1.39M
Category: mathematicsmathematics

Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика түсініктері

1.

ЫҚТИМАЛДЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН
МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА
ТҮСІНІКТЕРІ

2.

Жоспар:
1. Ықтималдылық теориясы
1.1. Кіріспе.
1.2. Ықтималдық теориясының негізгі түсініктері.
1.2.1. Оқиғаларды көбейту амалы.
1.2.2. Оқиғаларды қосу ж/е азайту амалдары
1.2.3. Толықтыру амалы
1.3. Оқиғаның жиілігі және ықтималдығы
2. Математикалық статистика.
2.1. Кіріспе.
2.2. Негізгі түсініктер.
2.3. Таңдаманың сандық сипаттамалары.
2.4. Таңдаманың ковариациясы және корреляция коэффициенті.
2.5. Үлестіру параметрлерін бағалау.
3. Есептер.
4. Тапсырмалар.
5. Бақылау сұрақтары
6. Пайдаланылған әдебиеттер

3.

1.Ықтималдылық теориясы
1.1. Кіріспе.
Тәжірибені бір н/е бірнеше рет қайта жүргізгенде барлық жағдайда
басқаша өтетін құбылыс – кездейсоқ құбылыс.
Бір тәжірибенің бірдей шарттарда көп рет қайталануының нәтижесі –
массалық кездейсоқ құбылыс.
Ықтималдық теориясы жалпы кездейсоқ құбылыстардағы
заңдылықтарды оқытады.
Ықтималдық теориясы зерттеудің қуатты құралы болып табылады,
сондықтан ол ғылымның және техниканың түрлі салаларында пайдаланылады.
Мысалы: атыс теориясы, физика аэродинамика, гидродинамика,
радиотехника, басқару теориясы, ұшу теориясы, байланыс теориясы, құрылыс
механикасы, кеме құрылысы, метеорология.
XVII ғасырда ықтималдықтар теориясының дамуы Б. Паскаль, П.
Ферма және Х. Гюйгенс зерттеулерімен байланысты.
Пайдаланылған әдебиет: «Ықтималдық және статистика» В.Б.Монсик, 4-бет

4.

1.2. Ықтималдық теориясының негізгі
түсініктері.
Ықтималдықтар теориясында < Ш > шартының және < Ә > әрекетінің
жиынтығының орындалуы тәжірибе (сынау)деп аталады:
< тәжірибе >= < Ш >, < Ә > →< оқиға >
Тәжірибенің нәтижесі оқиға деп аталады, басқаша айтқанда, тәжірибенің
нәтижесінде пайда болуы да немесе пайда болмауы да мүмкін кез келген айғақ.
Тәжірибенің нәтижесі кездейсоқ болады, яғни тәжірибенің нәтижесі кездейсоқ
оқиға делінеді.
Кездейсоқ оқиғалар латын әліпбиінің бас әріптерімен белгіленеді:
English     Русский Rules