896.76K
Category: geographygeography

Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмысы

1.

Мұхиттар мен теңіздердің
геологиялық жұмысы

2.

Жер бетінің 70,8%- алып жатқан мұхиттар мен
теңіздерде судың орасан зор массасы (1,37 млрд. км3)
шоғырланған. Су тұрақты түрде үздіксіз қозғалыста
бола отырып, қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Құрлықтан ерітінділер түрінде әкелінген бүкіл
материалдар сулы ортада тұнып, әр түрлі шөгінді тау
жыныстарын түзеді. Сонымен бірге теңіз суы мен мұхит
сулары суда өмір сүретін органикалық дүниенің тіршілік
ортасы болып саналады.

3.

Жағаға таяу саяз сулы (0—200 м) аймақтар шельфті
аймақ деп аталады. Олар континенттердің су астындағы
жалғасы болып табылады. Теңіздер мен мұхиттардың
жалпы ауданының 7,6% -і шельфтердің үлесіне тиеді, 200
м-ден 2000 м-ге дейінгі тереңдікте — материктік беткей,
2000 м-ден 6000 м-ге дейінгі аралық — мұхит шарасы
(мұхиттық аймақ), 6000 м-ден 11000 м-ге дейінгі
тереңдікте терең сулы шұңғымалар мен мұхит орталық
тау жоталары орналасады. Мұхиттық жоталардың
орталық бөлігінде мыңдаған км-ге созылған аса терең
жарылыстармен шектелген рифттік аңғарлар орналасады.

4.

Мұхиттар мен теңіздерде өмір сүріп, тіршілік ететін
организмдердің түрлері жалпы үшке бөлінеді.
Бентос
— теңіздің құрлықтың саяз келген су
алқаптарында (саз-топырақ арасында) тіршілік ететін
организмдер.
Планктон
— әр түрлі тереңдікте тіршілік ететін
организмдер. Өсімдіктер — фитопланктон және
жануарлар — зоопланктон деп аталады.
Нектон
— суда қалқып жүріп тіршілік ететін
омыртқалы организмдер.

5.

6.

Теңіздің геологиялық әрекеті екі бағытта
(бұзушылық және жасампаздық) жүріп жатады.
Бірінші бағыттағы процестерге абразиялық, ал
екінші бағыттағы әрекеттерге тұну, шөгу
процестері жатады. Теңіздің бұзушылық әрекеті
(абразиялық) желден пайда болған толқындардың,
теңіздің тасуы (трансгрессия) мен қайтуы
(регрессия) кезіндегі толқындардың, теңіз
ағыстарының әрекетіне байланысты байқалады.

7.

Ең күшті бұзушылық әрекет толқындар үлесіне
тиеді. Теңіз толқыны су бетінде күштірек
байқалады. Толқын күші біртіндеп баяулай келе
теңіздерде — 100 м, мұхиттарда — 200 м
тереңдікке дейін таралады.
Ең пәрменді күш — соқпа толқындар күші. Соқпа
толқын жағаға жақын келіп, жылдамдығы азайған
кейде биіктігі арта түседі де, жағадан кері
төңкеріліп кері бағыттағы қума ағысты тудырады.

8.

Абразиялық процесс кезінде бір мезгілде үш түрлі
фактор әрекетке араласады: 1)толқындардың
гидравликалық соққысы (жағаға түсетін
динамикалық қысым күші ~ 10 т/м2);
2) толқын үйіріп әкеткен тау-тастардың кесек
бөлшектерінің соққылары мен үйкеліс әрекеттері
(ірі тастардың салмағы кейде 100 т-дан астам
келеді);
3) судың химиялық әсері. Су тау жьныстарын
ерітеді және тау жыныстарының құрамын
құрайтын минералдармен реакцияға араласады.

9.

Тау жыныстарының бұзылуына теңіз жәндіктері мен
өсімдіктер дүниесі де әсеріп тигізеді. Абразиялық
әрекеттер тікшіл келген құзды-жақпартасты
жағаларда күшті байқалады. Мұнда ең алдымен
жағадағы жартастардың етегінде шағын ойықтар
пайда болады. Үйіріле соққан соқпа толқындардың
күші артқан сайын кішігірім ойықтар кеңейе келе
қуыстарға айналады. Мұндай қуыстардың одан әрі
тереңдеуі үстіңгі беткейдің кері шегінуіне әкеліп
соғады.

10.

11.

