Similar presentations:
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамассыз ету
1.
Қазтұтынуодағы Қарағанды Университеті«Өнеркәсіптік экология» пәні бойынша
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамассыз ету»
тақырыбына
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған ЭКО19-1к тобының
студенті: Омарғали А.Б.
Қабылдаған ғылыми жетекші х.ғ.к.,
2.
Курстық жұмыстың мақсаты:Радиациялық қауіпсіздігін және радиациялық қорғанысын қамтамасыз ету
мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Радиацияның шығу көздерін анықтау;
2) Радиациядан қорғау шараларың қарастыру;
3) Жербеті қабатына радиоактивтік заттардың түсуінен болатын ластануды
қадағалау;
3.
1. Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксізжүріп жатады.
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер
төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi топтарға бөлiнедi: табиғи радиактивті көздер (ғарыштық,
күн сәулесі, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар); және жасанды радиактивті көздер (ядролық
сынақтар, медицина, атом энергетикасы, уран өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар).
2. Сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті
сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және
электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы
денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды.
Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат:
адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.
3. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер еткенде
клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамы өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену
тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға да әкелуі мүмкін.
Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті
элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды
пайдаланады. Ағзаларды радияциядан сақтап қалады.
4.
Радиациялык ластанудың негізгі көздеріАльфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер.
α - бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам
терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни
жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.
β өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене
алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып
алады.
γ өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін
корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.
Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермент және
басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады.
5.
Сәулеленудің үш түрі және олардың өткіш қабілетіӨткіш радиация - ядролық жарылыс аймағынан жан жаққа
бірнеше секунд ішінде таралатын гамма — сәулелер мен
нейтрондардың ағыны.
Радиоактивтік ластану - жарылыс бұлтынан радиоактивті
заттардың орасан мөлшерде түсу нәтижесі. Олар жер бетіне
түскен соң, радиоактивті із деп аталатын ластану аумағын түзеді.
6.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерiнемыналар жатады:
Нормалау принципi - иондаушы сәулелендiрудiң барлық көздерiнен азаматтардың сәуле
алуының жеке мөлшерiнiң жол берiлетiн шегiнен асырмау;
Негiздеу принципi - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалану жөнiндегi қызметтiң барлық
түрiне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшiн табиғи радиациялық
ортаға қосымша сәуле алу келтiретiн ықтимал зиян қатерiнен аспайды;
Оңтайлыландыру принципi - иондаушы сәулелендiрудiң кез келген көзiн пайдалану кезiнде
сәуле алудың жеке мөлшерi мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және
әлеуметтiк факторларын ескере отырып, мүмкiндiгiнше төмен және қол жетерлiк деңгейде
ұстау;
Авариялық оңтайлыландыру принципi - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын
шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты
пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп
болатындай етiп оңтайлыландырылуға тиiс.
7.
Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағымемлекеттiк органдар
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды, олардың арасындағы:
-иондаушы сәулелендiру әсерiнен халықтың денсаулығын қорғау;
-радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiне лицензия
беру;
-қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтiк ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендiрудiң табиғи көздерiн
бақылау жөнiндегi өзара iс-қимыл тәртiбi мен мiндеттердiң ара-жiгiн белгiлейдi.
1.1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) иондаушы сәулелендiру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және себептiк байланысын анықтау тәртiбiн
айқындайды;
2) радиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;
3) атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Республикамызда 200 - ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру,
радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істейді. Қаладағы ауаның ластануы, жердің
тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы,
Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр.
Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау,
Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр.
8.
Халықаралық радиациядан қорғау ұйымдарыХХ ғ - аяғында радиациядан қорғану жөніндегі халықаралық комиссия
құрылған болатын. 50 - жылдардың басынан бастап, әлемдік қауымдастық
иондаушы сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсері мәселесіне көңіл бөле
бастады. Бұл Хиросима мен Нагосакидегі бомбалау, сонымен қатар ядролық қаруды
сынаудың радиоактивті материалдардың бүкіл жер шарына таралуымен байланысты.
1995ж БҰҰ-ның бас ассамблеясы атомдық радиацияның әсері жөніндегі
ғылыми комитет МАГАТЭ құрылды. (Международное агентство по атомной
энергии)
9.
ҚорытындыРадиациялық қауiп қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге айналып
отырған тақырып. Адам баласы жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне
залалын келтіретін бұл зардаптың зиянды қасиетін жою мүмкін емеске
айналып отыр. Бірақ, осыған қарамастан ғалымдар зардаптың әсерін
жою шараларын іздестіруде.
Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қаларындағы болған
жағдай сонымен қатар Украинанын Чернобль апаты, Қазақстандағы
Семей полигонының кері әсерлерін жою мүмкін емес. Осы сынды
үлкен залалдың халық денсаулығына әкелген орасан зор залалы әлі де
жалғасып, кері әсерін тигізуде. Тек адамдарға ғана емес, қоршаған
ортаға тигізген де әсері шексіз.