830.92K
Category: medicinemedicine

Электрокардиографияның физикалық негізі

1.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті
Презентация тақырыбы:
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯНЫҢ
ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
Орындағандар:
Жолды Сабина
Нағашыбай Шыңғыс
Түгелбай Рамазан
Серік Нұрәли
Ауданбай Ернар
Аразмұхаммед Ақнұр
Есенжан Аққу
Кенжебаева Ақжүніс
Сәрсенбай Асылжан

2.

Бекіту сұрақтары
1) ЭЛЕКТРОГРАФИЯНЫҢ БИОФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2) ЭЛЕКТР ДИПОЛІ
3) ТОК ДИПОЛІ
4) ЭЙНТХОВЕН ТЕОРИЯСЫ
5) ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
6) ЭКГ-НІҢ БЛОК СХЕМАСЫ
7) БИОПОТЕНЦИАЛДАРДЫ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОДТАР
8) ЭКГ ПАЙДА БОЛУ ШАРТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТЫ ПАРАМЕТРЛІ P,Q,R,S,T
ТІСТЕРІ ЖӘНЕ ИНТЕРВАЛДАР

3.

ЭКГ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
Электрокардиография — бұл жүрек жұмысы
кезінде туындайтын электр өрістерін зерттеу
және тіркеу әдісі.
Электрокардиография кардиологияда қолданылатын
электрофизиологиялық аспаптық диагностика әдісі
болып табылады.Электрокардиографияның
нәтижесінде электрокардиограмма алынады.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл механикалық
немесе биоэлектрлік бұзылулар бар -жоғын бақылау
үшін жүректің электрлік белсенділігін тіркеудің
практикалық, оңай қайталанатын және арзан әдісі.

4.

Электрографияның биофизикалық
негізі

5.

Электр диполь түрлері
Электр диполі
Электрлік диполь деп шамалары тең, таңбалары
қарама-қарсы (q1=-q2) екі нүктелік зарядтардан
тұратын электр жүйесін айтады. Дипольдың басты
сипаты - оның электрлік сипаты:
P=ql
Мұндағы, l - екі нүктелік зарядтардың арақашықтығы
немесе оны дипольдің иіні. Ол теріс зарядтан оң
зарядқа қарай бағытталған векторлық шама. Дипольдің
электрлік моментіде Р1- векторлық шама, оның бағыты
дипольдің иінімен бағыттас болады
Диполь электр өрісінің күш
сызықтарын бағытын анықтау
формуласы

6.

7.

Эйтховен теориясы
Электрокардиография әдісі Эйтховен тоериясына
негізделген.Бұл тоерияда жүректі біртекті өткізгіштік ортада
орналасқан электрлік диполь деп қарастырамыз.Осы
дипольдыі электр өрісі адам денесінің сыртқы бетінде тіркеуге
болатын потенциалдарды тудырады.Дипольдыі электрлік
моментінің векторы-жүрек биопотенциалдарының қорытқы
айырмасын сипаттайтын векторОл вектор жүректің
интегралдық электрлік векторы (ИЭВ) деп аталады да, Е
әріпімен белгіленеді
Кеңістіктің кез келген А және В нүктелеріндегі потенциалдар
айырымы осы нүктелерге түсірілген дипольдың электрлік
моментінің векторының проекциясына пропорционал.
Мұндағы k-пропорционалдық
коэффициент
P-дипольдың электрлік моменті
α- А және В нүктелерін қосатын түзудің
диполь осімен жасайтын бұрышы
Осы қағиданы еске ала отырып,Эйнтховен адам денесінің үш
нүктесінде электродтар қойып жүректің биопотенциалдарының алу
тәсілін ұсынады.Сол үш нүктенің арасын қосқанда пайда болған
үщбұрыштың ортасы ИЭВ әсер ету нүктесімен сәйкес келетіндей болу
керек.Осы үшбұрыштың төбелерін қосатын түзудің бойымен
бағытталған дипольдық электрлік момент пайда болады.
Осы векторлардың проекциясының жиынтығы ИЭВ-дың

8.

ЭКГ схемасы
Экг-ні жазып алатын қондырғыны электрокардиограф деп аталады.
Электродтар мына ретпен қосылады:
Қызыл (R)- оң қолға байланады;
Сары (L)- сол қолға байланады;
Қара (N)- оң аяққа байланады;
Жасыл (F)- сол аяққа байланады;
Ақ -қызыл (V1)- төртнші қабырғаға кеденң оң жағына;
Ақ -сары (V2) -төртінш қабырға аралығына кеденің сол жағына;
Ақ-жасыл (V3) беснші қабырғаның V2 мен V4 ортасына;
Ақ-қоңыр (V4)- бесінші қабырға ортасына сол жаққа қарай;
Ақ-қара (V5) - V4 пен V6 электродтар аралығының сол жағына;
Ақ-күлгін (V6)-қолдың астына V4 деңгейне;

9.

10.

Синус түйінінен шыққан электр потенциалы,алдымен
оң жүрекшені қоздырады.Ол қозу ЭКГ де
тіркеледі.Кейін электр импульсы сол жүрекшені
қоздырады.Сол жүрекшенің қозуы оң жүрекше қозған
кезде басталады.Екі бірдей жүрекшенің қозуын ЭКГ
таспаға Р-тісі ретінде жазады.Р-тісі импульстың
алдымен оң жүрекшесінің(қисықтыі көтерілген
бөлігі),кейін сол жүрекшенің (қисықтың төмен түскен
бөлігі)қозуын сипаттайды.Қалыпты жағдайда
симметриялы болу керек.
Алдымен 0,03с аралығында қарыншаралық перде
қозады.Оның қозуы Q тісін тудырады.Р тісімпен Qтісінің арасында өзгеріс болмай,түзу сызылады.Содан
жүректің ұшы мен оған жақын орналасқан аймақтар
қозады.Нәтижесінде R-тісі пайда болады.Жүрек
ұшының қалыпты қозу уақыты орта шамамен 0,05с
Ақыры жүректің негізі қозады да S пайда болады.Қозу
уақыты шамамен 0,02с.Q,R,S тістері біртұтас
қарыншалық QRS құрайды.Ұзақтығы 0,1с
Жоғарыда қарастырылған ЭКГ-ның құрамынан мынадай
қорытындыға келеміз:ЭКГ-ның R-R,P-Q,Q-R-S және Q-T
интервалдары жүректің әрбір зонасының
функционалдық ерекшеліктерін сипаттайтын басты
диагностикалық әдіс болып табылады.Мысалы R-R
интервалы қалыптан аз болса,жүрек соғу жиілігі
қалыптан жоғары болып,оны тахикардия дейді.Ал сол
интервал кем болса брадикардия-жүректің төмен
соғуы.Егер R-R интервалы бірде артып,бірде кемісе
аритмия диагноз қойылады.
English     Русский Rules