374.02K
Categories: historyhistory philosophyphilosophy

Тарих философиясы. Дәріс №12

1.

Пән: Философия
Дәріс-презентация №12
Тарих философиясы

2.

Тарих философиясы
1. Антикалық теориялардан марк-сизмге дейін тарих
философиясының дамуы
2. «Сыншыл»тарих философиясы
3. Тарих туралы қазіргі пікір-талас
4. Қазақ философиясындағы тарих дамуының
проблемалары

3.

«Тарих философиясы» терминнің
шығуы мен мәні
Вольтер Франсуа
Мари Аруэ
(1694-1778)
“Тарих философиясы” терминді
XVIII ғ. француз Ағартушылықтың өкілі Вольтер ұсынды. Ол оны
сыншыл сипаттағы тарих ғылымы
ретінде, тарихи ойлаудың тәсілі
ретінде түсіндірді.
Бұл тәсіл арқылы тарихшы
ғалым көне кітаптардағы бұрын
болған оқиғалар туралы айтылған
пікірлерді қайталамай, өз зерттеуін
жүргізіп,
өзіндік
пайымдауды
білдіреді.

4.

Гердер «тарихшылдық» ұғымы туралы
Иоганн Готфрид
Гердер(1744-1803)
«Адамзат тарихының философиясы
жөнінде идеялар»
1) тарихшылдық — бұл «тарихты
сезуді» тудыратын тарихқа бағдар
мен көзқарас, сол сезім тарихты
философия мен ойлаудың контекстісіне және алғышартына айналдырады
2) тарих
пән
ретінде
барлық
гуманитарлық ғылымдарға ықпал
ететін үстем ғылымға айналады.
Гуманитарлық ғылымдар тарихқа
бағдарланған пәндерге айналады
(мысалы, философия тарихы, өнер
тарихы, дін тарихы т.с.с.)

5.

Тарихшылдық ғылыми принцип ретінде
Фридрих Мейнеке
(1862—1954),
неміс тарихшы
«Тарихшылдықтың пайда болуы»
(1936)
Неміс
тарихшы
Фридрих
Мейнеке
ғылыми
зерттеудің
принципі ретіндегі тарихшылдықтың келесі белгілерін атап
көрсеткен :
1) тарихи оқиғаларға айрықша,
бірегейлі, ерекше тарихи құбылыс
ретінде назар аудару.
2) имманентік түсінікке ұмтылу, яғни тарихи контекстке және
тарихи байланыстарға сүңгіп
кетуге ұмтылыс

6.

Карл Поппер тарихшылдықтың типтері
туралы
1) теистік тарихшылдық: «тарихи
дамудың заңдарын Құдай өз еркімен
орнатқан»
2) натуралистік тарихшылдық:
«тарихи дамудың заңдары - табиғаттың заңдары»;
3) спиритуалистік тарихшылдық:
Карл Поппер
тарихи дамудың заңдары – рухтың
(1902 —1994)
даму заңдары;
«Ашық қоғам
4) экономикалық тарихшылдық:
және оның
дұшпандары»; тарихи дамудың заңдары - эконо«Тарихшылдық- микалық дамудың заңдары
тың қайыршылығы »

7.

Мифологиялық санада адамзат
тарихы туралы түсініктер
Ежелгі гректердің мифологиясы
бойынша тарих дүниенің хаостан,
қараңғылықтан
жаратылуынан
басталды.
Антиканың алғашқы жазушылары Гомер мен Гесиодтың теистік
тарихшылдығы:
- Гомер тарихты көп құдайлардың еріктерінің жүзеге
асырылуының нәтижесі деп көрсеткен
- Гесиод тарихи дамудың ортақ жолы туралы идеяны
алға тартқан алғашқы грек болған еді. Ол тарихты
пессимистік тұрғыдан түсінеді: алтын ғасырдан бастап
адамзат табиғи және моральдық азғындауға ұшыраған, -

8.

Алғашқы антикалық философтар
тарихтың басталуы туралы
Милет материалистердің (Фалес, Анаксимен,
Анаксимандр) пікірінше, тарих және тарихи уақыт
дүниені ұйымдастырудан басталған:
- алғашқы материя (су, ауа, от, апейрон) дүниенің
мәңгі негізі ретінде белгілі тәртіпке, формаға
келтірілді.
- Құдай бұл жағдайда жаратушы емес, ол –
«демиург»( грек тілінен: «қолөнерші») яғни
Космостың сәулетшісі, мүсіншісі ретінде қызмет етті

9.

Гераклиттің өзгерістер мен қарамақарсылықтар туралы идеясы
«Бәрі ағып жатады, бәрі өзгереді»
«Бір өзенге екі рет кіру мүмкін емес»
Гераклит
Эфестік
б.д.д. 540—
501 жж.
«Бәрі өзара жауласу арқылы
пайда болады»
Гераклиттің дәуіріндегі саяси
өмірдің тұрақсыздығы және
саяси тәртіптің
ауыстырмалы сипаты оның
іліміне ықпал еткен

10.

Платонның тарих философиясы
Платон
(427-347 до
н.э.)
Платон
соғыстар
мен
саяси
дағдарыстар
дәуірінде
өмір
сүрген
(Пелопонестік соғыс, одан кейін азаматтық соғыс және Отыз тирандар режимі)
Сондықтан Платон тарихи дамудың
заңын тұжырымдап берді: «кез-келген
әлеуметтік өзгеріс - бұл шіру, ыдырау
немесе азғындау». Мысалы, мемлекетті
басқарудың дұрыс түрлері бұзылып, теріс
түрлерімен ауыстырылады
Платон өзгерістері тоқтатудың амалын
тапты: мәңгі мінсіз (идеалды) аристократиялық мемлекетті орнату
туралы
утопиялық ілімді ұсынды.

11.

Аристотельдің тарих философиясы
Аристотель Гераклиттің өзгерістер туралы идеясын қолдады.
Платонның шәкірті болғандықтан,
Аристотель
басқарудың дұрыс
түрлері теріс түрлерімен ауыстырылады дегенді қолдады.
Бірақ Аристотель басқарудың ең
дұрыс түрі - «Афиндық полития»
деп, орта таптың көбеюі әлеуметтік
және саяси тұрақтылық үшін
дұрыс деп тапты
Аристотель
(б.д.д.384-322 жж.)

12.

Орта ғасырдағы Августиннің адамзат
тарихы философиясы
Августин
Аврелий
(354-430 жж.)
Августиннің «Жан сыры» атты
еңбегін
Европада тарих философиясын жасаудағы
бірінші қадам деп айтуға болады.
Августиннің пікірінше, мәңгі Құдай дүниені
ешнәрседен жаратты. Оған дейнгі бұрынғы
уақыт болған жоқ. Осыдан дүниенің тарихи
уақыты басталды. Августиннің ілімінде адамзат
тарихы түзу сызық бағытымен жүретіні
көрсетіледі. Адамзат тарихы шеңбер бойымен
жүрмейді, қайталанбайды, өйткені «Христос
біздің күнәмізді өтеу үшін бір рет өлген». Адамзат
тарихы - «Құдайы қала» мен «Жердегі қаланың»
өзара күресімен
өтіп жатады. Ең соңында
«Құдайы патшалығы» орнатылады

13.

Қайта Өрлеу дәуіріндегі тарих
философиясы: Джамбатиста Вико
Джамбатиста Вико
(1668 — 1744)
«Ұлттардың жалпы
сипаты туралы жаңа
ғылымның негіздері
«(1725)
Вико өзінің ілімінде христиандық
дінді
тарих
ғылымымен
қосып
көрсеткен: «Дүниені Құдай жаратқан,
одан кейін дүниежүзілік су тасқыны
болған. Құдай еврейлерді таңдап,
құтқарған. Одан кейін адамзат тарихы
басталады.
Құдайлар ғасыры, қаһармандар
ғасыры, адамдар ғасыры әр ұлтта
өзінше болған Азаматтылық әлемін,
әрине, адамдар жасаған. Оның дәлелін
адам ақылының модификацияларынан
( түрлі жаңа көріністерінен) табамыз», дейді Джамбаттиста Вико

14.

Г. Гегельдің тарих философиясы
Георг Вильгельм
Фридрих Гегель
(1770-1831)
«Тарих
философиясы»
Гегельдің ілімінде тарих дүниежүзілік
рухтың өзіндік дамуы ретінде көрсетілген.
Оның
қолдаушысы
ретінде
кезеккезегімен нақты халықтың рухы болады.
Әрбір халық дүниежүзілік рухтың өзін-өзі
тануына үлес қосуға құқылы.
Гегель
дүниежүзілік
тарихтың
кезеңдерге бөлінуінің анық өлшемін
көрсеткен:
бұл
санадағы
еркіндік
ұғымның өрлеуі, прогрессі. Оған төрт
кезеңдер сәйкес келеді: шығыс әлемі; грек
әлемі; римдік әлемі; германдық әлемі

15.

Марксистік философия тарихы
Карл Маркс
1818-1883
К. Маркс тарихты материалистік тұрғыдан
түсінуді ұсынды: “Қоғамдық болмыс қоғамдық
сананы анықтайды, қоғамдық сана қоғамдық
болмысты бейнелейді”
Маркс
философияның
негізгі
сұрағын
материалистік тұрғыдан шешуді қоғамды түсінуде
қолданды. Қоғамның материалдық өмірі (қоғамдық
болмыс) бірінші, рухани өмір (қоғамдық сана)
екінші; туынды деп түсінді.
Маркс қоғамның материалдық іргетасын
материалдық өндіріс құрайды деп, қоғамның әрекет
етуі мен дамуының негізгі төрт заңдарын атап
көрсетті:
1) материалдық өндіріс тәсілдің бүкіл қоғамдық
үрдістерге шешуші ықпал ету заңы
2) өндіріс қатынастардың сипаты өндіргіш
күштердің даму деңгейіне сәйкес келу заңы
3) экономикалық базистің саяси -құқықтық
қондырмаға шешуші ықпал ету заңы
4) әлеуметтік революциялар заңы

16.

