Similar presentations:
Зейін Жүнісбекұлы Шашкин
1. Зейін Жүнісбекұлы Шашкин
2. Қысқаша өмірбаяны:
• Шашкин Зейін Жүнісбекұлы 31.12.1912, қазіргі Павлодар облысыБаянауыл ауданында туып — 29.3.1966, Алматы қаласында өмірден озды.
Жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және
әдебиет институтында оқыған. 1933 — 1937 жылы Қарағанды қалалық
комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында,
ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, 1949 — 1955 жылдары
Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”)
пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдары Қазақстан Жазушылар
одағында кеңесші қызметтерін атқарған. Шашкин Зейін Жүнісбекұлы
баспасөзде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 20 ғасырдың 30жылдарынан бастап көрінді.
3.
• Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағықазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі
әрі 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс,
жеке адамдардың жан дүниесі, олардың
дүние танымы суреттелген “Таң атты”
(1955, орыс тілінде), “Ұядан ұшқанда”
(1957), сондай-ақ халықтар достығы,
замандастарының өмірі, туған жерге
деген сүйіспеншілігі тартымды
бейнеленген “Темірқазық” (1959), “Өмір
тынысы” (1964), “Ақбота” (1966)
повестері мен әңгімелер жинақтары,
Жетісудағы саяси-әлеуметтік
өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы
өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958).
4.
• Адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңасалт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы
қауымның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы
парызы,
басшы
қызметкерлердің
еңбек
адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім,
достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі
айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962),
тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы
кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы,
адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген
“Сенім” (1966) романдары жарық көрді. “Заман
осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары
республикалық, облыстық драма театрларда
қойылды.
Оның
шығармалары
негізінде
“Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді.
Туындылары шет ел тілдеріне аударылды.
“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған
5. Шығармашылығы:
• “Абай поэзиясының ерекшелігі”,1934.
• “Әдебиет теориясының оқулығын”,
1940.
• “Таң атты”, 1955, (орыс тілінде).
• “Ұядан ұшқанда”, 1957.
• “Темірқазық”, 1959.
“Өмір тынысы”, 1964.
“Ақбота” ,1966.
“Тоқаш Бокин”, 1958.
“Теміртау”, 1960.
“Доктор Дарханов”, 1962.
“Сенім”,1966.[2]