66.55K
Category: psychologypsychology

Сигналдар жүйесі

1.

Сигналдар жүйесі
Орындаған:Бақытжан Б
Қабылдаған:Қаржаубаева Л

2.

Адам баласының ми қыртысының
жануарлардың ми қыртысынан
айырмашылығы бар. Дегенмен, жануарлар
мен адамдар үшін нақтылы әсерді және
көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш
рецепторлары арқылы келетін сыртқы
ортаның көріністерін талдау мен талқылау
екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов
сыртқы ортаның табиғи әсерлерін «
сигналдар» деп атады. Павлов адамда
бірінші сигнал жүйесімен (бұл
жануарларда да болады) қатар, екінші
сигнал жүйесі (сөйлей, жаза алатын
қабілет) болатынын дәлелдеп берді.
Павлов ашқан жаңалықтардың
физиология , медицина, педагогика және
психологияның дамуы үшін маңызы зор
болды.

3.

Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми
сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі
деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза
үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаның
өзгерістеріне бейімделеді. Орталық жүйке
жүйесінің басқа бөлімдерінің қызметі тек ағзаның
өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуге
бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат
қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын
саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет
жасайды.

4.

Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау,
жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге
асады. Ағза мен қоршаған орта арасында сигналдық
жүйелер аркылы байланыс түзіледі. Сигналдық
жүйелер бірінші сигналдық жүйе және екінші
сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі.
Бірінші сигнал жүйесі
Екінші сигнал жүйесі

5.

Сол сигналдарды және оларды қабылдауға
қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі
деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін
« сигналдың сигналы » деп атады.
Еңбектің және әлеуметтік дамудың нәтижесінд
адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты
жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны
қабылдау қабілеті дамыған. И.П. Павлов
«сигналдың сигналын » қабылдауға қатысатын
мүшелер жүйесін және сөйлеу, сөзге байланысты
ойлау қабілеттерін
2-ші сигнал жүйесі деп
атады.

6.

Екі сигналды жүйе бір-біріне әсер етеді.
Олардың ерекшелігіне байланысты Павлов
3 типке бөлді:
1. Көркем, I сигналды жүйе басым
Ойшыл, II сигналды жүйе басым
3. Орташа, екі сигналды жүйе теңдесті
2.

7.

Қорытындылай келе, Бірінші және екінші сигнал
жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласында
барлық түсініктер, көріністер, құбылыстар мен сезімдер
сөзбен белгіленеді. Бұл 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал
жүйесіне ауысатынын білдіреді.Баланың өміріндегі оқыту
мен үйретудің және оның өзінің творчествовалық
әрекеттері 2-ші сигнал жүйесінің дамуымен кемелденуіне
байланысты. Ол өзінің ең жоғары дәрежесіне табиғат пен
қоғамды тану арқылы жетеді. Бала нақтылы сезім арқылы
абстрактылы жалпылама ойлау дәрежесіне өседі.
English     Русский Rules