі
қанықтылығымен морфометриялық карта (абсолют
және салыстырмалы биіктіктер) беріледі.
Аккумуляциялық ойпат жазықтарды көрсету үшін
жасыл және көк реңдер қолданылады.
Денудациялық қырат жазықтар үшін сары-қоңыр,
таулар үшін қоңыр және қызыл реңдерді
пайдаланады. Реңдер қанықтылығы жазықтар мен
таулар биіктеген сайын күшейе береді. Түсті
белгілер жүйесіне кірмейтін геоморфологиялық
белгілерді көрсету үшін штрих қолданылады. Кейде
шартты белгілер кесте түрінде жасалады.
Аналитикалық карталарда бедердің сипаты
(генезисі, морфологиясы және жасы) бірнеше
шартты белгілер жиынтығын пайдалану арқылы
көрсетіледі. Мысалы: түс реңі, штрихтеу, индекстер,
изосызықтар қолданылады. Ұзақ уақыт бойы
аналитикалық типті жалпы геоморфологиялық
карталар жасау үшін жалпыға ортақ бірегей легенда
(шартты белгілер) болған жоқ. Аналитикалық типті
жалпы геоморфологиялық карталар жасау үшін бірбіріне тәуелсіз шартты белгілер жүйесін қолдану
қажет. Бедердің морфологиялық ерекшеліктерін
горизонтальдар арқылы бейнелеген дұрыс. Бұл
сипаттар - жар, жыра, кемер, карст воронкасы,
жағалау үймегі және басқа пішіндер – масштабтан
тыс шартты белгілермен толықтырылады. Бедер
генезисі арнайы қабылданған бояу реңдерімен
көрсетіледі. Бедер жасын түс реңдерінің
қанықтылығын пайдаланып көрсеткен дұрыс.
Бұлардан басқа генезисін және жасын білдіретін
индекстер де қолданылады.

19.

Қолдану аясына қарай геоморфологиялық карталар кең
және тар шеңберде қолданатын карталарға бөлінеді.
Кеңінен қолданылатын карталар ғылым мен
экономиканың әртүрлі салалары тұтынушыларының
жалпы қажетін өтеуге арналған. Мысалы, жалпы
геоморфология карталары халық шаруашылығы мен
ғылымның әр салаларының әр жақтарынан туындаған
қажеттілігін қанағаттандырады. Олардың негізінде кез
келген арнайлы геоморфология карталары жасалуы
мүмкін.
Тар шеңберде қолданатын (арнайы немесе
қолданбалы) карталар нақты мәселелерді шешуге қажет,
мысалы: пайдалы қазбаларды іздеу, инженерлік
мақсаттар (гидротехникалық немесе жол құрылысы),
ауыл шаруашылығы үшін. Жеке геоморфология
карталары жеке мәселелерді: практикалық, ғылымизерттеу және тағы басқаларды шешу үшін
құрастырылады. Мысалы, бедердің тілімдену жиілігінің
картасы мен тілімдену тереңділігінің картасы жол салу
қажеттігінде кең қолданады. Бұл екі карта да жер
бетінің еңістік картасымен қоса, аумақты территорияны
ауылшарушылық жағынан ұйымдастырудың қажеттілігі
үшін және т.б. қолданылуы мүмкін.

20.

Геоморфологиялық
қима
Қималар жасауға қажет сызықтарды
әдетте негізгі орографиялық элементтер
созылымына
көлденең
бағыттарда
таңдайды.
Таулы
алқаптар
үшін
профильдің (кескіннің) тік және көлбеу
бағыттардағы масштабы бірдей болады,
кейде 2-5 есеге дейін ауытқиды, ал
жазық алқаптар үшін тік масштаб
көлбеу масштабтан 5-10 есеге дейін
артық болуы мүмкін. Бұл шара бедер
көрнекілігін қамтамасыз етеді. Кескін
міндетті түрде геологиялық мағынамен
толықтырылады.

21.

Геологиялық-геоморфологиялық қима

22.

Геоморфологиялық кескіндер жасау тәсілдері:
1) қимада геоморфологиялық картада кездесетін бедер типтері мен олардың шекараларын көрсетеді.
Олардың сипаты теологиялық қима үстіне қысқаша мәтін түрінде келтіріледі;
2) бір немесе бірнеше сызық бойынша гипсометриялық кескін тұрғызылады. Тік бағыттағы масштаб
қажеттілікке қарай бірнеше есе үлкейтілуі мүмкін. Мұндай кескін картаны негізінен бедердің
гипсометриялық сипатымен ғана толықтырады;
3) біріккен кескіндерді тұрғызу. Кескін сызықтары негізгі орографиялық элементтердің (жоталар
жүйесі, тау өңірі және басқалар) созылуына көлденең, ал бір-біріне параллель және шамамен бірдей
аралықта жүргізіледі. Бір кескінге кезегімен қалғандары түсіріледі, оларда оның алдында болмаған жаңа
пішіндер басқа түсті немесе пунктир сызықтармен көрсетіледі. Біріккен кескіндерді тұрғызу таулы
өңірлерде немесе өзен аңғарларын зерттеуге қолданады.
4) геоморфологиялық кескіндерді С.Г. Боч тәсілі бойынша тұрғызу. Кескіннің (бірінші тәсілмен
тұрғызылған) төменгі жағына ор заманда нақты ауданның бедер пішіндерін қалыптастырған
тектоникалық (эндогендік) факторлар туралы деректер (бағыттылығы, қарқындылығы мен қозғалыстар
сипаты) және экзогендік процестер (әртүрлі денудациялық және аккумуляциялық) көрсетіледі.
5) А.И. Спиридонов тәсілі бойынша тұрғызылған теоморфологиялық кескін негізінен литологиялықстратиграфиялық қима болып табылады. Кескінде көміліп қалған денудациялық және аккумуляциялық
беттер, коррелят түзілімдер көрсетіліп, тиісті бедер пішіндерімен байланыстырылады.

