Жоспар:
Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік
Жіктемесі
Негізгі себептері:
Диагностикалық критерийлері
Негізгі диагностикалық алгоритм :
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Дифференциалды диагностика
Қалыпты артериалық қысым кезінде:
Артериальды гипертензияда:
Айқын артериялық гипотензияда:
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
Ем тиімділігінің индикаторлары:
Жедел госпитализациялау үшін көрсетімдер
Пайдаланылған әдебиеттер
1.82M
Category: medicinemedicine

Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік кезіндегі алгоритм

1.

2. Жоспар:

1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
а) Клиникалық көріністері
б) Негізгі және қосымша диагностикалық
шаралар тізімі
в) Көмек көрсету реттілігі
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3. Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік

Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік жəне
оның негізгі көріністері — жүрек демікпесі жəне
өкпе ісінуі — патологиялық жағдай, қанның
сұйық бөлігінің өкпенің интерстициальді тініне,
сонан соң альвеолаларға ығысуы. Ауыр
тұншығу, цианоз, бүркілдеген тыныс сияқты
клиникалық көріністер байқалады.

4.

5. Жіктемесі

Іркілісті түрі: сол қарыншалық жіті жүрек
жетіспеушілігі (жүрек демікпесі,
өкпе ісінуі), оң қарыншалық жіті жүрек
жетіспеушілігі (үлкен қан айналым
шеңберінде көк тамырлық іркілу).

6.

7.

Қауіп-қатер факторлары:
- 60-тан асқан жас;
- қайталамалы миокард инфаркты жəне оның дамуының
демікпелік нұсқасы;
- анамнезінде қан айналымының бұзылыстары, семіздік,
созылмалы аурулар, миокард инфарктының дамуына
дейін жиі стенокардия ұстамаларының болуы.

8.

9.

10. Негізгі себептері:

Ауыр жайылмалы миокардит, кардиосклероз,
миокардтың жедел инфаркті, ауыр артериялық
гипертензиялар, жүректің ақаулары,
кардиомиопатиялар, ауыр физикалық күштемелер,
көк тамырға көп мөлшерде сұйықтарды құю.
Негізгі патогенетикалық факторларына: сол
қарыншаның жұмысының әлсізденуі: өкпелік
көктамырда, капиллярларда, артериоларда
көтерілуі болады: өкпелік капиллярлардың
өткізгіштігі артып, қанның сұйық бөлігі
альвеоларға қарай ығысады. Газдардың
диффузиясы бұзылып, тромбоциттердің
агрегациясы жоғарылайды.

11.

12. Диагностикалық критерийлері

- ауа жетіспеу сезімімен кенеттен басталуы;
- кейде тұншығуға өтетін, əртүрлі дəрежедегі үдемелі
ентігу;
- кейде Чейн-Стокс тынысы (қысқа кезеңді
гипервентиляцияның тыныстың тоқтауымен
кезектесуі);
- жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін –
көпіршікті қақырық, кейде күлгін түске боялған;
- науқас мəжбүрлі қалыпта отырады (ортопноэ);
- науқас қозған, тынышсыз;
- тері жабындыларының боз жəне ылғалды болуы (суық
тер), шырышты қабаттардың цианозы;
- тахикардия (120-150 рет минутына), протодиастолалық
шоқырақ ырғағы;

13.

- мойын веналарының ісінуі;
- АҚ-ның қалыпты немесе төмен көрсеткіштері;
- ылғалды сырылдар басында естілмеуі мүмкін
немесе өкпенің төменгі бөлігінде аз мөлшерлі
майда көпіршікті сырылдар анықталады, ұсақ
бронхтардың шырышты қабатының ісінуі
бронхообструкция жəне дем шығарудың
ұзаруымен, құрғақ сырылдармен, өкпе
эмфиземасының көріністерімен көрінуі мүмкін;
- өкпенің альвеолярлы ісінуінде (өкпе ісіну
синдромы)- қашықтықта да өкпенің барлық бетінде
анық əртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естілуі
мүмкін (бұрқылдаған тыныс);
- перкуторлы – жүректің абсолютті тұйықтығының
сəл солға қарай ығысуы (сол қарыншаның
дилятациясы).

14.

15. Негізгі диагностикалық алгоритм :

1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен
пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен
қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе
физикалық күш түскенде) білу.
2. Қазіргі жағдайға əкелген симптомдарды анықтау
(кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды).
3. Науқастың қабылдаған дəрі-дəрмектерін жəне оның
эффективтілігін анықтау.
4. Анамнез жинау
5. Жалпы жағдайын жəне өмірлік маңызды функцияларды
бағалау: есін, тынысы, қан айналымы.

16.

17.

6. Науқастың қалпы: ортопноэ.
7. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды),
акроцианоздың болуы, мойын веналарының жəне кеуденің
жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың,
асцит).
8. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде
брадикардия).
9. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с.б. төмен түсуі - шок белгісі;
гипотония (миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе
гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде).
10. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе
оңға ұлғаюы (кардиомегалия).
11. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы жəне ұлғайған
ауыру сезімді бауырдың болуы.
12. Жүрек аускультациясы: протодиастолалық немесе пресистолалық
шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу.
13. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар

18.

19.

20. Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушіліктің
ЭКГ-белгілері:
- I, II, aVL, V5-6 əкетулерде Р тісшесінің
екеуленуі жəне амплитудасының ұлғаюы;
- Р тісшесі амплитудасының екінші теріс фазасы
ұзақтығының ұлғаюы немесе V1 əкетулерде теріс
Р тісінің пайда болуы;
- Теріс немесе екі фазалы РIII;
- Р тісі енінің ұлғаюы – 0.1 с жоғары.

21. Дифференциалды диагностика

Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік мен
бронх демікпесінің айырмашылығы
науқас жағдайының ауырлығы мен
аускультациялық көріністерінің
арасындағы диссоциацияда (айқын
экспираторлы ентікпе мен «мылқау аймақ»
жоқ болғанда).
Өкпенің альвеолярлы ісінуінде өкпенің
барлық бетінен əртүрлі калибрлі анық,
ылғалды сырылдар, қашықтықтан да естілуі
мумкін (бұрқылдаған тыныс).

22.

23.

Ентікпе кезінде дифференциальды
диагностиканы мыналармен жүргізеді:
- спонтанды пневмоторакспен (ентікпе
ауыру синдромымен бірге жүргенде);
- орталық ентікпе (бассүйекішілік
процесс);
- психогенді ентікпе (тахипноэ);
- стенокардия ұстамасымен.

24.

Жедел көмек көрсету алгоритм :
1. Ингаляциялық бумен спирті мұрын арқылы
катетірлеу бастапқы оттегінің беру
жылдамдығы,бастапқы оттегі берудің жылдамдығы (
96°С этиль спиртімен ) 2-3 л/мин. Егер де шырышты
қабат оттегінің тітіргендіргіш қасиетіне
бейімделсе,енгізу жылдамдығын 9-10 л/мин дейін
жеткіземіз. Ингаляцияны 30-40 минут жалғастырамыз
және 10-15 мин үзіліс жасайды.
2. «Тыныс алу қорқынышы» басу үшін наркотикалық
анальгетиктер: морфин 1,0 мл 1% ерітіндісімен
араластырып 20 мл 0,9% натрия хлорид ерітіндісі.

25.

3. Гепарин 5000 ӘБ көк тамырға.
1-3 пункты міндетті түрде !
сублингвальды нитраглицерин таблетка түрінде (0,5-1
мг), немесе аэрозол, немесе спрей (0,4-0,8 мг немесе
1-2 доза); немесе көк тамыр ішілік 0,1% спиртті еріті
мен 10 мг ға дейін 100 мл изотоникалық натрий
хлорид ерітіндісін тамшылату, енгізгенде
жылдамдығын көтеру с 25 мкг/мин жылдамдық пен
артериялық қан қысымы калпына келгенше бақылай
отырып енгіземіз;

26.

фуросемид 40-80 мг
көк тамырға;
10 мг диазепамды көк тамырға нəтиже
болғанша бөлшектеп енгіземіз.

27.

