18.55M
Category: biologybiology

Биотехнологиялық әдістерді жануарлар селекциясында қолдану Генотиптердің ұрығын мұздату арқылы олардың қорын құру

1.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары
Биология кафедрасы
Биотехнологиялық әдістерді жануарлар
селекциясында қолдану
Генотиптердің ұрығын мұздату арқылы
олардың қорын құру
Орындаған магистранттар: Есмуханбетова Н.,
Марип Л., Қанатқызы Э.
Қабылдаған: Убайдуллаева А.
Тобы: МБЛ-211

2.

Жоспар
1
Кіріспе
2
Негізгі бөлім
Биотехнологияны жануарлар селекциясында қолдану
Жануарлар биотехнологиясының әдістері
Жануарлар биотехнологиясы Қазақстанда
Жануарлар биотехнологиясының басқа да жаңалықтарына қысқаша шолу
5
Қорытынды
6
Пайдаланған әдебиеттер

3.

Кіріспе
Қазіргі биотехнология тірі ағзаларды, микроағзаларды, мәдени
өсімдіктер мен ауыл шаруашылық малдарын қалыптастыруға
байланысты жаңа әдістерді іздеу үстінде.
Жануарлар биотехнологиясы молекулалық және жасушалық
биотехнология әдістерін қолданып,генотипін түзету арқылы
қарқынды өсіп жетіле алатын,өнімділік қасиеттері жоғары
жануарларды шығару тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы болып
табылады.

4.

Биотехнологияны жануарлар
селекциясында қолдану.
Ауыл шаруашылығы биологиясының негізгі жетістіктерінің үлесіне – қолдан ұрықтандыру мен
ұрықты сұйық азотта ұзақ уақыт мерзімге сақтау әдістерін табуы. Бұл бағалы аталықтардың
генофондын максималды түрде пайдалануда маңызы зор. Генетикалық зерттеулер бойынша
ұрпаққа ата-ананың екеуінің де әсері бар. Осы жағдайға байланысты асылдандыру жұмысын
жеделдету үшін ұрғашылардың генофондын қолдану қажет. Себебі ол селекцияның одан әрі
күрделеніп дамуына жол ашады. Тәжірибелік селекцияда бұны биотехнологиялық әдістердің
негізінде, Эмбриондарды трансплантациялау арқылы іске асыруға болады. Эмбрионды
көшіру өнімділігі жоғары ұрғашылардың ұрпақ санын жылдам көбейту мүмкіндігін туғызды.
Асыл тұқымды аталықтарды алу кезіндегі ұрғашыларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау
мүмкіндігі де пайда болды.

5.

Трансплантациялау технологиясының маңыздылығы мен
қиындығы – асыл тұқымды аналықтан қажетті мөлшерде
эмбриондарды алу. Аналықтардан эмбриондарды алу
мүмкіндіктері мол, себебі олардың аналық безінде бірнеше
жүз мыңдай ооциттер бар, бірақ олардың қорындағы
гендердің бір, екеуі ғана жетіліп ұрпақ береді. Мәселен,
әрбір сиыр саулық қой тіршілігінің соңына дейін орташа
есеппен 7-10 бұзау, саулық қой 5-6 қозы ғана береді. Л.Н.
Эрнст, Н.А. Кравченко және т.б. (1987) мәліметтері
бойынша ооциттердің көп мөлшері бітеулікке ұшырап,
ұдайы өндіріске қатыспай қалады. Қордағы потенциалды
жыныс жасушаларын қолданудың тамаша тәсілі аналық
безін қопсыту. Сиырдың аналық безінен 200 дейін
ооциттерді бөліп алып, соңғыларын in vitrо (ағзадан тыс)
метафазаның өсіп-жетілу күйіне шейін жеткізу әдістері
құрылды. Ұрықтандыру кезінде in vitrо ооциттерін қопсыту
нәтижесінде жақсы дамыған бұзаулар алынған. Л.К. Эрнст,
Р.А. Кравченко мен т.б. ойынша, бұл әдістер өзара
параллельді дамуы қажет, өйткені екеуінің де оң және теріс
нәтижелері бар.

6.

Әр жастағы малдың безінен бөлініп шыққан, ағзадан тыс өсіп-жетілген
жыныс жасушаларын ұрықтандыру мүмкіндігін зерттеудің мәні зор. Кәрі
малдың аналық безіндегі ооциттерді қопсыту, атақты дарақтардың
репродуктивті мерзімін жалғастырып, қосымша ұрпақ алудың бірден-бір
себебі. Толық жасқа жетпеген жануарлардың аналық безіндегі жыныс
жасушаларын қопсыту және ұрықтандыру төңірегіндегі жетістіктер,
келешекте табиғи жыныстық жетілу уақытын ауыстырып, қысқа мерзім
ішінде тұқымаралық будандарды шығарып алуды көздейді. Зерттеулердің
нәтижелері бойынша бұзаудың 1-2 айлығында аналық безінен
бөлінген ооциттерді қопсыту мен ұрықтандыру сәтті аяқталған еді.

7.


Қазіргі биотехнологиялық әдістердің негізгі мақсаттары мен міндеттері
жақсы ұйымдастырылып құрылған эмбрионалды трансплантациялаудың
арқасында жоғары өнімді, қажетті типтегі малды жылдам көбейтіп алу.
Тұқымды қалыптастыру процесі немесе генетикалық ресурстардың
жетіспеуі кезінде, генотипі қажетті жануарларды тез арада көбейту
кезінде, бұл әдіс өте тиімді.
Эмбрионалды трансплантациялау селекцияның келесі міндеттерін
шешуде пайдаланады:
1. өнімділігі жоғары, бағалы тұқымдар мен мал топтарын тез арада
көбейту мәселесін қарастырады;
2. малдың бірнеше көшірмесін алу үшін, эмбрионды ертерек бөліп алу.
Олар генотиптің сыртқы орта байланысын, қасиеттерінің тұқым
қуалауын анықтауға мүмкіндік беруі;
3. мутантты гендердің кіші популяциясы мен тұқымдық генофондын
сақтап қалу;
4. генотипі бойынша бағалы, бірақ бедеу жануардардан ұрпақ алу;

8.


5. зиянды рецессивті гендер мен хромасомалық
құбылыстарды анықтау;
6. малдың ауруға деген төзімділік қабілетін арттыру;
7. ауруға қарсы күресу шарасы ретінде малдың
импорты мен экспортын, криоконсервіленген
эмбриондардың импорты мен экспортына
ауыстыру;
8. шетелден әкелінген малдарды жерсіңдіру;
9. іштегі төлдің жынысын анықтау және қажетті
жынысты төлді алу;
10. түраралық көшіру;
11. химерлі жануарларды алу

9.

Соңғы он жылдың ішінде эмбрионды
трансплантациялау әдісін көптеген елдер
өзінің селекциялық бағдарламасына
еңгізген еді. Шетелдік мамандар (АҚШ,
Германия, Канада және т.б.)
трансплантациялау әдісінің мәні селекциялық бағдарламаның
жеделдетуінде деп түсіндірген. Бұл сиыр
сүтінің өнімділігін - 20%, ал еттің
өнімділігін - 20-40%. Бұл әдісті
селекцияның басқа да белгілерін:
өміршеңдігін, көбейгіштігін, аурулар мен
стресстерге төзімділігін дамыту үшін де
пайдаланады.

10.


АҚШ пен Канаданың қолдан ұрықтандыру станцияларында ұрпақ сапасы
тексерілген 50-60% дейін сәйкес келетін трансплантат-бұқалары бар.
Малдың генофондын эмбриондар трансплантация әдісімен одан әрі
жетілдіретін мемлекетаралық ұйымдар құрылуда (американо-египеттік
және т.б.). Жалпы ұрықты көшіру жөнінде алғашқы мәліметтер ХІХ
ғасырдың аяғында пайда болған. 1980 ж ағылшын биологы W. Heape
қояндарға жасалған тәжірибесінде, ұрықтанған жұмыртқаларды бір
ұрғашыдан екіншісіне көшіріп, ұрпақ алуға болатынын дәлелдеген. 1891 ж
Париж академиясында орыс дәрігері М. Ононов қоян мен теңіз
шошқасының фолликулярлы жұмыртқаларын сәтті көшірап алғаны
жөнінде хабарлады.

11.


Ал 1897 ж Қазан қаласында гинеколог В.С. Груздев қояндардың
зиготасын алудағы тәжірибесінің нәтижелерін жариялаған. Сондай-ақ
1930 ж бұндай экспериментерді орыс ғалымдары (Красовская, 1934,
1936; Красовская, Диомидова, 1934; Бернштейн, Левина, Смирнова,
1935) да жалғастырды. Меринос, қаракөл, чунтукты және сығай қой
тұқымдарына, зиготаны тұқымаралық көшіруде жақсы жетістіктерге
жеткен орыс ғалымдары А.И. Лопырин және А.В. Квасницкий (1950,
1953). Олар 16 трансплантант-қозы алған.