23.

Блок диаграмма
Блок-диаграмма. Геологияда кеңінен қолданатын конустық
проекцияда (сызықтық перспективада) тұрғызылған блокдиаграммалар бедер мен оның геологиялық құрылысы
арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсетеді.
Бедер мен геологиялық құрылыстың ерекше сипаттарын
фотография және перспективалық эскиз суреттер көмегімен
көрсетуге болады. Оларда түрлі бедер типтерінің таралуын,
өзара қатынасын және континенттік түзілімдерді корсеті
қажет түсініктемелер жасауға болады.
Геоморфологиялық
бағана
стратиграфиялық
бағана
негізінде
жасалынады.
Бөлінген
стратиграфиялық
бөлімдемелер үшін кезегімен тиісті бағаналар тұрғызылады.
Мысалы, таужыныстардың денудация мен моруға жалпы
төзімділігі, таужыныстардың кейбір геоморфологиялық
процестерге берінгіштігі (мәселен, жылжымаға), беткейлік
шайылу, эрозиялану, суффозиялық, карст-суффозиялық бүліну,
т. 6. Нәтижесінде таужыныстардың жеке бағаналарда
көрсетілген
барлық
геоморфологиялық
процестерге
берілгіштігін ескеретін жиынтық геоморфологиялық бағана
тұрғызылады.

24.

Геоморфологиялық әдістердің жер бетінің геологиялық тарихын зерттеудегі маңызы
Геоморфологиялық әдістемені тереңдегі геологиялық құрылымдарды болжауға пайдалану. Жер
бедері денудациялық немесе аккумуляциялық сипатта болғанына қарамай, көп жағдайда құрылымдықсалдарлы болып келеді. Кең көлемде жүргізілген зерттеулер нәтижесі кейінгі кездері түзілген жас
таужыныстармен жабылған геологиялық құрылымдар құрылысын болжауға мүмкіндік береді Геологиялық
зерттеулердің бірте-бірте осындай жабық аумақтарға шоғырлануы, осы әдісті қолданудың маңызын
арттыра түсуде.
Аталған әдістеме геологиялық жарылымдарды, олардың жүйесі мен рангтерін, кеңістік пен уақыт
өлшеміндегі ара қатынасын және қатпарлы құрылымдармен байланысын ажыратуға кең қолданылады. Бұл
мәселені шешуге көмектесетін геоморфологиялық критерийлер: су торабы ерекшеліктері, олардың түзу
бойына орналасуы және түзу арқылы өзен-бүлақ арналарының көлденең жылыстауы, түзудің екі жағына
орналасқан шөгінділер қалыңдықтарының әртүрлі болуы, бедер пішіндерінің контрасты және басқалар.
Геоморфологиялық мәліметтерді геологиялық және геофизикалық деректермен салыстыра отырып
сараптау, оларды өзара толықтыруға және түзетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жарылымдық
бұзылыстар дәл анықталып, олардың морфологиялық- генетикалық табиғатына және қалыптасу тарихына
байланысты мәселелерді шешуге болады.
Жарылымдардың геоморфологиялық белгілерінің көпшілігі осы жарылымдар бойына орналасқан,
бірақ кейін көміліп қалған өзен аңғарларын анықтауға мүмкіндік береді. Ірі линедменттер қиылысы
магмалық денелер, кен бағаналары мен кен шоғырланған құрылымдар түйіндері орналасқан жерді
көрсетеді.

25.

Шолу сұрақтары
1. Масштабы бойынша геоморфологиялық карталардың жіктелуіне
мысалдар келтіріңіздер?
2. Жеке және жалпы геоморфологиялық карталар қандай негізде
құрастырылады?
3. Геоморфологиялық қима құрастырудың негізгі қағидалары?

26.

Терминдер:
Морфография – (гp. Morphe – пішін+graphy – бейнелеу, суреттеу) бедердің сыртқы бейнесін, оның
пішінін бейнелеу.
Морфометрия (гр. Mоrphe –пішін+metreo – өлшеу) – бедерге сандық сипаттама беру.
Геоморфологиялық карта – геоморфологиялық зерттеулердің қажетті және маңызды нәтижесі, рельеф
туралы графикалық түрде жиналып алынған толық мәлеметтер мен практикалық қолданылуының
негізгісі.
Геоморфологиялық карталау - бедер морфологиясы, генезисі және жасы, сонымен қатар әртүрлі
пішіндердің өзара қатынасы және геологиялық құрылыммен байланысы көрнекі бейнелеу.
Геоморфологиялық профиль (кескін) - тік жазықтықтағы қимада жер бетінің белгілі бір телімінің
графикалық бейнесі. Оның жоғарғы сызығы жер бетінің дол гипсометриялық жағдайын көрсетеді, ал бұл
сызықтың астында геологиялық құрылыс (геологиялық қима) беріледі.
Геоморфологиялық қима — нақтылы өңір қойнауларының тік жазықтықтағы ерекшеліктерін
көрсететін геологиялық қимаға негізделген сызбалы кескін.
Блок-диаграммалар-геологияда кеңінен қолданатын конустық проекцияда (сызықтық перспективада)
тұрғызылған бедер мен оның геологиялық құрылысы арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсететін
диаграммалар жиынтығы.
Геоморфологиялық бағана-стратиграфиялық бағана негізінде жасалынған бағана.

27.

https://youtu.be/d6hSjQm-xc8
Бейне материалдар:
https://youtu.be/qkRtA3WXBYY

28.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules