786.64K
Category: geographygeography

Ресей мемлекетіндегі көлік жолдарының дамуы

1.

Ресей мемлекетіндегі көлік жолдарының дамуы
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан,
аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен
дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан
шығысқа қарай 9 мың км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге
созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.
Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
Қиыр Шығыс Ресейі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығыста Солтүстік
Кореямен Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста
— Украинамен, батыста — Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен,
Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым
дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы
ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын
әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны
әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда қолайсыз болып
табылады.
Өйткені
ол
Батыс
Еуропаның
дамыған
елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса
маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел
аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен
теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі
Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға
оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің
(Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық

2.

мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен
де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалықгеографиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені
Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым
көпшілігі орналасқан.
Экономикалық аудан
Халық тығыздығы,
адам/км2
Солтүстік
4
Солтүстік-Батыс
39
Орталық
60
Волга-Вятка
31
Орталық қара топырақты
46
Волга бойы
31
Солтүстік Кавказ
49
Орал
24,5
Батыс Сібір
6
Шығыс Сібір
2
Қиыр Шығыс
1
Калининград облысы
62,5
Ресей, орта есеппен
8,5

3.

Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14
мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін
Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі
бөлігімен ортақ шекарасы жоқ.
Көлік географиясы.
Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге
болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы
тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте
ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ
әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне
тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс
нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т)
пен жолаушының (млн адам) санымен және жүк пен жолаушы айналымымен
бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік күн, көліктің
жылдамдығы, жүккөтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына
тигізетін әсері ескеріледі.

4.

Су транспорты. Ресейде су транспортының тарихы тереңде жатыр.
Ежелгі славяндар хабарлама жіберудің табиғи жолы өзендер мен көлдердің
жағасына қоныстанған. Славяндар ІХ ғ. су кемелерімен Дон, Волга және
Каспий теңізінде жүзген. Балтық теңізін Қара теңізбен байланыстыратын
Волхов-Днепр жолдарымен кеме керуендері жүзген. XVIII-XIX ғғ. басында
волоктардың орнына жасанды су жүйелері құрылды: Вышневолоцская
(1708), Тихвинская (1811), Мариинская (1810) және т.б.
XIX ғ. басында орыстың өзен-су құрылысында металл пайдаланыла
бастады. Бұл уақыт кемелерде механикалық двигательдер қолданумен сәйкес
келді. Пароходтарды ең алғаш Петербургте (1815), кейін Камадағы Пожва
қаласында құрастырылды. Волгада көптеген пароходтар қоғамы құрылды:
«Общество по Волге» (1843), «Кавказ и Меркурий» (1850-1859),
«Самолет» (1853), Камск-Вожск пароходтар қоғамы «Польза» (1854), т.б.
ХХ ғ. басында су кемелері ішіндегі бу көліін іштен жанатын двигатель
ығыстырды. Өзен-су көлігі арқылы жүк тасымалдау 49.1 млн тоннаға жетті.
Ал жолаушылар саны 11 млн-ға жетті. Флот құрамы әскери кезеңінен кейін
саны және сапасы жағынан өзгерді: орташа қуаттылығы, жүк көтеруі,
жолаушылардың сыйымдылығы және кемелер қозғалысының жылдамдығы
артты.

5.

Темір жол. ХІХ ғ. басында Ресейде көлік жолдары қарқынды дами
бастады. Елде темір жолдар салына бастады: Царскосельская(1837),
Варшаво-Венская(1839-1848), Петербург-Мәскеу(1843-1851). Реформаға
дейінгі кезеңде 8000 км-ден аса темір жолдары салынды. Алайда бұл ірі
мемлекет үшін аз еді. Себебі импорт, экспорттағы жүктердің негізгі бөлігі су
жолдары арқылы тасымалданатын.
XIX ғғ. елде көптеген темір жолдар салына бастады:
Царскосельская(1837),
Варшаво-Венская(1839-1848),
ПетербургМәскеу(1843-1851). Реформаға дейінгі кезеңде 8000 км-ден аса темір
жолдары салынды. 1755 жылы Алтайда ағаш вагонеткалар жүретін
тарколеялы ағаш рельсті жол салынды. Оның қозғалысы үшін аттар
пайдаланылды. Әрбір вагонетканың тростың бір немесе келесі жағына
қыстыруға болатын қысқыштары болды. Бұл вагонетканы тоқтатуға немесе
қозғалыс бағытын өзгертуге мүмкіндік берді.
1788 жылы Петрозаводск қаласында Ресейдегі бірінші темір жол пайда
болады. Темір жол Александровск заводында құрастырылды.
Ресейдегі тұңғыш темір жол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында
Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қаласы) –
Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды
Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арадан 4
жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды теиір жолы іске қосылды.
1901-1906 жылдары 1660 шақырымдық аумақты алып жатқан, Орта
Азия мен Ресейдің орталығын байланыстыратын Орынбор-Ташкент темір
жолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай магистралі салынды.
1915-1917 жылдары Алтай темір жолы (Новосибирск-Семей) салынса,
1918 жылға дейін Екибастуз-Ермак тар табанды темір жолдары істеп тұрды.
Кеңес Одағы заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары
салынды. Ол Қазақстандағы Петропавл-Көкшетау телімі болды.
1936-1939 жылдары Орталық Ресейді Қазақстанмен байланыстыратын,
Саратовқа шығатын жол телімі – Орал-Елек салынды.
Бүгінгі күнде Ресей көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші орын
алады. Теміржол желісінің жалпы ұзындығы 148 мың км, 86 мың км жол
жалпыға бірдей қолданысқа ие, оның 42 мың км-і электрлендірілген.
Ресейдегі жүк тасымалының 40%-ы, жолаушы тасымалының 50%-ы осы

6.

