Similar presentations:
Қазақ ұғымындағы «Жақсы» сөзінің феномені
1.
Тараз қаласы№36 орта мектебі
7-сынып оқушысы Үсібәлі Мансұр
Тақырыбы:«Қазақ ұғымындағы «Жақсы» сөзінің
феномені»
Ғылыми жетекші:
Жетекші: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ахжигитова Ж.А.
2.
Жер бетіндегі кез келген халықтың өзданалығын, дүниетанымдық көзқарасын танытатын
ерекше құбылысқа айналған сөздері болады.
Қазақ халқының ұлттық болмысын басқалардан
ерекшелендіріп тұратын сөздердің бірі – «Жақсы»
сөзі. Мен осы жобамда сол сөзді феномен ретінде
алып отырмын.
«Феномен» сөзі грек тілінде ерекше құбылыс
деген мағынаны білдіреді.
3.
Зерттеудің мақсаты:қазақ халқының төл ұғымындағы «Жақсы»
феноменін түсіну
«Жақсы» сөзінің шығу этимологиясы;
«жақсы» сөзінің
қолданылуы;
әдебиет
жанрларында
қазақ қоғамына «жақсылар», «үздіктердің
үздігі», «элита», «бекзат» мағынасын қайтару;
4.
Қай елде болмасын қоғам мен мемлекеттіңдамуында аса маңызды роль алатын адамдар тобы
болады. Олар қоғамдық өмірдің барлық салаларына
неғұрлым белсенді ықпал ете алады.
Қазақ қоғамын қашанда Жақсылар билеп келген
еді. Ғасырлар бойы осы Жақсылар қоғамның бастаушы
күші, бағыттаушы күші болған, болашаққа бағытбағдар нұсқаған. Олар ат төбеліндей аз болса да,
көпшілік осы жақсыларға бағынатын. Осы ұлы үйлесім
қазақ елін не бір қиын-қыстау, тар замандардан аманесен алып өтіп, сақтап келді.
5.
Осы күні біз «Жақсы» сөзін заттың сапасынбілдіретін сын есім ретінде қабылдаймыз. Белгілі
ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «жақсы» сөзін
«жақ» деген сөзден шыққанын дәлелдегені бар.
«Жақ» сөзінің мағыналары:
1) кеңістіктегі белгілі бір тарапты білдіретін жақ;
2) адамның бетінің жағы;
3) көне түркі тілінде жақ – ер адамның қаруының бірі –
садақты білдіреді
Соңғы екі мағынаның бір-бірімен байланысы «Айтылған
сөз – атылған оқ» қағидатынан көрінеді. Сөз шындықты,
оқ нысананы көздейді. Ендеше, ел мүддесін жыр еткен,
шындықты іздеген ақындардың шайырын Жақ+шы деп
атамасқа ?!
6.
Қазақ мәдениетіндегі жақсы ұғымы сонау халықауыз әдебиетінен бастау алады. «Шын жақсының
ашуы бар, кегі жоқ», «Жақсы келді дегенше, жарық
келді десеңші, Жақсылықтың ұрығын алып келді
десеңші» деп мақал-мәтелдерде қас Жақсының
қасиеттерін нұсқаса, ортағасырлық әдебиетте
Лұқпан Хакім: -Менің мың жыл өмір сүруімнің
сыры - мен өмірімде тек жақсылармен сұхбаттас
болдым, ал жақсымен өткен жарты сағат жаманның
өтіп кеткен өміріндей емес пе?!- деп Жақсының өмір
сүру философиясын айқындайды
7.
Жақсы феноменінің айқын көрінісі жыраулармұрасында барынша орын алған. Шалкиіз жырау
Жақсылардың сипатын «Жақсының жақсылығы
сол болар, Жаманменен бас қосып, Сөйлемекке ар
етер» деп суреттесе, көмекей әулие Бұқар жырау:
«Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер,деп Жақсының адамгершілік өлшемдерін
көрсетеді.
8.
Халқымыздың тарихындағы отаршылдық кезеңде«ел қамын айтқан жақсыны, сөйлетпей ұртынан
ұру» (Бұқар жырау) мақсаты орындалды: ел
Жақсысынан айырылды. Қараусыз қалды; бағусыз
қалды. Отаршылдықтың еңсені езер ауыр салмағын
бүкіл жан-дүниесімен сезген кемеңгер Абай:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі - қан, бірі - май боп, енді екі ұртың, - деп елдік
талғамның жоғалғандығынан хабардар етеді.
9.
«Жақсы» сөзінің ұлттық ұғымда қолданылуын қарастыракеліп, бүгінгі күнде де құнын жоймағанын айтқым келеді.
Осыдан екі жыл бұрын, 2020 жылы елді жаман індет
жайлағанда «жақсы» сөзі қай мағынада қолданылса да,
халыққа ең маңызды, жанға дәру, көңілге медет сөз
болғаны анық.
.
Мен үшін бүгінгі күннің Жақсылары - осы қиын кезеңде
адам өмірінің арашасы болған дәрігерлер, қысқа уақыт
ішінде оқу платформаларының жұмысын игеріп, бізді
қашықтықтан оқытып отырған мұғалімдер, қоғамдағы
жағдайға бей-жай қарамай өз көмегін ұсынған еріктілер,
меценаттар, ел мүддесін жоғары қойған қарапайым
жұмысшылар.
lingvistics