«Сыншыл»тарих философиясы:
В.Дильтей, Г.Риккерт
Вильгельм Дильтей
(1833-1911)
Генрих Риккерт
(1863-1936)
«Науки о природе и
науки о культуре»
Неокантиандық бағыттың өкілдері
Вильгельм Дильтей және Генрих Риккерт
Гегельдің спекулятивтік метафизикалық
тарих философиясын сынға алып, тарих аяқталмаған нәрсе, - дейді. Дильтейдің
пікірінше,
«өмірдің
психологиялық
бірлігі» тарихты зерттеудің негізі ретінде
қарастырылуы тиіс.
Риккерт «рух туралы» және «табиғат
туралы» ғылымдарды ажыратады. Егер
табиғат туралы ғылымдардың басты
міндеті жалпылау болса, тарихтанудың
міндеті - индивидуализация, яғни объектті
оның біртұтастығында және бірегейлігінде
бейнелеу

17.

Қазіргі тарих туралы пікір-талас: дамудың
батыс әлде батыс емес үлгісі дұрыс па?
Тарихтың мән-мағынасы неде?
- прогресте ма?
- модернизацияда ма?
- жаhандануда ма?
Хантингтон Сэмюэл
Филлипс
(1927-2008)
«Өркениеттердің
соқтығысуы?»
(1996)
Өркениеттердің соқтығысуы
туралы пікір-талас
Хантингтон: «…қазіргі әлемде мәдени
бірегейліктер (этникалық, ұлттық, діни,
өркениеттік) бірінші орынға шыққан, ал
одақтар, антагонизмдер және мемлекеттік
саясат - мәдениеттің жақындығына қарап
және мәдени айырмашылықтарды есепке
алып - қалыптасады»

18.

«Тарихтың соңы» туралы қазіргі пікір-талас
Ёсихиро Фрэнсис
Фукуяма
( 1952 ж. дүниеге
келген)
«Тарихтың соңы және
соңғы адам» (1992)
«Тарихтың соңы» дегеніміз не?
- мінсіз (идеалды) мемлекетті құру?
- бүкіл әлемде либерализмнің жеңісін?
- апокалипсис?
Посттарих қандай болады?
Фрэнсис Фукуяма : «…басқа адамдарға тең
болып таныламын деген рационалдық тілек
«тарих соңының» негізі болып шығады».
Сонымен, тарих либералдық демократияда
өзінің логикалық соңын табады …»

19.

Қазақ халқының тарихи санасының
ерекшеліктері
1. Тарихи білімнің қолдаушылары және сақтаушылары
жыраулар болған
2. «Шежірені» білу, ата бабалар қалдырған ережелер мен
заңдарды білу- «Ата Заң» , сонымен қатар: «Есім
ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы»,
«Жеті жарғы»
3. Өткен заманды бақытты заман деп идеализациялау:
«қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған”
4. Қазақ халқының әлеуметтік утопиясы:
XV ғ. Асан Кайгының «Жер- Ұйыкты» іздегені, XVIIIғ.
Өтеген Өтеғұл ұлы батырдың «Жиделі Байсын» жерін
іздеуі
4. «Зар Заман» дәуіріндегі ақын -жыраулардың
Қазақстанның Ресейге қосылғанның салдары жөнінде
қайғылы рефлексиясы

20.

Асан Қайғының «Жерұйық» философиясы
Асан Қайғы Сәбитұлы XV ғасырда ғұмыр
кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан
ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі,
Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ
халқының қамын, болашағын ойлаған «дала
философы»
«...Халқының болашағын ойлап қамығады.
Оның ойынша жер үстінде адамзат
тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның
аты – «Жерұйық». Бұл - елді жау алмайтын,
малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол
қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шатшадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру
таласы жоқ. Асан Қайғы енді сол жерді іздеп
табу үшін Желмаяға мініп, төңіректің төрт
бұрышын кезеді».

21.

Әдебиеттер
Арон Р. Введение в философию истории // Диалектика: проблемы и
поиски. М., 1988.
Ортега-и-Гассет X. Восстание масс // Эстетика. Философия культуры. М.,
1991
Риккерт Г. Философия истории // Науки о природе и науки о культуре.
М., 1998
Трельч Э. Историзм и его проблемы. Логическая проблема философии
истории. М. 1994.
Тойнби А. Постижение истории. Сборник. М., 1996.
Хабермас Ю. О субъекте истории. Краткие замечания по поводу ложных
альтернатив //Философия истории. Антология. М., 1995.
Ясперс К. Истоки истории и ее цель. Вып. 2 М., 1991.
English     Русский Rules