4.82M
Category: medicinemedicine

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

1.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
БӨЖ
СӨЖ
Төменгі аяқ тамырларының
варикозын амбулаторлық емдеу
әдістері .
Орындаған Алсеитова Айдана

2.

Жоспары
Анықтамасы
Этиологиялық факторлар
Классификациясы
Клиникасы
Диагностикасы
Диференциалды диагностикасы
Емдеу алгоритімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Анықтамасы
Төменгі аяқ тамырларының варикозды кеңеюі – төменгі
аяқтың веноздық жүйесінің жағдайы, онда тері астындағы
веналардың қабырғасы серпінділігін жоғалтып, клапандарының бұзылуы мен веналардың ұзарып, ішкі қуысы кеңейіп,
сыртқы пішіндері жұлдыз, қапшық немесе иірілген жылан
тәрізді болып нашарлауымен сипатталады.
Қазіргі таңда тамырлардың варикозды кеңею адамадар арасында еңбекке
жарамсыздықтың және мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі болып
табылады. 26 – 38% әйелдерде, 10 – 20% ерлерде кездеседі.
Созылмалы тамыр аурулары – веноздық жүйенің барлық
морфологиялық және функционалдық бұзылыстары. СТА ның негізгі нозологиялық формалары - төменгі аяқтың
варикозды ауруы, төменгі аяқтың тромбоздан кейінгі ауруы,
ангиодисплазия (флебодисплазия) болып табылады.

4.

Этиологиялық факторлар
және қауіп топтары
• Ыңғайсыз, тар аяқ киіммен жүру (биік өкшелі туфли, мүлде өкшесі жоқ)
• Тар киіммен (дене бөліктерін тарту, тар корсет немесе іш киім)
• Артық салмақ, яғни семіздік.
• Тамыр қабырғаларының зақымдануы және қабынуы бар (тромбоз, тромбофлебит,
флебит, атеросклероз) және т.б.
• Шамадан тыс жаттығу жасау. Кәсіпқой спортшылар, бишілер, баллериналар және
жұмысы жиі ауыр көтеруді немесе физикалық еңбекті қажет ететін адамдар кіреді.
• Тұқым қуалаушылық. Туыстары варикозды тамырлардан зардап шеккен адамдар.
70% жағдайда көрінеді.
•Жұмысы ұзақ уақыт отыруды немесе тұруды қажет ететін науқастарда байқалады
(жүргізушілер,әскери қызметкерлер, мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері, күзетшілер
шаштараздар).
• Әйел жынысы (жыныстық жетілуде, жүктілікте, етеккір тоқтау шағында пайда
болатын гормондық өзгерістер венаның варикоздық кеңеюіне апаруы мүмкін).
• Контрацепциялық дәрілер мен гормондарды қабылдау да қауіпті арттырады.
•Жүктілік кезеңі. Гормондар, прогестерон мен эстрогендер, венаның коллагенді және
эластинді құрылымының бұзылысына әкеледі;
• Құрсақ ішілік қысымның жоғарылауы

5.

Классификациясы
Клиникалық классификациясы
C0-СТВ –дың көрінетін немесе пальпацияланатын белгілері жоқ
C1-телангиэктазия немесе ретикулярлы варикозды тамырладың болуы.
С2-варикозды өзгеріске ұшыраған тері астындағы тамырлар (диаметрі 3 ммден жоғары болуы)
С3- тамырлық ісіну болуы
C4-тері мен тері астындағы тіндердің трофикалық өзгерістері
a-гиперпигментация және / немесе веноздық экзема
b-липодерматосклероз және/немесе терінің ақ атрофиясы
C5-емделген веноздық жара
C6-ашық веноздық жара

6.

Классификациясы
Этиологиялық классификациясы :
Ec-туа біткен ауру
Ep-бастапқы ауру
Es-қайталама ауру
En-этиологиялық факторды анықтау мүмкін емес
Анатомиялық классификациясы :
As-беткі тамырлар
Ap-перфорантты тамырлар
Ad-Терең тамырлар
Аn-веноздық жүйедегі өзгерістерді анықтау мүмкін емес
Патофизиологиялық классификациясы :
Pr-рефлюкс
Po-окклюзия
Pr, o-рефлюкс пен окклюзияның қосарлануы.
Pn-веноздық жүйедегі өзгерістерді анықтау мүмкін емес.

7.

Тамырлардың варикозды кеңеюінде қан айналымының
бұзылу дәрежесіне қарай классификациясы
1. Компенсация сатысы — аяқта кеңейген көк тамырларының
(веналарың) көзге жақсы көрінулеріне қарамай, аурудың
клиникалық белгілері анық білінбейді.
2.Субкомпенсация сатысы— аяқ бұлшық еттерінде ауру сезімі
және аяқтың, әсіресе оның төменгі бөлімдерінде, өтпелі ісіну
байқалады.
3.Декомпенсация сатысы. «А»— аяқтың ісінуі, ауру сезімі,
аяқтың тері
қабатының трофикалық өзгерістерімен
(индурация, пигментация, экзема т.б.) сияқты белгілермен
сипатталады.
4.Декомпенсация сатысы. «Б» — жоғарыда аталған белгілерге
созылмалы түрде өтетін және емдеуі қиын трофикалық ойық
жаралар қосылады.

