10.42M
Category: historyhistory

Қазыбек би

1.

Каменский Ильяның Тұсаукесері
Қазыбек
би
(1667-1764)

2.

Туылу
Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы Сырдария
жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын
Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ
шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның
Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің
бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады.
Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз,
шешен би көп өткен.

3.

Өмір және ерліктер
Қазыбек би Келдібекұлы - XVII
ғасырдың аяғы мен XVIII
ғасырдың алғашқы
жартысындағы қазақтың атақты
биі. Руы - Арғын ішіндегі
Қаракесек. Орта жүзге Қазыбек
биді Тәуке хан тағайындаған. Ол
«Жетіжарғыны» жасауға
қатысқан. Қазыбек би қазақ
хандарының ішкі және сыртқы
саясатына едәуір ықпал жасап
отырған. Ол жоңғар
басқыншылығына қарсы халық
күресін ұйымдастырушылардың
бірі болды. Қазыбек би ел
арасында «Қаз дауысты Қазыбек
би» атанған.
XVIII ғасырдың 40-шы
жылдарында Абылай хан
жоңғарлардың тұтқынына
түскенде, оны босатып алуға
белсене араласты. Ресейге
қарайтынын білдіріп, ант еткен.
Цин империясы Қазыбек биді өз
жағына тарту мақсатымен
елшілерімен бірге көп
сыйлықтар жіберген, бірақ ол
Қытай қоластына бағынуға
қарсылық білдірді. Абылай
ханды Цин империясымен тығыз
қарым-қатынас жасамауға кеңес
берді.

4.

Ұлы
ақын
Сонымен, Қаз дауысты Қазыбек
би - ең алдымен, асқан шешен,
ақын; екіншіден, ел басқарған,
дау-жанжалды әділ шешкен
әділ қазы; үшіншіден, ол халықаралық дәрежедегі
дипломат, қоғам
қайраткері.Міне, сондықтан
халқымыз оған ескерткіш
тұрғызып, оның атына көшелер
беруде.

5.

Қаз
дауысты
Қазыбек
би

6.

Өмірден кейін
Қазыбек би қалыптасқан тарихи жағдайға өз бағасын дұрыс бере
отырып, қазақ халқын ынтымақ пен бірлікке, руаралық дауларды
тоқтатуға, жоңғар, орыс, өзбек халықтарымен достық қарымқатынастарды орнатуға шақырып жүрген. Әділдік пен алғырлыр —
оның би қызметіне тән болған белгілер. Ол өмір бойы өз халқының
қамын ойлап жүрген. Әркезде әділ билігін айтып отырған. Халық
ауыз әдебиетінде Қазыбек бидің нақыл сөздері өте көп
сақталған. Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі
Теректі қыстағында дүниеден өткен. Оның баласы Бекболат әкесі
қайтыс болған жерде киіз үй тұрғызып, төрт айдың ішінде Қазыбек
бидің денесін қоршап сақтап жүрген екен. Қар ерігенде, Бекболат
әкесінің денесін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне
апарып жерлеген. Қазыбек би қалыптасқан тарихи жағдайға
өз бағасын дұрыс бере отырып, қазақ халқын ынтымақ пен бірлікке,
руаралық дауларды тоқтатуға, жоңғар, орыс, өзбек халықтарымен
достық қарым-қатынастарды орнатуға шақырып жүрген. Әділдік
пен алғырлыр — оның би қызметіне тән болған белгілер.
English     Русский Rules