2.74M
Categories: medicinemedicine biologybiology

Постнаталды кезеңіндегі бүйректің гистологиялық құрылысының ерекшеліктері. №8 практикалық сабақ

1.

№ 8 практикалық сабақ
Тақырып: Постнаталды кезеңіндегі бүйректің
гистологиялық құрылысының ерекшеліктері.
Нефронның гистологиясы. Бүйректің қанмен қамтамасыз
етілуінің ерекшеліктері. Бүйректің эндокриндік аппараты.
Постнаталды кезеңіндегі несепшығару жолдарының,
қуықтың гистологиялық құрылысы ерекшеліктері.

2.

Тақырыпқа мотивациялық сипаттама
Несепшығару жүйесі ағзаларының гистофизиологиясын білу жоғарғы курстарда
оқытылатын клиникалық пәндерді жетік меңгеру үшін, сонымен қатар күнделікті
практикада дұрыс диагноз қою және науқастарды тиімді емдеу үшін қажет. Несеп
шығару жүйесі ағзаларының ауруларын дұрыс диагностикалау және тиімді емдеу
мақсатында урологиялық практикада зертханалық талдау әдістері, клиникалық
сынама және тірі ағзадан гистологиялық зерттеуге материал алу сияқты тәсілдер
кеңінен қолданылады. Несеп шығару жүйесінің ағзалары құрамына: несеп түзетін
жұп ағза − бүйрек және несеп шығару жолдары − тостақшалар, түбек, несепағар,
қуық, несеп шығару каналдары кіреді.

3.

Сабақтың мақсаты :
1. Несепшығару ағзаларының құрылысы мен гистофизиологиясын микроскопиялық
және ультрамикроскопиялық деңгейде оқып білу.
2. Нефрон түрлерінің құрылымдық ерекшеліктерін салыстыра отырып, несепӛндіру
процесіндегі рӛлін білу.
3. Бүйректің қанайналымы ерекшеліктерін түсіне білу.
4. Несепшығару ағзаларының тіндік және жасушалық құрамын гистологиялық
препаратта анықтауды үйрену.
5. Нефронның әртүрлі бӛлімін микроскопиялық және
ультрамикроскопиялық
деңгейде ажырата білу.
6. Бүйректің эндокриндік құрылымы туралы білімді қалыптастыру.
7. Нефронның әр түрлі бӛлімдерінің гистофизиологиясын анықтау.
8. Юкстагломерулярлы аппарат және бүйректің эндокриндік жүйесін зерттеу.

4.

Қажетті бастапқы білім деңгейі:
1. Несепшығару жүйесі ағзаларының эмбриондық дамуының кӛздері.
2. Несеп шығару жүйесіне сипаттама.
3. Бүйректің қанайналымы ерекшеліктері.
4. Бүйректің
қыртысты және милы бӛліктерінің құрылысы.
5. Нефронның құрылысы.
6. Нефронның түрлері.
7.Бүйрек нефронның және жинақтаушы түтікшелердің гистофизиологиясы.
8.
Бүйректің эндокриндік құрылымы.
9.
Юкстагломерулярлы аппаратқа сипаттама.
10. Несепшығару жолдарының құрылысы

5.

Несеп шығару жүйесі
Несепӛндіруші
ағзалар
бүйректер
Несепшығарушы
ағзалар
несепағар, қуық, несеп
шығару каналы

6.

Бүйректің дамуы
Эмбриондық кезеңде бүйрек мезодерманың нефротом (сегмент
аяқшалары) бӛлігінен дамып, үш кезеңнен ӛтеді:
−алғашқы бүйрек (1–pronephros) 8–10 сегмент аяқшаларынан
дамиды, несеп ӛндіру функциясын атқармайды кері дамуға ұшырайды;
−біріншілік бүйрек (2–mesonephros) бүйрек денешігінің капсуласы
мен капилляр шоғырлары қалыптасады;
−тұрақты бүйрек (3–metanephros) ұрықтық дамудың 2–ші айынан
басталып нәресте дүниеге келгенше жүреді. Мезодерманың
сегменттелмеген каудалды бӛлігінен нефрогенді тін және мезонефральді
түтік қалыптасады. Нефрогенді тіннен бүйректің өзекшелері дамиды.
Мезонефральді
ӛзектен
несепағар,
бүйрек
қуыстары
мен
тостағаншалары, жинақтау түтіктері дамиды.

7.

Бүйректің функциялары:
1)несепӛндіру
және заттек алмасуының соңғы
ӛнімдерін шығару;
2) тұз – су алмасуын реттеу;
3) қышқыл– сілтілік тепе-теңдікті тұрақтандыру;
4)эндокринді (ренин, простогландин,
эритропоэтинді бӛлу).