8.

Клиникасы
• Аяқтардағы ауырлық сезімі;
•Тамыр торының, жұлдызшаның пайда болуы;
•Аятың құрысулары; Қышу
•Тері астындағы ұлғайған тамырларды визуалды анықтау;
•Тыныштық кезінде кетпейтін ісіну;
•Үлкейген тамырлар орналасқан тері аймақтарының пигментациясы;
•Дерматит;
•Аурудың ауыр түрінің симптомдары:
•Аяқтың ісінуі
• Аяқтың ауырсынуы – ұзақ тұрғанда немесе ұзақ отырғанда
•Аяқ немесе тобық терісінің түсін өзгертуі
•Құрғақ, тітіркенген, қабыршақтанған тері, жеңіл сызаттанып,
жарылады
•Ұзаққа созылатын, жазылмайтын терінің ойық жаралары
•Аяқ пен тобықтағы терінің қалыңдауы және нығыздауы (бұл ұзақ уақыт
бойы орын алуы мүмкін).

9.

Клиникасы
СКЖ бар жүкті әйелдердің басым көпшілігін қайта босанушы жүктілер алады.
Және де алғашқы 2 триместрде байқалады. СТЖ бар жүкті әйелдердегі
жатырлық-плаценталық және ұрықтық-кіндік баулық қанайналым
бұзылысы плацента дисфункциясына, Жүктілердегі көктамырлық
қанайналымның нашарлауы салдарынан ұрықтың құрсақішілік автономды
жүйкелік реттелуінің бұзылып, вагальді тонның өсуімен және
симпатоадреналдық әсерлер көрінеді.

10.

Диагностикасы
Физикалық тексеру:
• төменгі аяқтың ісінуі;
• терінің трофикалық өзгерістерінің белгілерін (гиперпигментация,
индурация, дерматит, жараның пайда болуын) анықтау;
• кеңейген тамырлардың болуы.
Пальпация:
• тамырлардың серпімділігін бағалау;
• тромбоздық массалардың болуы мүмкін екенін бағалау;
• фассия ақаулары;
• флеболиттер.
Көктамыр қақпашаларының (клапандарының) қызметтерін анықтауға
бағытталған сынамаларға Троянов-Тренделенбург, Гаккенбрух, Шварц
сынамалары.
Терең жатқан веналардың жағыдайын анықтау үшін Дельбе-Пертес, МейоПратт. сынамалары
Перфорантгы көктамырлар қызметін зерттеуде Троянов-Тренделенбург, Пратт
сынамалары қолданылады.

11.

Троянов-Тренделенбург
сынамасы.
Ауру
адамды кушеткаға жатқызып, оған сырқат аяғын
жоғары көтеруін ұсынады. Кеңейген көктамырлар
босаған соң, санның жоғарғы жағына, тері асты
көктамырларын қысатындай, жгут салынады да
(немесе хирург саусақтарымен басады) пациентті
тұрғызады. Содан соң жгутты алғанда
көктамыр, жоғарыдан төмен қарай, қанмен тез
толғанын байқауға болады.
Шварц сынамасы. Хирург ауру адамды
кушеткаға
тұргазады,
Сол
қолынан
саусактарымен шап маңайындағы кеңейген
көктамырларды
басып,
екінші
қолдын
саусақтарымен
одан
төмен
аймақты
түрткілегенде, жоғары саусақтары толқыма
қозғалыс сезеді.
Гаккенбрух
сынамасы.
Хирург
кеңейген
көктамырлар үстіне қолын қойып, пациентке
жөтелуін өтінеді. Жөтелу кезінде алақанда
толқыма қозғалыс сезіледі. Аталған сынамалар
көктамыр
қақпақшалары
қызметінің
жетіспеушілігін білдіреді.

12.

Дельбе-Пертес сынамасы. Пациенттің
санына, тері асты көктамырын қысатын
жгут салынады да, оны олай-бұлай
жүргізеді. Терең жатқан көк тамырлардың
өткізгіштік
қасиеттері
нашарлаған
жағдайда 10-15 мин соң сырқаттанған
аяқта ауру сезімі пайда болады.
Пратт
сынамасы.
Кеңейген
көктамырлары бар аяқты, оның ұшынан
шап аймағына дейін, эластикалық бинтпен
таңып пациентті жүргізеді. Егер терең
көктамырлардың өткізгіштігі бұзылса, ауру
адам 10-15 мин соң ауру сезім пайда болу
себебінен жүруін тоқтатады.

