5.24M
Category: educationeducation

Алғашқы Абайтанушылар

1.

Алғашқы
Абайтанушылар
Орындаған:Қорабай Диана;Нұршат Айзат;
Тажен Айсұлу;Тажен Күнсұлу,Саятова Сабина

2.

Жоспар:
1)Абайтану туралы түсінік
2)Абайтанушы ғалымдар
3)Алаш зиялылары
4)Абайтанушы ғалымдар
мен олардың еңбектері
5)Қорытынды

3.

Абайтанушы деген кімдер?
Абайтану
қазақ әдебиеттану ғылымыныңсаласы.
Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен
шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық,
эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы
өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі,
музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу
еңбектерін қамтиды.

4.

Кәкітай Ысқақұлы
Құнанбаев
Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев (1868, Семей
облысы, Абай ауданы – 1915, сонда) –
Абаймұрасын тұңғыш бастырушы, Абайдың інісі
Ысқақтың баласы. 8 жасынан бастап ауыл
молдасынан 4 жылдай оқып, түрікше, арабша хат
таныған.

5.

Мүрсейіт Бікеұлына ақы беріп,
бұрыннан жинап жүрген Абай
шығармаларын көшіртіп жазғызады.
Абайдың баласы Тұрағұлмен бірге
ақын мұрасын жинастырып, баспаға
әзірлейді.
Әлихан Бөкейхановпен Абайдың
тұңғыш өмірбаянын жазып, онда ақын
өміріне қатысты барлық деректерді К.
бергенін атап өткен
1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағы
Қазақ
ақыны Ибраhим Құнанбайұғылының өлеңі
(бастырған: Кәкітай, Турағұл
Құнанбайұғыландары деген тақырыппен
Санкт-Петербургте жарық көріп, барлық данасы
Семейге Кәкітай атына жіберіледі де, сол
жерден бүкіл қазақ даласына тарайды.
1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай
шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен Кәкітай
сол жылы жазда Семейге, одан Омбыға барып
бастыра алмаған соң, кейін Қазан қ-на келеді. Осы
қалада Санкт-Петербург баспаханасының өкілімен
келісімшарт жасасып, болашақ кітаптың
корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдынала төлейді
Еңбектері

6.

Әріп Тәңірбергенұлы
Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені
21.6.1924,
сонда)
ақын. Абайдыңталантты шәкірттерінің бірі.
11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877
жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген.
Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882
84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884
87 жылдары
Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет
атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта
саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында
тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы,
түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық
әдебиетін оқып, нәр алған.

7.

Әлихан Бөкейханов
Семейде шығатын Семипалатинский
листок газетінде жарияланған
азанама. 1907 жылы мақала Орыс
Географиялық қоғамының
жазбаларында қайта жарық көреді.
Міржақып Дулатов
Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына
байланысты Абай мақаласын жазған.М.Дулатов
мақаласын Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай
Құнанбаевтың апатына 10 жыл толды деп, жазылу
себебін айта отырып бастайды. Мақала ерекше
тебреніс, зор шабытпен жазылған.
Алаш зиялылары
Ахмет Байтұрсынов
Ақын өлеңдерімен ол ең алғаш 1903 жылы
танысқан. Сондағы
әсері оқып қарасам, басқа ақындардың
сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы
сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін
тосаңсып отырасың.Сөзі аз, мағынасы көп,
керең
Ілияс Жансүгіров
I. Жансүгіров 1923 жылы Тілші
газетінде Ташкентте шыққан жинаққа сын
пікір ретінде Абай кітабы атты мақала
жазып,бір алуан қате басылған сөздерді
қалай дұрыстап оқу керек
екендігін көрсетті.

8.

