4.11M
Category: biologybiology

Коректік торлар

1.

2.

3.

4.

Тірі организмдер бір-бірімен қоректеніп, күрделі қоректік торлар құрайды. Белгілі бір
өсімдік түрлі шөпқоректі жануарлардың жиі пайдаланатын қорегі болады. Ал ол шөпқоректі
жануарларды жыртқыштар қорек етеді. Өсімдіктекті және жануартекті қорекпен қоректенетін
— қорек талғамайтын жануарлар да кездеседі. Кейде жеу тізбегі мен ыдырау тізбегі өзара
шырмалған болады. Мысалы, ыдырау тізбегіндегі өлі организмдердің қалдықтарымен ұлулар,
құрттар, шаянтәрізділер қоректенуі мүмкін, олар өз кезегінде ірі жыртқыштарға қорек болады.
Қорыта келгенде, көптеген қоректік тізбектер өзара шырмалады, сөйтіп күрделі қоректік
торлар түзеді.

5.

Экологиялық пирамида ережесі. Жеке қоректік деңгейлердің энергетикалық байланысын
сатылы пирамида түрінде көрсетуге болады, онда бір қоректік деңгейден келесіге ауысқанда ол
жіңішкере береді. Мысалы, бір бүркітті азықтандыру үшін кем дегенде бірнеше қоянды аулап алу
қажет. Ал қояндарды асырау үшін өте көп мөлшердегі түрлі өсімдіктер керек. Мұндай жағдайда
пирамиданың төменгі жағы кеңейген, ал жоғары жағы үшкірленіп аяқталған үшбұрыш тәрізді
болады.

6.

Экологиялық пирамиданың әр деңгейінің көрсеткіші оның алдыңғысынан
10 есеге жуық төмен болады. Экологиялық пирамиданың әр деңгейінен келесіге
энергияның 10%-ға жуығы өтеді. Бұл жағдай 5 буынды қоректік тізбектің соңғы 5буыны өсімдіктерде қорға жинақталған энергияның тек 0,01%-ын ғана
қабылдайтынын көрсетеді.
English     Русский Rules