көлік түріне тиесілі. Теміржол жиілігі еуропалық бөлікте өте жоғары
деңгейде. Оның бейнесі алып шеңберге ұқсайды, негізгі білігі Мәскеу қаласы
болып табылады. Одан жан-жаққа қарай 11 теміржол тораптары таралады.
Еуропалық шеңберден шығысқа карай ендік бағыттағы бірнеше жол
тораптары тармақталады. Тораптар жиілігі шығысқа жүрген сайын біртіндеп
сирейді. Олардың ең ірілері: Транссібір, Ортасібір және Оңтүстіксібір
тораптары.

7.

Автокөлік транспорты. Бүгінгі күнде Ресей көліктің қай түрі
болмасын алдыңғы орындардан көрінеді. Бұл Ресей үшін жақсы көрсеткіш.
Әсіресе Ресейде темір жол мен автокөлік қарқынды дамыған.
Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының
ұзындығы, мың км
Теміржол
Автомобиль жолдары
(қатты жабындылы)
АҚШ
245
5640
Ресей
86
620
Үндістан
62
834
Қытай
58
880
Франция
35
745
Германия
45
481
Елдер
1131
Жапония
27
Ал автокөліктік транспортымен жолаушылар тасымалының даму
тарихы бу кареталары мен омнибустардың үлгілері жасала бастаған кезде,
ХІХ ғ. басталды. ХХ ғ. басында омнибус, атқа жегілген вагондарды
электрмен жүретін трамвай алмастыра бастады. Ресей ХХ ғасырдың бас
кезінен бастап өзіндік Отандық автокөліктерін өндіре бастайды. Бұл тек
Кеңес Одағы үшін ғана емес, дүниежүзілік көлік жүйесіне өзгеріс алып

8.

келеді. Себебі Ресей аз уақыт ішінде өзінің автокөліктер өндіру қарқыны
бойынша әлемнің көптеген елдерін басып озады.
Ресейдегі жолаушылар тасымалының даму тарихын 5 кезеңге бөледі:

1
2
3
Уақыты
Сипаттамасы
1918-1929 Елде 1918 ж. басында 35 мың автокөлік саналды. 1922 ж.
Кеңес Үкіметінің шешімімен мемлекеттік мекемелер мен
жеке тұлғаларға «Рено», «Фиат», «Лей Ланд», «Манн»
автокөліктерін шетелден алып келуге рұқсат берілді.
1929-1940 Кеңес
Одағының
өзіндік
автокөлік
заводтарының
құрылуымен сипатталады. 1929-1930 жж. сериялық өндіріс
басталды. Ярославский және Московский автокөлік
заводтары 19-орындық ЗИС-8 автобусын шығарды (ЗИС-5)
жүк автокөлігі негізінде). 1931-1932 жж. АМО (ЗИЛ) заводы
іске қосылды және Горький қаласындағы ГАЗ-03-30 (17орындық) автобусы құрастырылды. 1932 ж. АМО-4
автобустарын, 1938 ж. – ЗИС-8 (21-26 орынды) шығарылды.
1947-1960 3-кезең 1947 ж. басында соғысқа дейін болған барлық

9.

4
5
қалаларда автобустық тасымалдрадың қайтадан қалпына
келтірілуімен
ерекшеленеді.
1950
ж.
автобустық
хабарламалар – 459 қалаларда, ал таксомоторлылар елдің 420
қалаларында ұйымдастырылды. 1946-1950 жж. автобустар
паркі 22 мың бірлікке дейін өсті. 1946 ж. ЗИС-156 (дизельді
генераторлы автобус), 1949 ж. ЗИС-155, 1950 жылдан бастап
ПАЗ-615 Павловсктік автобус заводында ПАЗ-651
автобустары өндірілді. 1956 ж. М-402, 1958 ж. М-407, ГАЗ20 («Победа»), ЗИС-110, ГАЗ-12, 1960ж. ЗАЗ-965
(«Запорежец»), 1965 ж. ГАЗ-21 («Волга»).
1960-1990 4-кезең автокөліктік жолаушылар тасымалының қарқынды
дамуымен белгілі. 1972 ж.
КСРО автокөлікті шығару
бойынша көптеген шетелдерді асып түсті.
1990 ж. Ресейде автокөлік транспорты жүк тасымалдауы бойынша
бастап
бірінші орынды иеленеді (1995 ж. – 1.4 млрд т). Автокөлік
бүгінгі
транспортында
елдің
транспорт
саласындағы
күнге
жұмысшылардың ¼ жұмыс жасайды. Автокөлік жолдары
дейін
темір жолдармен паралелль салынады. Ресейдегі басты
автомагистральдар 12 бағытпен жүреді: Мәскеу-НовгородСанкт-Петербург;
Мәскеу-Смоленск-Минск;
МәскеуСимферополь; Мәскеу-Төменгі Новгород, т.б.
English     Русский Rules