Осындай процесстердің нәтижесінде (жағалау сызығы судан
біртіндеп шегіне келе) абразиялық терраса қалыптасады. Кейбір
орындарда абразиялық террасаны мүжілген тау жыныстарының
кесек бөлшектері жауып жатады. Олар біртіндеп қозғалысқа
араласып уатылады. Домалай жылжып үйкелуден малта тасқа,
қиыршық тасқа, құмға және одан да ұсақ бөлшектерге
айналады. Кейінірек олар абразиялык террасадан алыстап
көшіп қонады да, су астында аккумулятивтік терраса құрайды.
Су толқындары жағаға келіп бұрыштай соққанда, тау
жыныстарының кесек бөлшектері жағаны бойлай орын
ауыстырады.

12.

Ерімтал жыныстардан құралған жарқабақтар
теңіз суында оңай еріп, оның төменгі
жақтарында үңгір қуыстар, ал жоғарғы
бөліктерінде кішігірім ойықтар пайда болады.
Шөгінді жыныстардан тұратын жағаларда
байқалатын
абразиялық
әрекеттердің
жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден
бірнеше метрге дейін жетеді.

13.

Теңіз
шөгінділері
жалпы
жер
қыртысын
құрайтын
шөгінді
қабаттардың
75%-ін
қамтиды.
Олардың жиналып қалыптасуы архей
эрасынан басталып, қазіргі кезге дейін
жүріп жатыр.

14.

Олардың қатарына әк тастар немесе ізбес тастар, доломиттер, мергелдер, сазды,
балшықты жыныстар аргиллиттер, алевролиттер және т. б. жатады. Гнейс, тақта тастар,
мәрмәр (мрамор) сияқты метаморфтық тау жыныстары да бұрынғы теңіз шөгінділері
болған. Теңіз түбінде жиналған тұнбалар терригендік, биогендік, хемогендік және
вулканогендік болып ажыратылады. Теңіздің тереңдігіне, оның түбіндегі бедер пішіндеріне,
жағаның алыстығына, ағыс жылдамдығына, органикалық тіршілік жағдайларына
байланысты теңіздік шөгінділердің құрамы мен құрылысы әр түрлі болып келеді. Жағаға
жақып, тайыз сулы ортада терригендік құмдар, малта тастар, кабыршақ тастар, ал толқын
баяу жерлерде балшықтар, саздар, алевриттер жиналады. Су астында кездесетін
көтеріңкі жерлерде және шельфті аймақтарда әр түрлі биогендік шөгінділер, құмдар,
эпиконтиненттік теңіздерде органикалық заттарға бай саздар, балшықтар мен алевриттер,
мергелді, әкті, кремнийлі-лайлы тұнбалар түзіледі. Тайыз сулы теңіз шөгінділерінің
құрамында темір мен марганец рудалары, бокситтер және фосфориттер бірге кездеседі.
Аутигендік кейбір минералдардың құрылымдық, текстуралық ерекшеліктері теңіз
шөгінділерінің диагностикалық белгілері болып саналады.

15.

16.

Теңіз шөгінділерінің негізгі құрамы мен
олардың таралу заңдылықтары
тектоникалық режимге және климат
жағдайының ерекшеліктеріне тығыз
байланысты.

17.

Тектоникалық режим теңіз алаптарының қалыптасуына, теңіз түбі
мен теңіз жағалауларының бедер пішіндеріне, трансгрессиялықрегрессиялық
процестерге,
шөгінді
жыныстардың
түзілу
жылдамдығына және оның қалыңдығына әсерін тигізеді. Гумидтік
аймақтарда орналасқан теңіздерде терригендік (құм, алевролит),
қоңыржай белдеулердің суық сулы алаптарында диатомдық лайлысаздар, аридтік аймақтарда — биогендік-карбонатты жыныстар,
тропиктік аймақтарда маржанды-балдырлы рифтік комплекстер, мұз
жапқан аймақтарда мұздық-теңіздік шөгінділер басым болып
кездеседі. Кембрийге дейінгі эраларда доломиттер, палеозойда
хемогендік, мезозой мен кайнозой эраларында биогендік теңіз
шөгінділері кеңінен таралған.

18.

Теңіз
шөгінділері болып саналатын
темірлі кварциттер протерозой эрасында
құралған.
Теңіз
шөгінділері орналасу жағдайына
қарай литоралдық, батиалдық, абиссалдық
болып ажыратылады.

19.

20.