8.

I
II
Бүйректің құрылысы
Бүйрек жұпты ағза, сыртқы беткейінен тығыз
талшықты дәнекер тінімен, ал оның беті сірлі
қабықшамен жабылған. Әрбір бүйректе қыртысты (I)
және милық бөлікті (II) ажыратамыз.
Қыртыстық бөлігі (I) қызғылт қоңыр түсті және
капсула астында орналасқан. Милық бөлігі (II) ашық
түсті 8–12 пирамидаға бӛлінген. Пирамида тӛбелері
бүйрек қуысына шығып тұрады. Даму барысында
бүйректің қыртысты заты ұлғайып пирамида
аралығына кіріп бүйрек бағаналарын құрады. Милы
бӛлік қыртысты бӛлік ішіне қарай кіріп сәулелер
түзеді.

9.

Бүйрек стромасын дәнекер тіні
(қантамырлар мен нервтер), ал
паренхимасын (нефрондар)
эпителий тіні қалыптастырады.
Бүйректің структуралық–
функциялық бірлігі нефрон болып
саналады, әрбір бүйректе 1 млн.
I
II
II
Бүйректің қыртысты (I) бӛлігін 3 түрлі
нефрондардың
бүйрек
денешіктері,
иректі
проксималды ӛзекшелері, иректі дисталді ӛзекшелері,
ЮГА аппаратының компоненттері қалыптастырады.
Бүйректің милық (II) бӛлігін проксимальді тік
ӛзекшелері, жіңішке ӛзекшелері, дисталды тік
ӛзекшелері, жинақтау түтіктері қалыптастырады.

10.

6
1
2
6
2
3
5
4
Нефронның схемасы. 1–бүйрек денешігі; 2–
проксималды иірімді ӛзекше; 3–проксималды тік
ӛзекше; 4–нефрон ілмегінің жіңішке тӛменгі бӛлігі;
5–нефрон ілмегінің жуан жоғарғы бӛлігі; 6–
дисталды бӛлімі; (А.А. Заварзин, С.И. Щелкунов
бойынша)
Нефронның құрылысы
Бүйректің структуралық–функциялық бірлігі
болып нефрон саналады. Ол
капиллярлар
шумағының
капсуласынан
(Боумен–
Шумлянский) (1) және бүйрек ӛзекшелерінен
тұрады. Капсуладан проксималды ӛзекше
шығып, ол проксималды иірімді (2) және тік (3)
ӛзекшеге ӛтіп, нефронның проксималды бӛлімін
түзеді. Проксималды тік ӛзекше нефронның
жіңішке ӛзекшесіне жалғасады, олар ӛз
кезегінде ілмектің (петля) жіңішке (4) төменгі
және жуан (5) жоғарғы бӛліктері деп бӛлінеді.
Жіңішке ӛзекше тік және иірімді дисталды (6)
ӛзекшеге ӛтеді. Дисталды бӛлім жинағыш
түтікшелерге (нефрон құрамына кірмейді), ал
олар пирамида тұсында ашылады.

11.

Нефронның түрлері
К
п
Д
1) Сыртқы (қыртысты) немесе беткейлік нефрондар (15%),
бұл нефрондар толықтай қыртысты затта орналасқан.
2)
Аралық қыртысты нефрон (70%), мұнда бүйрек
денешіктері, проксималды иірімді және дисталды иірімді
ӛзекшелері қыртысты затта орналасып, ал олардың жіңішке
ӛзекшелері милық бӛлімнің сыртқы және ішкі аймағымен
шекарасына жетіп одан тік дисталды ӛзекшеге жалғасады.
3) юкстамедуллярлы немесе милық нефрондар (15% ), мұнда
бүйрек денешіктері, проксималды иірімді және дисталды
иірімді ӛзекшелері қыртысты затта, ал олардың жіңішке
ӛзекшелері милық бӛлімде орналасқан
Нефронның түрлері (схема).
I–қыртысты зат; II–милық зат; Н–сыртқы аймақ; В–ішкі аймақ; Д–ұзын (юкстамедуллярлы) нефрон; П–
аралық нефрон; К–қысқа нефрон; 1–шумақ капсуласы; 2– иректі проксималды ӛзекше; 3– тік проксималды
ӛзекше; 4–жіңішке тӛменгі ӛзекше; 5–жуан жоғарғы ӛзекше; 6–тік дисталды ӛзекше; 7–иректі дисталды ӛзекше; 8–
жинағыш түтікше; 9–бүртікті канал; 10–бүйрек тостағаншасының қуысы (по Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина,
Е.В.Котовский бойынша).

