100.93K
Category: lawlaw

Отбасы құқығы. Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?

1.

Отбасы құқығы
Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?
Сабақтың оқу-мақсаттары:
9.5.1.1.Неке және отбасы құқығы ұғымдарын
түсіндіру;
9.5.2.1.Некені қию және тоқтатылу шарттарын
анықтау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына қазақ
халқының некеге қатысты салт-дәстүрлерін дәріптей
отырып, ұлттық құндылықтарын дамыту.

2.

Топтарға шығармашылық тапсырмалар
“Отбасы” тобы: Қазақ халқының некеге
(үйленуге) қатысты салт-дәстүрлері мен әдетғұрыптары. Презентация жасаңдар.
“Бақыт” тобы: Некенің бұзылу жолдарын
анықтаңдар. Ажырасудың туындау себептері
туралы зерттеу жүргізіңдер.
“Неке” тобы: ҚР-ның “Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы” Заңына талдау жасаңдар.

3.

Топтарға тапсырма
1. “Отбасы” тобы: “5-5-1” әдісі арқылы “Неке қандай жағдайда
қиылады және тоқтатылады” тақырыбына қорытынды жасаңдар
2. “Бақыт” тобы: “Қазақ халқының некеге қатысты салт-дәстүрлері”
тақырыбын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдыр
3. “Неке” тобы: “Отбасы” сөзіне синквейн құрастырыңдар

4.

“2 жұлдыз, 1 тілек” әдісі арқылы
сабақты қорытындылайық
Балалар бүгінгі сабақта 2 ұнаған
жерін, маған айтар 1
ұсыныстарыңызды айтып, кері
байланыс жасаңыздар

5.

Үйге тапсырма:
“Бақытты отбасы” болудың 10
қағидасын жазыңдар
“Отбасым-менің байлығым”
тақырыбына эссе жазыңдар

6.

Отбасы-некеге немесе тікелей туыстыққа негізделген және мүшелері
тұрмыс ортақтығымен, өзара көмекпен және өзара моральдық
жауапкершілікпен байланысты болап табылатын шағын топ.Отбасының ең
маңызды қызметі-бала туып, тәрбиелеу
Отбасы-ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар
арасындағы қатынастар. Отбасы некеге немесе қандық
туысқандыққа негізделген.
Некеге тұру, туысқандық, бала асырап алу, балаларды өз
тәрбиесіне алу арқылы пайда болатын қатынастар
ОТБАСЫ ҚАТЫНАСТАРЫ деп аталады.
Отбасын құру негізі неке болып табылады. Қазақстанда
неке мемлекеттік органдарда тіркелуі керек.

7.

Отбасы құқығы
Отбасылық-некелік қатынастарды реттеп отыратын құқықтық
нормалардың жиынтығын ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ деп аталады. 2011
жылы 26 желтоқсанда қабылданған ҚР «Неке (ерлізайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасылық-некелік
қатынастарды реттейді.
Отбасылық қатынастар негізінен өзара сыйластық,махаббат,
бір-біріне қамқорлық, моральдық қолдау көрсету сияқты
әдептілік ережелеріне негізделіп реттеледі.
Отбасылық мүліктік қатынастарды азаматтық құқық реттейді.

8.

Неке-обасын құру мақсатында заңмен реттелген тәртіп бойынша өз еркімен және
толықтай келісім арқылы бекітілген, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және
мүліктік емес қатынастарды туындататын теңқұқықты одақ
Неке, неке жасына-18 жасқа толған ер-азамат пен әйелдің өзара
ерікті келісімі негізінде қиылады.
Егер неке зорлық, алдау, қорқытудың жолымен қиылған болса, онда
ол жарамсыз болады.
Дәлелді себептер болған жағдайда тіркеуші органдар неке жасын 2
жылдан аспайтын мерзімге дейін төмендете алады.Неке жасына
толмаған адамдар арасындағы неке ата-аналардың келісімімен ғана
жасалады.
Жүкті болу не бала туылу, әскери қызметке щақырылу, кәмелетке
толмаған адамдардың нақты отбасын құруы дәлелді себептерге
жатады.

9.

АРАЛАРЫНДА НЕКЕ ҚИЫЛУЫНА ЖОЛ
БЕРІЛМЕЙТІН АДАМДАР:
БІР ЖЫНЫСТЫ АДАМДАР
НЕКЕДЕГІ АДАМДАР
ЖАҚЫН ТУЫСТАР
СОТ ШЕШІМІМЕН ОЛАРДЫҢ БІРЕУІ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЫ
НЕМЕСЕ АҚЫЛ-ЕСІ КЕМДІГІ САЛДАРЫНАН ӘРЕКЕТКЕ
ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНЫЛҒАН АДАМДАР

10.

Некеге отыру тәртібі
Болашақ отбасы үшін олардың барлық қатынастарын ата-
аналарының мақұлдануы өте маңызды.
Болашақ ерлі-зайыптылар некеге отыру туралы тілектерін
бірлесе отырып мемлекеттік тіркеуші органға өтініш беру
арқылы білдіреді.
Некені тіркеу некеге отырушы адамдардың қатысуымен жүзеге
асырылады.
Сенімхат немесе өкіл арқылы неке қиюға тыйым салынады.
Күзет қарамағындағы немесе бас бостандығынан айырылған
адамдар да некеге отыра алады. Мемлекеттік тіркеу
бостандығынан айыру немесе күзет қарамағындағы орнында
өткізіледі.

11.

Некені тоқтату
Некені тоқтату дегеніміз- ерлі-зайыптылардың
жеке мүліктік құқықтық қатынастардың
тоқтатылуы.
Неке заңмен анықталған мән-жайлар салдарынан
немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе
екуінің тілек білдіруімен тоқтатылады
Некені бұзу
Некені зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала
туғаннан кейінгі 1 жыл ішінде оның келісімінсіз
бұзуға болмайды.

12.

Некені тоқтататын мән-жайлар:
Жұбайының қайтыс болуы
Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болғандығы туралы
сотпен жариялануы
Некені бұзу, ажырасу
Ерлі-зайыптылардың бірі хабар-ошарсыз кеткен деп
танылса
Қазақстанның заңнамасы ажырасуларды қолдамайды.Әрбір
мемлекет неке мен отбасының сақталуына мүдделі. Соңғы
10 жылда ажырасу саны өсуде.
English     Русский Rules