28. Қалыпты артериалық қысым кезінде:

- науқастың аяғын төмен түсіріп
отырғызу;
- нитроглицерин тіл астына (0,5-1 мг),
немесе аэрозоль, немесе спрей (0,4-0,8
мг немесе 1-2 доза); немесе к/т 0,1%
спирт ерітіндісін 10 мг-ға дейін 100
мл изотоникалық натрий хлориді
ерітіндісінде тамшылатып, енгізу
жылдамдығын 25 мкг/мин эффект
болғанша дейін, АҚ-ды бақылау;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам;
- диазепам к/т-ға бөлшектеп эффект
болғанша дейін немесе жалпы дозасы 10
мг-ға жеткенше.

29.

30. Артериальды гипертензияда:

науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу;
- нитроглицерин таблеткалар (аэрозоль жақсырақ) 0,4-0,5 мг
сублингвальды, бір рет;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам;
- нитроглицерин к/т 0,1% спирт ерітіндісін 10 мг-ға дейін 100
мл изотоникалық натрий хлориді ерітіндісінде тамшылатып,
енгізу жылдамдығын 25 мкг/мин эффект болғанша дейін, АҚды бақылау немесе 30 мг натрий нитропруссиді 300 мл
5% декстроза ерітіндісінде к/т тамшылатып, біртіндеп енгізу
жылдамдығын 0,3 мкг/(кгхмин)-нан эффек болғанша дейін
жоғарылатып;
- диазепам к/т-ға бөлшектеп эффект болғанша дейін немесе
жалпы дозасы 10 мг-ға жеткенше 6. Шамалы гипотензияда
(систолалық қысым 75 – 90 мм с.б.);
- науқастың басын көтеріп жатқызу;
- 250 мг допаминді 250 мл изотониялық натрий хлориді
ерітіндісінде, енгізу жылдамдығын 5 мкг/(кгхмин)-нан АҚ
қалпына келгенше жоғарылатады;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам.

31. Айқын артериялық гипотензияда:

- науқастың басын көтеріп жатқызу;
- 200 мг допаминді 400 мл 5% декстроза ерітіндісінде к/т
тамшылатып, енгізу жылдамдығын 5 мкг/(кгхмин)-нан
АҚ минимальді мөлшерде қалпына келгенше;
- артериялық қысым көтерілгенде, өкпе ісінуінің
күшеюімен бірге жүргенде – қосымша нитроглицерин к/т
тамшылатып, 1% 10 мг спирт ерітіндісін 100 мл
изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде, енгізу
жылдамдығын 25 мкг/мин-нан АҚ бақылап отырып
эффект болғанша дейін;
- фуросемид 40-80 мг к/т жылдам, тек АҚ қалпына
келгеннен кейін.
8. Организмнің өмірлік маңызды функцияларына
монитор жүргізу (кардиомонитор, пульсоксиметр)

32.

33. Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Этанол 96°С 50 мл, фл.
2. *Оттегі, м3.
3. *Морфин 1% - 1,0 мл, амп.
4. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
5. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
6. *Гепарин 5000 ЕД, амп.
7. *Нитроглицерин 0,0005 г, табл.
8. *Нитроглицерин 0,1% - 10,0 мл, амп.
9. *Фуросемид 1% - 2,0 мл, амп.
10. *Диазепам 10 мг – 2,0 мл, амп.
11. *Дофамин 0,5% - 5 мл, амп.
12. *Натрий нитропруссиді 50 мг, амп

34.

35.

36. Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Тері жабындылары ылғалдылығының
төмендеуі.
2. Өкпеде ылғалды сырылдардың
азаюы немесе жойылуы.
3. Субъективті сезімдердің жақсаруы –
ентігудің жəне тұншығудың азаюы.
4. Артериялық қысымның қалпына
келуі

37. Жедел госпитализациялау үшін көрсетімдер

Айқын өкпе ісінуінде
госпитализация тек ол басылғанда
немесе арнайы жедел медициналық
жəрдем бригадаларымен
мүмкін. Науқасты отырғызып,
тасымалдау керек.

38.

39. Пайдаланылған әдебиеттер

Пайдаланылған əдебиеттер
Б.С. Калимурзина «Ішкі арулар» 1бөлім
Түркістан 2004ж.
Б.Н.Айтбембет «Ішкі ағза ауруларының
пропедевтикасы» Алматы 2010ж.
English     Русский Rules