Литоралдық
немесе
жағалаулық
шөгінділер
теңіз
жағалауларында, су деңгейінің трансгрессиялық көтерілуі мен
регрессиялық қайту әрекеттеріне байланысты түзіледі. Олардың
құрамы қой тастар мен дөңбек тастардан, малта тастардан, құмдысазды жыныстардан және алевриттен түрды. Кейде хемогендік және
органогендік шөгінділер де кездесіп қалады. Литоралдық
шөгінділерден құралған геологиялық қима өте күрделі. Шөгінді
қабаттардың құрамы тік және көлденең бағытта тез өзгеріп, тез
алмасып отырады. Құмды жағаларда байланысты жағалық шөгінді
белестер (бір немесе бірнеше) құралады.
Көне замандарда құралған литоралдық шөгінділердің құрамында
көмір қабаттары кездеседі.

21.

Сублиторалдық шөгінділер материктердің
су астындағы 100—200 м-лік тереңдігінде
түзіледі. Олардыд құрамы құрлықтағы үгілу
процестерінің ерекшеліктеріне және су
жиналатын тау жыныстарының минералдық
құрамына байланысты.

22.

Тау жыныстарының ең ірі кесек бөлшектері құрлыққа таяу жерлерде
жиналады. Теңіздің гидродинамикалық ерекшеліктеріне байланысты
құм мен лайлы жыныстар шекарасы 25—50 м-ден 100—150 м-ге дейінгі
тереңдіктерде байқалады. Ірілі-ұсақтығына қарай шөгінді жыныстар
төрт топқа бөлінеді:
1) ірі кесекті бөлшектерден құралған псефиттер (дөңбек тастар,
қой тастар, малта тастар және қиыршық тастар);
2) құмды жыныстар — псаммиттер (ірілі-ұсақты түйіршіктерден
құралған кұмдар);
3) алевритті жыныстар — алевриттер;
саз балшықты жыныстар — пелиттер. Кейде ұлутастардан
тұратын шөгінді қабаттар да кездеседі.
4)

23.

Материктердің су басып жатқан шеткі аймақтарында әк
тасты (ізбестас) организм қалдықтарынан құралған
органогендік немесе биогендік түзілімдер — маржан
(VI. 30-сурет) рифтері жиі кездеседі. Олар — жағалық,
тосқауыл және атолды рифтер болып ажыратылады.
Маржан рифтерінің өсуіне қажетті жағдай теңіз
суының температурасы 18°С-тан төмен болмауын, су
тұздылығын, тазалығын, су түбі жартасты болып,
тереңдігі 40— 50 м-ге дейін болуын қажет етеді.
Мұндай қолайлы жағдайлар Үнді және Тынық
мұхиттарында көп кездеседі.

24.

25.

Хемогендік шөгінділер климат жағдайы
ылғалды,
тұздылығы
орташа,
теңіз
жағалауларына таяу орындарда темір,
марганец
рудалары,
бокситтер,
фосфориттер, әктастар, яшмалар түрінде
түзіледі.

26.

Батиалдық шөгінділер- теңіз түбінің 200-250м тереңдігінде
түзілетін тұнбалар. Олар материктік беткейде
сублиторалдық және абиссалдық зоналар арасында
орналасқан терригендік құм-лай тұнбаларынан құралады.
Су түбінде оттегі аз болса, сульфидке бай көкшіл түсті
лайлы тұнбалар жиі кездеседі. Тропиктік жағдайда,
құрлықтан жиылған қызғылт түсті топырақтан қызыл түсті
лайлы тұнбалар түзіледі. Әкті лайлар тұнбасы маржан
рифтерінен құралған аралдар маңында пайда болады.
Олардың арасында фораминифералар қалдығы көптеп
кездеседі. Терең су астындағы құм мен малта тастар су
астындағы жоталарда жиналады.

27.

Абиссалдық шөгінділер- дүниежүзілік мұхит ауданының 90%-ін алып жатқан, 3км- ден
аса тереңдікте жиналған тұнбалар. Олар ұсақ жәндіктер қаңқаларынан, жел мен су
айдап әкелген ұсақ минералдық бөлшектерден, вулкандық жыныстардан, су түбіндегі
жыныстардың үгілу заттарынан, химиялық шөгінділерден және ғарыш шаңынан
құралып түзіледі. Көбінесе, органогендік және полигендік шөгінділер басым келеді.
Біріншісіне карбонатты (фораминифералар, глобигериндер секілді теңіз жәндіктерінің
қабыршақтарынан түзілген) және кремнийлі (диатомит, радиолярит және т.б.)
шөгінділер жатады. Диатомит- ақ, сұрғылт түсті, өте жеңіл, кремнийлі жыныс.
Қоспалары глобулярлық опал, кварц, фосфорит, монтмориллонит, вулкандық күл,
балшық, саз және т.б. Олар Кавказ, Қырым, Орал, Еділ бойында палеоген- неогендік
шөгінділердің арасында кеңінен таралған. Құрамының 50%-тен астамы радиолярий
қаңқаларынан құралған тау жыныстары Қазақтанда Сарыарқаның (Майсор, Атығай
және т.б.) палеогендік жыныстарының арасында кездесіп тұрады.