12.

А
Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі
Ұ
I
Бүйрек қақпасына кірген артерия, бӛлікаралық, доғалық,
бӛлікшеаралық, бӛлікшеішілік артерияларға бӛлінеді, осыдан
жоғарыға қыртысты нефрондарға, ал тӛменге милық
нефрондарға әкелуші артериолдарға тарамдалады, осыдан
бүйректе шартты түрде екі қанайналым жүйесін ажыратады:
кортикалды және юкстамедуллярлы
1) Кортикалді қанайналым жүйесінде әкелуші артериолдар
II
Нефронның қанмен қамтамасыздануы.
I–қыртыстық зат; II–милық зат; Ұ–ұзын нефрон,
А–аралық нефрон, 1,2–бӛлікшеаралық артерия вена; 3,4–
доғалық артерия вена; 5,6–бӛлікаралық артерия вена; 7–
әкелуші артериола; 8–әкетуші артериола; 9–капиллярдың
шумақты торы;10–перитубулярлы капилляр торы; 11–тік
артериола;12 –тік венула.
бүйрек капсуласына еніп «ғажайып» 1-лік қан капиллярлар
торын түзеді. Қан капиллярлар шумағы жиналып бірігуінен
әкетуші артериолаға айналады. Әкелуші артериола диаметрі
әкетуші артериоладан үлкен болады, сондықтан капсулаға қан
кӛп келіп аз шығады осының нәтижесінде қысым жоғары
болып (50мм.с.б.) сүзілу жүріп 1–лік несеп түзіледі. Әкетуші
артериола капсуладан шығып екінші рет нефрон ӛзекшелерінде
тарамдалып перитубулярлы 2–лік қан капиллярлар торын түзеді
(10–12мм.с.б.) қысым төмен болғандықтан 1–лік несептен
реабсорбция жолымен 2–лік несеп түзіледі. 2–лік қан
капиллярлар торы жиналып жұлдызша тәрізді венулаға н/е
бӛлікшеаралық венаға, доғалық венаға, бӛлікаралық венаға,
бүйрек венасына құяды.
2)Юкстамедуллярлы қанайналым жүйеде әкелуші және әкетуші
артериолдар диаметрі бірдей болады, сондықтан қысым да
төмен. Әкетуші артериола тік тамырға ӛтеді, перитубулярлы
капилляр торына, тік веналарға, доғалы венаға ӛтеді.Осы
ерекшелігіне байланысты милы нефронда несеп түзу процесі
тӛмен жүреді, шунт ролін атқарады (қан қысқа және оңай
жолмен ӛтеді).

13.

Несепөндіру процессінің гистофизиологиясы
Қыртысты нефрондарда несепөндіру процесі үш фазада жүреді:
1)фильтрация (сүзілу) фазасы – бұл бүйрек денешігінде жүретін
процесс, қан капиллярлар торында қысым жоғары болғандықтан капсула
қуысына қан плазмасы сүзіліп, мӛлшері тәулігіне 180 литрдей 1–лік
несепөндірілу жүреді;
2)нефрон ӛзекшелерінде жүретін процесс – реабсорбция фазасы,
ӛзекшелер қуысынан қан капиллярларына 1–лік несеп (мӛлшері 178
литр), кері сорылып (реабсорбия), соңында 2–лік несепөндірілу фазасы
жүреді;
3)секреция фазасы – жинақтаушы түтікшелерде, ақырғы несептің
қышқылдануы жүреді. Ақырғы несептің тәуліктік мӛлшері 1,5–2литр
болады.

14.

Бүйрек денешігінің құрылысы
Бүйрек денешігі қантамырлар шумағы және капсуладан
(Боумен–Шумлянский) тұрады.
1) Қантамырлар шумағы әкелуші және әкетуші
артериола аралығында орналасқан фенестрленген 25–50
шақты қан капиллялар (50мм.с.б.) торынан тұрады.
Фенестрленген қан капиллярлар қабырғасы эндотелиймен
жабылған. Эндотелийде (0,1мкм.) саңылаулары бар және
олар 3 қабатты базалды мембранада орналасқан. Базалды
мембрананың ішкі және сыртқы қабаттары ашық түсті, ал
ортаңғысы (d.7нм. саңылаулары бар) тығыз күңгірт түсті.
Базалды мембрана қан капилляр эндотелийі мен
капсуланың ішкі эпителийіне ортақ болады. Қан
капиллярлары аралығында дәнекер тінде мезангиялық
жасушалары орналасқан.
Бүйрек. Қыртысты бөлік.
Бояуы: пикроиндигокармин.
1– қан капиллярлар шумағы; 2– капсуланың
сыртқы жапырақшасы; 3– екі жапырақша
аралық кеңістік; 4–проксималды ӛзекшелер; 5–
дисталды ӛзекшелер.
Бүйрек денешігі. Бояуы:
гематоксилин– эозин. х400.
1– қан капиллярлар шумағы ;
2– капсула қуысы;
3– капсуланың сыртқы
жапырақшасы;
4– тығыз дақ.

15.

әкелуші
артериола
әкетуші
артериола
Шумлянский–
Боумен капсуласы
(париеталды
жапырақша)
Шумлянский–
Боумен капсуласы
(висцералды
жапырақша)
қан
капиллярлар
шумағы
капсула
қуысы
проксималды
ӛзекше
Бүйрек денешігі.
2) Шумақша капсуласының пішіні
бокал тәрізді және ол ішкі және
сыртқы жапырақшадан түзілген,
аралығындағы қуыстан нефронның
проксималды ӛзекшесі басталады.
Капсуланың ішкі жапырақшасы
подоциттермен жабылған, олар әрбір
қан капиллярларын жан–жағынан
қоршай жауып орналасқан.
Капсуланың
сыртқы
жапырақшасы
жалпақ
немесе
текше
тәрізді
эпителиймен
жабылған.
Бұл
нефронның
проксималды ӛзекшесіне ӛтеді. Екі
жапырақша аралығында капсула
қуысы бар.

16.

7
6
6
8
1
5
2
3
4
2
3
Шумақты капилляр және подоциттермен
жабылған Боумен капсуласының висцералды
жапырақшасы (схемасы).
1 – подоцит; 2 – цитотрабекула, біріншілік ӛсінділері;
3 – цитоподия, екіншілік ӛсінділері; 4 – подоциттің
денесі; 5 – фильтрациялық саңылау; 6 – эндотелий; 7 –
базалды мембрана; 8 –базалды пластинка.
Подоциттер – пішіні дұрыс емес,
d.30 мкм. эпителиалды жасушалар
Жасуша денесінен ірі біріншілік
ӛсінділері – цитотрабекулдар, ал
олардан тарайтын ұсақ екіншілік
ӛсінділер – цитоподиялары 3 қабатты
базалды мембрананың сыртқы бетіне
бекінеді.
Араларындағы
фильтрациялы саңылаулары сүзгі
функциясын атқарады.
Подоциттің функциясы:
1) гломерулярлы базалды мембрана
компоненттерін синтездеу;
2)қан капиллярындағы қанағымын
реттейтін заттек бӛлу;
3) фагоцитоз.

17.

Шумақты капилляр.
Иммунофлюоресцентті әдіс
шумақты қан капилляр
компоненті – базалды
мембрананы жасыл түске
боялуына мүмкіндік береді.
Фильтрациялық тосқауылдың ультрамикроскопиялық
құрылысы. (Е.Ф.Котовский бойынша).
1–капилляр эндотелийі; 2–базалды мембрана; 3– подоцит; 4–
подоцит цитотрабекуласы; 5–подоцит цитоподиясы; 6–
фильтрациялық саңылау; 7– фильтрациялық диафрагма; 8–
гликокаликс; 9–капсула қуысы;10–капиллярдағы эритроцит.
Фильтрациялақ тосқауыл
Фильтрациялық тосқауыл деп капсула қуысы
және шумақты қан капилляр аралығындағы
құрылым жиынтығын айтамыз.
1) қан капилляр эндотелийі (фенестрі мен
0,1мкм. саңылауы бар жасуша) ;
2) үш қабатты базалды мембрана (ортаңғы
қабатта шамасы 7нм. саңылауы бар);
3)подоцит жасушалары (капсуланың ішкі
жапырақшасы).
Осы сүзгі арқылы қан плазмасы сүзіліп 1–лік
несеп түзіледі, құрамы: су, тӛменгі
молекулалы ақуыз, глюкоза, эектролит,
мочевина, амин қышқылы бар. Қалыпты
жағдайда қан элементтері және ірі молекулалы
ақуыздар өтпейді.
Патологиялық жағдайда осы саңылау кӛлемі ұлғаюы
мүмкін, сонда 1–лік несеп құрамында ірі молекулалы
ақуыздар (протеинурия) және эритроциттер (гематурия)
болады.

18.

Нефронның проксималды бөлімі.
1
2 бөлімнен: а) иректі (ұзын) және тік (қысқа) ӛзекшелерден
тұрады. Ӛзекше қуысы (3) d.60 мкм. бірқабатты призмалық
жиектелген эпителиймен (1) жабылған.
2
Функциясы:
4
3
микробүрлері
1
2
Проксималды
иректі ӛзекше жасушалары
1–схема; 2–ЭМФ сурет.
1)реабсорбция,
1–лік несептен қанға ақуыз, глюкоза,
электролит, су кері сорылады;
2) органикалық қышқылдар (креатинин т.б.) секрециясы жүреді;
3) экзогенді заттардың экскрециясы жүреді.
Жасуша ерекшеліктері:
а)апикалді бӛлімде сілтілі фосфатаза бар сызықты жиектерінің
(микробүр) болуы (1), (қанға глюкозаны кері сору);
б)цитоплазмасы мӛлдір емес (4) пиноцитоз кӛпіршіктері мен
лизосомалары кӛп (пиноцитоз жолымен сорылған ақуыздар
протеолитті ферменттер арқылы амин қышқылына ыдырайды)
болуы;
в)базалды бӛлімде (2) қатпарлары мен сызық түрінде
орналасқан митохондрияның (қанға қатпарлары арқылы суды,
ал митохондрия электролитті кері сорады) болуы.

19.

Нефронның жіңішке өзекшесі
1
Бүйректің милық заты.
А– нефрон ілмегінің тӛменгі
бӛлігінің жіңішке ӛзекшесі (ТЭМ).
1–ӛзекше қуысы
(по К.А. Зуфарову).
.
Жіңішке ӛзекше (қабырғасы ӛте жұқа) диаметрі 12–
15мкм. болатын бірқабатты жалпақ эпителиймен
жабылған . Эпителиоциттердің цитоплазмасы ашық
түсті, органеллалары және ферменттері аз ғана
мӛлшерде. Жасушаның ядросы бар бӛліктері
ӛзекше қуысына қарай шығыңқы болып кӛрінеді
(ТЭМ суретті қара).
Функция – пассивті түрде 1–лік несептен судың
кері сорылуы жүреді, ал жоғарлаушы бӛлімдегі
ӛзекшеде (d.30мкм) электролиттер сорылады.
Нефронның бұл бӛлімі жіңішке тӛменгі және жуан
дисталды тік ӛзекшелерден қалыптасқан және ол
нефрон ілмегі деп аталады.

20.

Нефронның дисталды бөлімі
5
1
5
Бүйректің дисталды иректі
өзекшесі.ТЭМ.х1600.
1–ӛзекше қуысы; 2–
эпителиоциттердің ядролары; 3–
митохондриялар; 4–базалды лабиринт;
5–гемокапилляр қуысы (Э.Севергина
бойынша).
2 бөлімнен: а) тік және иректі ӛзекшелерден тұрады. Ӛзекше
қуысы айқын анық. Тік ӛзекше диаметрі 30 мкм, ал иректі
ӛзекшеде диаметрі 30–50 мкм. болады. Қабырғасы
бірқабатты тӛменгі цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған.
Жасушаның ерекшеліктері:
а) апикалды бӛлімде жиектері болмайды;
б) базалды бӛлімде қатпарлары мен сызықша түрінде
орналасқан митохондрияның болуы.
в) цитоплазмасы мөлдір болады.
ЭМФ сурет.
базалды
сызықтар
Функциясы: несептен су және электролиттің реабсорбциясы
(альдостерон гормоны әсерінен) жүреді.

21.

Жинақтаушы түтіктер
1
2
Милық бөлім. Б– жинақтаушы
тік түтікше (ТЭМ).
1– жинағыш түтікше қабырғасының ашық
түсті жасушалары; 2– жинағыш түтікше
қабырғасының күңгірт түсті жасушалары
( К.А. Зуфаров бойынша).
Жинақтау түтікшелері нефрон құрамына кірмейді.
Қыртысты бӛлікте жинақтау түтікшелер қабырғасы
бірқабатты кубты, ал милы бӛлікте бірқабатты тӛменгі
цилиндр тәрізді эпителиймен жабылған.
Жасушалары 2 түрлі:
1)күңгірт түсті жасушалар, тұз қышқылын
секреттейді (тұрақты несепті қышқылдандыру).
2) ашық түсті жасушалары тұрақты несептен
пассивті түрде суды кері сорады (қандағы
антидиурентті гормон (гипоталамуста ӛндіріледі)
концентрациясына байланысты, егер гормон
жетіспеушілігі байқалса, онда жинақтау түтікшесі және
дисталды ӛзекше қабырғаларында су кері сорылмай
несеп концентрациясы тӛмендейді. Пирамида тұсында
ашылатын жинақтаушы түтікшелерінен несеп шығару
жолы басталады (келесі тақырып материалы).

22.

Бүйректің эндокринді жүйесі
Бүйректің эндокринді жүйесі-қанайналым жүйесі мен
несепшығару жүйесінің регуляциясына қатысып, организмдегі су
мен тұз алмасуының балансына және жалпы гемодинамикаға әсер
етеді.
Ренин-ангиотензинді
аппарат
Бүйректің
эндокринді жүйесі
Простагландинді
аппарат
Калликреин-кининді
аппарат

23.

РЕНИН – АНГИОТЕНЗИНДІ АППАРАТ
Ренин – ангиотензинді аппарат немесе
юкстагломерулярлы
аппаратшумақ
маңындағы жүйе. Қанға ренин гормонын бӛледі.
Ренин ағзада қан тамырларын тарылтып,
гипертензияны
тудыратын
ангиотензиннің
түзілуіне жағдай жасайды. Бүйрекүсті безден
альдостеронның
бӛлінуін
белсендіреді.
Гипоталамустан АДГ синтезін күшейтеді.
Бүйректің эндокринді аппараты: А-экстагломерулярлы аппарат; 1қанды әкелетін артериола; 2-қанды әкететін артериола; 3юкстагломерулярлы жасушалар; 4-иректелген дистальді түтікшесіндегі
тығыз дақ; 5-юкставаскулярлы жасушалар; Б-простагландин аппараты; 1нефрон ілмегі; 2-бүйректің боз затындағы гемокапилляр; 3интерстициальді жасушалар.

24.

ЮГА жасушалық құрамы:
Юкстагломерулярлы жасушалар- алып келуші және алып кетуші
артеориолалардың эндотелиінің астында орналасады. Ренинді синтездейді.
Тығыз дақ- бүйрек денешігіне қанды алып келетін және алып кететін
артериолар арасындағы нефронның дистальді түтікшесінің, қабырғасының
эпителиоциттері жатады.
Юкставаскулярлы жасушалар- бүйрек денешігіне қанды алып келетін
және әкететін артериолармен тығыз дақ арасындағы үшбұрышты кеңістікте
орналасады. Мұндағы жасушалардың пішіні сопақша, тіпті пішінсіз болып
келетін түрлері де бар, нашар дамыған жасушалық ӛсінділері мен кейде
шумақтағы мезангия жасушаларын бүйректің ЮГА-на жатқызады.
Мезангиальді жасушалар- макрофагтар және жасушааралық матриксті
түзеді.

25.

Мезангия жасушалары
Мезангиоциттер
қан
капиллярының
арасында
орналасады. 3 популяциясын
ажыратамыз:
-тегіс бұлшықетті мезангиоцит;
-макрофагтық мезангиоцит;
-транзиторлық мезангиоцит.
Қызметі:
юкстагломерулярлы
жасушалар қызметі бәсеңдегенде
ренин бӛлуге қатысады.

26.

Простагландиндік аппарат
Қызметі жағынан ЮГА –қа антагонист.
Простогландиндер тамырды кеңейтіп,
шумақтағы қан айналымды, бӛлінетін
зәрдің мӛлшерін арттырып, Na-дың
экскрециясын жүзеге асырады.
Жинақтаушы өзектің ашық түсті
жасушалары,
интерстициальді
жасушалар және дистальді өзектің
нефроциттері синтездейді.
Простагландиндік
аппарат:
1-нефрон
ілмегі;
2-бүйректің
боз
затындағы
гемокапилляр;
3-интерстициальді
жасушалар

27.

Простагландиндік аппарат жасушасы
Простагландиндік аппараттың интерстициальдік жасушаларының шығу тегі мезенхима,
бүйрек пирамидаларының стромасында орналасады. Пішіні жұлдыз тәрізді, денесінде
кӛптеген ӛсінділер тарайды. Ӛсінділердің біразы бүйрек нефрондарымен, ал екіншілері
ұсақ капиллярымен ұштасып жатады. Бұл жасушаларды цитоплазмасында кӛптеген
органеллармен бірге липидті қосындылар да болады.
Калликреин-кинин аппараты
Тамырды кеңейту қызметін атқарады және натриурез бен диурезді
жоғарылатады, нефрон түтікшелеріндегі Na+ мен судың реабсорбциясын
тежейді.
Кининдер- калликреин ферментінің әсерінен белоктардан түзілетін пептидтер.
Калликреин бүйректе дистальді ӛзекше жасушаларында кездеседі. Кининдер
простагландиндердің секрециясын стимулдай отырып, ӛз әсерін береді.
Бүйректің ӛте күрделі эндокринді комплексі, жалпы организмдегі
және
бүйректегі қан айналымын реттеп, несеп түзіге қатысады

28.

Несеп шығару
жолдары
Бүйрек
тостағаншасы
Бүйрек
астаушасы
Несепағар
Қуық
және зәр
шығару
каналдары

29.

НЕСЕПАҒАР
Гистологиялық тұрғыда
ажыратамыз:
1. Шырышты қабат
4
қабатты
-эпителиі- кӛпқабатты ауыспалы
-ұсақ қан тамырлары орналасады.
-меншікті
пластинкасы-бездер
орналасады
2.Шырышасты негіз-ұсақ альвеолярлы
бездер орналасады.
3.Бұлшықет
қабаты: сыртқысыайналмалы; ішкі-бойлық
4. Адвентициялық қабат
Несепағар: 1-ауыспалы эпителий; 2-кілегейлі
қабықтың меншікті пластинкасы; 3-кілегей асты
негізі; 4-етті қабық; 5-адвентиция

30.

ҚУЫҚ
1. Шырышты қабат-ауыспалы
кӛпқабатты эпителимен астарланған.
2. Шырышасты негіз-қан тамырлары
мен нерв ӛрімдері бар.
3. Бұлшықетті қабаты-3 қатар түзеді
4. Сыртқы қабаты: сірлі қабық және
адвентициялық қабат
Қуық: 1-ауыспалы эпителий; 2-шырышты қабықтың
меншікті пластинкасы; 3-шырыш асты негізі; 4бұлшықетті қабаттың ішкі бойлық қабаты; 5-бұлшықетті
қабаттың кӛлденең қабаты

31.

Гистологиялық препараттардың
диагностикасы

32.

Зерттеу объектілері.
а) Ӛз бетінше зерттелетін микропрепараттар және схемалар
Суреті салынатын препараттар.
1.Препарат. Бүйрек. Бояуы: гематоксилин– эозин. х56.
Атлас по гистологии,
цитологии и эмбриологии. Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О.“АСА”
баспасы, Алматы, 2015, с.374., рис.570.
2.Препарат. Бүйрек денешігі. Нефронның проксималды және дисталды өзекшелері.
Бояуы: гематоксилин– эозином. х600. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии.
Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О.“АСА” баспасы, Алматы, 2015, с.378.,
рис.579.
3. Несепағар. Гистология және эмбриология бойынша атлас. Р.И.Юй, Р.Б.Абильдинов, 384бет, 591-сур.
4. Қуық. Гистология және эмбриология бойынша атлас. Р.И.Юй, Р.Б.Абильдинов, 324- бет,
480-сур.

33.

1
4
5
2
3
6
7
8
Бүйрек. Бояуы:
гематоксилин–эозин. х56.
1– бүйректің дәнекер тінді
капсуласы;
2– қыртысты заты;
3– бүйрек денешігі;
4– нефронның проксималды,
дисталды бӛлімдері;
5– милық заттың сәулелері;
6– милық заты,
7– тік ӛзекшелері (нефрон
ілмегінің тӛменгі және
жоғарғы бӛліктері және
жинағыш түтікшелер).

34.

Бүйрек денешігі. Нефронның
проксималды және дисталды
өзекшелері. Бояуы:
Гематоксилин–эозин. х600.
1– бүйрек денешігі;
2– шумақ капсуласының сыртқы
бӛлігі;
3– шумақ капсуласының қуысы;
4– капиллярлар шумағы;
5– нефронның проксималды
бӛлімі: а– жиектері; б – базалды
сызықтар;
6– дисталды бӛлімі.
.

35.

Несепағар
Бояуы:гематоксилинэозин.х56
1несепағардың кілегейлі
қабығының ауыспалы
эпителийі;
2кілегейлі қабықтың меншікті
пластинкасы;
3 кілегей асты негізі;
4 бұлшықетті қабығы:
а-ішкі бойлық, б-сыртқы
сақина тәрізді қабық;
5 адвентиция

36.

Қуық.
Бояуы:гематоксилинэозин, х80
1-қуықтың кілегейлі қабығының
ауыспалы эпителийі;
2-кілегейлі қабықтың меншікті
пластинкасы;
3 кілегей асты негізі;
4бұлшықетті
қабығы:а-ішкі
бойлық; б-ортаңғы сақинаша; всыртқы бойлық қабаттар;
5жүйке түйіні;
6-сірлі қабық

37.

б) Демонстрациялық микропрепараттар және схема
1. Препарат. Егеуқұйрық бүйрегінің иірімді түтікшелерде бояулардың
жиналуы. Бояуы: Трипан кӛк. Квасцты кармин. х400.Атлас по
гистологии и эмбриологии. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б., ТОО “Эффект”.
Алматы, 2010, с.209., рис.337.
2. Препарат. Бүйрек қантамырларына бояулардың құйылуы. Бояуы:
карминді масса. х56. Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов И.В.,
Сутулов., М., “Медицина”,1978, с.460., рис.529.

38.

Егеуқұйрық бүйрегінің
иірімді өзекшелерде
бояулардың жиналуы.
Трипан көк. Квасцты
кармин. х400.
1– бүйрек денешіктері;
2– нефронның
проксималды бӛлімдері;
3– нефронның дисталды
бӛлімдері.

39.

4
3
3
2
2
1
Бүйрек қантамырларына
бояулардың құйылуы.
Бояуы: карминді масса.
х56.
1–бӛлікшеаралық артерия;
2–әкелуші қантамыры;
3– капиллярлар шумағы;
4–капиллярлар.

40.

в) Электроннограммалар.
1.Қыртысты зат. А–капиллярдың ультрақұрылымы. Б–СЭМ фенестрлі
эндотелиоцит. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. Абильдинов
Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О.“АСА” баспасы, Алматы, 2015,
с.376, рис.574.
2. Бүйрек денешігінің подоциттері. Атлас по гистологии, цитологии и
эмбриологии. Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова
Ж.О.“АСА” баспасы, Алматы, 2015, с.377, рис.576.

41.

Қыртысты зат. А–капиллярдың ультрақұрылымы. Б–СЭМ фенестрлі
эндотелиоцит.
1– эндотелиоциттің фенестрлері; 2– подоциттер; 3–саңылаулы бӛліктері; 4– эритроцит;
5– капилляр қуысы; 6– цитотрабекулалар; 7– цитоподиялар (Я.Л. Караганов бойынша).

42.

Бүйрек денешігінің
подоциттері.
1– подоцит;
2– подоциттің
цитотрабекуласы;
3– подоциттің
цитоподиялары
(А.В. Миронов, Я.Л.
Караганов бойынша)

43.

Бақылау сұрақтары
1. Нефронның 4 бӛлімін атаңыз?
2. Нефронның қандай түрлерін білесіз?
3. Бүйрек денешігі құрылысы, оның гистофизиологиясы.
4. Проксималды бӛлімнің құрылысы, оның гистофизиологиясы.
5. Генле ілмегі, оның құрылысы мен гистофизиологиясы.
6. Дисталды бӛлімнің құрылысы, оның гистофизиологиясы.
7. Жинақтаушы түтікшелердің гистофизиологиясы.
8. Бүйректің эндокриндік аппаратына сипаттама.
9. Несеп шығару жолдары. Бүйрек тостағаншалары, бүйрек
түбегі қабырғасының құрылысы.
10.Несепағар, қуық, несеп шығару түтігінің морфофункциялық
сипаттамасы.
11.Бүйректтің иннервациясы.

44.

Жағдаяттық тапсырма
1.Науқастың несеп анализінде глюкоза бар екендігі анықталды, ал оның қан
плазмасындағы мӛлшері қалыпты деңгейде болып шықты. Бұл ӛзгерістер нефронның
қандай бӛліктеріне байланысты болады және оның себебін түсіндіріңіз?
2.Науқастың несеп анализі құрамында эритроциттердің бар екендігі анықталды.
Несеп жүретін жолдарында қабыну процесі жоқ екені де белгілі. Осыған байланысты
несептің құрамында
эритроциттердің болуы нефронның қандай бӛліктерінің
ӛзгерістеріне байланысты болады және оның себебін түсіндіріңіз?
3. Науқастың несеп анализінде қандағы
қанттың мӛлшері жоғары екендігі
анықталды. Науқастың организмінде және бүйрегінде қандай процестер бұзылған?
4. Науқас кӛп мӛлшерде
концентрациясы тӛмен, құрамында қант жоқ несеп
бӛледі. Бүйректе қандай процесс бұзылған? Науқаста эндокриндік жүйенің қандай
қызметінің бұзылғанын кӛруге болады?

45.

№9
практикалық сабақ
Тақырып:
Аналық жыныс жүйесі.
Постнаталды кезеңіндегі аналық жыныс
ағзалары гистологиялық құрылысының
ерекшеліктері. Овогенез.
English     Русский Rules