12.

Жануарлар биотехнологиясының әдістері
Ғалымдар биотехнология әдістерінің көмегімен малшаруашылықта
жануарлармен әр түрлі эксперименттерді өткізеді. Осындай жұмыстың
мақсаты – жануарлардың биологиялық бағдарламасын өзгерту. Осы жұмыс
ұрық даму орнына тіркелмей тұрғанда өткізіледі. Ұрықты алып, «биотүзету»
өткізіп, соны дамыту үшін физиологиялық ананың репродукция мүшелеріне
еңгізеді. Осындай жағдайда молекулярлы биотехнология, жасұша
биотехнологиясы және көбейту биотехнологиясы малшаруашылықта жаңа
ғылыми әдістерді жаратып отыр – ұрық инженерия, ұрық дақылы, ұрық
трансплантациясы.

13.

Ұрық инженерия – жануарлардың
ағзаларынан генетикалық қорын тауып,
алып, мүмкіншіліктерімен қолдану әдіс.
Ұрық дақылы – жануарлардың гаметаларының және
ұрықтарының физиологиялық қорларының
мүмкіншіліктерін іздеп табатын, олардың өмір сүру
үдірістерін ағзаның ішінде және ағзадан бөлек
сақтайтын малшаруашылықтағы биотехнологиялық
әдіс.
Ұрық транспланттау – жануарлардың репродуктивтік
жүйесінің физиологиялық қорын іздеп, оның
мүмкіншіліктерін анықтап, бағалы генотиптерді
тездетіп көбейту үшін ұрықтарды транспланттау
әдісімен қолданатын малшаруашылықтағы
биотехнология әдісі.
Малшаруашылықта ұрық инженериясы,
ұрық дақылы, ұрық транспланттау
кешен жаратып, жануарлардың
селекциялық, немесе, генетикалық
қорларын ашады

14.

Жануарлар биотехнологиясы Қазақстанда
Біздің елімізге келетін болсақ, малдың эмбриондарын трансплантациялау зерттеулерін
алғаш рет 1965 ж. тәжірибелі биология институтында (қазіргі «Биоген») академик Ф.М.
Мухамедғалиевтің басшылығымен қой шаруашлық саласында жүргізілді. Басында жас
мамандар ретінде, ал кейін бұл салада атағы шыққан ғалымдар М.М. Тойшыбеков, Р.Б.
Абильдиов, О.И. Бердонгарова, К.Д. Джанабеков және т.б. еді. Аталмыш саланың одан
әрі жетілдіріп, дамытуға атсалысқан ынталы ғалым, ҚРУҒА корреспондент мүшесі,
профессор М.М. Тойшыбеков болатын. Бірінші кезеңде трансплантация әдістемесін үйрету
мен ана ағзасының трансплантант-қозы фенотипіне әсерін зерттеу болды. Реципиент пен
донор ретінде фенотиптері алшақтау қой тұқымдарын алған. Қазақтың таза биязы жүнді
қойдың жатырындағы зиготасын қылшық жүнді қой тұқымдары – еділбай, қарғалы
және жергілікті құйрықты қойларына көшірді.

15.

Жануарлар биотехнологиясының басқа да
жаңалықтарына қысқаша шолу
• АҚШ лизостафин белогының синтезі жүретін жаңа сиыр
породасын алынды.Ол жануарлардың сүт бездерінің
қабынуына қарсы тұрақтылық қасиет береді.Ісік ауруларын
емдеуде арналған белоктар синтезделінеді.
• Аргентинада құрамында адамның өсу гормоны бар сиыр
сүтін шығарып алуға қол жеткізіледі.Зерттеушілердің
айтуынша,мұндай он бес сиырдың өзі осы препаратқа деген
әлемдік сұранысты қанағаттандыра алады.

16.

Қорытынды
Сонымен, биотехнология мен ген инженерияның жаңа
әдістері жануарлар селекциясында үлкен жетістіктерге қол
жеткізуге жол ашуда. Дәстүрлі
селекция жағдайында
мүмкіндік болмаған алыс таксономиялы жануарлар тобының
комбинациялық белгілерін құрастыру жағдайлары да
жасалуда. Жоғарыда айтылған селекциялық әдістер ХХІ
ғасырда маңызды орын алатыны және одан әрі күрделеніп
дамуы әрине сөзсіз.

17.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Rules