28.

Полигендік шөгінділер- 5000м-ден астам тереңдікте жиналып, азда
болса органогендік қалдықтар араласқан тұнбалар. Олардың
құрамының 90%-і терең сулық қызыл түсті сазды жыныстардан
тұрады. Полигендік шөгінділер арасында темір-марганец
конкрециялары өте көп тараған.
Теңіз түбінде саздардың, балшықтардың қалыптасуына
қатысатын шөгінділер: 1) өзен суымен ағып келіп қосылатын
терригендік балшықтар, саздар; 2) эолдық шаң-тозаңдар,
фораминифералардың ерімей қалған қалдықтары; 3) вулкандық
заттар; 4) метеориттік тозаңдар; 5) ерімейтін әр түрлі
органикалық қалдықтар болып саналады.

29.

Терригендік сазды жыныстармен қатар органогендік
қалдықтар бірге кездескен жағдайларда олар
органогендік-терригендік шөгінділер деп аталады. Теңіз
суы астында шөгінді жыныстардың орналасу реттілігін
бұзып лайлы көшкіндер туғызатын лайлы ағыстар жиі
байқалады. Мұндай жағдай теңіз шөгінділерінің орналасу
заңдылықтарын зерттеп-білу жұмыстарын қиындатып
жібереді.

30.

Лагуна — 1) мұхиттың (теңіздің) бар
арқылы, құм қайырмен бөлініп тұрған және онымен
біршама жіңішке бұғазбен немесе бірнеше бұғазбен
косылған таяз сулы бөлігі. Теңізбен байланысы нашар
немесе одан бөлек болғандықтан, лагунаның теңізбен
салыстырғанда тұздылығы басқаша (не тұзды, не тұщы)
және өзіне тән лагуналық шөгінділері, сондай-ақ
өзіндік фаунасы мен флорасы болады; 2) інжу
кедертастары мен жағаның арасындағы
немесе атолл (коралды арал) ішіндегі теңіздің телімі.

31.

Теңізден қайраңдар арқылы бөлініп қалған аймақтарда
(лагуналарда) шөгінді қабаттар өзгеше жағдайда түзіледі. Суы
тұщы лагуналарда құмды-сазды жыныстар, кейде органикалық
заттарға бай саз балшықты, сазды- карбонатты жыныстар
жиналып, шоғырланады. Кейде олардың арасында көмір
қабаттары кішігірім линзалар түрінде кездесіп қалады. Суы ащы
(тұзды) лагуналарда әр түрлі хемогендік қосылыстарға бай қара
түсті лайлы тұнбалар түзіледі. Олардың құрамында күкіртті
сутек мол болады. Сонымен қатар, натрий сульфаттары мен
хлориттері, гипс, ангидрит, доломит, ізбестас қабаттары кездесіп
тұрады.

32.

Лагуналық шөгінді қабаттардың тік және
көлденең бағыттарда тез өзгеріп,
континенттік шөгінділермен кезек алмасып
отыратындығы, олардың теңізбен континент
аралық жағдайында қалыптасатындығын
көрсетеді.

33.

34.

Шөгіндінің тау жыныстарына айналып,
олардың әртүрлі ортада құралып қалыптасу
және орналасу заңдылықтарын зерттейтін
геологиялық ғылым саласы литология деп
аталады.

35.

Н.М.Страхов бастаған ғалым геологтар тобы жалпы
литогенез теориясын жасап, шөгінді жыныстардың
жаратылыс жолдарын анықтап берді. Бұл теория
бойынша шөгінді жыныстар мұздық, аридтік,
гумидтік, вулканогендік шөгінділер болып
ажыратылады. Шөгінді жыныстардың генетикалық
(жаралымдық) жеке тектеріне сәйкес әр түрлі кенорындары пайда болады.
English     Русский Rules