Абайұлы Тұрағұл 1875 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай
ауданында туған, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам кайраткері,
Абайдың кіші баласы. Жас кезінде мұсылманша, орысша сауат ашқан.
Әкесі мен ағалары Оспан, Әбдірахман, Мағауия қайтыс болғаннан кейін
Құнанбай әулетінің басты адамы ретінде жергілікті билікке араласқан.
Ол Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды Алаш
қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1909 жылы немере
ағасы Кәкітаймен бірге Петербургте алғаш рет әкесі Абайдың
шығармалар жинағын кітап етіп шығарды. 1922 жылдан
шығармашылық жолға бет бұрған Тұрағұлдың әдеби мұраларының
ішіндегі ең кұнды еңбегі
Әкем Абай туралы деп аталатын естелігі.
Қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының бастауында тұрған бұл еңбегін
ол М.Әуезовтің өтініші бойынша жазған. Абайдың мінез-құлық
ерекшеліктерін, өлең жазардағы көңіл-күйін қызықты суреттеген Тұрағұл
ұлы ақын шығармаларына талдау жасайды, оның шығармаларының
негізін көркем аудармалар құрайды.
ТҰРАҒҰЛ
АБАЙҰЛЫ

9.

Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов
(1885-1962)
Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов Семей облысы,
қазіргі Абай ауданында дүниеге келген.
Әрхамның әкесі Кәкітай (шын аты
Ғабдұлхәкім), Абайдың туған інісі, Ысқақтың
баласы. Кәкітайдың бәйбішесі Салихадан туған
тұңғышы Әрхам қазақ салты бойынша атасы
Ысқақтың бауырында өсіп тәрбиеленген.

10.

ЕҢБЕКТЕРІ
Абайдың өлең-сөздерін әкесімен бірге жинасып, Кәкітай 1907 жылы Абай шығармаларын Семейге
бастыруға барғанда, қасына ерді. Семейден баспахана таба алмаған әкесін Омбыға параходқа
мінгізіп еліне қайтады.
1915 жылы әкесі қайтыс болғанда Әрхам 30 жаста болған. Атасы Абайдың өнеге сөздерін, бастан
кешкен оқиғаларын, баспа көрмеген кейбір өлеңдерін, жеке бұйым-заттарын жинауға кіріседі.
1920 жылдан 1923 жылға дейін ол азық-түлік комитетінде, 1923 жылдан 1930 жылдарға дейін
су шаруашылығы бірлестігінің төрағасы болып, онан соң совхозда участок бастығы болып жұмыс
істейді.
1924 жылы М.Әуезов пен інісі Даниялдың көмегімен Шыңғыс тауының күнбатыс жағасындағы
құйқалы қоныс Бақанас, Байқошқар, Қазбала, Жаныбек деп аталатын арналы өзендердің
түйіскен жері Аралтоғайдан 60 үйлі кедейдің басын қосып, артель құрған. Бақанас басынан қала
үлгісімен үй, аурухана, монша, су диірмені, май заводын салдырады. 60 үй жатақтың балалары
үшін мектеп салдырып, қаладан оқытушы мұғалімдер алғызып, Абай елінде тұңғыш мектеп ашты.
Өзі де қоныстандыру жұмысымен қатар, бала оқытты.

11.

Қорытынды
Қорыта келе Абайды осылайша толық танып білдік
пе?- деген сұрақ туындайды. Ғалымның ешуақытта
хаты өлмейді. Абайды өткен және осы заманғы
ұрпақ осылайша ғылым төріне шығарып, өз
ойларымен бөліссе, келесі ұрпақ оданда биік ғылым
шыңына шығатын болады. Абайдың әр сөзі мен
өлеңін алып саралайтын болсақ, әр қайсысы ұзын
хикаяға толы

12.

Пайдаланылған әдебиеттер
Досжан Д. Абайдың рухы. (Ғұмырнамалық ой толғау). – Астана:
Фолиант, 2008. – 432 б.
Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 56 б.
Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: Бірінші кітап. – Алматы:
Дәуір, 1993. – 224 б.
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлері. – Алматы: Атамұра, 1995. – 208 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3. – Алматы:
Алаш, 2005. – 328 б.
Алдажаров Н. Әйгерім балалары // Абай. – 2016. – №2. – Б. 43-48
Әс-сем. Тұрағұл Абайұлын айыптау құжаттары // Абай. – 2007. – №1. –
Б. 86-87

13.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules