2.47M
Categories: medicinemedicine lawlaw

Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы істер бойынша іс жүргізу

1.

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ
ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН
АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ
ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
Ю-21-3
Амантай Данияр

2.

Туберкулезбен ауыратын және
емделуден жалтарып жүрген азаматты
мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру
Туберкулезбен ауыратын азаматты
оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу
туралы арызды денсаулық сақтау
органдарының (ұйымдарының) өкілі
осы науқасты медициналық
(диспансерлік) қадағалауды жүзеге
асыратын туберкулезге қарсы
мекеменің орналасқан жері бойынша
немесе науқастың тұрғылықты жері
бойынша сотқа береді.
Туберкулезбен ауыратын азаматты оның
келісімінсіз емдеу үшін заңда көзделген
негіздер көрсетілуге тиісті арызға
денсаулық сақтау ұйымының науқасты
туберкулезбен ауырады деп тану туралы
қорытындысы, сондай-ақ науқастың
дәрігер тағайындаған емнен бас тартуын
растайтын құжаттар қоса беріледі.

3.

Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің
түзеу мекемесінен босатылатын, туберкулезбен
ауыратын азаматқа қатысты арызды түзеу
мекемесінің әкімшілігі жазалау мерзімі
аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірмей түзеу
мекемесінің орналасқан жері бойынша сотқа
береді.
Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп
емдеу туралы арызды қарау
Туберкулезбен ауыратын және емделуден
жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу
туралы арызды судья арыз соттың іс жүргізуіне
қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
қарайды.

4.

Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымның, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс
енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі
өкілінің және прокурордың деректері бойынша адам аурудың таралу қатеріне байланысты
айналасындағылар үшін қауіп төндіретін жағдайда, іс адамның қатысуынсыз не бар болған кезде
бейнеконференцбайланыс құралдары пайдаланыла отырып қаралуы мүмкін.
Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе
ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.

5.

Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген
азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз бойынша сот шешімі
Сот арызды мәні
бойынша қарап, шешім
шығарады, онда арыз
қабылданбайды не
қанағаттандырылады.
Арызды қанағаттандыру туралы
шешім туберкулезбен ауыратын
азаматты туберкулезге қарсы
мамандандырылған ұйымға заңда
белгіленген мерзімге мәжбүрлеп
емдеуге жіберу үшін негіз болып
табылады.
Туберкулезбен ауыратын
азаматты мәжбүрлеп емдеуге
жіберу туралы сот шешімін
орындау атқарушылық іс
жүргізу органдарына
жүктеледі.

6.

Туберкулезбен ауыратын, қылмыстықатқару жүйесі мекемесінен босатылатын,
жазаны өтеу кезеңінде толық емделу
курсынан өтпеген азаматты мәжбүрлеп
емдеу Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген
тәртіппен босатылған жері бойынша
мамандандырылған туберкулезге қарсы
ұйымдарда жүзеге асырылады.
Туберкулезбен ауыратын,
қылмыстық-атқару жүйесі
мекемесінен босатылатын азаматты
жіберу туралы сот шешімін
орындауды осы мекемеге хабарлау
негізінде ішкі істер органдары
жүзеге асырады
English     Русский Rules