4.75M
Category: medicinemedicine

Аса қауіпті жұқпалы аурулар

1.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультеті
Аса қауіпті
жұқпалы аурулар
Орындаған: Сағымбаева Альбина
Мамандығы: Құқықтану 3-курс
Қабылдаған: Қадірешов Еркін

2.

01
Оба ауруы

3.

Оба - өте қауіпті жұқпалы кесел.
Адамзат тарихында оба дерті елеулі орын
алады.YІ ғасырда болған пандемия тарихта
«Юстиниан обасы» деген атпен қалды. Елу
жыл ішінде оба ауыруынан 100 миллион адам
қаза
тапқан.
ХІY ғасырда оба ауруы дүние жүзіне тағыда
таралған.
Бұл
аурудан
Қытайда
13
миллион,Шығыс 25 миллион ,ал сол кезде 100
миллион халқы бар Еуропа елдерінде 25
миллион қайтыс болған екен Азия, онын
ішінде Қазақстанға оба ауруы алғашқы рет
Үндістаннан шыққан сауда кемелері арқылы
тышқанмен келген.

4.

Адам организмiне оба қоздырғышы терi, тыныс жолдары, асғазан-iшек жолдары арқылы
өтедi
Обаның түрлері: бубондық, өкпе, септикалық, тері бубондық.
Бубондық түрінде қоздырғыш адам денесіне бүрге шағудан тері арқылы енеді. Бұл кезде
жақ, қолтық асты, жамбас, шат асты ісінеді. Томпайып, қызарып, ісінген жердің терісі
іріңдеп, жара пайда болады да, ол ұзақ уақыт бойы жазылмайды.
Өкпе обасы обаның бубондық түрінің асқынған кезінде қанды іріңнің жарылуынан пайда
болған оба таяқшаларының ауа арқылы қанға берілуі арқылы пайда болады. Негізгі
белгілері: бүйір шаншиды, тыныс тарылады, көбікті қанды жөтел пайда болады, тіл
ағарады.
Септикалық түрі (емделмесе өлімге апарады). Ауыр сепсисте тері мен шырышты қабықтың
қанталауы, қан құсу, қансырау болады. Асқазан-ішек жолдары арқылы іш құрылысына да
жұғуы мүмкін. Терілік түрі кезінде дақ пайда болады, олар күлдіреуі және іріңді безеу
сатысы арқылы ойық жараға айналады, ол ұзақ уақыт бойы байқалад, баяу жазылады,
тесіктер пайда болады.

5.

Обаны емдеудiң негiзгi құралы антибиотиктер
болып табылады. Емдеудi бубондық, сондай-ақ өкпелiк түрi
кезiнде тиiмдi болған тетрациклинмен өткiзедi. Оны алқашқы
48 сағат бойында үлкен мөлшерде тағайындайды (4-6
г/тәулiк) бұдан кейiн мөлшердi төмендетедi. Ауыр түрлерi
кезiнде алғашқы 24 сағат кезiнде көк тамыр iшiне
тетрациклин енгiзедi, төзбейтiн жағдайда оның орнына 2
тәулiктiң бойына әрбiр 4 сағат сайын 0,5 г стрептомицин
тағайындайды,
кейiннен
6
сағат
сайын
тағайындайды.Жергiлiктi емдеу үшiн күкiрттi сынап
майынан iстелген май таңғыштарын қолданады, оларды күн
сайын ауыстырады және 5-6 күннен соң сынаптың жанама
әрекетiнен оны вазелиндiк немесе ихтиолдық (5%)
таңғышпен айырбастайды.

6.

02
Тырысқақ
ауруы

7.

Тырысқақ—тез жұғатын ауру, iштiң өтуiмен, құсықтың келуiмен, суэлектролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсiреудiң
дамуымен, жiңiшке iшектiң улануымен сипатталады. Карантиндiк
жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.
Тырысқақ виброндары тек асқаза-ішек жолдары арқылы ғана жұғады.
Олар адам денесіне тырысқақ виброндармен залалданған су немесе азықтүлік пайдаланған кезде енеді. Сонымен қатар сырқат адамның нәжісімен
немесе бактерия жұқан адамның қолы арқылы жұғуы мүмкін (мысалы,
сырқат адамды күткен кезде, ортақ әжетхана пайдалану, суды iшу кезiнде,
оны көкөнiс пен жемiстi жуу үшiн пайдаланған уақытта, шомылған кезде
өтедi).
Сыртқы ортада атап айтқанда тамақ өнiмдерiнде вибриондар 2-5 күн
өмiр сүредi, күн сәулесi түскен қызғанақтар мен қарбыздарда вибриондар 8
сағаттан соң өледi. Вибриондар канализация суы ағызылатын ашық суатта
ұзақ өмiр сүредi. Тырысқақтың таралуына шыбындар да ықпал етуi мүмкiн.