13.

Шейнис
сынамасы.
Тальман
сынамасы.
Горизанталды
жағдайда беткей көктамыр қаннан
босаған соң бірінші бұрауды санның
жоғарғы бетіне, екіншісін тізе буыны
үстіне, үшіншісін одан төмен байлайды.
Науқастан тұруын сұрайды. Жгуттар
арасындағы
көктамырлар
толуы
патологиялық
құйылу,
яғни
коммуникантты
көктамырлардың
жетіспеушілігін көрсетеді.
Тальман бүкіл
аяқты байлау үшін ұзын бір бұрауды
пайдаланады.
Эластикалық,
резиналы
түтікше
қолданылады.
Науқасты
горизантальды жағдайда аяғын қаннан
босатады, сонан соң табанынан санына
дейін резиналы бұрау байлайды. Аралықта
5-6 см етіп қалдырады. Бұрау салғаннан
кейін науқасқа тез тұруын сұрайды.
Көктамыр
сегментінде
дөңестілік,
күштену пайда болуы – коммуникантты
көктамырлар жетіспеушілігінің белгісі.

14.

Ультрадыбысты зерттеу. Бұл инвазивті емес әдіс СВЖ
диагностикалауда маңызды орын алады.
Доплерлік кататерлеумен болатын дуплексті сканирлеу
болып табылады. Бұл әдіс көмегімен терең көктамырлар
жағдайын, қақпақшалар қызметін, перфорантты және
беткей көктамырлардағы қан бағытын бағалайды.
Ретроградты флебография науқастардың вертикалды
және еңкейген жағдайдада сан мен сирақтың беткейлік
және терең веналарының патологиялық дилатациясын
анықтауға мүмкіншілік береді.
Ангиография қантамырларды рентген сәулелері арқылы
тексеру.
Флебографияға көрсеткіштер:
1. Терең және беткейлік веналардағы қақпақшалар
жағдайы мен олардың орналасқан орнын анықтау
үшін.
2. Терең веналардағы патологиялық өзгерістер мен оның
өткізгіштігінің дәрежесін анықтау үшін.
3. Варикозды аурудың операциядан кейінгі рецедивтік
себебін анықтау.
4. Венозды ангиодисплазия және беткейлік варикозды
кеңейген веналардың атипиялық түрін анықтау үшін.

15.

Емі
Емі
Консервативті
Массаж, ванналар, жүзу, эластикалық
бинтпен орау
Оперативті
Көрсеткіш: консервативті ем нәтиже бермесе

16.

1 класс компрессии
18-21 мм.рт.ст
ретикулярный варикоз,
телеангиэктазии;
функциональные флебопатии,
синдром "тяжелых ног";
профилактика варикоза у
беременных.
2 класс компрессии
23-32 мм.рт.ст
ХВН без трофических
расстройств (2–3 классов по
СЕАР), в том числе у беременных
состояния после флебэктомии или
склерооблитерации
для профилактики тромбоза
глубоких вен в группах риска, в
т.ч. у оперированных больных
3 класс компрессии
34-36 мм.рт.ст
ХВН с трофическими
расстройствами (4–5 классов по
СЕАР)
лимфовенозная недостаточность
4 класс компрессии
>46 мм.рт.ст
Лимфедема
Врожденные ангиодисплазии
Консервативті
емдеу
көктамырлы
рефлюксты
қалыптастыру үшін аяқтың
компрессиясына
бағытталады.
Аяқтың
эластикалық
компресстясы – түрлі емдік
шұлықтар немесе эластик
таңғыштар.Эластик
таңғышты науқас жағдайы
операцияны
көтера
алмағанда
немесе
басқа
себептермен
операция
жасауға болмаса ұсынылады.
Байламды немесе шұлықты
төсектен тұрмай тұрып
байлау немесе кию керек, яғни
ісіну болмай тұрып, көк
тамыр қаннан босағанда.

17.

Хирургиялық емі
Эндовенозды лазерлік коагуляция; (Жарық сәулесі шағын варикозды веналарға
бағытталады)
Эндовенозды криодеструкция;
Эндовенозды радиожиілікті абляция;
Флебосклерозды емдеу;
Кроссэктомия;
Стриппинг
Перфорантты веналардың диссекциясы;
Минифлебэктомия;
Веналарды шундттау
Эндоваскулярлық мықын-феморальды стентинг;
Гибридті араласу-мықын венасын стенттеу + веноздық шунттау.

18.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
https://diseases.medelement.com/dise
ase/%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D
0%BA%D0%BE%D0%B7%D0%BD%D0%BE%
D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%88%D0%B
8%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%
B5-%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D0%
B8%D1%85%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D1%
87%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0
%B5%D0%B9/14285
https://ikaz.info/aya-k-ktamyrlarynyvarikozdy-ke-eyui/
English     Русский Rules