311.53K
Category: psychologypsychology

Қазақстан Республикасының отбасы, жер, экологиялық құқығы

1.

8-дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы, жер,
экологиялық құқығы.
Жоспар:
1. Қaзaқcтaн Реcпубликacы зaңдaры бойыншa
отбacы және неке түcініктері.
2.Некеге тұру және бұзу тәртібі, некені тоқтату,
алимент төлеу
3.Баланың тегін анықтау, бала асырап алу тәртібі
4.Қазақстан Республикасының экология, жер
құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қайнар көздері

2.

Отбасы құқығы - некелесу, туыстық, бала
асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне
қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда
болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік
және соған байланысты мүліктік қатынастарын
реттейтін құқық саласы болып табылады.
Неке

ерлі-зайыптылар
арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда
белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және
толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен
әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

3.

Неке мен жалған некенің айырмашылығы неде?
Жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда
белгіленген
тәртіппен
жасалған
және
ерлізайыптылардың құқықтары мен міндеттерін
туғызбайтын неке;

4.

10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
2. Мынадай дәлелді себептер болған:
1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші
органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не
қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді
көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.
4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты
болушылардың) келісімімен жол беріледі.
5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық)
жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлізайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не
қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

5.

11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол
берілмейтін адамдар
1) бір жынысты
адамдардың;
5) соттың заңдық күшіне
енген шешімі бойынша
олардың біреуі болса да
психикалық ауруы немесе
ақыл-есі кемдігі салдарынан
әрекетке қабілетсіз деп
танылған адамдардың
арасында жол берілмейді.
2) олардың біреуі болса да басқа
тіркелген некеде (ерлізайыптылықта) тұратын
адамдардың;
3) жақын туыстардың;
4) бала асырап алушылар мен
асырап алынған балалардың,
асырап алушылардың балалары
мен асырап алынғандар;

6.

13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың)
тәртібі
1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей
қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе
алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты
мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды
(ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның
әкімшілігімен міндетті түрде келісіле отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың
қатысуымен жүргізіледі.
2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер
тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган
құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.
Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және
басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні
жүргізіледі.

7.

14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату
Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан
(қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп
тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлізайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлізайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.
Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы
некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық
қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.
15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп
жариялауы
немесе
хабар-ошарсыз
кеткен
деп
тануы
салдарынан
некенің(ерлізайыптылықтың)тоқтатылуы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны
қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.
2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы
келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші
бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.
3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабарошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі
болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлі-зайыпты болса),
некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.

8.

Некенің бұзылуы
Некені тіркеу бөлімінде
Сот тәртібімен

9.

Тіркеуші органдарда некені (ерлізайыптылықты) бұзу
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты)
бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде
тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;
4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке
(ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына
қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.

10.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Rules