8.

энтериті кезеңі: Ауру күшті іш өтуден басталады. Ауырған адам әлсіреп, жүрегі
айнып, нәжісі иісті сарғыш қоңыр түсті болып, жиі-жиі іші өтеді. Ауру
үдегенде ұзақтығы бірнеше сағаттан аспауы мүмкін.
Гастроэнтриті кезеңі: Бұл кезеңде іштен күріш суы сияқты сұйықтық ағып түсе
бастайды. Ағзаның күрт сусыздануымен жалпылама улану белгісі күшейіп,
шыққан зәр мөлшері күрт азаяды, іш қабысып қалады. Ауру үдегенде
ұзақтығы 12 сағатқа созылады.
Алгиды кезеңі: Бұл кезеңде сырқат адам сұлық күйге түсіп, температурасы 3535,50С-ге төмендейді, аяқ-қолдары суиды. Сырқат қатты әлсіреп, терісі
бозарады, денесін суық тер басып, терілері қатпарланып кетеді. Әсіресе
саусақтары мен қолдың білезігі қатты қатпарланады (кір жуушының қолы).
Көзі шүңірейіп, беті қусырылады. Ішінен күріш суы тәріздес сұйықтық қана
шығып, үні әрең шығады, тамырдың соғуы әрең сезіледі. Бірнеше сағаттан 34 күнге созылады. Адам өлімі жоғары.

9.

Тырысқаққа шалдыққандарды емдеу су
электролит алмасуын қалпына келтiру болып
табылады және ол кешендi болуға тиiс. Тырысқақ
ауруларының терапиясы емдеу басталғанға дейiн
жоғалған сұйық пен тұз шығынын толтыруды
көздейдi.өкпелiк түрi кезiнде iшке, ал ауыр түрi
кезiнде 3-5 күн бойында көктамырдың iшiне
антибиотикотерапия
жүргiзедi
(0,3-0,5
г
тетрациклин, 6 сағаттан сон сигмамицин) және 5
күннiң бойында 6 сағат сайын 0,5 г левомицетин
еңгiзедi. Антибиотиктердi iшке құсық тоқтағаннан
кейiн бередi.
Диета: сұттi тағамдар, қырналған және бүркегiш
тағамдар, сусынды көбiрек iшу, витаминдер.

10.

03
Туберкулез
ауруы

11.

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері
бұдан 7 мың жыл бұрын неолит кезеңінде өмір сүрген
адамның сүйегін зерттегенде табылған, б.з.б. 3 – 2мыңжылдықта
Мысыр
мумияларынан
анықталған.
Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2
ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің
(Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ,
Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы
еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру
қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің
“Дәрігерлік
ғылымның
каноны”
деген
еңбегінде
туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына
жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет
италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

12.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық.
Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық
тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда
туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп
жегенде
жұғады.
Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық
дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің
иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары,
витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда,
сондай-ақ
аурумен
ұзақ
уақыт
бойы
араласқанда
ауырады.
Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға
қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу
кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен
ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен
ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса,
дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

13.

Туберкулездің
ашық
және
жабық
түрлері
болады.
Ашық түрінде қақырықта туберкулез
таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің
мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті
деп
есептелінеді.
Ал
жабық
түрінде
қақырықта
туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт
асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен
ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.
Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды,
көбінесе
өкпені
зақымдайды.
Аурудың біліну сипаты туберкулездің
түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы
жағдайына
байланысты.

14.

Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының
көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы,
тәбеттің нашарлауы, науқас жүдеп, ашуланшақ келеді,
жұмысқа қабілеті төмендейді, туберкулез таяқшалары
түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда
болады.
Туберкулезге
қарсы
арнайы
егу
(БЦЖ)
жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін
іске
асырылады.
Ауруды
емдеудің
терапиялық,
хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік
жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте
пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты
туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады.
Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер,
жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен,
емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз
етілген.

15.

Назарларыңызға рахмет!!!
English     Русский Rules